Леуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері
Әлеуметтік-экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді. Статистиканың мақсаты- Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.
Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер:
А) микродеңгейде – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;
Б) мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ;
В) макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы.
Әлеуметтік- экономикалық статистиканың теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады.
Әлеуметтік- экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді. Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады:
1. Статистикалық бақылау.
2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау.
3. Ақпараттарды талдау.
Әлеуметтік- экономикалық статистика жалпы әлеуметтік- экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырып, алғашқы сатысында келесі функциялар орындалады:
- бастапқы ұйымдарды, категорияларды қалыптастырады, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды;
- көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды;
- алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды, отбасыларды санақ парағы формасы түрінде, барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе үй шаруашылықтарына ішінара, жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.
Статистикалық зерттеудің екінші сатысында ақпараттардың жинақталуы және топтастырылуы жиналған барлық фактілерді бөлу және біріктіру жолымен реттеліп, қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі. Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі. Әлеуметтік-экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды, кіші топтарды басты, мәнді белгілері бойынша зерттейді. Мысалы, Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді.
Статисткалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, кәсіпорындардың, саладардың, секторлардың және еліміздің тұтас экономикасындағы экономикалық іс-әрекет нәтижелеріне факторлардың ықпалы бағаланады. Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуекелділік үшін жалпылама көрсеткіштер әдісі қолданылады: қатысты, орташа шамалар, вариация белгілернің көрсеткіштері, динамаика құбылыстары индекстерінің корреляциясын есептеу, детерминация есебі, баланстық, теориялық- ықтималдық әдістері, статистикалық кестелер, графиктер әдістері.
Әлеуметтік-экономикалық статистика салалық статистикамен байланысады. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді (еңбек ресурстары, жалпы ішкі өнім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді жинайды.
Әлеуметтік-экономикалық статистика бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша халықаралық стандартқа, Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді. Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі, яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі пайдаланылады.
Қазақстанда ұлттық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, Ұлттық Шоттар Жүйесінің статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады. Статистикалық көрсеткіш – бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартындағы сандық өлшемі, яғни әлеуметтік-экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы:
1. Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.
2. Ұлттық байлықтың көрсеткіштері
3. Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері
4. Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері
5. Баға, тауар және ақша айналысының көрсеткіштері
6. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері
7. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері
8. Әлеуметтік статистика көрсеткіштері.
Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі міндеттері:
- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеу және әзірлеу;
- Қазақстан Респуликасының әлеуметтік- экономикалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету;
- мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат мәліметтермен барлық респонденттерді уақытылы қамтамасыз ету;
- ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін, жұмыссыздықтың және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді қолдану және жетілдіру;
- арнайы ұйымдастырылған бақылауларды ішінара бақылауда, әсіресе Қазақстанда өмір сүру деңгейін өлшегенде, әлеуметтік статистиканы зерттегенде қолдану;
- барлық деңгейдегі экономиканың үйлесімділігіне және теңгерімділігіне статистикалық баға беру;
- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша салааралық балансты, қаржылық шотты және макродеңгейдегі басқа да баланстарды құру және әзірлеу;
- халықаралық салыстыруларды жүргізу;
- бизнес тәуекелдігін бағалау үшін әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың себепті- нәтижелік байланыстарын үлгілеу және келешекке болжам жасау;
- бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формаларын жетілдіру;
- экономикалық статистикалық талдау жасауда статистикалық-математикалық және математикалық әдістерді қолдану.