Сурет-1 «Турист- Tick» туристік агенттігі

Турист- Tick» туристік компаниясына жалпы сипаттама

Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 13 маусымында бекіткен «Туристік қызметті дамыту туралы» заңында туристік қызметке - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі деген анықтама берілген. Ол қызмет көрсетулер, яғни туристің саяхаты кезінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер). Міне, осындай қызмет түрлерімен танысу, білу және мол тәжірибе жинақтау мақсатында университетіміздің туризм кафедрасы 2011-2012 оқу жылында бітіруші туризм мамандығы 2 курс студенттерін өндірістік практикаға жіберуді жоспарлаған болатын. Бұл жоспар бойынша бізге төменде көрсетілген еліміздің көрікті жерлеріне бару мен өндіріс, қызмет көрсету орындары ұсынылды. Олар:

· Қазақстан Республикасының Туризм және Спорт министрлігі /Астана қаласы/;

· Астана қаласында орналасқан президенттік «Rixos» қонақ үйі;

· Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан «Атамекен» мемориалды кешені;

· «Нұртау» туристік ойын-сауық орталығы /Көкшетау қаласы/

· Еліміздің кез келген қаласындағы өндіріс, қызмет көрсету орындары;

Жоғарыда аталған ұсыныстардың ішінен біреуін ғана таңдау маған қиынға түсті. Ойлана келе мен еліміздің кез келген қаласындағы туризм саласымен байланысы бар қызмет көрсету орындарынан өтуге шешім қабылдадым. Сөйтіп мен өзімнің туып өскен жерім Атырау қаласына жол тарттым.

Бұл практикамыздың мерзімі 1 айды қамтыды. Маусым айының 11-н бастап менің өндірістік практикам басталды. Алдын ала келісілген келісімшарт негізінде практикамды Атырау қаласындағы ЖК «Турист- Tick» туристік компаниясынан өттім./сурет1/

Сурет-1 «Турист- Tick» туристік агенттігі - student2.ru

Сурет-1 «Турист- Tick» туристік агенттігі

Ең алғашқы күні мен турагентстваға қонырау шалып олардан баруға рұхсат сұрадым,олар келуге болатынын айтқаннан соң , компанияға бардым оны табу қиындыққа түспеді. «Турист- Tick» туристік компаниясы «Насиха» сауда орталығына қарама қарсы «Ажар»сауда орталығының жанында орналасқан. /сурет2/

Мені компанияның топ менеджері Амир Қанатов қарсы алды. Мені өзінің көмекшісі, яғни «Менеджердің көмекшісі» ретінде тағайындады. Бірінші күні жұмыс тәртібімен таныстым. Жұмыс тәртібі бойынша жұмыстан кешікпеу керек, таңғы 10:00- 19:00 жұмыс уақыты, 13:00-14:00 аралығы үзіліс, түскі ас.

Менің міндетім жұмысқа дәл уақытында келіп, телефондарға жауап беру, келген туристерге демалуға лайықты жерлермен ақпараттандыру, берілген тапсырмаларды тыңғылықты орындау, басқа туристік компаниялармен хабарласып, оларға қажетті құжаттарды жіберіп отыру болды.

Сурет-1 «Турист- Tick» туристік агенттігі - student2.ru

Наши рекомендации