Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау

Бюджеттік параметрлердің болжамы: Қазақстан Республикасының салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын; Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджеттің болжамдарын; Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемін және басқаларды қамтиды. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің мақұлдаған болжамы негізінде әзірленеді. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бекітілгеннен кейін мемлекеттік органдардың басшылары меморандумдар әзірлейді. Меморандум мемлекеттік орган басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджеттік қаражаттар шегінде стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік орган қызметінің тура және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету ниетін растайтын құжатты білдіреді. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді, ол ресурстарды, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады. Республикалық бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлейді.Бюджеттік түсімдерді болжауды әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді. Республикалық бюджет жобасын әзірлеудің кезеңдері, мерзімдегі және іс-шаралары белгіленген. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу үдерісі мынадай кезеңдерді: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын;2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясында қарауды;3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеуді қамтиды. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемдері және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары айқындалатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы бюджетті жоспарлаудың базалық негізі болады. Республикалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасы заңымен, жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттардың шешімімен бекітіледі. Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды. Өтеусіз техникалық көмек түрінде байлаулы гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшартта көзделген жағдайларда тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджеттік түсімдерді көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және оны Үкіметтің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.

Бюджеттік реттеу және оның құралдары.Бюджеттік реттеудің отандық практикасында реттеу механизіміне бюжеттік субвенциялар мен бюджеттік алынымдар жатады және олар жалпы сипаттағы трансферттер б.т.Траснферттер бұл қайтарусыз және өтеусіз негізінде нақтылы мақсаты көрсетілмей бюджеттік ретту ретінде бір деңгейдің бюджеттерінен басқа деңгейдің бюджеттеріне бөлінетін қаражаттар. Бюджеттік субвенциялар жоғарғы бюджеттеррден төмен бюджеттерге респуб немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін трансферттер б.т. Бюджеттік алынымдар респуб немесе облыст бюджетте бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджеттерге берілетін трансфертттері б.т.Жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге: республикалық бюджет пен облыстық, респуб маңызы бар қала, астана бюджет арасында –Қ.Р заңыменОблыстық бюджет пен аудандар бюджеттерінің арасында – облыстық мәслихаттың шешімімен белгіленеді.

Наши рекомендации