Негізгі қорлардың амортизациясы
Негізгі қорлар пайдалану процесінде өзінің баланстық құнын құрылыс өнімі құнына өткізеді. Негізгі қорлар құнының құрылыс өніміне көшу процесі амортизация, ал негізгі қорлардың көшірілген бөлігі – амортизациялық аударылым делініп аталады.Құрылыс өнімі дайындалып сатылғанда, көшірілген негізгі қорларға сәйкес, ақша сомасының бір бөлігі ескірген қорларды жаңартуға немесе жаңасын алу үшін , жинақталатын амортизациялық қорға түседі.
Амортизация құрылыс- монтаж жұмыстарының өзіндік құнында есептелетін , негізгі қорлардың тозуының ақшалай көрінісі.
Объектінің негізгі қорларының амортизациялық төлемі , бухгалтерлік есепке (баланстқа) алынған соң бірінші айдан бастап, бұл объектіні пайдалы қолданғанда оның құны толық төленгенше немесе оны бухгалтерлік есептен шығарылғанша есептеледі.
Пайдалы қолдану мерзімі бұл- негізгі қорлар объектісін пайдалану негізінде мекемеге пайда әкелетін немесе көрсетілген мекеменің мақсаттарын орныдауға қызмет ететін мерзім.
Пайдалану мерзіміндегі амортизацияның толық сомасы мына формуламен анықталынады.
А= Фпл - Л ;
мұндағы, Л- жойылу құны;
Фпл- негізгі қорлардың алғашқы құны.
Сәйкесінше жылдық амортизация сомасы ( ) анықталады:
;
Мұндағы, Тсл- негізгі қорлардың амортизациялық төлемді есептеуге қабылданған қызмет жасау мерзімі (пайдалы қолдану мерзімі).
Амортизациялық төлем көлемі бекітілген нормамен есептелінеді. Қолданыстағы амортизацияқ нормалар негізгі қорларды тек, толық қалпына келтіруге (реновациялауға) белгіленеді және ағымдағы және күрделі жөндеу шығындары есепке алынбайды.
Амортизациялық жылдық нормасы ( ) негізінде негізгі қорлардың құны мен қызмет ету мерзіміне байланысты және мына формуламен анықталады:
*100 ;
;
Құрылыс мекемелерінің балансындағы негізгі қорлар (құралдар) амортизация төлеміне олар пайдалануда немесе резервте болсын, әр айда жылдық нормасының 1/12 бөлігі есептелінеді. Амортизацияның негізгі қызметі – негізгі қорларды құралдарды жаңадан өндіру, қалпына келтіру. Екінші қызметі – есептеу. Негізгі құралдар инвентарлық есептеу карточкаларныда амортизациялардың мәліметтері. Көрсетілетін графа енгізілген және пайдалыну жылдарындағы негізгі қорлардың тозуы мөлшері анықталады. Үшінші қызметі – ынталандырушы, өйткені негізгі қорларды толық пайдалануды көздейді.
Амортизациялық төлемді есептеуде тура (біркелкі) және тура емес : 1) қалдықты қысқарту, 2) пайданы қолдану мерзіміндегі жылдар саны бойынша құнын түсіру, 3) өнім жұмыс қызмет ету төлеміне пропорционалды құнды шегеру (салық салу мақсатында амортизацияны есептеу басқаша жасалады) әдістері қолданылуы мүмкін.
7.5 Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштері және кездесетін негізгі қорлардың қортынды көрсеткіштері: қорқайтарылымы мен қорсыйымдылығы.
Негізгі қорлардың қорқайтарылымы құрылыс мекемелерінің негізгі өндірістік қорлар құнының бір тенгесінен құрылыс өнімін алуды сипаттайды және мына формуламен анықталады:
;
Мұнда, - өндірістік негізгі қорлардың қорқайтарылымы;
– жылдық құрылыс- монтаж жұмысының сметалық құны;
– негізгі өндірістік қорлардың жылдық орташа құны.
Құнсиымдылығы – қорқайтарылымына кері көрсеткіш мөлшері, орындалған бір тенгелік құрылыс- монтаж жұмысына келетін өндірістік негізгі қорлардың құнын білдіреді.
Негізгі өндірістік қорлардың орташа құны жоспарланған жылдың 1 қаңтары мен келесі жылдың 1 қаңтарына белгіленген қорлар құнының жартысын 12 (айға) бөлумен; сондай- ақ қалған айлардың әр бірінші санында өндіріске ендірген (сатып алынған) және жоспарланған жылда қатардан шығып қалған өндірістік негізгі қорларды есепке алып анықталады:
;
– жоспарланған жылдың 1 қаңтардағы өндірістік негізгі қорлар құны;
– жоспарланған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы өндірістік қорлар құны;
- өндіріске енгізілген (сатып алынған ) және өткен айда қатардан шығып қалған өндірістік қорларды есепке алғандағы әр айдың 1 санындағы өндірістік қорлар құны.
Қайтарылым көрсеткішін басқа да формуламен есептеуге болады:
;
Мұндағы, П – құрылыс мекемесінің жылдық пайдасы;
- негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны.
Бұл көрсеткіш өндірістік негізгі қорларды пайдаланудың рентабельділігін (пайдалылығын) көрсетеді және нақты құрылыс мекемесінің оларды пайдалануының сапасы жоғары бағалауға мүмкіндік береді.
Құрылыстық мекеменің өндірістік негізгі қорларының активті бөлігін жабдықтау деңгейі еңбектің механикалық қаруландыру көрсеткішімен бейнеленеді және мына формуламен анықталады:
;
Мұндағы, - негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігінің орташа жылдық құны;
Ч- құрылыс- монтаж және көмекші өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың орта тізімдік саны.
Өндірістік негізгі қорларды ұтымды (эффективті) пайдалану көрсеткіштері екі топқа : экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді.
Негізгі өндірістік қорларының активті бөлігі экстенсивті пайдалану: құрылысшыларға байланысты емес және құрылыс өндірісінің технологиясы және ұйымдастырылуы , сондай-ақ машина пакін техникалық пайдалануға байланысты.
Негізгі өндірістік қорлардың активті бөлігін экстенсивті пайдалануды бейнелейтін көрсеткіштердің бірі машиналарды уақыт бойынша пайдалану коэффициенті ( ) ;
;
мұндағы, Тф- бір жылдағы машиналардың (құралдардың ) нақты уақыты, маш.сағ;
Тн- бір жылдағы жұмыстың нормаланған уақыты, маш.сағ.
Негізгі өндірістік қорларды интенсивті пайдалану бірінші кезекте уақыттың белгілі мерзімінде өнім өндіру нормасының орындалу көрсеткішін бейнелейді.
;
Мұнда, - өнім өндірудің нақты деңгейі табиғи бірлік өлшемінде;
- өнім өндіру нормасы.
Смена уақытындағы машиналарды (құралдар, объектінің негізгі қорларын) пайдалану коэффициенті:
;
Мұндағы, - смена кезіндегі машиналардың пайдалы уақыты, сағ.
– сменаның жалпы белгіленген жұмыс уақыты, сағ.
Белгілі уақыт мерзімінде нақты машина (құрал) үшін шын орындалған және жоспарланған (алдын- ала қарастырылған) жұмыс көлемінің қатынасын анықтайтын жекелеген қорытынды көрсеткіш машиналарды интегралды жүктеу коэффициенті болып табылады. Ол былай есептеледі:
;
Құрылыс мекемесінің жұмыс резервін жақсарту, негізгі өндірістік қорларды пайдалану ұтымдылығын арттырудың мәні мынада:
- негізгі қорларды пайдалану уақытын ұзарту (экстенсивті жол);
- құрылыс өнімін уақыт бірлігінде ұлғайту (интенсивті жол).