Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аудару саясаты.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында тұтас алғанда Қазақыстанда және жекелеген обылыстар бойынша халықтың табиғи орын ауыстыруы мен ішкі көші-қон үрдістерінің салдарынан дамып отыратын және үнемі өзгерістегі құбылысы ретінде халық санының өсуі кең-байтақ өлкедегі әлеуметтік-экономикалық, саяси үрдістің бүкіл барысында зор ықпал жасады. Кейіннен негізінен алғанда екі әкімшілік-аумақтық басқармалар-Түркістан және Дала генерал-губернаторлықтарының құрамына енген орасан үлкен аймақтың тарихи-демографиялықахуалының жай-күйіне талдау жасаған кезде, түрлі тілде сөйлейтін тұрғындардың санында ғана емес, оның түрлі жылдардағы өсу серпінділігіндегі кейбір өзгерістер, дұрысрақ айтқанда,елеулі ауытқы фактірлері,соның ішіндегі ол 1897 жылғы жалпыға бірдей сансқ материалдарынан көрінеді. Қазақстан өзінің геосаяси орналасуы тұрғысында, эволюциялық дамуының барысындағы ішкі үрдістердің басымдық рөлі жайында айтпағанның өзінде, тарихи демографиялық жағынан да шектес ауматардың ықпалына ешбір шырамай тұра алмады.
1867-1868 жылдардағы реформа номадтардың әлеуметтік-экономикалық өмірінің бүкіл қалпын өзгертіп, олардың қоғымдық құрылымдағы салт-дәстүрлері мен өзара қатнастары жүйесіне үлкен өзгерістер енгізді.Құқықтық қысымдарға ұшырап, мүліктік жағдайыәлсіреген бұрынғы Шыңғыс ұрпақтарынан тараған ақсүйектерді "қара сүйектен" шығып, байып алған мал өсірушілер ығыстырып шығарды.
Әлеуметтік сараланудың тереңдеуі үрдісінде малды көбінесе рынок мұқтаждары үшін өсірген жаңа байлар сұлтандарды болыс басқарушылығынан ерекше күш- жігер жұмсамай-ақ ығыстырып отырды, сөйтіп Шыңғыс ұрпақтарының өткендігі және бұрынғы күш-қуатының көлеңкесі ретінде сұлтандар екінші қатарға кетті.
Алайда ауыл қоғамының ғұрыптары күштірек болып шықты, сөйтіп қазақ ауылына капитализмнің әсер етуі жағдайларында бір ру бөлімшесінің өкілдері "бір-бірімен әрқашанда тату тұрды"және қажет болған жағдайда бір-біріне көмектесіп отырды, айтар болсақ, мұның өзі қазақтардың көшпелі өмірінің өзіндік ерекшелігін үстіртін түсінетін жекелеген зерттеушілердің оларда бейнебір таптық жіктелес болған жоқ деген сыңаржақ қортындыға келуіне себеп болды.
Ауылдың қоғамдық өмірінде "руарлық қырқыстар мектебінен" өткен болыс басқарушылары, жаңа отаршылдық әкімшілік өкілдерінің рөлі басым болды. "...Барлық қоғамдық істерде басым болуы..."болыс басқарушысының қызметіне үміткерлерді ықпалды ру билеушілерін сатып алуға малды және әр түрлі тарту-таралғыларды аямауға итермеледі.
"Дала телеграфы-ұзынқұлақтың"қандайда болсын "хабарды" жедел таратқаны сонша, ауыл старшындары мен уезд басқармасы арасындағы аралық буын ретіндегі болыс басқарушылары жалпы жұртқа мәлім арналарды пайдалану арқылы "үлкен бастықтардың"келу жөнінде алдын-ала хабар таратып, жаңа дәуір жағдайларына бейімделуімен қоғамдық пікірді өз пайдасына бұрып үлгіретін еді. "Үлкен бастықтар келер алдында, ол ешбір күтпеген жағдайда болмайды... басқарушы уақытша өзгеріп шаға келеді, өзнің шапанын шешіп, зауряд-хорунжийдің /фельдфебель/ ғажайып костюмін киеді, өзінің кереует-тағын шығарып тастап, оны аса үйреншікті емес еуропа жиһазымен ауыстырады, хатшыларының есін жиғызып, шарап, оның бастқысын...сатып алады...бастықты қарсы алады",-деп Торғай обылысының қазақтары туралы тамаша еңбектің авторы И.Хохлов өз әсерлерін осылайша жазады, оның байқампаздығын мойндамау қиын.
Барған сайын жетіліп келе жатқан аулдың әлеуметтік өмірі көріністерінің бірі"атқамінерлер"дейтіндер рөлінің өсу түсуі болды, ал басқаша мағынада алғанда көшпелілерде қоғам игілігі көп жағнан солардың іскерлік ынта-жігеріне байланысты болғын ықпалды және "құрметті қазақтар"осылай атала бастады.Болыстардың беделі немесе "бет-бейнесі"сайлау кезінде саяси үгітке қызу араласатын атқамінерлерге байланысты болды,олар далалық лоббизмнің өзінше бір көрінісі бола отырып, белгілі бір үміткердің табысын едәуір анықтап берді. Олар бір үміткерден екіншісіне ауысқанда сөзсіз құрметке және алуан түрлі меймандостыққа бөленді "өзін аса бақытты адам депсезініп, күнін ет жеп қымыз ішумен өткізді".
Дала тұрғынының бүкіл өмірі мал шаруашылығыныңжай-күйніе байланыстыеді, ол кедейлер үшін тіршілік, ал уақыттылар үшін байлық көзі бола отырып, номадтардың көпшілік бөлігі үшін тірліктің ең маңыздысыболды:олартамақ атаулының бәін-жас ет, кептірілген және ысталған ет /сүр ет/,сондай-ақ, сүт өнімдерін-түркі тілдес этностар арасында кең таралған сүйікті сусын қымыз,айран, құрт пен ірімшік, киім-тон, малақай тігетін елтірі, киіз текеметке дейін малдан алып отырды.
Ең алдымен, жатақтарға жаңа әлеуметтік санат ретінде сипаттама беру керек.Жатақтар-кедейленген, жазғы жайлауға көшу кезінде тіршілік ету және көшіп-қону құралдарынан айырылған, өз отбасын жалдама /негізінен маусымдық/ еңбекпен асыраған немесе отырықшылық-шаруашалық өзгерістердің мал бағудан егнін егуге көшкен малшы қазақтардың бөлігі. Бұл құбылысты тұңғыш зерттеуші Е.Б.Бекмаханов неғұрлым нақты сипаттама берген.19ғ 80-жылдарында-ақ көрнекті зерттеуші Г.Н.Потанин жатақтардың әлеуметтік мағнасына өз көзқарасын былай деп баяндаған:"жатақ сөзі,- деп жазған саяхатшы ғалым,- "жату"деген етістіктен шығады. Демек, дәл мағнасында алғанда, жатақ"жатушы"дегенді білдіреді, қазақтар оларды малы індеттерден қырылған және дала өңірінде көшіп жүретін ешнәірсе қалмай, бір жерде тұрақтануға тура келетін қазақтардың жатақтарға айналатыны себепті осылай атаған".Біз Қазақ-орыс сөздігінен"неғұрлым тар түсінік табамыз:"Жатақ-қонатын жер, үңгір, отырықшы халық, кедейлер көшіп-қонатын құралдары, малы болмағандықтан жайлауға шықпаған",ал "Орыс-қазақсөздігінің"өңделген, толықтырылған басылымында-шетке кәсіп іздеп кетуші "маусым уақытында қалаға барып жұмыс істеп /табыс тауып/қайтатын шаруа"деген анқтама берілген.
Жетісуда егіншіліктің дымуына 19ғасырдың 70-90-жылдарында Шығыс түркістаннан қоныс аударған ұйғырлар мен дүнгендербірден бір ықпал етті. Қоныстандыру екі кезеңде болды.Бірінші кезеңде 1877жылы Тоқмақ ауданына /Солтүстік Қырғыстан/ шеньси дүнгендерінің бір тобы келді, 1881-83жылдары, Санкт-Петербург шартына сәйкес, Іле өлкесінен ұйғырлар мен дүнгендердің негізгі көпшілігі қоныс аударды.
1884жылдың басына қарай Жетісуда 9572 ұйғыр отбасы /45373адам/ және 1147дүнген отбасы /19209адам/Жаркент учаскесі шеңберінде, Өсек және Шарын өзендерінің бойына, қалған көпшілік бөлігі-5275 отбасы /26164адам/ Верный уезіне Шелек және Талғар өзендерінің аралығына орналасты, сондай-ақ Верный қаласына орын тепті. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныстануына байланысты Жетісудың отырықшы халқы екі есе көбейді.
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс:Жаркент және Кетпен /қазіргі Панфилов ауданының аумағында/, Ақсу-Шарын /Ұйғыр ауданында/, Малыбай /Шелек ауданында/, Қарасу /Еңбекшіқазақ ауданында/ болыстары құрылды.
Дүнгендер мен ұйғырлар тұтас деревня болып көшіп, жаңа орындарында қауымдар құрды, ол қауымдар не тек қана ауылдастардан құрылды немесе " егер олар аз болса, көршілес бірінші қыстақтың тұрғындарынан құрылды, бірақ соңғы жағдайда бұрынғы байланыс сақталып қалды:жаңа орын бір қауымға кірген әр түрлі қыстық тұрғындары әдетте жеке елеуліктер мен ондықтар құрып отырды.
1897 жылғы санақ бойынша қоныстанғандар санында дүнгендер-14130 ұйғырлар-55999 адам болды.
Жетісуда ең жақсы жерлер қазақтардың пайдасына тартып алынып қойғандықтан, ұйғырлар мен дүнгендер қолдан суландырылмайнша егіншілікке онша жарамады болмаған учаскелер алды. Қоныстанудың алғашқы жылында арықтар мен негізгі каналдар қазу өте қиын болды, оның үстіне қоныстанушыларға үлесті жерлер барлық дүнгендер мен ұйғырлар көшіп келгенге дейін, уақытша берілетін еді.
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған әкімшілік реформалары қазақ елінің саяси тәуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп еніп, оны игеріп алып кетуге әлі де болса әлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың "ең сенімді" жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.
І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.
ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды.
Қазақстанға орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат – қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мәселен, Жетісу облысы әскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы "Уақытша ереже" әзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. "Уақытша ереже" бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық және түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру және басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: "Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже" бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық және міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.
Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабылданды. Онда қоныс аудару тек Ішкі істер министрлігі және Мемлекеттік мүлік министрлігі арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. Тиісті үлестік мөлшері жергілікті өкімет құзырына берілді. Мұнда үлкен астар жатқаны ешқандай құпия емес-ті. "Ережеде" шаруалардың қоныс аударып, тұрақтайтын аудандары нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу, Ақмола және Семей облыстарының территориясына орыс-украин шаруалары көптеп қоныстануы белгіленді. Ата-мекенінен қоныс аударған шаруаларға қажетінше жерді үлестіру кеңінен жүргізілді. Тек 1885 жылды қоса алғанда, Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 десятина мөлшерінде тартып алынды. Онда 10 940 ер адамы бар 24 қоныс аударушылар бөлімшесі (учаскелері) құрылған еді. Семей облысы бойынша 33 064 десятина егістік жер жергілікті тұрғындар иелігінен алынды. Жетісу облысынан 12 жылда (1868-1880 жж.) 3324 отбасы қоныс аударған, оның 2099 селолық құрылымға біріксе, 1225 отбасы қалаларда тұрақтанды.
1889 жылғы Заң күші Торғай және Орал облыстарына да таралды. Заң қоныс аудару мәселесін үкімет құзырында қалдырды, қоныс аударушылар үшін арнайы рұқсат алуы қажет болды. Түйіндеп айтсақ, патша өкіметі орыс шаруаларының еркінше қоныс аударуын қадағалап, реттеуді көздеді. Алайда шаруалардың өз еркінше қоныс аударуы ретсіз қозғалыс болып қала берді.
Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді көздеп, 1892-93 жж. Ұлы Сібір темір жол құрылысын бастады. Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында "артық", "бос" жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция құрылып, жедел жұмысқа кіріскен еді. Комиссиялар алдында қойылған талап біреу – барынша көп мөлшерде қазақтар жерінен "бос", "артық" деген жерді анықтау арқылы қоныстанушылар "қорын" толықтыру болды. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілік басқару жүйесін қалыптастыруға үлкен назар аударылды. Нәтижесінде ХІХ ғасыр соңына қоныс аударушылар басқармасының орталықтандырылған біртұтас жүйесі құрылды. Транссібір темір жолы қазақ жерінің Солтүстік өлкесі арқылы жүргізілді. Ақмола облысы әкімшілігіне қараған осы өңірде құрылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек орыс-украин шаруаларын қоныстандыру үшін 2241503 десятина жер бөлінді. Мұнда, экономист Ф.А.Щербина басшылығымен "қоныстанушылар қорын" жасау үшін арнайы статистикалық экспедиция жасақталды. Арнайы экспедиция 1896-1902 жылдарда Ақмола, Торғай және Семей облыстарының 12 уезін қамтып, қазақтардың мал шаруашылығына қажетті пайдаланатын "нормасын" "187 десятина жер 24 мал басына жеткілікті" – деп анықтады. Зерттелген 8 уездің жергілікті қазақтарға тиесілі жер мөлшері – 51 %, қалған 49 % жері "қоныс аударушылар қорында" қалды. Экспедиция жұмысы нәтижесімен қанағаттанбаған патшалық әкімшілік қазақтар пайдалануындағы жер "нормасын" азайтып, "артық" деген жерді қосымша анықтау арқылы жоғарыда аталған уездер бойынша "қоныстанушылар қорын" 63% дейін көбейтті. Қоныс аударушылар қатары жылма-жыл артып, олар тұрақтанған жерлерде мыңдаған қоныстар пайда болды. Қазақстанның солтүстік, батыс және шығысында жаңа келіп қоныстанған орыс және украин шаруаларымен қоса, орыс-казак станицалары салынды. Мәселен, Ақмола, Торғай және Орал облыстарында тұрғын қазақтармен салыстырғанда, келімсек орыс-казактар және орыс, украин шаруалар есебінен жалпы халық саны өсті. 1897 жылғы жалпы ресейлік халық санағы бойынша, тек бір Ақмола облысында орыс тұрғындарының көрсеткіші 33 % жеткен.
Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин және әскери адам қоныстанды. ХІХ ғасырдың 80-жылдарында мұнда 5 уезд және 80-нен астам елді мекендер пайда болды. Патшалық үкіметтің жедел қарқында жүргізген қоныс аудару саясаты нәтижесінде келімсек орыс, украин шаруаларына ең шұрайлы жайылымдық, егістік, су көздеріне бай, орманды жерлер берілді. Тұрғылықты қазақтар болса, сусыз, малға тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі амал-айламен қоныстарынан көтеріле көшуге мәжбүр болды. Қоныс аудару салдарынан жергілікті тұрғын саны азайып, демографиялық ахуал күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 1897 ж. санақ бойынша 87 %-ке дейін азайды. Келімсек орыс және украиндардың саны 532,7 мыңға, татарлар – 55,4 мыңға, өзбектер – 73,5 мыңға, ұйғырлар – 56 мыңға артқан. Бұл сандық көрсеткіштер жаңа ХХ ғасырда ұлғая түсті.
Патша үкіметі 1901 жылы Жарлық шығарды, онда жеке адамдарға қазыналық жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етілді. Қазақтар жері қазыналық деп есептелді және 1867-68 жылдар реформасына сәйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған болатын. 1904 жылы қоныс аудару басқармасы құрылып, оған орталық Ресейден шаруаларды қоныс аударту ісін қадағалау толығымен жүктелген еді.
1904 жылы 6 маусымда шыққан енді бір заңда "село тұрғындары мен мещан-егіншілердің өз еркімен қоныс аударуы туралы" делінген. Бұл аталған заңдық күші бар құжаттардың барлығы қазақ халқын өз ата-қонысы болған туған жерден ығыстырылуға, тұрмыс ауыртпалығын бастан кешуге, мәжбүрлікке душар етті.
Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының үшінші кезеңі (ХІХ ғ. соңғы ширегі мен ХХ ғ. басы).