Тауардың тіршілік циклі
Тауардың тіршілік циклінің көзқарасы әр тауардың нарықтық тұрақтылық белгілі мерзіміне негізделеді, яғни, нарықта белгілі уақытқа дейін болады.
Фирманың жүргізетін маркетингтік шараларының тиімділігіне байланысты нарықта тауардың тіршілігі бітіп қалуы, немесе жалғасуы мүмкін.
Өнімнің тіршілік циклінің теориясы сұраныс өрістеуінің мерзімін төрт негізгі фазаға бөледі: еңгізу, өсу, жетілу және қанықтыру, басылу (5 сурет).
Сату мөлшері | уақыт |
Енгізу өсу жетілу басылу
5 сурет. Тауардың тіршілік циклінің фазалары
«Енгізу» сатысында тауарларды кішкентай партиялармен шығарады. Шығындар шамалы жоғары, пайда жоқ болуы мүмкін, кейбірде шығынға ұшырауы мүмкін. Бәсекелестікте шиеленіскен күрес жоқ.
«Өсу» сатысында тұтынушылар тауардың ерекшеліктері және артықшылықтары туралы хабардар. Тауарға деген сұраныс жоғары қарқынмен өседі, сондықтан өндірістің ұлғаюы мүмкін, бұл шығындарды төмендетуі мүмкін. Бәсекелестік әлі әлсіз. Агрессивті жарнамада күш-жігерді жинақтау орынды.
Өтімділіктің өсу қарқыны бәсеңдеген кезінде «жетілу» сатысы басталады. Жақсартылған өнімді ұсынатын бәсекелестер пайда болады, өндіріс дамуының қарқыны бәсендейді. Бұл жағдайда жаңа дәрілік түрлерінің өңдеуі және түрін өзгертушілігі бойынша жұмыс қажет. Жаңа бағалық саясатты өндеуге ерекше назар аудару керек.
Нарықты қанықтыру жағдайында және сұраныс бір қалыпқа келген кезде өндірісті өсіре берудің мәні жоқ. Бәсекелестік шиеленіседі, табыс төмендейді. Тауардың жалған түр өзгертушілік деп аталатыны қажет, яғни, орамының өзгеруі, сырт пішінінің элементтері, сервистік қызмет жүйесімен тауарды толықтыру керек.
Тауарға деген сұраныс кенеттен құлайды, нарыққа тауарды үйіп тастау басталады, яғни «басылу»кезеңі басталады. Табыс төмендейді,яғни өндірістен тауарды алып тастау керек және нарыққа жаңа тауармен шығу керек. Егерде фирма сол кезге түрі өзгертілген өнімді ұсынуға дайын болмаса, ол нарықтан кетуге мәжбүр болады.
Тауарды бүкіл тіршілік циклі бойы бақылау, тауарлық ассортиментті уақтылы жаңалатуға және оны басқаруға мүмкіндік береді. Тауарлардың тіршілік циклінің сатылары 6 суретте бейнеленген.
Сипаттамасы | Тіршілік циклінің сатылары | ||||
Енгізу | Өсу | Жетілу | Бәсендеу | ||
маркетинг мақсаттары | жаңа тауарға жаңашылдарды және қоғамдық пікірді қалыптастыратын адамдарды тарту | өтімділікті және ассортименттік топты кеңейту | өтімділікті кеңейту және ерекшелік артықшылығын қолдау | қысқарту тірілту тоқтату | |
салалық өтім | өсу | шапшаң өсу | бірқалыптылық | азаюы | |
салалар және табыстар | қайшы | көбеюші | қысқартылушы | қысқартылушы | |
табыс үлесі | төмен | жоғары | қысқартылушы | қысқартылушы | |
тұтынушылар | жаңашылдар | қамтамасыздықтың жаппай нарығы | жаппай нарық | консерваторлар | |
тауар ассортиметі | бір базалық нұсқа | әртүрліліктер санының өсуі | толық ассортимент тобы | барынша көп ғығсұранысқа ие болған тауарлар | |
өтім | тауарға байланысты | сауда орындары санының көбеюі | сауда орындары санының көбеюі | сауда орындары санының қысқаруы | |
бағаның құрылуы | тағы сол | әр түрлі көлемді баға | толық бағалық бағыт | бөлек бағалар | |
жылжуы | хабарламалық | сенімдік | бәсекелестік | хабарламалық | |
6 сурет. Тауарлардың дәстүрлі циклінің сатылары
Маркетологтың міндеті – нарықта тауар тіршілігінің ұзақтығын тиімді өсіру. Маркетинг фирмаларды өзгеріп жатқан жағдайларға үнемі бейімделуіне бағыттайды.
Атап айтатын болсақ, тауарды сондай нәтижелі сатылуын ұйымдастыру үшін қосымша пайданы жасау керек (мысалы, сатудан кейінгі қызмет істеу, тегін жеткізу және т.с.с), сонымен қатар сай маркетингтік қамтамасыздықты жүзеге асыру керек. Мысалы, бастапқыда дәрі ғылыми гипотезаның өнімі ретінде шығады. Бұл өнім белгілі кәсіпорында өндіріледі. Онда белгілі қасиеттер іске асырылған, оның сапасының сәйкестігі, әлденеше дәрілік түрі және бір реттік қабылдау мөлшері, саудалық немесе маркалы аты, қолдану бойынша мазмұндамасы, арнайы орамы, бағасы бар. Дәрі тауар ретінде нарықта сәйкес маркетингтік жолдамаларды талап етеді. Дәрі туралы мәлімет кім үшін арналғанын анықтау қажет: дәрігерлер, фармацевттер, дистрибьютерлер, соңғы тұтынушылар үшін. Оларды қайтіп қызмет көрсету және қатынастарды қалай жүзеге асыру керектігін анықтау керек.
Бүгінгі таңда әр түрлі тауарлардың орасан мол саны бар. Олармен жұмысты жеңілдету үшін тауарлардың алуан түрлі классификациясы өңделген, біз оларды төменде қарастырамыз.