Инвестицияны қаржыландыру көзі ретіндегі меншікті және тартылған қаржылық ресурстар: тарту мәселелері және шешу жолдары
Жобаны қаржыландыру жобаны жүзеге асыру процесінде қаржылық ресурстарды шоғырландыру және тиімді пайдалану процесін білдіреді.
Жобаны қаржыландыру кезінде келесі негізгі міндеттер орындалады:
- жобаның әрбір қатысушысы үшін қажетті тиімділік деңгейінде жобаның қаржылық жүзеге асырылуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін инвестициялардың құрылымын құру және қаржыландыру көздерін анықтау;
- инвестицияларды бөлу, ол қаржыландырудың жалпы көлемін төмендетуге және жобаға кеш қаражатарды салудың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қаржыландырудың келесі тәсілдерін көрсетуге болады:
- ақша қаражаттарын салу, құрал-жабдықтарды, технологияларды жеткізуді білдіретін акционерлік қаржыландыру;
- несиелер (соның ішінде жеңілдетілген) нысанында инвестициялық бағдарламалар және тікелей субсидиялау есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік көздерден қаржыландыру;
- банктердің несиелері, заңды және жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері есебінен өндірілетін қарыздық қаржыландыру;
- құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүлікті пайдалануға берумен байланысты ұзақ мерзімді жалға беруді білдіретін лизингтік қаржыландыру;
- жобаны жүзеге асыруға қаржылық қаражаттарды, материалдарды, құрал-жабдықтарды, консалтингтік қызметтерді көрсетуде қорытындыланатын жобаны жүзеге асыруда мүдделі болашақтағы пайдалануышылардың аванстық төлемдері есебінен қаржыландыру. Осы кезде жобаға қаражат салған тұтынушыларға бірқатар жеңілдіктер беріледі, бірақ олар жобаның иелері болып табылмайды.
Жалпы жағдайда жобаны қаржыландыру көздері келесілер болуы мүмкін:
1. Инвестицияларды қаржыландырудың меншікті көздері. Меншікті қаржыландыру көздерінің ішінде маңызды рөлді салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда атқарады. Пайданы өндірістік дамуға, тұрғын үйлерді, бала-бақшаларды және өндірістік емес мақсаттағы басқа объектілерді салуға, егер ол акционерлік қоғам болса, дивидендтерді төлеуге, қайырымдылық мақсаттарға және т.б. бағыттауға болады.
2. Инвестицияларды қаржыландырудың сыртқы көздері. Қаржыландырудың сыртқы көздерінің ішінен маңызды рөлді банктердің несиелері атқарады. Басқа көздерге компаниялардың облигациялар эмиссиясы, мемлекет бюджетінен және инвестициялық қолдау бюджеттен тыс қорлардан берілетін несиелер (отандық инвестициялық, венчурлық, зейнетақы, сақтандыру қорлары мен компаниялары, даму және экспорттық несиелеу агенттіктері және т.б.), сонымен қатар жабдықтаушылардың сатып алушылардың және мердігерлердің несиелері жатады.
Ақша қаражаттарын клиентке айналым активтерінің қозғалысын құру және ұйымдастыру, соның ішінде жалақыны төлеумен байланысты мақсаттарға беру қысқа мерзімді кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бір нұсқасы болып табылады. Несиені алушылар заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Резидент еместер несиені егер олар инвесторлар болған жағдайда ала алады, ал несие инвестициялық мақсаттарға беріледі. Несие есебінен нақты келісім-шарттар төленеді және ақша клиенттің қарыз шотынан өнімнің (тауар, жұмыс, қызмет) жабдықтаушысына бағытталады. Несие қолма-қолсыз нысанда беріледі. Қолма-қол ақшада несие жалақыны төлеу үшін беріле алады. Несиені пайдалану үшін төлем күнделікті қалдыққа есептелетін пайыздарда бекітіледі. Пайыздар әр ай сайын алынып отырады. Несиені пайдалану бойынша пайыздарды клиент өзіндік құнға қосады. Несиелік келісім-шарт міндетті түрде қамтамасыз етілуі қажет. Кепілдің сомасы кепіл бағалары бойынша несие сомасының 130%-ын құрайды. Кепіл бағалары банктің өз бетімен анықталады және көбінесе бростық нарықтық бағаларға сәйкес келеді. Аса сенімді клиенттер үшін несиенің сомасынан 100% мөлшерінде кепілді алуға мүмкін болады. Несие бірреттік несие, несиелік желі немес жаңартылатын несиелік желі нысанында берілуі мүмкін.
Қаржыландырудың ерекше тәсілі факторинг болып табылады. Факторинг банктің клиенттен өзінің төлеушілеріне берген төлем талаптарын сатып алатын мәмілені білдіреді. Төлем талаптарын сатып алу дисконтпен жүзеге асырылады. Талаптар сатып алынатын мерзім 2–3 айдан аспайды. Берілген құралды ұзақ мерзімде пайдалану үшін факторингтің генералды келісім-шартын жасауға болады. Клиенттің төлем талаптарын сатып алған кезде банк ақша қаражаттарын клиенттің факторингтік шотынан клиенттің есептік шотына аударады (ол қысқа мерзімді несиелеуден ыңғайлы).
Вексельдік несиелеу екі нұсқада болуы мүмкін – төлемді ұзартумен вексельді сату және вексельдік заем. Бірінші жағдайда банк клиентке вексельді (өзінің эмиссиялаған немесе сатып алған) оның төлемін ұзартумен белгілі мерзімге сатады. Екінші жағдайда клиентке белгіленген мерзімде немесе сол мерзімде банкке беру арқылы клиенттің банкке қайтаратын вексель (қарыз беру келісім-шарты бойынша) беріледі
Қысқа мерзімді несиелеудің негізгі түрлері:
- айналым қаражаттарын толықтыруға алынатын несиелер;
- сауда-сатып алу қызметіне алынатын несиелер;
- келісім-шарттарды жүзеге асыруға алынатын несиелер.
Несие бойынша пайыздық қойылым қарыз алушының қаржылық жағдайын, несиенің қамтамасыз етілу өтімділігінің деңгейі, клиенттің банкте ашылған шоттары бойынша айналымдардың көлемі мен тұрақтылығын, несиелік тарихы және басқа шарттарды есепке алғанда бекітіледі.
Лизинг – lease («мүлікті уақытша пайдалануға алу және беру») етістігінен шығатын ағылшын сөзі. Лизинг бір ұйымның (пайдаланушы-лизинг алушы) басқа ұйымға (лизингтік компанияға) қажетті құрал-жабдықты сатып алу және оны оған пайдалануға беру өтінішімен барған кезде болатын мүліктік қатынастар деп аталады.
Лизинг – бұл қаржылық жалға беру келісім-шарты (лизинг) бойынша жалға беруші (лизинг беруші) келісім-шартта көзделген мүлікті белгілі бір сатушыдан меншікке сатып алуға және осы мүлікті жалгерге (лизинг алушыға) кәсіпкерлік мақсаттар үшін уақытша пайдалануға төлемақыға беруге міндеттенуі кезінде уақытша бос немесе тартылған қарыз қаражаттарын инвестициялауға бағытталған инвестициялық қызметтің түрі.