Автокөлік құралының жұмыс қабылетін қамту әдістері мен техникалық жағдайы (АТС).
АКҚ техникалық жағдайы (агрегаттар, механизмдер, қосылыстар)құрылымдық өлшемдердің ағымдық шамаларымен сипатталады. АКҚ 15-20 агрегат пен жүйелер, 70-90 түйіндер мен механизмдер, 15000-25000 қосалқы бөлшектер бар. Қосалқы бөлшектердің құрылымдық өлшемдері-бұл өлшемі мен конфигурациясы, түрі, материалдың беріктігі, сапасы мен нақты беткі өңделу, өзара орын алмасулар, электрлік, гидравликалық кедергілер болып табылады. Ал өзара алмасуларға бөлшектер мен түйіндердің өзара қосылыстары әсерін тигізеді. Атап айтсақ өлшемдік, тесіктердің, люфтілік қосылыстар түйіндер мен механизмдердің конструктивтік өлшемдері болып саналады. Мұндай агрегаттар мен жүйелер үшін мұндай құрылымдарға кинематикалық сызба, жылжу деңгейі, құрылымдық формула, қосылыс түрлері, берілістер, тірек пен тығындауыштар жатады.
Әдетте құрылымдық өлшемдердің ағымдық шамаларын км жүрістерде алынған жұмыс көлемімен байланыстырамыз. Атқарылған жұмыс көлемінің артуы бойынша l техникалық жағдaйының өлшемдері номиналды YH түрден бастап өзгеріп, жаңа ұйым түріне сипатталады, ал шекті Уп дейінгі бұйымды игеру техникалық, құрылымдық, экономикалық, экологиялық немесе т.б себептерге байланысты жол берілмейді.
Номиналды Ун, шекті Уп, шамадан тыс шекті Упд өлшемдрінің мәні заңмен бекітілген техникалық жағдайына байланысты анықталып,МЕСТ-пен, нормативтік-техникалық, жобалық-құрылымдық құжаттамалармен, анықтамалық басылымдармен жүйеленеді.
Көліктегі техникалық өзгерістерінің себеп-салдары.Негізгі себептері: элементтермен жүктеу, элементтердің өзара орын алмасуы, жылу және энергетикалық әсер етулер, химиялық белсенді компоненттермен әсерлесу, сыртқы ортаның әсер етуі (ылғал, жел, температура, күн радиациясы), оператор әсері және т.б. уақыт бойынша құрылымдық өлшемдердің өзгерістері мен нәтижесі: тозу, жемірлену, бұзылыстар, пластикалық жарылымдар, температуралық жарылымдар, өзгерістер, ескіру және т.б.
Тозу. Тозу үрдісі үйкелістер әсерінен болады, демек беткі өңдеулер кезінде, майлау, жүктеу жағдайында жанастыру жұмысындағы жылу режимі мен орын алмасу жылдамдығы өзгерістерге ұшырайды. Ескіру нәтижесі тозу деп аталады, ол сызықты, көлемді, жаппай түрде болуы мүмкін. Ескірудің белсенділігі бұл тозудың салыстырмалы өлшемдері (бұйымның жұмысына байланысты үйкелу жолдары мен көрсеткіштер қатынасы, мысалы жүріп өту немесе көлік жұмысының сағаты, цикл саны және т.б).
Әдетте АКҚ игеру тәжірбиесінде механикалық, абразивті, ескірген, эрозиялық-жемірленген, қышқылданған, электроэрозиялық тозу, сонымен қатар ілінісу кезіндегі, фреттинг пен фреттингтік-жемірлену кезіндегі тозуларды көрсетеді.
Пластикалық деформациялар мен бұзылыстар. Мұндай бұзылыстар сынғыш және тұтқыр (болат) материалдардың қаттылығы мен аққыштық шектерінің артуымен немесе шамадан тыс болуымен байланысты. Әдетте бұзылыстардың бұл түрі есептеулер кезіндегі қателік нәтижесі немесе игеру кезіндегі қателіктер (шамадан тыс жүктеу, көлікті дұрыс басқармау, ЖКО және т.б) болып саналады. Кейбір жағдайда бұл бұзылыстарда геометриялық өлшемдердің өзгерістерін туындатып, қосалқы бөлшектердің беріктігін бұзатын өзгерістерді туындататын механикалық тозулар басым болып келеді.
Ескірген бұзылыстар. Бұзылыстың бұл түрі -қосалқы бөлшек металының төзімділігінен асып кеткен кездегі жүктемелердің циклдік қосымшалары кезінде пайда болады. бұл кезде ескірген жарылымдар ақырындап жиналып, белгіленген циклдік шегіне жеткенде қосалқы бөлшектердің ескіріп тозуына алып келеді.
Жемірлену. Бұл құбылыс қосалқы бөлшекке ортаның кері әсер етуі нәтижесінде туындайды (тот басу). Демек металл қышқылданып, нәтижесінде сыртқы түрі нашарлап, беріктік төмендейді. Жемірленуді тудыратын сыртқы ортаның белсенді агенттеріне тұздар, химиялық заттар жатады. Бұлармен қыста жолдарды өңдейді, ал топырақ пен суда болатын қышқылдар, компоненттер қозғалтқыштағы өңделген газда, химиялық қосылыстарда болады.
Ескіру. Игерілетін материалдар мен қосалқы бөлшектердің техникалық жағдайы сыртқы ортаның әсерінен өзгеріп отырады. Демек резиналы техникалық бұйымдар беріктіктерін, иілгіштіктерін қышқылдану нәтижесінде жоғалтады, сондай-ақ термикалық қыздыру мен суыну, химиялық май, отын, сұйықтық әсері, күн радиациясы, ылғалдану әсерін тигізеді. Игеру үрдісі кезінде майлағыш материалдар мен игерілетін сұйықтықтардың құрамы нашарлайды, себебі тозған өнімдер жиналып, тұтқырлық пен қоспалар құрамы өзгеріп отырады. Қосалқы бөлшектер мен материалдар қолдану кезінде ғана емес, сондай-ақ сақтау кезінде де өзгерістерге ұшырайды.
Техникалық жағдайы өлшемдерінің өзгеру заңдылықтарын жұмыс уақытында белгілі тозу теориясына сай, аналогты қосалқы бөлшектердің өзгеру қиғаштарымен түсіндіруге болады. Аталмыш графикке қарағанда ордината осі бойынша техникалық жағдайының өлшем мәндері жазылады: бастапқы берілгені Y0 (мысалы клапандардағы саңылаулар і), номиналды Yн (жүргізу кезінің аяқталған уақытында белгіленген бастапқы саңылау і), шектіден тыс Yпд (тозу немесе ім саңылау), шекті (максималды саңылау іп) Yn, ал абцисса осі бойынша сәйкес жөндеулер: ln- жүргізу км кезіндегі жөндеулер, lэ (немесе t2)-кезекті ТҚ немесе жүргізуге дейінгі жөндеулер (немесе сағатпен қалыпты игеру ұзақтығы), lM (немесе tм) –қосалқы бөлшектердің жрамдылық мерзімін анықтайтын кезекті жөндеуге дейінгі шекті ескірулер. Содан кейін абцисса өсін вертикал бойынша үш кезеңге бөледі:1- период: қосақы бөлшектердің беткі қабатын өңдеу, ІІ-табиғи тозу кезеңі, ІІІ-апатты тозу периоды. Горизонталдар бойынша ординат өстері үш зонаға бөлінген:-жұмыс қаблетінің ортасында, ЖҚ төменгі және жоғарғы аумақтары-істін шығу зонасы, АЗ-істен шығуы тоқтату зонасы.
Қосалқы бөлшектерді қолданудың шекті мерзімі (нмесе кезекті қызмет көрсетуге дейіні шекті жөндеулер):
Мұнда қосалқы бөлшектің тозу деңгейін сипаттайтын абцисса өсіне еңістенген қиғаш бұрышы (оның түзу аумағында).
тозу жылдамдығы.
-белгілі ір уақыттағы тозудың артуы. Оны графикалық дифференциалдармен анықтауға болады. Демек tэ=f(vi) болса, онда vi арқылы жанасуларды қалыпқа келтіруге болатын оптималды мезгіл анықталады. vi жанасу жұмыс режимдері әсерін тигізеді (салыстырмалы қысым, жүктемелеу сипаты, салыстырмалы жылдамдықтар, температура, шаңдану және т.б), сондықтан ТҚ сапалы және уақытында орындалып, май, отын ретінде қолданылатын құрамдас бөліктер орын алады.
Техникалық жағдайдың шамадан тыс шекті өлшемдері мен қалыпқа келтіру критерийлері. Шамадан тыс шекті өлшемдерге (тозу мен реттік бұзылыстар) ім машина қосалқы бөлшектерінің қалыпты (адамның қатысуынсыз) жұмысы орындалған шамаларды аламыз.
Шамадан тыс шекті тозуларды ім анықтау (мұндағы қосалқы бөлшектердің қызмет ету мерзімі tм)көліктерді жөндеу мен ТҚ дұрыс ұйымдастыру үшін қажет. Оны келесі белгілері бойынша анықтайды (критерийлер):
-техникалық, шамадан тыс тозулар vi болған кезде көліктің жұмысы тоқтайды, демек апатты тозу кезеңі басталады;
-сапалы (технологиялық) критерийлерде шекті шамадағы жұмыс сапасы өзгереді (мысалы агронорматив), демек тозу немесе көлікті реттеу бұзылады;
-экономикалық, яғни тозу өзгерістері экономикалық көрсеткіштерді (Wткм, gткм, Sткм) нашарлатқан кезде қолданылады.
ім анықтаудағы жалпы әдіс келесідей орындалады. і өлшемі (саңылау, бұрыш, қысым, техникалық жағдайдың құрылымдық өлшемдері) тозу мен шамадан тыс реттелу кезінде өзгереді, демек түрлі мәндерге ие болады (мысалы түрлі тесіктер немесе қысымдар беріледі), осылайша табылады: құрастырма бөлшектердің өзгерістері мен келесі тозатын бөлшектің белсенділігі: жұмыс сапасы ( технологиялық критерий); өндіргіштік немесе суммарлық шығындар (экономикалық критерийлер).
Өлшем мәліметтері бойынша қиғаштар тұрғызамыз. Алынған қиғаш нүктелері (шекті ординатамен қиылысу нүктесі, максимум немесе минимум нүктесі ) арқылы ім анықтаймыз.
Жұмыс қаблеті мен істен шығу. Жұмыс қабілеті- демек Ун-Уп аралықтарда техникалық құжаттамаларға сәйкес келетін шамалары бар қызмет түрін орындайтын бұйымның жағдайы. Уп шекті жағдайына дейін бұйымды жөндеу ресурс (lρ) деп аталады. аралығындағы жөндеулерде бұйым техникалық тұрғыдан түзеліп, өзінің қызметін атқарады.
Егер ресурстан тыс бұйымды игере бастасақ, демек l жағдайында істен шығу орын алады, демек жұмыс қаблетін жоғалтатын немесе жоятын жағдайы орын алады. Нормадан тыс техникалық жағдайдың барлық ауытқулары қалыпқа келмейтіндер деп жіктеледі. Бұзылыстар мен істен шығулар кезінде нормативтік-техникалық құжаттамалар бойынша АТС игеруге тыйым салынады.
Жүктемесі жоғары жүк көліктерінің 100 мың км жүрісінде болатын істен шығулар келесідей түсіндірілген: тозу 40% (істен шығулардың таралуы); пластикалық деформациялар мен бұзылыстар-26% (соның ішінде жарылымдар, ажыраулар, қималар-20%, ал созылымдар, иілгіштену, жұмсарулар-6%), ескірген бұзылыстар-18% (соның ішінде жарылымдар-12%, сынулар-5%, сыр бояуларының кетуі 1%), температуралық бұзылыстар -12% (соның ішінде жанып кету, тұйықталу, күйіп кету-5%,, күйіп кету-4%, кокстану 3%), та,ы басқалары 4%.
Практикалық тұжырымдар бойынша зонаның ішкі бөлігінде жұмыс қаблеті ЗУ істен шыққан зонасын көрсетеді, демек бастапқыда (l=ly кезінде)техникалық жағдай өлшемдері өзінің шекті Упз шамасына жетеді. Аталмыш өлшем шамасын сақтандырма деп атайды. Бұйымның осы зонаға түсуі істен шығудың жақындап қалғанын көрсетіп, алдын алу шараларын орындау қажеттілігін көрсетіп, жұмыс қаблетін ұстап тұруды талап етеді.
Көліктің жұмыс қаблетін қамту әдістері. Келтірілген шамаларға байланысты екі әдістерді қолданамыз: біріншісі-істен шығуды ескертіп, көліктің техникалық жағдайын қалыпта ұстайтын көліктің техникалық қызметі көрсетуі; екіншісі-тозған қосалқы бөлшектерді қалыпқа келтіру немесе алмастыруды қажет ететін көлікті жөндеу. Біріншісін «ауыруды ескертуші», ал екіншісін «ауыруды емдеуші» деуге болады. Белгілі болғандай «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде».
Әдебиеттер: (1 с, 6..17)
Бақылау сұрақтары
1. АКҚ техникалық жағдайын қалай анықтауға болады, жөндеулер немен байланысты?
2. Техникалық жағдайдың негізгі өзгеру себептерін білесіз бе?
3. Ескіру мен тозу түсініктері туралы не білесіз?
4. Тозуың қандай түрлерін білесіз?
5. Көліктің жұмыс қаблеті мен істен шығуы дегеніміз не?
6. Істен шығудың бұзылыстардан қандай айырмашылықтары бар?