БАҚ-тардың нақты жағдайын айқындайтын саяси, әлеуметтік және әкімшілік ахуалдың ерекшеліктері

Бұл бөлімге мемлекеттің жоғары лауазым иелерінің, министрліктер мен ведомстволардың, аймақтардың басшылары мен бизнес-элита өкілдерінің БАҚ қызметіне қатысты мәлімдемелері, бағдарламалы сөз-дері, көпшілік алдында білдірген пікірлері, сондай-ақ қимыл-қарекеттері туралы мәліметтер енгізілді. Бөлімге сондай-ақ Парламенттің қарауына енгізілген нормативті актілер жобасы туралы тиісті хабарлар да енгізілді.

Мониторинг, БАҚ пен журналистердің шын мәніндегі және жалған құқықтарына, өзге құқық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне байланысты дауларға көп немесе аз мөлшерде барлық БАҚ-тың қатыстылығы бар екенін көрсетеді. Бұл ретте жарияланған материалдарда сын неғұрлым жоғары болса, БАҚ-тың дауларға солғұрлым қатысы көп болады. Бұл мемлекеттік аталатын да, жеке БАҚ үшін де ақиқат жағдай.

Дауға түсудің елеулі бөлігі мемлекеттік әкімшілік, оның жекелеген уәкілдері мен олардың жүргізіп отырған саясатына байланысты сыни материалдарға қатысты туады. Дауға түсудің бұдан да көп бөлігі, белгілі бір мүдделерді көздейтін және іс жүзінде бүқаралық ақпарат құралдарын әсер ету құралына айналдыратын материалдар туғызады. Санама-ланғандардың бәріне де заң жүзінде тыйым салынбаған, бірақ мүдцелері сөз болатындарға, қозғалатындарға үнап жарытпайды.

Дауға қалудың деңгейі мен БАҚ үшін ойдағыдай шешілуіне мына жағдайлар да әсер етеді:

бұқаралық ақпарат құралыныңтүрі. Басылым БАҚ-тары эктрондыға
қарағанда дауға үш есе көп түседі. Соңғылары ҚР "Бұқаралық ақпарат
қүралдары туралы" Заңның 26-бабына сәйкес эфирден күмәнді
мәліметтер таратқаны үшін,- егер ол автордың алдын-ала жазылып
алынған сөздерінде болмаған жағдайда, - жауапкершіліктен босатылады.
Оның үстіне электронды БАҚ аталған Заңның 16-бабында көрсе-
тілгендей, эфирлік хабарлардың жазбаларын бір ай ғана сақтайды,
осыған байланысты сонымен іс жүзінде талапкердің өз қүқының
бұзылганы туралы деректі дәлелдеу мүмкіндігі жойылады.

БАҚ-тың мемлекеттік аталатын немесе ресми басылым немесе
арналардың иелігінде болуы. Мүндай БАҚ жеке БАҚ-тарға қарағанда дауға
едәуір аз түседі. Оның үстіне олармен дау-дамайлар, әдетте, алдын-ала
шешіледі, өйткені екі жақ та даудың әрі қарай өрбуіне мүдделі емес.

БАҚ-тың қоғамдағы орны елеулі немесе билік құрылымдарындә
айтарлықтай байланыстары бар жеке меншік иесінікі болуы.

жарияланған материалдардың объективтігі, негізділігі және
ешқандай ілік таптырмауы, жазылу шеберлігі.

4. Журналистермен және БАҚ-пен кім дауаласады

Билік пен БАҚ-тың басты мақсаты бір - ҚР Конституциясының 1 және 2-бабында жарияланған принциптері негіз болатын демократиялық мемлекет қүру, дегенмен де БАҚ-тың басындағы даулардың дені билік-тіңбарлық бұтақтарының өкілдерімен болып отыр. Және де бұл даулардың көпшілігін журналистер мен БАҚ-тың қазір қолданылып жүрген заңда бекітілген қүқының әртүрлі, әр қырынан бүзылуы қүрайды.

Даулардың көпшілігін, бір қызығы, Парламент, Президент және Үкіметтің БАҚ-пен және жұртшылықпен байланысты жүзеге асыруға, Үкімет жүргізіп отырған саясатты насихаттауға және қоғамдық диалог жүргізуге тікелей мүдцелі болуға тиіс баспасөз қызметтерінің және өзге де бөлімдерінің қимыл-қарекеттері тудырады.

БАҚ-тың өзіне қатысы бар министрліктер мен ведомстволар -Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі, Көлік және коммуникациялар министрлігі және оның аумақтық органдарымен қарым-қатынасы шиеленістілеу болғаны көрінеді. Мысалы, Ақпарат министірлігінде жыл ішінде БАҚ-тың жағдайын нашарлататын екі нормативтік-қүқықтық - БАҚ-ты тіркеудің ережедері және журналистерді тіркеу акті қабылданды. Екеуі де, біздіңше, кей тұстарында ҚР "Бүқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңында белгіленген қүқықтық аядан шығып кетеді немесе оған қайшы келеді. Осы министірліктің аумақтық органдары БАҚ-ты қазіргі үкіметке бейтараптығы принципіне қарай сыныптамақ болды.

Көлік және коомуникация министрлігінің кейбір аумақтық органдары біресе бір, енді біреуі келесі бір электронды БАҚ-тың қызметін мүлдем тоқтатуға немесе тоқтата тұруға және лицензиялық нормалар мен ережелерін сақтамағанына орай радиожиліктерді пайдалануды тоқтатуға үмтылатын негізсіз талаптарға, сот жүзіндегі таластарға шырмалып отыр. Мәселе кейде радиотаратқыштарды өз бетімен ажыратып тастауға дейін жетті.

Ал, осы министрліктердің барлығы табиғатында және қызмет жағдайына қарай отандық БАҚ-тың, ақпараттық нарық пен ақпараттық кеңістіктің аяғынан тік тұруы мен дамуына мүдделі болуы шарт.

БАҚ-тың сот органдарымен, прокуратурамен қарым-қатынастары да соншалықты ашық-жарқын бола қойған жоқ. Алғашқы инстанциядағы соттардың БАҚ-қа деген негізсіз талаптарды қанағаттандыру пайызы елеулі. Кей соттар бұрынғысынша мүліктік емес жеке қүқықтарда құқық субъектілерінің кейбір құқықтарын ажырата алмайды, жөн және баға беретін пікірлерді деректермен шатастырады, ҚР "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының БАҚ-ты жауапкершіліктен босататын нормаларын пайдаланбайды. БАҚ-қа прокуратураның аудандық және облыстық буындағы органдары тарапынан негізсіз кінәлау мен талаптар қойылатын жағдайлар өте көп. Шамасы, прокурорлар өздерін бүрын-ғысынша тек мемлекеттік институттар мен олардың шешімдерін өзге құқық субъектілерінің заңды мүдделеріне нұқсан келтірсе де қорғайтын "мемлекеттің көзі" санайтын болуы керек.

Бір таң қаларлығы, журналистер мен БАҚ-тың құқын бұзу полиция органдары тарапынан аздау. Бұл мүмкін олардың нақты жүзеге асыратын және тергеудегі істермен айналысатындығында және басқа құры

- ҚР министрліктері мен ведомстволарының өз құзырлары аясында қабылданатын нормативті қүқықтық актілері (егер олар белгіленген тәртіп бойынша Әділет министрлігінде тіркелген болса); Оның ішінде:

Мәдениет, ақпаратжәне қоғамдық келісім министрлігінің 1999жылдың 24 желтоқсанындағы № 228 және 2000 жылдың 5 қаңтарындағы № 4 бұйрықтарымен бекітілген бұқаралық ақпарат қүралдары мен ақпараттық агенттіктерді есепке алу туралы Ережесі, мемлекеттік органдар мен өзге де үйымдардың жанында журналистерді тіркеу Ережесі;

Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 338 бүйрығымен бекітілген дәрілік заттарды жарнамалауға рұқсат беру және жарнама берушінің тиісті рұқсат қағазын көрсетпеген жағдайда БАҚ-тың мұндай жарнамаларды жариялауына (қанша қызық дегенмен де) тыйым салатын Ережелер:

Электронды БАҚ-қа берілетін лицензияларға нормативтік-қүқықтық акт еместігінен де өзінің құқықтық табиғатында жекелік-нақтылық сипаты болуы тиіс қосымшалар. Осыған қарамастан оларда шектеу және тыйым салу сипатындағы азаматтық-қүқықтық нормалар бар.

ҚР Кеден Комитетінің нормативтік-қүқықтық актілері.

Келтірілгендерден көрініп отырғандай, БАҚ қызметін реттеу үшін шығарылған заңдар аумағы көлемді, сонымен қатар кей тұстарда қарама-қайшы, мүның өзі оны түсінуде және тәжірибе жүзінде дүрыс қолдануда елеулі қиындықтар тудырады.

БАҚ қызметін қандай да бір деңгейде реттеп отыратын ведомстволық нормативті актілерге келсек, олардың саны көбейіп отырғанын және іс жүзінде заңдардың өзінен де асып кеткенін атап айту керек. Және бүл ретте мұндай актілер тиісті заң актілерінің құқықтық аясынан шығып кететін, яғни кейде заңцы толықтыратын, ал кейде оған мүлдем қарама-қарсы болатын жағдайлар аз емес.

Түтастай алғанда, жекелеген кемшіліктеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының кезекті "жылымық" кезінде қалыптасқан заңы бүрынғы қалданыста болған заңмен салыстырғанда барынша озық және, мәселен, Ресей Федерациясының осындай заңынан еш кем емес.

Алайда бүқаралық ақпарат қүралдары БАҚ-тың іс жүзіндегі жағдайына әсері болмай қоймайтын қарама-қайшылығы аз емес күнделікті емірде және нақты бір уақыттарда күн кешуге мәжбүр болып отыр

2. Ақпаратгық даулардың пайда болуына ықпал ететін факторлар

Ақпараттық салада даулардың пайда болуына ықпал ететін объективті және субъективті факторлар ретінде, шамасы, мыналарды айтуға болады:экономикадағы тоқыраудың қандай да бір шектен асып кетуі жәнеоның қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласына кері әсері;Президенттің, Парламент пен мәслихаттардың сайланатынынесепке алмағанда, демократиялық институттардың жоқтығы, атқарушыбиліктің жоғарғыдан бастап төменгісіне дейін тағайындалатыны, олардыңхалыққа есеп бермейтіні және тағайындаған адамға бейімділгіштігі.Осының салдары ретінде жүйенің өз мәртебесін сақтауға ұмтылысы,оның қоғам үшін, оның ішінде журналистер үшін жабықтығы;қаржылық және шаруашылық институттардың ашық дамымауыжәне осыдан келіп ол рынокта үстемдік танытып отырған белгілі біртоптардың қалыптасқан жағдайды сақтауға үмтылысы, кәсіпкерліктіңжабықтығы;өкімет пен бизнесті басқаруда әкімшілік таптаурындар менәдістердің басым түсуі, ашықтық пен қоғамдық диалогқа дайын ёместік;

қүқықты жүзеге асыру мен басқару тәжірибесінде ведомстволықнормативтік актілер мен әкімшілік нүсқаулардың басымдығы;Сонымен қатар бүқаралық, оның ішінде мемлекеттік те ақпарат құралдарының, өзінің ең ақырғы тұтынушысы - қаржының жалғыз көзі болып табылатын оқырманға объективті түрде бейімделуі, және осыған байланысты жедел, бүгінгі күнге қажетті, оның ішінде жабық тақы-рыптарға да материалдар беріп отыруға ұмтылысы бар.Даулар мен қүқық бүзулардың пайда болуына ықпал ететін факторларға сондай-ақ жарияланған материалдардың жеткілікті зерттелмеуін және негізделмеуін жатқызуға, ал оның себептері деп:

ақпараттық-талдау, экономикалық, заң қызметтерін үстауға қажет
қаржыны үнемдеуді;жүмыс істеп жүрген журналистер кәсібилігінің жеткіліксіздігін атауға
болады.Мүндай факторлар қатарына, шамасы,қоғамда ескі таптаурындардыц басымдығын, кез-келген басқашакөзқарас жала жабу, намысқа тию, абырой мен қадір-қасиетке тіл тигізу
немесе кемсіту болып қабылданатынын,ақпараттық дауларды шешетін қалыптасқан тәжірибенің жоқтығынжатқызуға боләды.

Лекция

Наши рекомендации