Дәріс тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.

Дәріс жоспары:

1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: Ту, Елтаңба, Әнұран (1992ж.).

Әнұранның жаңа мәтінін бекіту (2006 ж.). Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасуы және дамуы» еңбегі (1992ж.).

2. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).

3. Қазақстан халықтары Ассамблеясын (ҚХА) құру. ҚХА тұңғыш сессиясы, оның шешімдері.

4. Астананы Алматыдан Астанаға көшіру, 1997ж.10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу. «Жүз жылға тең он жыл» - Н.Ә.Назарбаевтың 2001ж. 16 желтоқсанда Астанада тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі.

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары:: Ту, Елтаңба, Әнұран (1992ж.).Әнұранның жаңа мәтінін бекіту (2006 ж.). Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасуы және дамуы» еңбегі (1992ж.).1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік ТУ, Елтаңба, Қазақстан Республикасының Әнұраны бекітілді.

Ту Президенттің «Қазақстан Республикасының рәміздері туралы» Жарлығы бойынша , ол көгілдір түсті, тік төртбұрышты матадан жасалынған, ортасында нұр шашып тұрған күн, оның астында қанат жайған қыран бейнеленген. Тудың сабының тұсын ұлттық өрнекпен нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Сондай-ақ ұлттық өнер нақышын көрсететін ою-өрнек салынған, Күн, оның сәулесі, бүркіт және оюлар алтын түстес болып келеді. Тудың аспан тәрізді көк түстен жасалуы көшпенділердің тегін, бейбітшілікті, тыныштықты білдіреді. Күн бейнесі өмір нәрін, байлықты, молшылықты бейнелейді. Қыран бостандықты , намысты, ерлікті, биік арман-мұратты оймен ұштастырады. Тудағы қошқармүйіз оюы- қазақ жеріндегі ежелден келе жатқан көшпенділерге тән ою-өорнек.

Елтаңба. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей тарап шаншылған, оны аңыздардағы пырақты аттар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Киіз үй-көшпенділер мәдениетінің сыйы. Шаңырақ-қазақ халқы үшін айрықша қастерлі ұғым. Ол-Қазақстанды мекендейтін барлық адамдардың ортақ отбасының , ортақ үйінің нышаны. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле-жаладан, қауіп-қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады. Ортақ мүйіз-қасиетті Отанымызға қалтықсыз қызмет ету идеясын білдіреді. Жұлдыз-барлық бес құрлықтағы мемлекеттермен, халықтармен ашық қарым-қатынас жасауға деген ұмтылыстың белгісі.

Әнұран 2006 жылғы 7 қаңтарда композитор Шәмші Қалдаяқовтың музыкасына және Жұмекен Нәжімеденовтың сөзіне жазылған көпшілікке кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» әні (1956жыл) Қазақсатн Респубдикасының Әнұранына айналды, оған әнді Мемлекеттік әнұран мәртебесіне сәйкес келтіретін өзгерістер енгізілді. Мәтінге түзетуді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев енгізгендіктен ол мәтіннің теңавторы ретінде көрсетілді. Сонымен қатар Әнұранды орындау ережелері де өзгертілді. Бұдан былайғы жерде Әнұран ресми рәсімдерде орындалған кезде қатысушылар орнынан тұрып, оң қолының алақанын сол жақ кеудесіне қоюға тиіс деп ұйғарылды.

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасуы және дамуы» еңбегі (1992ж.).1992 жылы мамырда Президент н:ә: Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын» жариялады. Онда Президент: «Біз марксизм-ленинизмнің тұманды жобасымен «жарқын болашақ» құрудан бас тартамыз. Бірақ бұл алдымызда болашақ жоқ деген сөз емес. Нақты мақсат болмайынша адам да, билік жүйесі де, қоғам да өмір сүре алмайды»,- деп, нақты тұжырымдарын жасады.

Қазақсатан дамуының тұжырымдамалық моделі ашық қоғам, демократиялық бебіт сүйгіш мемлекет құруды көздейді. «Қазақстанда либералды да немесе халықтық капитализм де, таза немесе жаңартылған социализм де болмайды, қарапайым көп укладты рыноктық экономикасы бар демократиялық қоғам болады...». Одан әрі Қазақстанға сипаттама беріліп, оның даму ерекшелігі көрсетілді: дамыған елдерге тән белгілері-халықтың жалпы білімділігі, кең көлемдегі ғылыми-зерттеу мекемелері, ғарыштық зерттеулердің жүргізілуі; дамушы елдерге тән белгілері-экономиканың шикізаттық бағыты, экологияның ластануы, шетел инвестициясы мен жаңа технологияға деген сұраныс, инфрақұрылымның артта қалуы. Бұған қоса Қазақстан ауқымды территориясымен, оның құрлықтың ортасында орналасуымен, табиғи байлықтың мол қорымен, халықтың көп ұлтты құрамымен ерешеленеді.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993ж.). Қазақстан Республикасында қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995ж.). Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).

1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз, егеменді Қазақстан мемлекетінің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Ол жаңа тәуелсіз мемлекеттің орнауында және Республика заңдарының қалыптасуында белгілі бір тарихи рөл атқарды.

Конституцияда жердің заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін екені көрсетілген. Осы ережеге сәйкес жер кодексі қабылданды, онда жердің жеке меншікке берілуі көзделді.

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. Конституцияда азаматтық алу және оны тоқтату туралы, азаматтардың жеке басылық , экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ олардың міндеттері туралы нормалар баяндалған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың материалдық, саяси және заңнамалық кепілдіктеріне, сондай-ақ ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Қос азаматтықа жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік органдар жүйесін, олардың өкілеттіктерін орнықтырды. Олардың бәрі бірыңғай мемлекеттік билікті құрайды.Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде жүзеге асырылады.

Ұлттық Валютаның енуі (1993ж.).Тарихи өзгерістердің ішінде егеменді мемлекетіміздің маңызды оқиғаларының бірі - Президент Н.Ә. Назарбаевтың 1993 жылы 12 қарашада «Ұлттық валютаны енгізу» туралы жарлығы шығып, соған байланысты еліміздің аумағында заңды төлемақы түрі ретінде ұлттық валютамыз-теңге енгізілді. Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның беделі халықаралық деңгейде көріне бастады. Республика өзінің сыртқы саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді шаралар жүргізді.

Наши рекомендации