Пайыздық маржа. Коммерциялық банктің табыстары мен шығыстарын бағалау
Коммерциялық банктің шығыстары. Ком-қ банктердің шығыстарын нысанына ж/е есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады. Нысанына қарай: *пайыздық шығыстар, *пайызсыз шығыстар; *басқа да шығыстар. Пайыздық шығ.- клиенттердің талап ету ж/е мерзімді депозиттері, басқа банктердің депозиттері бойынша, басқа да банктерден сатып алынған несиелік ресурстар үшін, сондай-ақ шығарған бағалы қағаздары бойынша төленген пайыздардан құралады. Пайызсыз шығ.- жалпы банктің операциондық шығыстары мен басқару аппаратын ұстау шығындары жатады. Басқа да шығыстар – банктік операциялардың өзіндік құнына жататын резервті құру, салық төлеу шығыстарын, бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта алып сатарлық операцияларды жүзеге асыруға, банктің мүлкін сатуға және т.б. байланысты болатын зияндарды сипаттайды. Есепке алу тәсіліне қарай шығ.: *банктің операциондық және түрлі шығ. – банк төлейтін салықтарының бір бөлігі, тартқан қаражаттар бойынша төленген пайыздар, негізгі құралдардың амортизациясы, арзан бағалы тез тозатын заттардың, жарнама, есептесу орталықтарының, пошта және телеграф қызметтері үшін төлемдер, оқытуға төлемдер, бланктер, ақпарат тасымалдаушылар, орайтын материалдар үшін шығыстар ж/е капиталдық емес сипаттағы басқа да шығ. *басқару аппаратын ұстау шығ.-жалақы, сыйлықақы, ынталандыру ақысы, ғимаратты, құрал-жабдықтарды ж/е жеңіл машиналарды ұстау, күзет үшін шығ. Іс-сапар ж/е кеңсе заттары үшін шығ.(пайызсыз шығ.) *банк төлейтін айыппұлдар, өсімақылар ж/е т.б.шығ
Коммерциялық банк пайдасының қалыптасуы және қолданылуы. Банк пайдасы – қарыз капиталы иесінің иемденетін табысы. Коммерциялық банктердің пайданы алу көздеріне мынадай банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады.:*Ссудалық бизнес; *Дисконттық бизнес; *Сақтау бизнесі; *Банктік кепіл беру қызметі;*Бағалы қағаздармен жұмсалатын бизнес; *Салымдар қабылдау және клиенттердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі; *Басқа банктермен корреспонденттік қатынасқа негізделген бизнес; *Дәстүрлі емес қызметтерді көрсету бизнесі. Ссуудалық бизнес екі элементтен тұрады: *клиенттерге ссудаға беру , яғни жеке және заңды тұлғаларға бос ресурстарды басқа коммерциялық банктерге уақытша пайдалануға пайыздық сыйақыда беру. Дисконттық бизнес - төленбеген вексельдерді, чектерді және талаптарды банктің белгілі бір төменгі бағамен дисконт негізінде сатып алуын сипаттайды. Дисконт бизнестің түріне факторинг операциясы жатады. Сақтау бизнесі - банктің трасталық және агенттік қызметтеріне негізделеді. Бұл бизнес клиенттің мүлкін басқарғаны үшін немесе осы мүлікке байланысты клиенттің тапсырмаларын орындағаны үшін алатын комиссия формасындағы табыс түріне бакке табыс әкеледі. Бағалы қағаздармен бизнес мынадай элементерді қамтиды: *банктің өзінің бағалы қағаздарын шығару оларды нарықта сату кәсіпорындарды жекешелендіруге байланысты қызмет көрсетуде басқа эмитенттердің бағалы қағаздармен қайталама нарықтағы операциялары. Мұндай бизнестен түсетін табыстар келесідей көзден құралады: *өзінің және басқа да эмитенттердің бағалы қағаздарын сату барысында бағамдық айырмадан; *жекешелендіруге байланысты көрсеткен қызметі үшін комиссия. Салымдар қабылдау және клиентердің тапсырмасы бойынша операцияларды жүзеге асыру бизнесі банкке мынадай формаларда табыс алуға мүмкіндік береді: *комиссиондық сыйақылар: а) шот ашқаны үшін б) шотты жүргізгені үшін дәстүрлі емес табыс түрлері банктің лизингтік ақпараттық, кеңес беру, валюта айырбастауға байланысты, клиенттерге оқытып ұйреткені үшін және т.б. алынатын табыстар. Мұндағы лизингтік операциялардан түсетін табысқа: лизингтік төлемдер, пайыздық төлем және комиссия жатады. Коммерциялық банк пайдасы банктің негізгі қорының жаңартылуының және ұлғаюының негізгі базасы болып табылады. Сонымен қатар банктік меншікті капиталдың, қаржылық тұрақтылығының, қызмет көрсетулердің сапасын жоғарылатудың негізгі көзі. Банк пайдасы келесі жағдайларға қолданылады: *бюджетке салық төлеуге; *акционерлерге дивиденд төлеуге; *табыстарды капитализациялауға