Бап. Азаматтың салық төлеуден жалтаруы
Азаматтың декларация табыс етуі міндетті болып табылатын жағдайларда табыстары туралы декларация табыс етпеу арқылы не декларацияға немесе салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы не салық салынуға тиісті мүлкі туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы, егер бұл әрекет ірі мөлшердегі салық немесе міндетті төлемдер төлемеуге әкеп соқса, - екі жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жүз сексен сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салына отырып немесе онысыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бұрын салық төлеуден жалтарғаны үшiн сотталған адам жасаған дәл сол әрекет - бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы бес жүз айлық есептік көрсеткіштен асса, азаматтың салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
Бап. Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару
Декларация табыс ету міндетті болып табылатын жағдайларда жиынтық жылдық табыс туралы декларацияны табыс етпеу не декларацияға немесе салықты немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеумен немесе төлеумен байланысты өзге де құжаттарға кірістер немесе шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы, не салық салынатын басқа да объектілерді немесе өзге де міндетті төлемдерді немесе ұйымның нақты тұрған жерін жасыру арқылы ұйымдарға салынатын салықтарды немесе мемлекеттік бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл әрекет салық немесе өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, - бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салынып не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген салық немесе міндетті төлемдер сомасы екі мың айлық есептік көрсеткіштен асса, ұйымның салық немесе мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлемеуі ірі мөлшерде жасалған деп танылады.
Дәріс. Салықтық жоспарлаудың құқықтық негіздері
Жоспар:
Салықтық жоспарлау ұғымы.