Бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу
1.Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауга алынган адамның бас бостандыгынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуы -
2. Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байпасу арқылы адамдар тобы жасаган;
2)өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп;
3) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалған дәл сол іс-әрекет -
Ескерту.
Қашқан кезінен бастап жеті күн мерзімде қамауға алу немесе күзетпен устау орнына өз ер-кімен қайтып оралған адам, егер ол өзге жаңа қылмыстық құқық бұзушылық жасамаса және егер қашуы осы баптың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақтарында көзделген әрекеттермен уштаспаған болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға алынған адамның бас бостандыгынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуы -
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруға жазаланады - қылмыстың негізгі кү-рамы болып табылады (ҚК-тің 426-бабының 1-тармагы)
Қылмыстық құқық бү-зушылықтың Бұл түрінің қоғамга қауіптілігі орасан. Бас бостандыгынан айыру орнынан, күзеттен немесе қамаудан қашқан адам қылмыстық жауаптылықтан қүлылудан немесе жазаны өтеуден Бұлтару мақсатын көздейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі — сот жэне тергеу органдарының, сондай-ақ түзеу мекемелерінің бірқалыпты дүрыс қызметі болып табылады.
Қылмыстық қү-қық бүзушылықтың объективтік жағы бас бостандыгынан айыру орнынан, күзеттен немесе қамаудан қашу арқылы сипатталады.
Заңда көрсетілген негіздер болмаған жағдайда жазасын өтеуші адамның бас бостандыгынан айыру орнынан, алдын ала қамаудағы адамның күзет немесе қамау орындарынан өз бетімен кетіп қалуын көрсетілген орындардан қапгу деп айтамыз.
Яғни заңның диспозициясында көрсетілген бас бостандыгынан айыру, күзет немесе қамау орындарынан қашқан реттерде ғана осы қылмыс туралы сөз болады.
Бас бостандыгынан айыру орындарына - қоныс колониялары, түзеу колонияларының барлық түрі, кэмелетке толмагандарга арналған тэрбие колониялары, түрмелер, тэртіптік эскери бөлімдер жатады.
Алдын ала күзет орындарына - ІІМ-нің, М¥ҚК-нің айыпкерлерінен күдікті адамдар-ды ұстайтын уақытша үхтау изоляторлары жэне тергеу изоляторлары, оларды таситын арнаулы көлік қүралдары, арнайы жабдыкталған сот мэжілісінің залындағы орындар, прокурордың, тергеушінің, анықтама жүргізушінің кабинеттері жатады.
Қамау орындарына — арнаулы қамау үйлері жатады.
Қылмыстық құкық бұзушылық құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады жэне ол көрсетілген орындардан кінэлінің қашқан уакытынан бастап аяқталған деп саналады.
Бас бостандығынан айыру, күзет немесе қамау орындарынан қашу созылмалы қылмыстық кұқык бұзушыльщка жатады. Олар қашқындарды ұстаған немесе олардың кінэсін мойындап өздері келген уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Әкімшілік жолмен қамауға алынғандардың іс-эрекеті Қылмыстық кодекстің 426-бабына жатпай-ды. Сондай-ақ заңсыз бас бостандығынан айыру, күзет немесе қамау орындарында отырғандардың (мысалы сот үкімінде белгіленген мерзімнен артық отырғандар) өз бетін-ше осы орындардан кету кашуға жатпайды, өйткені олардың іс-эрекетінде қылмыстық кү_қық бүзушылык қүрамы жоқ.
Субъективтік жағынан қылмыстық кұқық бұзушылық тікелей қасақаналықпен істе-леді. Кінәлі адам заңсыз, негізсіз, тиісті рұқсатсыз бас бостандығынан айыру, тұтқындау, қамау орындарын өз бетінше тастайтынын сезеді жэне осы орындардан қашуды тілейді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың мақсаты - қылмыстық жауаптылықтан немесе жа-заны өтеуден жалтару.
Қылмыстық қүқық бұзушылыктың субъектісі — 16-ға толған бас бостандығынан айыру жазасын алып сотталған жэне осы жазаны өтеп жатқан адам, алдын ала камауда отырған сотталушы, айыпкер немесе күдікті адам.
ҚК-тің 426-бабының 2-тармағында көрсетілген эрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) өмірге немесе денсаулықка қауіпті күш қолданылып, не осындай күш қолдану қатерін төндіріп;
в) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттар қолданылып жасалса - осы қү-рамның ауырлататын түрі болып табылады, ол үшін ҚК-тің 426-бабының 2-тармағында жауаптылық көзделген.
Екі немесе одан да көп адамның сөз байласып көрсетілген орындардан қашуы, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қашуы деп танылады.
Өмірге немесе денсаулықка қауіпті күш қолданып не осындай күш қолданамын деп қорқытумен үлггаскан қашуға заңда көрсетілген орындардың қызметкерлеріне эр түрлі жарақат келтірумен, өлтірумен, немесе соны істеуге бағытталған нақты эрекеттерді жа-сау жатады. Мұндай реттерде кінэлінін эрекеті қьілмыстық қүкық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша сараланады.
Қару немесе қару ретіндегі заттарды пайдаланып қашуға шын қаруды немесе қолдан жасалған: денені жарақаттауға бейімделген қаруды, аспаптарды қолдану арқылы қылмысты эрекетті жүзеге асырулар жатады. Атылатын қарулардың болу іс-эрекеті қылмыстық күқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралауды қажет етеді.
Осы баптың ескертуіне сэйкес: қашқан сэтінен бастап жеті күн мерзімде қамауға алу немесе күзетпен үстау орнына өз еркімен қайтып оралған адам, егер өзге жаңа қылмыс жасамаса жэне қашуы осы баптың екінші бөлігіндегі 2) жэне 3) тармакшаларында көзделген эрекеттермен ұштасып жатпаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.