Оқулықтар және оқу құралдары. Мақалалар. 2 страница
Сонымен, мемлекет пен құқық теориясының басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы екі түрлі сипатқа ие болады. Бір жағынан, мемлекет пен құқық теориясы қоғамдық ғылымдардың жетістіктерін пайдаланса, екінші жағынан, қоғамдық ғылымдар мемлекет пен құқық теориясының тұжырымдарына сүйенеді. Бұндай қорытынды ғылыми білімнің бірлігі мен өзара байланысы қағидасынан шығады.
Құқықтық ғылымдардың ерекшеліктеріне келсек, олар мемлекеттік құқықтық шынайылықтың өзекті мәселелерін арнайы зерттеумен шұғылданады. Барлық құқықтық ғылымдарды өз пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топтарға жіктеуге болады.
Теориялық құқықтық ғылымдар мемлекеттік құқықтық құбылыстардың аса маңызды жалпы сұрақтарын зерттейді. Тарихи құқықтық ғылымдар мемлекеттік - құқықтық мекемелердің (мемлекет пен құқық тарихы) немесе мемлекет пен құқық ілімдерінің (саяси құқықтық ілімдер тарихы) даму процессін қарастырады.
Салалық құқықтық ғылымдар (конституциялық, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, еңбек және т.б.) нақты құқықтық мекемелер мен нұсқауларды және тиісінше құқықтық практиканы зерттейді.
Қолданбалы құқықтық ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы және т.б.) табиғи және техникалық ғылымдардың жетістіктерін, құқықтық мәселелерді шешу үшін қолданылады.
Заңдық ғылымдар жүйесінде мемлекет және құқық теориясының алатын орны ерекше. Мемлекет және құқық теориясы мен тарихи-заңдық ғылымдардың ұқсастығы олардың мемлекет пен құқықты тұтас қарайтындығына байланысты, айырмашылығы тарихи-заңдық ғылымдар зерттеу барысында мемлекеттік-құқықтық нысандарды даму үрдісінде хронологиялық тәртіппен, тарихи әдістерді қолдана отырып зерттейді, теория осы құбылыстарды тұжырымдап, олардың дамуының жалпы заңдылықтарын анықтауға тырысады, логикалық әдісті қолданады.
Салалық заңдық ғылымдарға қатысты мемлекет және құқық теориясы тұжырымдаушы роль атқарады. Ол мемлекет пен құқықтың дамуы мен қызмет етуінің барынша жалпы заңдылықтарын зерттеп қорытындылайды, барлық салалық заң ғылымдарына ортақ мәселелерді қарастырады, әдістемелік, бағыттаушы роль атқарады. Сонымен қатар өзі де салалық заң ғылымдарының жетістіктерінен нәр алады, яғни ондағы фактілі материалдарды өңдеп, қажетіне жаратады. Мемлекет және құқық теориясының өзге заңдық ғылымдармен арақатынасы өзара тығыз байланысты екі жақты қатынас екендігіне көз жеткіздік.
Әрбір ғылымның зерттеу пәнімен қатар зерттеу әдістері де болады. Методология дегеніміз – білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, ережелер және қағидалар жиынтығы. Мемлекет пен құқық теориясының зерттеу әдістері екі үлкен топтан құралады:
-жалпы ғылымдық зерттеу әдістері
- жеке ғылымдық зерттеу әдістері.
Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері – барлық ғылымдармен қолданылатын жалпы зерттеу әдістері, барлығына ортақ қағидалар. Оларға анықталған философиялық бағыттарды жатқызуымызға болады. Қазіргі кезеңде жалпы ғылыми зерттеулер материализм мен диалектикаға сүйенеді.
Жеке ғылыми зерттеу әдістері дегеніміз – нақты білім алу үшін қолданылатын ережелер, тәсілдер, әдістер жиынтығы. Олар зерттеу процессінің деңгейі мен бағытына байланысты көптүрлі болады.
- Нақты-әлеуметтік тәсілдер негізінен ғылыми ақпарат жинау кезінде қолданылады. Оларға жататындар: бағдарлау – мемлекет пен құқық теориясында бағдарлау обьектілеріне құқықтық практика мен мемлекеттік мекемелер жатады. Сұрау, анкета жүргізу, сұхбаттасу, сараптама және т.б. әдістер арқылы субъектілердің мемлекеттік-құқықтық аймақтағы нақты әрекеті туралы мәлімет жинауға болады.
Мемлекет пен құқық теориясында қолданылатын негізгі әдістердің бірі – логикалық әдіс. Логика – ойлау тәсілдері мен әдістері туралы ғылым. Заң ғылымының зерттеу процесінде анализ және синтез тәсілдері де қолданылады. Анализ – теориялық және тәжірибелік зерттеу процесінде күрделі обьектілерді талдау, құрамды бөліктерден жіктеп ажырату. Синтез – сол талданған бөліктерді жинақтап қосу арқылы белгілі бір объектіні, затты құрастыру.
Жеке ғылыми зерттеу әдістерінің түрлеріне: формалды-заңдық, жүйелік, функционалдық, статистикалық, әлеуметтік, салыстыру жатады.
Формалды – заңдық әдіс заңдық түсініктерді анықтауға, олардың қасиеттерін ажыратуға, жіктеу жүргізуге, құқықтық нұсқауларды түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жүйелік тәсіл – қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды жүйеге, салаға топтастырып зерттеу.
Функционалдық тәсіл – қоғамдағы заңды құбылыстардың әлеуметтік бағытына, маңызына, қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.
Статистикалық әдіс – заңды құбылыстардың санды деректеріне, фактілеріне сүйене отырып зерттеу жүргізу.
Үлгілік әдіс – болған құбылыстың үлгісін жасап, сол арқылы істің мазмұнын, көлемін жобалап барып зерттеу жүргізу.
Әлеуметтік тәсіл – жүйелік, функционалдық, стстистикалық, үлгілік тәсілдер арқылы жүргізілген зерттеулердің қорытынды нәтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру.
Салыстырмалы – құқықтық әдіс – бірнеше мемлекеттерді, құқықтарды салыстырмалы зерттеу және олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі әдіспен зерттеу жүргізу.
Мемлекет және құқық теориясы курсының жүйесі. Мемлекет пен құқық теориясы екі үлкен бөлімге бөлініп қарастырылуда: мемлекет теориясы және құқық теориясы. Мемлекет теориясында мемлекет түсінігінің, мемлекеттіліктің пайда болуының және тарихи дамуының жалпы мәселелері, мемлекеттің және мемлекеттік аппараттың қызметтері мен үлгілері, қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны мәселелері қарастырылады. Ал, құқық теориясында құқық түсінігі, құқықтың пайда болуы және тарихи дамуы, құқық нормалары және жүйесі, құқықтық нормативтік актілер, құқықтық сана, құқықтық қатынас, құқықты жүзеге асыру, құқық бұзушылық, құқықтық жауапкершілік, заңдылық және тағы да басқа көкейтесті мәселелер қарастырылады.
Мемлекет және құқық теориясының қазіргі заңгердің заңдық дүниетанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы ролі.
Отандық мемлекет және құқық теориясы, оның дамуы.
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Конспектілеу. Энгельс Ф. Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы.
//Маркс К., Энгельс Ф. Сочинения. Т.21.
№2 СӨЖ: Глоссарий
Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
2 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
3 Рәсімдеу сапасы
4 Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы: Мемлекет және құқық теориясы ғылым және оқу пәні ретінде тақырыбына баяндама жасау; Мемлекет және құқық теориясының әдістеріне мысалдар келтіру. Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.
Үй тапсырмасы:
Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
- Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
- Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
3. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
4. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.
Қосымша әдебиеттер:
1. Гревцов Ю.И. Очерки теории и социологии права. 1996.
2. Историческое и логическое в познании государства и права. Л., 1988.
3. Казимирчук В.П. Право и методы его изучения. М., 1965.
4. Карбонъе Ж. Юридическая социология. М., 1986.
5. Козлов В.А. Проблемы предмета и общей методологии права. Л., 1989.
6. Сырых В.М. Метод правовой науки: основные элементы, структура. М., 1980.
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
«Мемлекет және құқық теориясы ғылыми пәнінің түсінігі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Мемлекет және құқық теориясы оқу пәні ретінде. Гуманитарлық білім жүйесіндегі және заң пәндері жүйесіндегі мемлекет және құқық теориясы. Мемлекет және құқық теориясының функциялары. Қазақстандағы мемлекет және құқық теориясының қазіргі замандағы жағдайы.
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________
Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________
Дәріс тақырыбы Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________
Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______
Дәрістің мақсаты:
Мемлекет және құқықтың пайда болу жолдарын және негізгі теорияларды оқып үйрену.
Жоспары:
1.Рулық құрылыс.
2. Мемлекеттің құрылуының нышандары.
3.Әр түрлі халықтардың мемлекеттігінің құрылу ерекшеліктері.
4. Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің пайда болу ерекшеліктері.
5. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары.
6.Құқықтың пайда болуы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция – ортақ табыс барлығына бірдей тең негізде бөлінген.
Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі – ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. Тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың белгілері:
а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет -ғұрыптармен, яғни тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;
ә) жазбаша түрде бекітілмесе де, адамдар әрекеті мен санасында өмір сүрген;
б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу (рудан аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;
в) барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.
Мемлекет ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.
Мемлекетті алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын белгілері. Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.
Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және өзгелер.
Мемлекет анықтамаларының әртүрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет мәніндегі жалпы әлеуметтік және таптық. Мемлекет саяси-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік. ¦лт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттілік дамуы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әр түрлі халықтарда мемлекеттіліктің дамуының әртүрлілігі.
Глоссарий (терминдер): рецепроктылық, редистрибуция,материалистік теорияия, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік теория.
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Мына нормативті-құқықтық актілерді конспектілеу:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы. Өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
2. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 16 қазан 1995, 2007 жылғы 19 маусымдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 2007. №12; Егемен Қазақстан 2007. 19. 06. №171-172;
3. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 2007 жылғы 19 маусымдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 2007. №12; Егемен Қазақстан 2007. 19. 06. №171-172;
4. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» 18 желтоқсан 1995, 2007 жылғы 19 маусымдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы, 2007. №12; Егемен Қазақстан 2007. 19. 06. №171-172;
5. Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл//2008 жылғы 17 қазандағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Егемен Қазақстан, 2008. 21 қараша. №351-352;
Парламент жаршысы, 2008
6. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995, /2008 жылғы 17 маусымдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Егемен Қазақстан, 2008. 20 маусым. №182-183;
Парламент жаршысы, 2008 №10-11
7. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасындағы прокуратура туралы» 29 желтоқсан 1995 2008 жылғы 10 желтоқсандағы өзгерістері мен толықтыруларымен // Егемен Қазақстан, 2008. 13 желтоқсан.
8. Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995, 2002 жылғы 21 наурыздағы өзгерістері мен толықтыруларымен // Егемен қазақстан, 2002. 27 наурыз. № 67, Парламент жаршысы, 2002 №6
9.Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 30 желтоқсан 1995 // Егемен қазақстан, 1996. 15 қаңтар.
№2 СӨЖ: Глоссарий
Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.
СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері
5 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру
6 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру
7 Рәсімдеу сапасы
8 Сауатты талқылау
СОӨЖ тапсырмасы: Мемлекеттің пайда болуының батыстық және шығыстық жолының рекешеліктерін қарастыру. Схема құрастыру.
Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.
Үй тапсырмасы:
Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.
Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
- Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.
- Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
- Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.
- Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.
5. Өзбекұлы С. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 2006.
Қосымша әдебиеттер:
1. Алексеев А.С. К учению о юридической природе государства и государственной власти. М., 1995.
2. Бачило И.Л. Факторы, влияющие на государственность // Государство и право. 1993. № 7.
3. Берман Г. Западная традиция права: эпоха формирования. М., 1994.
4. Бутенко А. П. Государство: его вчерашние и сегодняшние трактовки // Государство и право. 199,3. № 7.
5. Власть. Очерки современной политической философии Запада. М., 1989.
6. Косарев А. И. Происхождение и сущность государства. М., 1969.
7. Нурпеисов Е.К., Котов А.К. Государство Казахстан: от ханской валсти - к президентской республике. – Алматы: Жеты жаргы, 1995.
8. Филиппов Г. Г. Социальная организация и политическая власть. М.,1985.
Энгельс Ф. Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің пайда болуы. Алматы,1982.
Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:
«Мемлекет және құқықтың пайда болуы» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Рулық құрылыс. Жеке меншіктің пайда болуы. Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары. Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары.
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________
Дәріс № ______ Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________
Дәріс тақырыбы Мемлекет түсінігі және жалпы сипаттама
Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________
Академиялық жыл 2010-2011 Курс 1 Семестр ______
Дәрістің мақсаты: Мемлекеттің қоғамды басқару әдісі және жанжалды шешу құралы ретіндегі мәнін анықтау. Жоспары:
1. Мемлекет түсінігі. Мемлекетті әлеуметтік белгілеудегі дуализм: Мемлекет қоғамды басқару әдісі және жанжалды шешу құралы ретінде.
2. Мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәселелері.
3. Мемлекеттің түсінігінің әртүрлілігі.
4. Мемлекеттің белгілері, оның басқа қоғамдардан айырмашылығы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет.Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.
Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.
Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:
- элита теориясы;
- технократиялық теория;
- плюралистік демократия теориясы.
Глоссарий (терминдер):элита теориясы, технократиялық теория, плюралистік демократия
СӨЖ тапсырмасы:
№1 СӨЖ: Реферат
Студенттің өзіндік жұмысының ең басты түрлерінің бірі реферат жазу. Реферат Мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша жазылады және ол компьютер үлгісіндегі 3-4 беттен аспауы керек. Реферат: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімде тақырыптың жан-жақтылығын, мақсатын және талабын және тақырыпты зерттеуде қандай әдебиеттерді пайдаланғаныңызды көрсетесіз. Негізгі бөлімде реферат тақырыбын ашып: ол қысқа әрі жеке зерттеуіңізді көрсетіп, салыстырмалы анализ жасаңыз. Қорытынды бөлімде өз тұжырымдамаңызды көрсетесіз. Сондай ақ әдебиеттер тізімін көрсетесіз: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) негізгі әдебиеттер; 3) қосымша әдебиеттер. Реферат ауызша қорғалады, белгіленген ұпайға сәйкес бағаланады.
Рефератты бағалау критерийлері:
1 Тақырыптың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы
2 Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді терең оқып, дұрыс талдау жүргізіп, оны дұрыс жаза білуі
3 Қажетті қортындылардың жасалуы
4 Материалдардың жоспарға сайкес қисынды және рет-ретімен жазылуы
5 Жұмыстың әдеби тілмен дұрыс жазылуы және оның дұрыс рәсімделуі
Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:
· Құқықтық мемлекеттің тарихи аспектілері
· Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
· Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары
· Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі.
№2 СӨЖ: Глоссарий
Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.