Тауардың шекті пайдалылығы қалай анықталады?
A) адамның қандай да болмасын қажеттілігін қанағаттандыру қабілетімен;
B) белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бірлігім тұтынудағы тұтынушының әсерімен;
C) пайдалылықтағы барлық өзгерістермен;
D) тұтынылған көлемдегі өзгерістер қорытындысымен;
E) сандық өлшем ретінде.
10. Технологиялық жүйе элементтері:
A) энергия көздері және тасымал құралдары;
B) энергия түрлендіруші механизмдер;
C) өңдеуші құралдар жүйесі;
D) бақылау-өлшеу құралдары;
E) жауаптардың барлығы.
Ситуациялық тапсырмалар мен жаттығулар:
Нұсқа 1
1. «Экономикалық адам» моделінін төмендегі белгілері бойынша модельді жасаған экономикалық мектептерді атаңыз:
Модельдер | Сипаттамасы | Мектептер |
Бірінші бағыт | Материалдық (ақшалай) қызығушылық | |
Екінші бағыт | Психологиялық сипат алған | |
Үшінші бағыт | Жай тауар өндірушіден, капиталистікке ауысу | |
Төртінші бағыт | Рухани қажеттілік |
2. Қажеттіліктердің түрін ажыратыңыз:
өндіріс құралдары мен жұмыс күшін тұтыну | Жеке (тамаққа, киімге, демалысқа, қызметтерге және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру) және қоғамдық қажеттіліктер (ғылым, білім, мәдениет, қорганыс және т.б.) |
3. Ғылыми тұрғыдан осы пайымдаулардың барлығы дерлік орынды деп ойлайсыз ба?
- жалақы мөлшерінің артуы еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі;
- жер рентасының (жалдамалық төлемнің) артуы жер ұсынысының өсуіне әкеледі;
- пайыз қойылымының артуы еңбек ұсынысының өсуіне әкеледі.
4. Нарықтық шаруашылықта инвестициялық қорлардың маңызды жабдықтаушылары – үй шаруашылығы. Капиталды бизнеске сала отырып үй шаруашылығы қандай құрбандыққа барады (яғни неден бас тартады)?
5. Сіз «қарызға өмір сүруді» жақтамайтын адамсыз. Осы аптада көлік сатып алу үшін сізге досыңыз ұсынған ақшаны алмадыңыз. Несиелік қатынастар беріп отырған тандау еркінен бас тарта отырып сіз нені жоғалттыңыз? Не ұттыңыз?
Нұсқа 2
1. Мына қатынаста берілген экономикалық категория қалай аталады?
Капиталдың физикалық шекті өнімі / салынған капиталдың мөлшері *100%;
2. Жаңа технологиялардың, тұтыну тауарларының жаңа рыногының пайда болуы капиталға деген сұраныс қисығының жылжуына қалай әсер етеді? Бұл пайыз қойылымының деңгейінде қалай көрінеді?
3. Тропикалық климатты аралда жеті адам тұрады. Олар кокос, банан және тасбақаның жұмыртқаларын жинаумен шұғылданады. Әрбір құні 40 кокос, немесе 60 банан, немесе 15 тасбақаның жұмыртқасын жинайды.Осы аралдың экономикасының өндірістік мүмкіндіктер сызығын сызыңыз?
4. Қолда бар технология арқылы 2 орындықты 1 адам / сағатта, 3 орындықты 2 адам / сағатта өндіруге болады.
Анықтау керек:
а) аптасына 40 сағат жұмыс істейтін 5 адамнан тұратын бриғаданың өндірістік мүмкіншіліктер қисығы қандай болады?
б) егер өндірістегі еңбек шығындары 2 есе, жұмыс аптасының ұзақтығы ¼-ке қысқарған кезде өндірістік мүмкіншіліктер қисығы қалай өзгереді?
в) 1-ші және 2-ші жағдайда 1 орындықты өңдіруге кететін балама шығындар қанша?
5. «Өндірістік мүмкіндіктер қисығы ресурстардың сиректігін, балама шығындардың балама тандауын көрсетеді» деген тұжырыммен келісесіз бе? Пікіріңізді нақтылап түсіндіріңіз.
Суретте өндірістік мүмкіндіктер қисығы берілген.
Анықтау керек:
а) С нүктесі, Н нүктесі, М нүктесі нені білдіреді?
ә) Қайсы нүктеде болашақ тауарларға артықшылық беріледі? Қайсы нүкте қазіргі тауарларды көрсетеді?
б) болашақ экономикалық өсу қайсы игіліктен бас Тарту арқылы мүмкін?
в) Қазақстан экономикасы қай нүктеде болуы мүмкін? Пікіріңізді нақтылап түсіндіріңіз.
Мәнжазба тақырыптары:
1. Адам өміріндегі материалдық және рухани қажеттіліктер.
2. Экономикалық ресурстар және олардың түрлері.
3. Қоғам және экономика.
4. Өндірістік факторларды тиімді пайдалану жолдары.
5. Экономикалық және экономикалық емес игіліктер.
6. Адам капиталының әлеуметтік-экономикалық ролі.
7. Өндірістік функция және оның түрлері.