Практикалық сабақ тақырыбы:Септік категориясы. Септік жалғауларының мағыналары мен қызметі. Көмекші есімдер.

Cабақ жоспары:

1. Сөздердің септелуінің екі түрі: 1) жай септелу, 2) тәуелді септелу. Жай септелудің жүйесі, қосымшалары, олардың сөзге жалғану ерекшеліктері, сұрақтары. Тәуелді септелу жүйесі, қосымшалары, жай септеуден ерекшелігі, сұрақтары.

2. Атау септіктің тұлғасы, мағынасы, синтаксистік қызметі, ол туралы ғылымдағы пікірлер. Ілік септіктің тұлғасы. Ілік септіктің қосымшалы, қосымшасыз қолданылуының себептері. Ілік септіктің негізгі мағынасы, қолданыста мағынаның кеңуі. Ілік септіктің синтаксистік қызметі. Барыс септіктің мағыналық құрамы. Барыс септіктің сөйлемдегі қызметі. Табыс септіктің тұлғасы (қосымшалы, қосымшасыз), қосымшаның сөзге жалғануын талап ететін жағдайлар мен табыс септік жалғауының бейтарап қарайтын жағдайлар. Табыс септік жалғауының мағынасы мен синтаксистік қызметі. Жатыс септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Шығыс септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі. Көмектес септіктің тұлғасы, мағыналық құрамы, сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі.

3.Көмекші есімдердің мағынасының зат есімге қатысы, зат есім мағынасына байланыстылығы. Көмекші есімдердің зат есімдерше түрленуі, зат есім категорияларының қосымшалармен түрленуі. Көмекші есімдердің түп төркіні туралы ғалымдардың пікірі.

Бақылау сұрақтары:

1. Жалғаулардың көп варианты боллуының себебін түсіндіріңіз.

2. Жалғаулардың мағыналық, тұлғалық дербестігі туралы баяндаңыз.

3. Септік жалғаудың қолданылуындағы негізгі грамматикалық ерекшелік қандай?

4. Септік жалғауларының грамматикалық қызметі қандай?

5. Септік жалғаудың қолданылуындағы кейбір ерекшеліктерге тоқталыңыз.

6. Көмекші есімдердің ерекшеліктері қандай?

1. Тапсырма:

- нікі формасына қатысты А. Ысқақовтың пікірін тауып, талдаңыз,өзге ғалымдардың бұл тұлғасында қандай ой айтқан?

- Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігіне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.

1. Жалғауларын ажыратып, түрлеріне талдау жасаңыз

1. Әйел ферма меңгерушісіне ілесіп бастырмаға кіріп кеткенде, колхоз председателі шоферіне иек қақты (О.С.). 2. Машинасы түскірдің передний мосты отырып қалып... жаяу жүрмін. Әлгінде исполкомға шақырып жатыр еді (О.С.). 3. Августың ортасында егінге орақ түсті. Таңқыбай отағасының күріштігі өзге звеноларға қарағанда бұрынғырақ піскендіктен, колхоз басшылары ең озық комбайнерлерді әуелі осында жұмсап, қос басында кішігірім митинг өткізді (О.С.). 4. Сестра-хозяйка бұдан әрі қазбалап ештеңе сұраған жоқ. Бірақ осыдан кейін коридорда әрлі-берлі өтіп жүріп, тоқайласып қалсақ, алдымен өзі бас изесіп амандасатын болды. Ал мен, әрине, ақ халат кигеннің бәріне құлдық ұрып, құрақ ұшамын (О.С.). 5. Палатаға қайтып келгесін, серігім бір бөтелке минералды суды басына төңкеріп, сіміріп салды да, пердесі түрулі тұрған терезеден сыртқа көз тастап біраз үнсіз отырды (О.С.). 6. Әдетте документ-қағаздар түстен кейін дайындалушы еді, соған шейін сабырым кетіп коридорда сенделіп жүрмін (О.С.). 7. Ортасында мемлекеттік гербтің белгісі бар, оның үстінен «бес», «бес», «төрт» деп сатылай толтырылған көгершін қанат жиырма бес көк аттестат бәріміздің қолымызда отырды (Ә.Нұрш.). 8. Жақсы семьяға қызығуға, сондай семьям болса-ау деп арман етуге болады ғой (Ә.Нұрш.). 9. Алтайдың кенін қайдан кездестірмейміз елімізде. Алтай кені – космоста самғаған корабльдерде! Алтай кені – жасанды спутниктердің денесінде! Аспанда шарықтаған «Ил-18» сияқты самолеттерде де Алтай кені! Мен осыдан екі-үш жыл бұрын Москваға ұшып бара жаттым, ағай. Самолет Свердловскіге қонғанда, мен оның қанатынан сипадым (Ә.Нұрш.). 10. – Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, базардан сатылып алынғаны жоқ, - дегенді өте бір мақтанышпен айтады, - біз қазір ара-тұра болмаса, магазин дегенге бармаймыз, бәрін де жерден өндіреміз (Ж. Ж.).

Глоссарий.

Жалғаулар – сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейді.

Тәуелдеу категориясы – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.

Блиц-тест

1. Сөздердің септелуінің екі түрі: а) жай, күрделі септелу в) тәуелді, қарапайым септелу. С) жай, тәуелді септелу д) ілікті, себепті септелу е) ықшам, толық септелу

2. Жай септелудің сұрақтары: а) кімінде, кімде в) кімінің, несіне? С) кіміне, кімінен? Д) кімді, неде? Е) кімімен, кімнен?

3. Тәуелді септелген сөзді табыңыз:

А) басшыға в) басшылықтың с) басшысында д) басшылықпен е) басшыдан

4. Ілік септіктің тұлғасы: а) –ны, -ні в) –нікі,-дікі с) -ының, -інің д) –дың, -тың е) -тіңде, - тыңда.

5. Ілік септіктің қосымшасыз қолданылуын табыңыз: а) мал базар в) мал қорасы с) мал-мүлкі д) малының басы е) біздің мал

6. Көмектес септіктің тұлғасы

А) –ман, -бан, -пан в) -ман, -мен с) бен,-пен д) –манан, -менен е) -панан

7.Көмекші есімді тіркес

а) ақ пен қызылдың арасында в) барып қайтқан еді с) құлап қала жаздады д) өзімен бірге жүр е) елес емес екен

Әдебиеттер

А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

Қосымша әдебиеттер

С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

Наши рекомендации