Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру.

Мақсаты: Мемлекет меншігін мемлекет иелігінен шығару мен жекешелендіру кезеңдері және меншікті сатудың формалары.

Лекцияның жоспары:

1. Мемлекет меншігі мен жекешелендірудің бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың бірден-бір жолы.

2. Бағалы қағаздар туралы түсінік және қызметтері.

3. Қор нарығына компаниялардың шығуы.

Тақырыптың негізгі ұғымы:

Бағалы қағаздар нарығы – шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет шығаратын бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвеститциялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.

Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттардың, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен етене байланысты. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылық та ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Төменде оның жалпы құрылымы және басқа нарықтармен байланысы көрсетілген. (1-сурет)

 
  Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru

Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru

1- сурет. Қаржы нарығының құрылымы және басқа нарықтармен байланысы.

Қаржы нарығында сатып алу-сатуобъектілері тауарлар, ақша және бағалы қағаздар болып табылады. Бұнда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Қор құндылықтары бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. [3,436 б]

Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз – ол қаржы нарығының бір бөлігі. Қалған бөлігін банк қарызы нарығы құрайды. Банк, шын мәнінде, коммерциялық банк болса, қарызды бір жылдан астам өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды шығара отырып олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу капиталдың айналмалы және негізгі болып бөлінуімен байланысты. Бағалы қағаздар нарығы банктің несие жүйесін толықтырады және өзара байланысты әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында аралық қызмет атқарушыларға жаңадан шығарылған бағалы қағаздарға жазылуы үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен сату үшін бағалы қағаздардың бір бөлігін береді.

Бағалы қағаздар нарығының қаржы нарығындағы маңызды бір құрамды бөлігі ақша нарығы болып табылады, онда қысқа мерзімді қарыз міндетемелері бар қазынашылық вексельдер айналыста болады. Ақша нарығы қолда бос тұрған ақшаларды мемлекетке берудің икемді жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша бос ақшалары табыс табуға пайдалануға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққанды қаржы нарығын алу мүмкін емес.

Барлық нарықтар сияқты, бағалы қағаздар нарығы да сұраныс пен ұсынысқа, олардың бағасына тәуелді болады. Яғни бағалы қағаздар нарығы сатып алу, сатумен байланысты экономикалық жүйені құрайды. Нарықтың мөлшері қоғамдық еңбектің мамандануы дәрежесіне байланысты. /3, 445б/

Бағалы қағаздар нарығы тікелей алғашқы және қайталама нарықтан тұрады. Алғашқы нарықта мемлекеттік және муниципиалды облигациялар, сол сияқты акциялар мен облигациялар эмиссиясымен жүзеге асырылады, оны қаржылық және қаржылық емес профильдегі әр қилы акционерлік компаниялар шығарады. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленуілерінің жаңа шығарылған қағаздары сатылады. Ал қайталама нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эмисиялық, нарықтық бағасы болады.

Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары, коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке адамдар айналысады. Олар биржа фирмалары мен инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигацияларды сатып алады. Бағалы қағаздар қайталама нарығы эмитент бағалы қағаздарды орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу-сатуды түсіндіреді.

Бағалы қағаздар нарығы – шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының, бағалы қағаздардың және де өзге де активтердің сан алуандығымен қол жеткізеді.

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсетіп отырады. Бағалы қағаз немесе қор нарығының жоғарғы деңгейде арнайы ұйымдасып, заң негізінде жүретін арнайы технологиялық циклі нарық жүйесінде қалыптасады. Ол қорды қалыптастырып, айналуын, ұйымдастыруын, құнды қағаз нарығының жұмысын жүргізуін қамтамасыз етіп отырады.

Бағалы қағаздардың тууына себеп болатын жағдайлар әр түрлі қорлардың жоқ, болмаса кәсіпорындардың, әсіресе эмитенттік субъектілердің, қорлардың, индекстердің төмендеу немесе жоғарылау жағдайымен тікелей байланысты болып келеді. [5, 156 б]

Бағалы қағаздар нарығының объектілері:

- Уәкілетті орган тіркеген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар;

- Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар;

- Шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына айналысқа жiберiлген мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар;

- Халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкiлеттi орган тiркеген немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жiберiлген эмиссиялық бағалы қағаздар;

- Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар;

- Туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары.

Бағалы қағаздар нарығының субъектілері:

- Жеке және институционалдық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзін-өзі реттейтін ұйымдар; [6,6-7 б]

Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалай құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыздық міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.

Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты. Олардың жалпы қандай түрлері бар екендігін төмендегі суреттен көруге болады. (2-сурет)

 
  Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru

Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru

2-сурет. Бағалы қағаздардың жіктелімі.

Қазақстан Республикасы Азаматық Кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат. [7, 32б]

Бағалы қағаздар құжатсыз және құжатты бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаз – құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз; құжатты бағалы қағаздар – құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқуға болатын өзге де материалдық берiлiм көзiндегi) бағалы қағаздар;

Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары). Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа нарықтарда ақшалай есеп-қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Бағалы қағаздардың өте көп басқа да түрлері болады. Олар біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.

1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорациясының мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді.

2. Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы және капитал нарығындағы бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Ал ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығында созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды шығарушылар әртүрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатады. Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытқа шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да, бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитентері де әртүрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институтары және тағы басқалар.

3. Капиталды тарту мерзіміне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

4. Айналыс территориясына қарай бағалы қағаздар аймақтық, ұлттық және халықаралық бағалы қағаздар болып жіктелінеді

5. Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

- Қазыналық, немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығаратын бағалы қағаздар. Бұл қағаздар еңбір сенімді қағаздардың бірі. Себебі оның төлемін (өтелуін) мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері векселдер мен қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.

- Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің нақты жобасына үкіметтің берген дотациясы.

- Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Олардың өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.

- Банктердің бағалы қағаздары – олар депозиттік сертификаттар (салым құжаты), чектер және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.

- Кәсіпкерледің бағалы қағаздары – олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.

Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

1. Мемлекеттік бағалы қағаздар;

2. Корпоративтік бағалы қағаздар;

Мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

- Дисконттық,мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

- Купондық,яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 – 4 ретке дейін төленеді.

- Аралас,яғни купон жене дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден : дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Корпоративті бағалы қағаздарға мыналар жатады:

- акциялар;

- облигациялар;

- вексель;

- чек;

- депозиттік және жинақ сертификаттары;

- ипотекалық куәліктер;

- депозитарлық қолхаттар

Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері:

Акциялар. Акция – акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Оны ұстаушының АҚ капиталына үлесін қосқанын және сол АҚ-ды басқаруға, дивиденд алуға құқық беретін бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден бір түрі. Акция компанияның акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Акцияны шығару мақсаты – ұзақ мерзімге капиталды тарту болып табылады.

- Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестрінде тіркелуі тиіс акция;

- Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция;

- Артықшылықты акциялар – меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төленуін қамтамасыз етеді. Бұл дауыссыз бағалы қағаз;

Вексельдер. Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.

1. Жай вексель /соло/- вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

2. Аудармалы вексель /тррата/- вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға төлеу туралы үшінші бір тұлғаға вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.[8,1-2 б]

Облигациялар. Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Иесіне қаржы қосқандығын куәландыратын және оған бағалы қағаздың номиналды бағасы бойынша белгіленген пайыздық мөлшерін өтеуін растайтын бағалы қағаз. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Жай акциялар тәрізді облигациялар да иесі ұсынушы және атаулы болып бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша сыйақы ұсынушы субъектіге төленеді. Атаулы облигациялардың иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы төлейтін күні корпорация оларға процент алу үшін чек толтырып береді.

- Купондық облигация – инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;

- Дисконттық облигация– инвестор банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

- Агенттік облигация – қаржы агенттігі шығаратын облигация;

- Ипотекалық облигация – жылжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен, сондай-ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облигация және тұрақты пайыз әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз;

- Қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.

Бағалы қағаздардың басқа да түрлері болады. Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Облигацияны шығару мақсаты активтің болашақ бағасының өзгеруінен сақтану. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі бір уақыттың ішінде келісілген ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық беріледі, ал екінші жақ, қажет болғанда, шартта белгіленген ақыға бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Опцион биржада саудаға түседі. Әдетте, опцион қоғамның өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқығын беретін екінші қатардағы бағалы қағаз. Опцион - заңды түрде бекітілген стандартты құжат. Онда сатылатын бағалы қағаздар саны көрсетіледі. Оның өлшемі лот деп аталады, 1 лотта 100 дана біратаулы бағалы қағаз болады. Опцион мазмұнында опциондық шартта бекітілген құқықтың орындалуы, яғни бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу күні, айналыс мерзімі, аяқталу күні, жөнелту-қабылдап алу жағдайлары және бағасы көрсетіледі.

Опционның екі түрі кездеседі:

- Колл опционы - активті сатып алуға құқық беретін опцион, онда опционның өзі сатып алынады.

- Пут опционы - активті сатуға құқық беретін опцион, ол бағалы қағазбен бірге сатылады. Айта кететін жайт, алғашқыда опциондық шарт тек қор нарығындағы акцияға қатысты болса, қазіргі кезде ондай шарт кез-келген активке жасалады.

Бағалы қағаздардың туынды түрлерінің бірі – варрант. Варрант – ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына сатушының сатып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варранттың опционнан айырмашылығы – егер опционды эмитент те және бағалы қағаздар портфелін иемденуші де шығарса, ал варрантты тек қарыз міндеттемесінің эмитенті ғана шығарады. [9, 88 б].

Келесі бағалы қағаздардың туынды түрі фьючерс. Фьючерс – бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында айналысқа түсетiн туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн мәмiленiң талаптарына сәйкес базалық активтi сатуға (сатып алуға) өзiне мiндеттеме алады. Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru Тақырып: Қазақстан Республикасында қор нарығын қалыптастыру. - student2.ru

Бағалы қағаздар нарығының тағы да бір негізгі белгісі бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – өз қызметін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында лицензиясы бар заңды тұлға. Сауда-саттықты ұйымдастырушы – қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы. Өзін-өзі реттейтін ұйым бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары құрған заңды тұлға. [11, 90б] Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары:

- Брокер – бағалы қағаздар нарығындағы клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерінен көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы;

- Дилер – бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында баға белгілеуді ұсыну және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өзге де қаржы құралдары мен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы;

- Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады;

- Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногының брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететін кәсіби қатысушы;

- Джобберлер – бағалы қағаздар нарығындағы конъюктура мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі мәселелерді шешуге көмектеседі. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланады. [4, 106б]

Қорыта келгенде, бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субьектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді.. Қазіргі танда бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардың бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.

Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субьектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвеститциялау процесіне қатысты.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рыногта бағалы қағаздардың иеленушілерінің жаңа шығарылатын бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілердің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама рыногта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналды (номиналдық құн-бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және рыногтық бағасы (бағамы) болады. Қайталама рыног екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмілелер сауда – саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы- бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле обьектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыногтан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын біріңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рыногта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған рыногта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа қаржы рыногтарын басқа критерийлер бойынша ажыратылады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т. б. рыногы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық және т.с.с.; салалық критерийі бойынша.

Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен обьективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.

Қазақстанда қор нарығының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші роль атқарады. Қысқа мерзі ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналады, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991-1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 %- ды құрайды.

Алайда акционерлік қоғамдардың, брокерлік және қор биржаларының ары қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.

Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылған 1995 жылдан басталады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан «таза» қор биржасы – Орталық азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995жылдың 21сәуірінде «Бағалы қағаздар және қор биржасы» туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар рыногын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленеді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар» әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылданды, олар: «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңдар. 1997 жылдың ортасынан бастап «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктерді Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.

Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты сакторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар рыногына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар рыногында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.

2003 жылы шілдеде «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы қор рыногында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туады. Бұл заңның қызмет аясы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2003 жылғы мамырдың 13-ші) қабылдағаннан кейін қаржы рыногының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.

Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:

Бастапқы рынок

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) рыногы:

бастапқы орналастыру секторы;

сатып алу-сату секторы.

Корпорациялық облигациялар рыногы

Акциялар рыногы.

МЕБҚ- мен жасалатын репо –операциялар секторы

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:

МБҚ-мен сатып алу- сату секторы;

МБҚ –мен жасалатын репо –операциялар секторы

Айталама рынок

Қор биржасы

Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы

Басқадай сауда – саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.

«Қор нарығына копаниялардың шығуы – табысты стратегиялар және озық тәжірибе» атты тақырыпта ақпараттық білім беру семинары өтті.

2008 жылы 31 ақпанда сағат 10.00 – де облыс өкімінің бірінші орынбасары С.Еңсегеновтің төрағалық етуімен, Алматы қаласының өкілдері қаржы орталығы қызметін реттеу жөніндегі ҚР Агенттігінің өкілдері қатысуымен «Қор нарығына компаниялардың шығуы – табысты стратегиялар және озық тәжірибе» атты тақырыпта ақпараттық білім беру семинары өтті.

Семинардың масаты – қатысушылардың қосымша қаржы таратуын және капиталдандыруды өсірудің тиімді тәсілі ретінде компаниялардың практикалық шешімдерімен таныстыру және аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылау.

Семинарға ірі және орта компаниялардың өкілдері қатысты.

Семинарда мемлекеттік құрылымдар мен Қазақстан Республикасы қаржы институттарының, жетекші заң және аудиторлық компаниялардың, қор нарығын кәсіби қатысушыларының, отандық және шетелдік консальтингілік фирмалардың өкілдері, қор нарығының сарапшылары баяндама жасады.

Семинар компаниялардың бағалы қағаздар нарығына шығуының барлық қырларына арналған капитал нарығын мемлекеттік реттеу, негізгі қадамдар, талаптар және практикалық ұсынымдардан бастап, кәсіпорын активтерінің құнын өсіру тәсілдеріне дейін. Аталған семинар қатысушыларға барынша толық көлемде қажетті ақпарат алуға, нақты мысалдарды талдау барысында қор нарығына шығудың практикалық жолдарын көруге, сондай-ақ интерактивті пікір таластыруға қатысуға мүмкіндік береді. Іс шара бағдарламасы жарты күнге есептелген болатын, осы уақыт ішінде бағалы қағаздар нарығына шыққан жағдайдағы компания қызметінің маңызды қырлары ашып көрсетілді. Мәселен күн тәртібі, қаржыландыру стратегиясын таңдау, акцияларды орналастыруға дайындағанда бизнесті бағалау жүргізу, бағалы қағаздар орналастыру технологиясы, эмиссиялар дайындағанда негізгі заңдық мәселелер, компания және корпоротивтік басқарудың несиелік рейтингінің рөлі мен маңызы, компанияның мөлдірлігі және инвесторлармен қатынастар орнату секілді тақырыптарды қамтиды.

Әдебиеттер:

1. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев .С. «Қаржы» 2003- 2005 ж.ж

2. www. bagaly kagazdar.kz «Қор нарығына компаниялардың шығуы» 2008 ж

Теориялық білімдердің бақылау сұрақтары:

1.Бағалы қағаздар туралы түсінік және қызметтері.

2. Қор нарығына компаниялардың шығуы.

3. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заң.

СОӨЖ на арналған тапсырма:

1. Қазақстан Республикасының қор нарығын қалыптастыру

2. Бағалы қағаздар нарығының обьектілері мен субьектілері

3. Бағалы қағаздар нарығының қызметтері

Наши рекомендации