Лық-Ұлыс және Ақ-Орда тарихы. Қазақстан территориясын монғолдардың жаулап алуы. Ұлыстардың қалыптасуы.
Жетісуда алғаш рет моңғолдар 1211 жылы пайда болды. Солтүстік Қытайда жеті жылғы соғыс Шыңғысханның көңілін Шығысқа аударды. Осы жорықтың жеңіспен аяқталуы шығысқа шабуылды жандандыруға жол ашты. Жетісудан қарақытай тағындағы узупатырды, найман ханы Күшлікты қуып шықты. Сөйтіп қарақытайларды Шыңғысхан басып алды. Шыңғысқанның үлкен ұлы Жошы бастаған моңғол отряды Шыңғысқаннан қыпшақтарға тығылған моңғол бодандары – меркиттерді қуғындап Қазақстанның Торғай даласына кірді.
Жошы меркиттерді, оларды қорғаған қыпшақтарды да сейілтті. Бірақ ертеңінде Хорезм шахы Мухамадтың қыпшаққа жорыққа шыққан 60 мың әскерінің шабуылына кездесті. Жошы шайқасқа түскісі келмеді, бірақ шах оның сөзін ескермеді, сондықтан Жошы шайқасқа түсті. Күні бойға жалғасқан шайқас, кешке қарай толастады.
Моңғолдар жауды жанған отпен алдап соғып, қоныстаған жерлерін тастап шығысқа қашып кетті.
Бұдан әрі қарай монғол – хорезм қатынастары шиеленісе түсіп, соғысқа әкелді. Көзбояушылық себебі Отрар апаты болды. Оның алдында екі билеушінің арасында кикілжің болды. 1218 жылдың жазында Шыңғысқанның тапсырмасымен 450 адамнан тұратын керуен көпестер мен моңғол жансыздарымен қоса, 500 түйе тауарлар артқан Отрарға келді. Отрар губернаторы қыпшақ Қайырхан көпестері тыңшылық жасады деген күмәндікпен, оларды өлтіруге, керуенді тонауға бұйрық берді.
Шыңғысқанның хорезм шахқа Қайырханды талап етіп жіберген елшілері өлтірілді, осы жағдай соғысқа себеп болды.
Жорық 1219 жылғы қыркүйек айында Ертіс бойынан басталды. Әскер 150 мың жауынгерден тұрды, оның ішінде түркі одақтастары да болды. Шыңғысқан әскерін Сырдарияға дейін Жетісу арқылы өткізді. Отырарға жақындағанда ол өз ұлдары Шағатай мен Угедей бастаған әскерді қаланы қоршау үшін қалдырды. Жошы ханды Сырдарияның төменіне жіберді, ал өзі негізгі күшпен Бұхараға бет алды. Отырардың билеушісі Қайырхан өжеттікпен аяғына дейін шайқасты. Оның 20 мыңнан 50 мыңға дейін жауынгері болды, сөйтіп қаланы 5 ай ұстап тұрды. Хорезм қолбасшысы Қарахаджибтың моңғолдарға сатылуы моңғолдардың қалаға кіруіне мүмкіндік берді. Бірақ, Қайырхан өз отрядымен кіші бекіністе күшейіп, тағы быр ай шыдады. Қамал қорғаушылардың бәрі қаза тапқанда, 1220 жылдың ақпанында Қайырхан ұсталынып Шыңғысханға жеткізілді.
Ол Қайырханның көзіне, құлағына күміс балқытып құйды.
Сырдарияның басқа да қалаларының қыпшақтар орталығы – Сығанақ, Ашнас, Янгикент халқы да қаһармандықпен шайқасты.
Бұл оқиғалар 1219-1220 жылы орын алды, ал 1221 жылы Жошы үлкен әскермен Қазақстан даласына жорыққа аттанды, сөйтіп, Солтүстік Шығыстан Арал теңізіне дейін қыпшақтар мекендеген аумақты жаулап алды.
Жебе нойон және Субедей бахадур бастаған 30 мың моңғол қолы 1220 жылы Ираннан Кавказға басып кіріп, армян, грузин, алан, қыпшақтар мен орыстарды Калка өзенінде талқандады. Қазақстан даласы арқылы Шығыс Дешт – Қыпшақ арқылы 1224 жылы Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайтып келді. Сөйтіп, Шыңғысқанның 1219-1224 жж басқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия оның империясының бір бөлігі болды.
1223-1224 жылдары Шыңғысхан Сырдария, Ертіс бойындағы далалары арқылы өзінің Моңғолиясына жеңімпаз болып оралды. Бірақ оны ештеңе қуандырмады, себебі Қытай көріпкелі Чан Чунь оған өлім алдына ол әлемді бағындырған билеуші емес – қарапайым адам екенін айтып берді.
Египет пен Сирия араб мұсылман өркениeтінің орталығы, жау қоршауында қалды. Шығыстан моңғолдар, батыстан Еуропа кресттағушылары. Мамлюктар осы екі қауіпті де тойтарды. Қазақстан үшін моңғол жаугершілігінің салдары оның аумағының Шыңғысқан мұрагерлері арасында бөлінуі еді. Себебі ол тірі кезінде империя аумағын балаларына ұлыстарға бөліп берген. Қазақстан аумағы үш ұлысқа бөлінген. Ең үлкен дала бөлігі үлкен ұлы Джучиның иелігінде болған, бірақ ол Шыңғысқанның тірі кезінде қайтыс болған. Сондықтан ол ұлысқа оның ұлы Бату билік етті. Ол Ертістен Солтүстік Жетісу, шығыс Дешт-и-Қыпшақтан төменгі Еділге дейінгі аралықты биледі. Шағатай ұлысына Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан және Мауәріннахр кірді. Угедей ұлысына Солтүстік Жетісу, Батыс Моңғолия, Ертістің жоғарғы бойы және Тарбағатай кірді. Ұлы Төле Моңғолияның түркілікті жұртына иелік етті.
Угедей ұлысы 1251 жойылып, оның жерлері Төленың ұлы Мүнке ханға берілді. Жошының мұрагері Бату Батыс Дешт-и-Қыпшаққа, болгарлар жеріне одан әрі орыс княздығына, Польша, Венгрия, Чехия, Обь, Ертіс, Еділ жағалауына жорық жасауға шықты.