Жалпы экономикалық карталар

Жалпы экономикалық карталар экономиканы толығымен сипаттайды. Сондықтан осы карталарда халық шаруашылығындағы картографияланатын территорияның барлық негізгі салалары белгіленген. Экономикалық сипаттаманың толықтығы мен құралы мақсатты белгілеу мен карта масштабына байланысты болады. Олар жеке басылым болып шығарылады, кешенді географиялық атластарда беріледі (16 сурет). Европалық Ресей және Сібірдің жалпы экономикалық карталарды құру ойлары алғаш рет орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносовқа тән болды, және ол қолданысқа “экономикалық ландкарта” терминін енгізді.

1842 жылы бірінші рет жалпы экономикалық карта аты “Европалық Ресей өнеркәсіптік картасы” шығарылды. Осы картада фабрика – заводтық өнеркәсіп, ауыл шараушылығы, транспорт, сауда, негізгі мекемелер көрсетілген.

Революцияға дейінгі экономикалық картографиялық шығармаларға “Европалық Ресей өндіріс саласының маңызды саласындағы карта” (1872 ж) және “Европалық Ресейдің сауда - өнеркәсіптік картасын” (1911 ж) жатқызуға болады. Бұл карталардың жетекшісі В.П.Семенов – Тяньшанский болып табылады.

Советтік кезеңде картографияның дамуы экономикалық сипаттаманың әдістері арқылы жүзеге асады.

60 – 70 жылдары СССР – дың барлық республикаларында барлық тұрғындарға арналған кең қолданылатын жалпы экономикалық карталар шығарылды. Мысалы Қазақ ССР – да, Омск және Жаңа Сібір обылыстарында, Алтай аймақтарында осы жылдары табиғат жағдайлары мен осы территориялардың экономикалық даму деңгейін көрсететін функциалдық – географиялық және жалпы экономикалық карталар құрылды. Бұл материал жоспарды патриоттық тәрбиелеуге, табиғатты ғылыми түсінуге және өз елінің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын білуге арналған жақсы туынды.

Басқа әлеуметтік – экономикалық карталар

Әлеуметтік – экономикалық карталар қатарынан тұрғындар мен мәдениет карталары ерекше орынға ие. Экономикалық картографиядағы тұрғындар картасы (демографиялық) қай елдің болмасын экономикалық дамуына әсер ететін өндірістік күштер көрсетілген. Демографиялыққа белгілі бір уақытта тұрғындарды орналастырудағы сандық өлшемді карталар жатады.яғни тұрғындардың азаюы немесе өсу динамикасын сипаттайтын карталар. Белгілі болғандай бұл әлеуметтік құбылыстар табиғи және механикалық болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта осы ені факторда ТМД елдеріндегі барлық елдерге тән. (Әсіресе механикалық).

Алғашқы демографиялық карталар XVII ғасырдың екінші жартысында С.У.Ремезовпен құрастырылған. Бұл карталар этнографиялық сипатта болды.

Тарихи карталар

Тарихи карталарға табиғи және әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды көрсететін тақырыптық карталар жатады.

Мазмұны бойынша оларды жалпы және жеке деп бөледі.

Жалпы тарихи карталарға тәртіп бойынша, функциялық – географиялық ландшафт, тұрғындар (этнографиялық құрамы, миграция), әлеуметтік – экономикалық жағдай және даму, саяси - әкімшілік құрылым, саяси, әскери және мәдени жаңалық жатады.

Жеке тарихи карталар тарихи аспектіде қандай да бір құбылысты білдіреді.

Тарихи карталар белгілері бойынша ерекшеленеді: анықтамалық, оқу, үгіттеуші – пропагандалық.

Тақырыбы бойынша карталарды бөледі: полегеографиялық, тарихи – этнографиялық, тарихи – саяси, тарихи – экономикалық және тарихи - әскери.

Теңіз карталары

Тақырыптық карталардың негізгі тобын мазмұны бойынша оларды үш топқа бөледі: навигациялық, мұхитты – географиялық және тарихи. Әрбіртоп өзіне тар тақырыптық карталар санын қосады. Сонымен навигациялық карталар жоспарларды, жеке карталар, басты карталарды біріктіреді.

Мұхитты – географиялық карталар өз кезеңінде келесі түрлерге бөлінеді.

-теңіздер мен көлдердегі карталары (жер сілкінісі мен вулкандар, көл түбі мен жағасының грунты)

-көл суының температуралық картасы.

-ағыстар, толқындар карталары.

Үшінші топтағы карталар жүзуші мен су флотының даму тарихын көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі грек ғылымдарының картографияның ғылыми негіздерінің және онымен байланысты басқа білім салалаларын дамытудағы ролін сипаттаңыз?

2. Оқу құралдарын басқа да дерек көздерін қолдана отырып картографиялық шығарма ретіндегеографиялық атластардың, тақырыптық карталар мен жер бетінің топографиялық кескінінің пайда болу тарихын сипаттаңыз?

3. Қолжетімді дерек көздерін пайдалана отырып, КСРО кезеңіндегі картографияның даму ерекшеліктерін, дүниежүзінің картографиясын дамытудағы прогрессивті ролін ашып көрсетіңіз?

4. Жақын болашақта біздің еліміз бен щетелдерде картографияның, соның ішінде мектеп картографиясының даму болашақтарын анықтаңыз?

Наши рекомендации