Инвестицияны қаржыландыру көзі ретіндегі қысқа мерзімді несиелеу

Ақша қаражаттарын клиентке айналым активтерінің қозғалысын құру және ұйымдастыру, соның ішінде жалақыны төлеумен байланысты мақсаттарға беру қысқа мерзімді кезеңде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бір варианты болып табылады. Несиені алушылар заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер болуы мүмкін. Резидент еместер несиені егер олар инвесторлар болған жағдайда ала алады, ал несие инвестициялық мақсаттарға беріледі. Несие есебінен нақты келісім-шарттар төленеді және ақша клиенттің қарыз шотынан өнімнің (тауар, жұмыс, қызмет) жабдықтаушысына бағытталады. Несие қолма-қолсыз нысанда беріледі. Қолма-қол ақшада несие жалақыны төлеу үшін беріле алады. Несиені пайдалану үшін төлем күнделікті қалдыққа есептелетін пайыздарда бекітіледі. Пайыздар әр ай сайын алынып отырады. Несиені пайдалану бойынша пайыздарды клиент өзіндік құнға қосады. Қаржыландырудың ерекше тәсілі факторинг болып табылады. Факторинг банктің клиенттен өзінің төлеушілеріне берген төлем талаптарын сатып алатын мәмілені білдіреді. Төлем талаптарын сатып алу дисконтпен жүзеге асырылады. Вексельдік несиелеу екі вариантта болуы мүмкін – төлемді ұзартумен вексельді сату және вексельдік заем. Бірінші жағдайда банк клиентке вексельді (өзінің эмиссиялаған немесе сатып алған) оның төлемін ұзартумен белгілі мерзімге сатады. Екінші жағдайда клиентке белгіленген мерзімде немесе сол мерзімде банкке беру арқылы клиенттің банкке қайтаратын вексель (қарыз беру келісім-шарты бойынша) беріледі. Вексельдік схемалар келесі себептер бойынша жақсы: біріншіден, төлемді ұзарту үшін төлем несие бойынша ставкадан төмен болуы мүмкін, себебі ақша қаражаттарының қозғалысы қажет етілмейді; екіншіден, вексельдік несиелеу кезінде несие беру кезінде белгіленген бірқатар шектеулерден бас тартуға мүмкін, мысалы, клиенттің балансы бойынша несиені материалдық қамтамасыз ету. Төлем мерзімін ұзарту белгіленетін мерзім (немесе заемға берілген вексельді қайтару мерзімі) ешқандай нормативтік құжаттармен шектелмейді. Сондықтан мерзімдер банктің өзімен бекітіледі. Қысқа мерзімді несиелеудің негізгі түрлері:-айналым қаражаттарын толықтыруға алынатын несиелер;-сауда-сатып алу қызметіне алынатын несилер;-әрекеттегі келісім-шарттарды жүзеге асыруға алынатын несиелер.

Қысқа мерзімді несиелеудің негізгі түрлері.айналым қаражаттарын толықтыруға алынатын несиелер ;сауда –сатып алу қызметіне алынатын несиелер ;келісім шарттарды жүзеге асыруға алынатын несиелер Несие бойынша проценттік қойылым қарыз алушының қаржылық жағдайын ,несиенің қамтамасыз етілу өтімділігінің деңгейін,клиенттің банкте ашылған шоттары бойынша айналымдардың көлемі мен тұрақтылығын ,несиелік тарихы және басқа шарттарды есепке алғанда бекітіледі.Төменде несиені беру бойынша мумкіндікті қарастыру мақсатында банкке ұсынылатын құжаттар тізімі :1)Несиелік тапсырыс.Несиенің мөлшері ,мерзімі,мақсатты пайдалануы ,ұсынылатын несиенің қамтамасыз етілуі және жоспарланатын өтеу көздерін міндетті көрсетумен еркін формада құрылады. 2)Құрылтайшылық және тіркеу құжаттары ,олар белгіленген тәртіпте расталады:құрылтайшылық келісім шарт;жарғы ;мемлекеттік тіркеу туралы құжат;лицензиялауды талап ететін жузеге асырылатын қызметтің түріне арнайы рұқсат (лицензия );бас директорларды және бас бухгалтерді тағайындау туралы бұйрық;ұйымның қолдары мен мөрінің үлгілері бар карточка (ол нотариалды және қызмет көрсететін банкпен расталады)3)Бухгалтерлік есеп :жылдық қаржылық есеп ;бухгалтерлік баланс аудиторлық қорытындылар4)Қызмет көрсететін банктен анықтама ,ол жерде шоттар бойынша әр ай сайынғы айналымдар және міндетті әр ай сайынғы төлемдер туралы ақпарат болады.5)Техникалық –экономикалық негіздеме ,бұл жерде өтелу мерзімі және несиені қайтару ақпараттары беріледі ,ол келесілерді көрсетуі қажет:клиент қызметінің негізгі түрлері ұсынылатын несиенің мақсаты :есептік мерзімдер және өндірістінің құны ;өткізу нарығын талдау несиелеуге қарастырылатын мәміленің толық қаржылық есебі несиелік жобаны жузеге асырудан кутілетін пайданың және барлық төленетін салықтардың есебі.6)Келісімшарттар ,ол несиеленетін мәміледен шығады:несиеленетін тауарлық –материалдық құндылықтарды сатып алу және өткізу бойынша кесісімшарттар;тауарлық –материалдық құндылықтарды сақтау ,тасымалдау сақтандыру және т.б. мақсаттарда қарыз алушымен жасасқан келісімшарттар.белігілі тауар топтамаларына және жұмыстарды жүргізуге рұқсат беретін құжаттар .7)Несиенің қамтамасыз етілуі.Несиені қамтамасыз етумен (кепілдеме ,банктік кепілдеме) байланысты құжаттардың толық жиындығын ұсыну кажет.Клиенттің (қарыз алушының)өзі ,сонымен бірге клиенттің міндеттемелері бойынша жауап бере алатын үшінші тұлға кепіл беруші бола алады .8)Клиенттің несиелік тарихын сипаттайтын құжаттар –есептелген пайыздарды есепке алғандағы бұрын берілген несиеледі өтеу және ұсынуды растайтын құжаттардың көшірмелерін беру.9)Басқа ақпараттар банктің немесе клиенттің көзкарасы бойынша қысқа мерзімді несиені беру туралы мәселелерді қарастыру үшін қажетті ақпарат болып табылады.

Наши рекомендации