Тақырып 7. Мемлекеттік аудиттің даму тенденциялары мен қалыптастырылуы
Дәріс мақсаты:Мемлекеттік аудиттің даму тенденциялары мен қалыптастырылуы тәртібін зерттеу
Дәріс сұрақтары:
- Қазақстан Республикасындағы мемлекттік аудиттің қалыптасуы
- Мемлекттік аудиттің құрылуы
Дәріс тезисі:
Жаһандану шарттарындағы ҚР-сы экономикасының дамуы әлеуметтік-экономикалық жүйелерге түрлі мемлекттік механизмдердің жүзеге асырылу қажеттілігін айқын көрсетті, сонымен қатар мемлекттік бақылауды.
Елбасы өзінің халқына жолдауында: мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының алдына дүниежүзілік аудит тәжірибелері негізінде кешенді мемлекеттік аудиттің құрылуын талап етті.
Қаржылық мемлекеттік бақылау мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, оның қаржы бұзушылықтары мен бюджеттің дұрыс пайдаланбау мәселелері де анықталды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының жаңа бюджеттік саясаты мен мемлекеттік аудитті енгізу мәселесі жолдауға сәйкес дайындалған, мемлекеттік органдарды толық бағалау мақсатында халықаралық стандарттарға сай және қаржылық есептілік аудитін қамтамасыз ететін мемлекеттік аудит енгізіледі. Осыған орай, мемлекеттік аудит – бұл объектілердің қызмет тиімділігін жалпы және тәуелсіз бағалау.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудитті енгізу мақсатында халықаралық стандарттарға және Лимдік декларациясының қағидаларына сәйкес заңдық және әдістемелік негізін құру болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы мемлекеттік қаржылық бақылаудың заңдық және әдістемелік негізін жетілдіру.
Мемлекеттік аудит пен мемлекттік қаржылық бақылауды жетілдіру 2 кезеңмен жүзеге асырылады:
1 кезең-2013-2014 жылдар;
2 кезең-2015-2017 жылдар.
Бірінші кезеңде мемлекеттік қаржылық бақылаудың заңдық және әдістемелік негіздері жетілдіріліп , мемлекттік аудиттің заңдық және әдістемелік негіздері құрыларды.
Тұжырымдаманың негізгі идеяларының бірі болып мемлекттік аудитті енгізу қалыптасқан мемлекеттік қаржылық бақылауды жою болып табылмайды, керісінше оның мемлекеттік аудитпен үйлесуін айтады. Бұл идея 2015 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» заңында жүзеге асырылған.
Заң мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау ұғымдарының айырмашылықтарын айқын көрсетеді. Мемлекеттік аудиттің негізгі мақсаты жоғарыдағы заңға сәйкес табысты экономикалық саясаттың жүзеге асуын, елдің, аймақтардың, секторлардың, қызмет салалаларының өндірістік әлеуетін тиімді қолдану. Ал мемлекеттік қаржылық бақылау аудит жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтарға шара қолдану, әкімшілік іс жүргізу, залалды жою шараларын жүргізу, әкімшілік жауапкершілікке шақыруға бағытталған.
Бірінші кезеңде қалыптасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауға қатысты заңдық актілеріне тиісті өзгертулер енгізілді. Сонымен қатар, квазимемлекеттік секторлардың субъектілерінің аудит жүргізу сұрақтарына қатысты Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет» туралы заңында өзгерулер орын алды.
Атап өтетін жайт, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі нормативтік актілердің жүзеге асырылуы бүгінгі күнге дейін жалғасып келуде.
Есеп комитетінің жоспарлауымен мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асыру мақсатында 50-ден аса нормативтік актілердің жобалануы, бекітілген мерекелер жоспары (жол картасы) бойынша мемлекеттік аудитке көшу жоспарлануда.
2015 жылдан бастап мемлекеттік аудитті енгізудің екінші кезеңі басталды.
Болашақта, дүниежүзілік тәжірибеге сүйене отырып , мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың дамуы ішкі бақылау жүйелерінің нығайту шараларын жүзеге асыруымен жүргізіледі.
Қолданылған әдебитеттер:
1. Абленов Д.О. Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі: оқу құралы/ Д.О. Абленов. –Алматы: Экономика, 2007.
2.Зейнельгабдин А.Б.Финансовая система Казахстана: становление и развитие. Монография- Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008
3.Оксикбаев О.Н. Независимый финансовый контроль в Казахстане: становление, институциональное укрепление и перспективы развития. Астана, 2006
4. Бейсенова Л.З. Основы финансового контроля. Учебное пособие для студентов и магистрантов – Астана «Центр Элит»,2010