Ежелгі Спартаның қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
Спарта мемлектінің аристократтық түрі оның қоғамдағы нарықтық қатынасына байланысты болды. Натуралдық шаруашылықтың үстемдігі,қолөнер мен сауданығ нашар дамуы, Спарта қоғамынан тыс қалған периэктердің қолында шоғырлануы бұл елдің өзіндік ерекшелігі болды.
Әскери басқару органдарының күшейіп, әскери емес жай халықты басқаратын органдардың аздығы мемлекеттің елеулі әсер етті.
Спартада қос патшалық болды (Архагет). Дорийлық және ахет қауымының Спартаға қосылғанын дәлелдейтін факторлардың бірі осы. Бұл Спартаның екі әулетінен: Агиадтар және Эвпонтидтерден шыққан бидеушілер.
Патша билігі мұрагерлікпен жалғасқан. Патша әскерді басқарды және абыздың функциясын жүзеге асырды. Патшаны 9 жылда бір рет дін басылар сайлады.
Патша қызметінің ең мықты саласы -әскери басқару. Соғыс уақытында патша қанда болса да шешім шығаруы құқылы еді. Соғыс біткеннен кейін патшаның барлық үкімі күшінде болатын. Патшаның кебір сот істеріне оралуға да құқығы болды: ол ұл бала асырап алу, мұра қалдыру істеріне түгелімен қарайтын.
Патшаның өлімі Спарта үшін үлкен оқиға қатарынан саналады. Онда базар 10күнгежабылатын, сауда тоқтайтын. Патшаның денесін балға салып сақтайтын, халықтың бәрі онымен қоштасуы тиіс. Илоттар патша өліміне бетін тырнап жылауға тиіс болды.
Спартаның патшалары бай адам, ірі жер қожасы болатын. олар апелла мен герусияға бағынатын, олардың эфорлардың комиссияся да қатты бақылайтын. Патшаның қасында гомерлер- таңдап алған спартандар, флейтистер, дәргерлер, пифийлер сияқты көмекшілері болды. Ол тойларға өзінің 2 пифий көмекшілерімен келетін. Тойларда патшаны төрге мал, арақ және сұлыдан істелген ұн беретін. 8 жылда бір рет жұлдыз бойынша бақылап, халық патшаны соттауға құқылы болды.
Патшаның толық нөкері: гомей, адьютант, дәрігер, сыбызғышы, пифи, балгер сиқты 300 адамнан тұратын.
Патшаның өзін 300 адам қорғайтын, олар 3 командирге – гиппагретке бағынатын.
Әскери қызмет. Наварх–флот басқарушы. Бұл төтенше қызмет орны. Соғыс кезінде бұның билігі патшадан да күшті болды. Навархтың құқығы патшаның құқығына жақын, олардың нөкерлері болатын. олар патшамен бірге тасаттық беретін.
Халық жиналысы (Апелла).Жасы 30-ға жеткен спарталық ер адамдар халық жиналысына қатысатын. Бұл жиналыс соғыс және бейбітшілік сияқты ірі мәселелерді шешетін. Бірақ рөлі кемігеннен кейңн ол Герусияның жанындағы ақыл беретін кеңесші органы болып қалды. Халық жиналысында дауысқа салу болған жоқ, барлығы ұсыну арқылы шешілетін. Бірнеше кісіні кішкентай бір үйге жауып койып, қай сұраққа жұрттың айқайы қатты болды деп сұрайтын еді. Бұл жағдайда дауыстың көптігі анықталмаса, халықты екі жақа бөлетін. Халық жиналысы қызмет адамдарын, әскери басшыны және туған балалары болмаған жағдайда патшаны сайлайтын еді. Илоттарды босату жағдайында қарайтын. Спартадағы халық жиналысының басқа да көп ерекшеліктері болатын.
Эфорлар алқасы. VII ғасырдың екінші жартысында жаңа қызмет органы пайда болды. Бү Эфорлар алқасы. Ол алқа бес эфордан тұрды. Оларды жыл сайын Спартаның хауымы айқаймен сайлайтын. Алдымен эфорлар патшалардың функциясын шектеу үшін пайда болған. Соңынан эфорлардың маңызды функциясының бірі – конституцияың орындалуын полицияның қадағалайы үшін, яғни азаматтық сот Герусиядан Эфор алқасына берілді. Соғыс уақытында Эфор алқасының екі мүшесі патшамен бірге соғысқа баратын. Айына бір рет патшадан заңды дұррыс орындаймын деген ант алатын. Эфорлар периэктермен элоттарды бақылайтын. Спарта азаматын эфор етіп сойдағанда ол криптия өткізуне тырысатын. Тек содан кейін өзінің қызметіне кірісетін.
Эфорлар патшаны Герусия сотына да тартуға құқылы болған. Олар басқа мемлекттің елшілерімен келіссөз өткізетін, оған аппеланың мәжілісінде төрағалық жіктелетін. Эфорлар бүкіл спартандықтардың тәрбиесін қадағалайтын. Эфорлар комиссиясы көп мәселелерді Геронтдармен бірігіп шешті. Олар Спартаның ақсүйек органдарының бір түрі. Спартаның тарихында геронттар мен эфорлардың пара алғаны аз емес. Аристотель Спартаның Эфорларын тирандар деп атады.
Герусия қариялар кеңесі.Герусияға екі патша және алпыс жасқа толған жиырма сегіз герон кіреді. Геронттар халық жиналысында өмірлікке сайланытын. Оларды да айқаймен сайлайтын. Геруссия мемлекеттің жоғарғы кеңесі, жоғарғы соты және спартаны әдет құқығының сақтаушы органы болатын. Геруссияның соты тек қана мемлектке қарсы қылмысты және басқа қылмыстарды қарайтын болды. Азаматтың істерін герссия эфорлардың алқасына беріліп отырды.