Мұнараның туралы
Эйфель мұнарасын Марс алаңында құрастыруға екі жылдан астам уақыт кеткен. Сол кездегі ең биік деп саналған Хеопс пирамидасы (137 м), Кельн шіркеуі және Ульм шіркеуінен (167 м) екі есе биік болған.
Францияның символына айналған Эйфель мұнарасының биіктігі – оның құзар басындағы антеннасымен қоса есептегенде 322 метр. Ал салмағы он мың тонна. Алып мұнара үш бөліктен тұрады. Ең үстінде орналасқан үшінші бөлім 274 метр биіктікте орналасқан. Оның төбесіне не лифтімен, не 1792 баспалдақпен жаяу көтерілуге болады.
Кезінде Гитлер Францияны басып алғаннан кейін Эйфель мұнарасына шығуға келеді. Сол кезде лифті істемей қалып, ол 1792 баспалдақпен жаяу көтерілген деген аңыз бар.
Мұнараны бір мезгілде 10400 адам аралай алады. Оған жылына 6 миллион адам көтеріледі.
57)Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда салынған.Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетшіХерсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдіңтуған күні Эфес тұрғыны Герострат деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. х. және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.
Аңыз
Артемида ғибадатханасы салынған уақытта Эфест 200 мың халқы бар, құдайға құлшылық ететін маңызжы орталық болған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі- ионика ордерінің стилімен тұрғызылған. Сол кездегі қарапайым құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сяқты ғибадатхана салу үлкен жетістік еді. Ғибадатхана салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетшілер, тас қалаушылар, құлдар армиясы еңбек етті. Олар діни орынның құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп, нәтижесінде таңғаларлық ғимараты дүниеге әкелді. Храмның көркі сол замандағы барша адамзатты таңғалдырды. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стилі жағынан ұқсас құрылыстар салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Геростат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір берді.
Ғибанатхана туралы
Сәулетші Дейнократтың басқаруымен салынған жаңа құрылыс алғашқы ғибадатхананың жобасын сақтағанмен, одан сәл биіктеу болады. Ғибадатхананың ауданы- 110* 55 метр, құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан.
Аспан ғибадатханасы (Тяньтань) – Бейжің орталығында орналасқан монастрьлық ғибадатхана кешені. Дөңгелек пішінді қаладағы жалғыз ғибадатхана. ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік адамзат мұрасы тізіміне енгізілген. Аумағы 267 га. Тяньтань қала нышандарының бірі. Кешен 1420 жылы Мин әулетінің «Юнлэ» ұранымен билік жүргізген уақытында салынған. Әу бастан Аспан және Жер ғибадатханасы болған, кейін 1530 жылы Жер ғибадатханасы салынған соң, аспанға табыну қызметін атқара бастады. Ғибадатхана Патша сарайының оңтүстік-шығысына қарай орналасқан. Ғибадатхана ерекше пішінге ие. Оңтүстік жағы төрбұрышты, ал солтүстігі жұмырланған. Қытай салтына сүйенер болсақ, дөңгелек - аспанды, төртбұрыш жерді бейнелейді. 500 жыл ішінде әр жыл сайын қысқы күн тоқырау кезінде патшалар осы жаққа келіп, үшкүндік қатал оразадан кейін Аспанға жомарт сый-құрмет көрсеткен. Аспанның қожайынында тек патша болған, ол ғана Аспанға тілек-дұғаларын жеткізе алады деп сенген. Патша жақсы астық алу үшін жел, жаңбыр, ыстық пен суықты дуалаған екен.
Лам ғибадатханасы Бейжің қаласының солтүстік-шығысында орналасқан Қытайдың ең сұлу ғибадатханаларының бірі. 18-ғасырда Тибет діндеріне ламаизмді ұсыну үшін салынған. Қытай патшасының әмірімен бұл ғибадатхананы салуға барлық күш пен қаражат жұмасалды. Ғибадатхананың сәулет құрылысы мен кейбір дүниелері қытай өнерінің ең жоғарғы шыңы болып табылады. Лам ғибадатханасында үлкен бөлмелер көп болған. Мысалы, математика бөлмесінде жаратылыс ғылымдары оқытылған. Будда дөңгелегі бөлмесінде белгілі бір мәселелерді шешу үшін тақуалар жиналып отырған.Бұл бөлмеде ламаизм дінінің өкілі Цункабаның мүсіні сақтаулы. Білімді Будда бөлмесінде қоладан жасалған Будда мүсіні бар. Сонымен қатар, ламаизм тарихы бөлмесінде ақпарат 4 тілде жазылған. 10 000 қуаныш павильонында сандалдан жасалған 132 метрлік Будданың үлкен мүсіні орналасқан.
Лы Қытай қорғаны
«Ұлы Қорған» (дәст. қытайша: 長城; жеңіл. қытайша: 长城; пинйін: Chángchéng; «ұзын қала қорғаны») немесе (дәст. қытайша: 萬里長城; жеңіл. қытайша: 万里长城; пинйін:Wànlǐ Chángchéng; дәлме-дәлді «10 000 ли ұзынды қорған (里)¹») — Қытайдың Миңәулеті (1368—1644) тұсында салынған құрылыс.
«Ұлы Қорғанның» шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысыГансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. 7 ғ. ЗБ дәуірден бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, жиыны 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған.
Ұлы Қытай қорғаны (қытай Ваньли чанчэн – он мың шақырымдық қамал) – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті. Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті. Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 километрге жетті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған. Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 километр алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі. Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери қорғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды. Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түріктер, қидандар,моңғолдар мен [[шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар Қытай жерінде Вэй (таб-ғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі. 1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.
Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7—8 м, қорған үстінің кеңдігі 4—5 м. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар.
59)Букингем сарайы
Букингем сарайы (ағылш. Buckingham Palace) — британ монархтарының (бүгіндеҰлыбритания ханшайымы ІІ Елизаветаның) лондондық резиденциясы. Пэлл-Мэлл көшесі мен Грин-парктағы Виктория ханшайымының ескерткішіне қарама-қарсы орналасқан. Монарх сарайда болған кезде сарай күмбезіндегі байрақ ашылады.
Тарихы
Букингем сарайы алғашқыда Бакингем-хаус деген атпен белгілі болып, герцог Букингем үшін арналып салынған болатын (1703 жылдан бастап). Сарайды 1762 жылы ІІІ Георг (Ұлыбритания королі) болашақ монархтың жеке резиденциясы ретінде сатып алды (королдің ресми резиденциясы Сент-Джеймс қамалы көлемі мен сыртқы әрленуі жағынан ІІІ Георгке ұнамаған еді). 75 жыл бойына архитекторлар Джон Нэш пен Алупкин қамалының авторы Эдвард Блор Бакингем-хаусты негізге ала отырып, осы типтес үш ғимарат салды. Олардың барлығы біріккенде үлкен орталық алаңы бар шаршы нысанды құрайды.
Сарай 1837 жылы Виктория ханшайымның таққа отырғанынан бастап британдық монархтардың негізгі резиденциясы болып ресми түрде жарияланды. Виктория ханшайымның кезінде қамалға қосымша флигель салынып, мәрмәр қақпалы салтанатты жол Гайд-парктегі Ораторлар мекені аталатын бұрышқа көшірілді. Сарай қақпаларының алдында Виктория ханшайымының құрметіне салынған ескерткіш орнатылған. 500 блок каррар мәрмәрі сияқты артықшылықтардың есесіне құрылыстың жалпы құны 700 000 фунтты құрады.
1853 жылы ұзындығы – 36 метр, ал ені – 18 метр болатын, сарайдың ең қымбат және кең бөлмесі — балл өтетін зал салынып бітті. Бұл бөлме Виктория ханшайымның қаулысы бойынша салынды және 1856 жылы Қырым соғысының аяқталуына орай пайдалануға берілді. Виктория ханшайымының ұлы және мұрагері VII Эдуард 1841 жылы осы сарайда туылып, 1910 жылы осы сарайда қайтыс болады. Сарай бөлмелерінің соншалықты қымбат әрі сән-салтанаты жарысып тұрса да, мұнда тұрған адамдар бақытты болмаған еді. Өзінің естеліктерінде герцог Виндзорский (VIII Эдуард) сарай туралы: «сарайдың үлкен залдары мен бітпейтін ұзын дәліздері көгерген иіс сіңіргендей сезілетін. Мен ол иісті әркез сарайға аяқ басқан сайын сезем» деп жазады. Сарай архитектурасы туралы ікірлер әртүрлі. Мысалы, «The Guardian» газеті сарайды әлемдегі ең ұсқынсыз ғимарат деп атаған [1].
Сарайдың ішкі көрінісі және ерекшелігі
Сарайдың алғашқы интерьері георгиандық стильде жасалып, жасанды мәрмәр мен көк және қызғылт лазуриттерден тұратын. VII Эдуард патша бұл стильді француздық Belle Époque мазмұнындағы ақшыл сары және алтын түстес бояуларға өзгертті. Сарайдағы шағын қонақ бөлмелер қытай стилінде жасалып, Брайтондағы патша үйі мен Карлтон-хаустан алынған жиһаздар қойылды. Қазіргі уақытта сарайда 775 бөлме бар. Олардың 19-ы мемлекеттік бөлмелер, 52-сі патшалық және қонақ бөлмелері болса, 188-ы қызметкерлер бөлмесі, 92-сі кеңселер, 72 жуынатын бөлмелер. Сарай орналасқан жердің жалпы көлемі 20 гектар. Оның 17 гектарын бақ алып жатыр. Букингем сарайының бағы Лондондағы жекеменшік бақтардың ішіндегі ең үлкені. 1828 жылы осындағы үлкен жасанды тоған жасалып бітті. Сарайдағы қызыл кілем төсенінің ұзындығы 3000 миль
Сарайда ханшайымның көркемсуреттері, Рембрандт, Руенстердің жұмыстары қойылған. Топтамада француздық севр фарфоры, француз және ағылшын жиһаздары бар. Мұнда бассейн, пошта, тіпті кинотеатр бар. Ханшайым Букингемді екі айға (тамыз және қыркүйек) қалдырып кетеді. Осы екі айда сарайдың салтанатты жерлері келушілер үшін ашық болады.
Туризм
Сарайды гвардия жаяу әскерінің полкінен құралған сарай дивизионы мен Патша атты әскерінің гвардиялық полкі күзетеді. Әр күні 11:30-да сәуір мен тамыз аралығында (қалған айларда араға бір күн салып) қарауылдың ауысу рәсімі өтеді. Бұл мыңдаған туристтерді жинайтын Лондонның өте танымал рәсімі; Жазда сарайды көруге 30 000 қонақ келеді. Олар патша бағындағы көлді және сарқыраманы тамашалауға асығады. Жанды табиғаттың сәнін кіргізіп тұрған фламинголар бар. Оладың тынышын бақ айналасында ұшып жүретін тікұшақтар
60)Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұққағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап,Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған.
Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке,Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.
9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 – 12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Орта Азия мен Қазақстандағы саяси билікті басып алған Қарахан әулеті феод. қатынастардың қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда діни орындарға арналған құрылыстар, ақсүйектердің сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелері салынды. Жаңа қалалар пайда болды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда қалалар көркейе түсті. Бұрын 5 – 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға дейін жетті.