Шаруашылық есептің ақпаратын пайдаланушыларын екі негізгі топқа бөлуге болады:ішкі және сыртқы.
Ішкі пайдаланушылар,әкімшілік,қызметкерлер,өндірушілік қызметкерлер құрамы сияқтылар, басқару үшін пайдалы және керек ақпаратқа рұқсаты бар және қабылданатын басқару шешімдері үшін жауапкершілікке ие болады.Ұйымның ішкі пайдаланушылары ұйымның иелері де (серіктестер,акционерлер,жарнашылар және т.с.с) болады.Меншік иелеріне ақпарат болашақта ұйымның қаржы перспективаларын бағалау және дивиденттер түрінде кірістерді алу мүмкіндігі үшін қажет.
Сыртқы пайдаланушыларкәсіпорыннан тыс қызмет атқарады және оларды келесі топтарға бөлу қажет: тікелей қаржы қызығушылығы бар,жанама қаржы қызығушылығы бар, қаржы қызығушылығы жоқ пайдаланушылар.
Тікелей қаржы қызығушылығы бар пайдаланушылар – шын және потенциалды инвесторлар және несие берушілер, сонымен қатар, несие беруші банктер және т.б.Осы топтың зерттеу саласы – фирманың қаржы жағдайы,оның жұмысының қаржы нәтижелері,баланстың өтімдігі.
Жанама қаржылық қызығушылығы бар | |
Кәсіпорынның қатысушылары(меншіктеушілері) | |
Тікелей қаржылық қызығушылығы бар | |
Қаржылық (бухгалтерлік) ақпараттың пайдаланушылары | |
2 сурет. Қаржы (бухгалтерлік) ақпараттың пайдаланушылары.
Жанама қаржы қызығушылығы бар пайдаланушылар салық және қаржы органдарымен,қызмет көрсету банкілерімен,үкіметтік мекелермен, сақтандыру компаниялармен және т.б ұсынылған.Мысалы, салықтық қызметтер есеп беру ақпараты негізінде салық түсімінің дұрыстығын,қаржы органдары республикалық және жергілікті бюджеттердегі қаржының түсімін,банктік мекемелер қаржы ақпараты негізінде келісімшарттарды жасау мүмкіндігін және т.б қадағалайды.
Қаржы қызығушылығы жоқ пайдаланушыларға статистка органдары,арбитраж, аудиторлық фирмалар жатады.Осы топтың пайдаланушыларын есеп беру ақпараты жасаланатын операциялардың орындылығын және заңдылығын тексеру мақсатында немесе макродеңгейде экономикалық сараптаманы өткізу үшін статистикалық информацияны алу мақсатында қызықтырады.
Бухгалтерлік есепте (сонымен қатар, шаруашылық есебінде) шаруашылық операцияларын бейнелеу үшін өлшеуіштердің 3 түрін қолданады: табиғи,еңбек және ақшалай.
Табиғи өлшеуіштер есепке алу объектілері туралы ақпаратты сандық өрнекте алу үшін керек.Әр түрлі табиғи өлшеуіштер қолданылады, бұл есептеленетін объекттердің физикалық қасиеттеріне және ерекшеліктеріне тәуелді болады. Объекттер осылай есепке алына алады:
Саны бойынша: мысалы,даналар қолданылады;
Салмағы бойынша: киллограмдар, тонналар қолданылады;
Көлемі бойынша: текше метрлер, литрлер;
Ұзындығы бойынша: метрлер,гектарлар;
Ауданы бойынша: шаршы метрлер қолданылады.
Табиғи өлшеуіштер құндылықтарды (материалдар,құралдар,негізгі құралдар) есепке алғанда және қадағалауда қолданылады.Олардың көмегімен материалдарды дайындау үрдісінің көлемі, өнімді сату және өндіру (жұмыстар, қызметтер) бақыланады.
Табиғи көрсеткіштерді тек бірегей жұмыстар немесе бірдей өлшеуіштеріштері бар, бірегей заттар бойынша жалпылауға болады.
Еңбек өлшеуіштері жұмсалған жұмыс уақытын сандық есепке алу үшін қолданылады. Мысалы, осы өлшеуіштерге адам-күндер, адам-сағаттар жатады.Бұрын атап өтілгендей, еңбек өлшеуіштері табиғи өлшеуіштерді қолданғанда тіркеседі.
Ақшалай (құн) өлшеуіштері біртұтас бағада есепке алу – ақшалай өрнекте, объектілерді жалпылау үшін қолданылады.
Ақшалай (құн) өлшеуіштері (Қазақстан Республикасында – теңге) әртекті қаржылар мен құндылықтарды есепке алуға беретін, сонымен қатар, оларды ақшалай бағалауда жалпы ретінде ұсынатын бірыңғай жалпы көрсеткіш ретінде қолданылады.
Осы өлшеуіштің көмегімен: шаруашылық субъектілерінің жұмысын сипаттайтын көрсеткіштерін баға түрінде есептейді,есепке алынатын әртекті объектілерінің көрсеткіштерін жалпылайды, кәсіпорынның қызметін қадағалайды.