Ордың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты

Жалпы барлық кәсіпорын, ұйым, мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар, орындалып жатқан тапсырмаларды міндетті түрде, үздіксіз құжаттарға жазып отыру керек.

Яғни, бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады.

Бухгалтерлік құжат арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдары қойылады (қажет болған жағдайда мөр таңбасы басылады). Осы құжаттар арқылы кез келген уақытта қоғам бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.

Бухгалтерлік құжаттарда:

- құжаттың аты,нысанының коды;

- құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);

- құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;

- шаруашылық операцияның мазмұны;

- шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);

- шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға жауапты адамдардың аты-жөні;

- жауапты атқарушының қолы көрсетіледі.

Себебі бұл деректемелер бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді. Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылуы керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкін болмаған жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылады. Құжаттағы жазбалар анық және дұрыс көрсетілуі керек.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-да күнделікті әр түрлі операциялар орындалып отырады, яғни келісім шарттар жасау, қызметтер көрсету, қордың материалдық жабдықталуы және жұмыстарды орындаудан түсімдердің үлкен сомалары күнде түседі және жиналады. Бухгалтер міндетті түрде құжаттардың дұрыс жүргізілуін қадағалап, ай соңында түгендеу жұмыстарын өткізеді.

Қазіргі таңда әр бір кәсіпорынның бухгалтериясының кассасы «1С Бухгалтерия» деп аталатын өнімдік бағдарламада тіркеледі. Барлық толтырылған құжаттар сонымен бірге сол құжаттар негізінде кассаға кірістелген немесе кассадан төленген ақша қаражаттары кассалық кітапқа тіркеледі.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:

Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттық. Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.

Қорыта айтқанда бұл танысу тәжірибесінің көмегі өте зор болды. Себебі мен теориялық тәжірибемді осы құжаттармен танысу арқылы, олармен жұмыс істеу арқылы жетілдіре түстім.

Наши рекомендации