Бап. Террорист топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу
1. Террористы топ құру, сол сияқты оган басшылық ету -
2. Террористік топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актілеріне қатысу -
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не қогамдық бірлестік лидері жасаган іс-әрекеттер -
Террористік максатты көздейтін қылмыстарды жасау үшін топ құру (террорлық топ) сондай-ақ оған басшылық еткені үшін жауаптылық Қылмыстық кодекстің 257-бап 1-бөлігінде көрсетілген.
Қылмыс объективтік жағынан алғанда белсенді эрекет арқылы - террористік қылмыстарды жасау үшін топ, ұйым құру немесе оған басшылық ету арқылы жүзеге асырылады. Террористік топқа террористік іс-эрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-эрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындай-тын ұйым, сондай-ақ осы ұйымның баскарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс-эрекетті жүзеге асыратыны болса, онда оларда террористік топ деп танылады.
Қылмыстық топтың түсінігі Қылмыстық кодекстің 31-бабының 1-бөлігінде берілген. Ал осы топқа басшылық ету деп, террористік топты құрған, оған адамдар тарткан, осы топтың қызметін тікелей ұйымдастырган іс-эрекеттерді айтамыз. Қылмыстык құқык бұзушылық құрамы келте, террористік топты құрған сэттен бастап аяқталған деп са-налады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі - 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам. Осы баптың екінші болігінде — қылмыстың ауырлататын түрі — террорлық топтың қызметіне немесе ол жасаған террорлық актілерге қатысушылық үшін жауаптылык көзделген. Кінэлі адам қасақана түрде террорлық топтың барлық кызметіне, сондай-ақ террорлық актілерге белсене қатысады. Террорлық акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін озге де іс-эрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республи-касы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халыкдралық ұйымдардың шешім қабылдауына ыкдал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам оміріне дэл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе коғам қайраткерінің оміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси кызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу максатында қастандық жасау болып табылады.
Адам өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып не қоғамдық бірлестіктің басшысы бола отырып жасаған, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген эрекеттерді істеу осы қылмыстың (ҚК-тің 257-бабының 3-бөлігі) өте ауырлататын түрі болып табы-лады. Қылмыстық қүкық бұзушылық субъектісі арнаулы лауазым иесі немесе қоғамдық бірлестік лидері
Бап. Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік
1. Жеке тулгага не адамдар тобына не заңды тұлгага олардың қызметінің террористы немесе экстремисты сипатын не берілген мүлік, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлері террористы немесе экстремисты әрекетті жүзеге асыру не террористы немесе экстремисты топты, террористы немесе экстремисты ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды ңамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу білген адам жасаған, ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке қуқықты немесе мүліктік сипаттагы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйга тартуы, айырбастауы, қайырмалдыгы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрперін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі-
2. Бірнеше рет жасалган немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не коммерциялық немесе өзге ұйымда басңару функцияларын орындайтын адам не қогамдык бірлестік лидері не алдын ала сөз байпасу арқылы адамдар тобы жасаган не ірі мөлшерде жасалган дәл сол іс-әрекеттер -
Ескерту.
Террорист немесе экстремист әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге езге де дем берушілікті күш қолдану қатерін төндіріп жүзеге асыратын және бул туралы өз еркімен мәлімдеген, сондай-ақ қылмыстарды ашуға немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен адам, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылыктан босатылады.
Жеке тулғаға не адамдар тобына не заңды түлғаға олардың қызметінің террористік немесе экстремистік сипатын не берілген мүлік, көрсетілген ақпараттық, қаржылық жэне өзге де қызмет түрлері террористік немесе экстремистік эрекетті жүзеге асыру не террористік немесе экстремистік топты, террористік немесе экстремистік ұйымды, заңсыз эскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу білген адам жасаған, ақшаны жэне (немесе) өзге мүлікті, мүлікке қүқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, демеушілік жэне қайырымдылық көмегі, ақпараттық жэне өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі - көрсетілген (258-бап, 1-бөлігі) негізгі құрамының белгісі болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 258-бабында көрсетілген осы қылмыстың тікелей объектісі қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 3-бабының 30-тармағына сэйкес террористік қылмыстарға осы Кодекстің 170,171, 173, 177,178, 184,255, 256,257, 258,259,260, 261,269 жэне 270-бап-тарында көзделген іс-эрекеттер, ал осы баптың 39-тармағына сэйкес экстремистік қылмыстағы - Қылмыстық кодекстің 174, 179, 180, 181, 182, 184, 258, 259, 260, 267, 408-бап 2, 3-бөліктері жэне 405-бапта көзделген іс-эрекеттер жатады. Осы қылмыстың объективтік жағының белгілері экстремизмді немесе террористік қызметті белсен- ді түрде қаржыландыру аркылы жүзеге асырылады. Заңға сәйкес мүлдай қызметтерді қаржыландыруға жол берілмейді. Қылмыс құрамы формальдық, көрсетілген қызметті қаржыландыру фактісі орын алған сэттен бастап қылмыстық құқық бұзушылық аяқталған деп танылады.
Қылмыстық құкық бұзушылық субъективтік жагынан тікелей кдсақаналықпен, эр түрлі ниеттерді басшылыққа ала отырып жасалады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі — жасы 16 толған, есі дұрыс кез келген азамат.
Бірнеше рет жасалған немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып не коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларын орындайтын адам не қоғамдық бірлестік лидері не алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаган не ірі мөлшерде жасалған дэл сол іс-эрекеттер - осы қылмыстың ауырлататын түрі болып саналады (ҚК-тің 258-бабы 2-бөлігі).
Қылмыстың бірнеше мэрте жасалу түсінігі ҚК-тің 12-бабында көрсетілген.
ҚК-тің 258-бабының ескертуіне сэйкес: Террористік немесе экстремистік эрекетті қаржыландыруды жэне терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілікті күш қолдану қатерін төндіріп жүзеге асыратын және Бұл туралы өз еркімен мэлімдеген, сондай-ақ қылмыстарды ашуга немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ыкдал еткен адам, егер оның эрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босаты-лады.