Халықаралық тасмалдаудың түсінігі және тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы
Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер мен адамдарды бір жерден екінші жерге апару қажеттілігі болып табылады. Көлік ұйымдарының, жүк жөнелтушінің, жүкті алушының жолаушылардың мемлекеттер арасында жүкті тасымалдауды жүзеге асыруда пайда болатын осы қатынастар тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен, олардың өзара жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы шартты реттейтін заңдылықтармен анықталады.
Тасымалдау шартын жасасу мен орындау нәтижесінде туындайтын құқықтық қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді қарастыру қажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар қол жүгін ажырата білген дұрыс.
Тасымалдау шартын жасасудың негізі жүк тасымалдаушының жүкті немесе жолаушыны бір орыннан екінші жерге белгілі бір көлік құралымен сыйақыға өткізуге міндеттенуі болып табылады.
Сонымен, халықаралық тасымалдау дегеніміз – мүліктерді және жолушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу.
Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:
- жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
- жүкті немесе жолаушыны шекарадан өткізбей-ақ халықаралық тасымалдау шарты арқылы халықаралық тасымалдау деп есептеуге болады;
- халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа шетелдік валюта қолданылады;
- халықаралық тасымалдаудың қайнар көздері ретінде халықаралық конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.
Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттың екі жақ тараптары да өзара еркіндік білдіруі болған кезде есептеледі. Осылайша жүкті тасымалдау шарты ереже бойынша, консенсуалдық шарт болып табылады, яғни шарттың мазмұны мен екі тарап танысқан сәттен бастап құқықтық нәтижені тудырады, бірақ басқа да жағдайлар бар, олар әр түрлі ұлттық заңдарда бекітілген.
Жүктерді тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлуеге міндеттенеді.
Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен теңдеме жүк түбіртегінің нысаны көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте белгіленеді.
Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті белгілі бір мекенге жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты жүзеге асыруды қабылдап алған сәтінен жасалған деп танылады.
Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім қай кезден басталатынын анықтау қажет. Құқықтық доктрина және сот тәжірибесі бұл сұрақты шешудің бірнеше жолын ұсынады (билетті сатып алу сәті, көлік құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с.).
Халықаралық жеке көлік құқығында тасымалдау шарты екі жақты сипатқа ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты бола бермейді, сонымен қатар, құқықтық доктрина және сот тәжірибесі тасымалдау шартының қайтарымсыздығын білдіреді.
Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымаладау шартының нақты анықтамасы өзара ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық тасымалдау талаптарының субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға болып табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшадай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ тасымалдаушы деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады.
«Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес тасымалдаушы – бұл меншік құқығы меншігінде немесе басқа да заңдылық негізде көлік құралын иеленетін жүкті, жолаушыны, теңдеме жүкті және поштаны өтемақыға немесе сәйкесінше, рұқсат не белгіленген тәртіпте берілген лицензия негізінде жалдауды ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
Тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасының келесідей үш түрлі анықтамасы бар:
1. Доктриналық
2. Заңнамалық
3. Халықаралық
Доктриналық | Заңнамалық | Халықаралық |
1.Г.И Тулеугалиев және М.Г Тулеугалиевтың көзқарасы бойынша , тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы субъективті құрамымен анықталады. Тасымалдау шартына қатысушы тараптар әр түрлі мемлекеттердің заңды немесе жеке тұлғалары болып табылады. 2. автордың пікірінше,халықаралық тасымалдау дегеніміз - мүліктерді және жолаушыларды бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушы бір мемлекеттен екінші мемлекетке жеткізу немесе транзитпен жүктерді, жолаушыларды өткізу. 3.Х.И Шварцтың пікірінше, халықаралық тасымалдау шарты болып табылу үшін жүкті жөнелту орны мен жүкті қабылдап алу орны әр түрлі мемлекеттерде орналасуы тиіс. Көптеген ғылыми әдебиеттерде тасымалдау қатынастарына байланысты шетелдік элементті жүктің бір мемлекеттен екінші мемлекет аумағына тасымалдану үрдісі кезінде іздеу керек деп көрсетілген. Осы тұжырымдамадан шығатын қорытынды: халықаралық тасымалдау болып табылу үшін келесідей 2 критерийге сай болу керек: 1.Жүктің бірнеше (екі немесе одан да көп) мемлекеттер аумағы арасында тасымалдануы. 2.Осы тасымалдау үрдісінің шартын анықтайтын халықаралық келісімшарттың болуы. Халықаралық тасымалдау кезінде кеңістік 2 критерий жүзеге асады: 1.Жүк жөнелту мен жүкті қабылдап алу пункттері әр түрлі мемлекеттерде орналасуы. 2.Жүк жөнелту мен жүкті қабылдап алу пункттері бір мемлекет аумағында орналасқан, бірақ тасымалдау кезінде басқа мемлекет аумағында аялдама жасайды. | Тасымалдау шартының халықаралық сипаттамасы заңнамалық тұрғыдан әр түрлі мемлекеттердің ішкі заңнамасымен анықталады. Көп нормалар атап көрсететіндей ол аумақтық қағидаға сүйенеді. Демек, жүкті жіберу орны мен жүкті қабылдап алу орнындарының әр түрлі мемлекетте орналасуын көздейді. Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284-II қабылдаған Заңында теңіз арқылы тасымалдаудың халықаралық сипаттамасы анықталмаған | Теңіз арқылы жүк тасымалдау туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының 1978 жылы 31 наурызда қабылданған Конвенциясы. (Гамбург ережелері)Конвенция екі әр түрлі мемлекеттердің арасындағы барлық теңіз тасымалдау шарттарына қолданылады. Егер: а) теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті жөнелту порты келісуші мемлекеттердің бірінде орналасқан болса; b) Теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті қабылдап алу порты келісуші мемлекеттердің бірінде орналасқан болса; c) Теңіз тасымалдау шартында көрсетілген жүкті қабылдап алу опционды порттардың біреуі келісуші мемлекеттің бірінде орналасқан болса; d) Коносамент немесе теңіз тасымалдау шартын расайтын басқа құжат келісуші мемлекеттің бірінде берілген болса; e) Коносаментте немесе теңіз тасымалдау шартын растайтын басқа құжатта шарт осы Конвенцияның нормаларымен немесе осы Конвенцияның нормаларын заңды үшіне енгізген кез келген мемлекеттің заңнамасымен реттелетіндігі қарастырылса. Осы Конвенцияның нормалары кеменің, тасымалдаушының, нақты тасымалдаушының, жүк жіберуші мен қабылдап алушының және басқа да мүдделі тұлғаның ұлттық қатысталығына тәуелсіз қолданылады. |
Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады.
Халықаралық тасымалдау субъектісі ереже бойынша жеке және заңды тұлға табылады. Шарттың бір тарабы ретінде тасымалдауға мүдделі және осы тасымалдау үшін белгілі бір ақшалай сыйақыны төлеуге дайын тұлға танылады; тасымалдау шартының екінші тарабы ретінде көлік құралын иеленуші және белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті жүзеге асырушы тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы ретінде көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген ұғымның өзі эволюцияға ұшырады. Англо-саксондық, француз, неміс құқығы бойынша тек қана тасымалдау шартын жасасқан көлік құралын меншіктеуші (Shipowner – англ; Ship Her – неміс; le bourdeois de Navire - француз).Француз және неміс құқығында «көлік иеленушімен» (armature, Reeder) қатар «фрахтователь»(freteur, Verfracher) термині пайда болады, осындай өзгерістер Солтүстік Еуропаның көптеген елдерінде және Голландияда пайда болды. АҚШ –та олар freight/ contractors деп аталады.
1921 жылы Гаага ережесінде «тасымалдаушы» термині енгізілді ( transporteur – франц., carrier – ағыл.; transportowiec – поляктық)
Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар:
1. Теңіз тасымалдауы.
2. Әуе тасымалдауы.
3. Теміржол тасымалдауы.
4. Автокөлік тасымалдауы.
5. Аралас тасымалдау.
Теміржол тасымалы.
Соның ішінде, көп уақыт бойы теміржол тасымалдауы ең маңызды келісімдердің бірі болып «Жүкті және жолаушыны теміржол тасымалдауы туралы» Берн Конвенциясы танылды. 1980 жылы Берн Конвенциясын қайта қарау конференциясында жаңа халықаралық теміржол тасымалдауы туралы келісім (КОТИФ) қабылданды. Оған 38 мемлекет қатысты.
КОТИФ ережесі бойынша жүкті мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін жүкті қабылдап алушы зиян шеккен жағдайда оған жүкті тасымалдау үш есе етіп қайтарылады.
Біздің Қазақстан Республикасында 2001 жылы 8 желтоқсанда “Теміржол көлігі туралы” Заң қабылданды. Осы Заңның 65-бабына сәйкес, «жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы оған жол жүру құжатына сәйкес, пойызда орын беріп, оны баратын жеріне жеткізуге міндеттенеді, ал жолаушы жол жүру ақысын төлеуге міндетті».
Тасымалдау жөніндегі міндеттемелерді орындағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершілігі болады.
Темір жол тасымалы шеңберінде келесідей арнайы мамандандырылған халықаралық ұйымдар бар: Темір жол ынтымақтастық ұйымы (ОСЖД), Жүк вагонының жалпы паркі (ОПВ). ОСЖДның басты мақсаты болып Халықаралық жолаушы және жүк таситын қатынастар келісіміне іс жүргізу болып табылады. ОПВ-ның мақсаты европалық елдердің мамандандырылған халықаралық ұйымы, жалпы паркке қатысушылармен жіберілген теміржол вагондарын бірлесіп пайдалану үшін құрылған. Бас орынды Берндегі Халықаралық темір жол қатынастарының Орталық Бюросы алады. Бұл ұйымның басты мақсаты МГК және МПК іс жүргізу және қайта қарастыру болып табылады. Бұл ұйым құқықтық материал мен сот тәжірибесін жүйелі түрде жариялайды.
Маңызды рөлді үкіметаралық емес ұйым – Берндегі Теміржол көлігі жөніндегі комитет алады. Европалық Экономикалық Комиссияның Ішкі транспорт жөніндегі комитеті 1947 жылы БҰҰның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің IV сессиясының шешімімен құрылды. Бұл кеңес Европалық Экономикалық Комиссияның темір жол, автокөлік және теңіз тасымалы мәселелері бойынша кеңес беруші орган болып табылады және көлік саласында қатысушы мемлекеттердің арасында ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасы 2001 ж. 8 желтоқсанда (10.07.2012 –өзгерістер еңгізілді) «Темір жол көлігі» туралы Заңын қабылдады. Осы Заң темiр жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.