Университет – білім ордасы
Менің мамандығым Университет – білім ордасы. Мен таңдаған мамандық.
Тапсырма. Берілген мәтінді әңгімелеуге дағдыланыңыз.
Мамандық
Өмірде мамандық түрлері өте көп. Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетіміз барлық салада жан-жақты өсу үстінде, соған орай, жаңа маман иелері пайда болуда. Мысалы, мұғалім, экономист, есепші, заңгер, инженер, агроном, қаржыгер, дәрігер тағы басқа...Соңғы жылдары экономика саласында: менеджер, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, кеденші; ауыл шаруашылық саласында: кәсіпкер, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруші, биотехнолог; сонымен қатар іс жүргізуші, саудагер, бағдарламашы, аудармашы, бизнесмен тағы басқа...
Әр маман өзінің білімін іс-тәжірибеде көрсетеді. Жан-жақты, білікті, тәжірибелі маман болу – ол көп жылдар еңбек өтілімінің жемісі.
Жақсы, білікті маман дегеніміз – білімді, білімділік жағынан жан-жақты қаруланған, өз ісін жақсы білетін және әрқашан ізденетін, жаңашыл, сонымен қатар мемлекеттік тілді жетік білетін адам болуы тиіс. әрине, осы аталған қасиеттермен бірге әр маманның, (студенттің) бойында инабаттылық, сыпайылық, мәдениеттілік, тыңғылықтылық, тиянақтылық, жауаптылық, зиялылық болуы тиіс.
Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі болу үшін, алдымен жоғары оқу орнына түсу керек. Мысалы, мұғалім, болу үшін, пединститутта оқу керек, дәрігер болу үшін, мединститутта оқу керек, ал, заңгер, инженер, биолог, қаржыгер, агроном болу үшін университетте оқу керек.Сатушы, бақташы, сауыншы, үй жинаушы, еден жуушы, аула сыпырушы, күтуші сияқты мамандық иелеріне оқудың қажеті жоқ.Қазіргі кезде мемлекеттік тілді және шет тілді жақсы білетін сәулетші, экономист, кеденші, ұщқыш, мұнайшы, бағдарламашы мамандықтары жоғары сатылы және оларға сұраныс көп.Жақсы маман болу үшін, біріншіден жақсы оқу керек және өз мамандығыңды терең меңгеріп, тәжірибе жинақтау керек.
1-тапсырма.Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.
Өмірде қандай мамандық түрлері бар? Соңғы жылдары қандай мамандық түрлері пайда болды? Қазіргі кезде қандай да бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек? Қандай мамандық иелері оқуды қажет етпейді? Қазіргі кезде қандай мамандық иелері жоғары сатылы және қандай мамандыққа сұраныс көп? Жақсы маман болу үшін, не істеу керек?
2 - тапсырма. Көп нүктенің орнына жіктік жалғау жалғап , сөздерге көңіл бөліңіз.
Мен саясаткер... . Мен бағдарламашы... . Сіз дипломат... . Сіз бастык..... . Сіздер тыңдаушылар.... . Олар - хатшылар... . Ол - әкім... . Сендер қызметкерлер.... . Біз инженерлер..... . Сендер есепшілер.... .
Сіз мамандық атауын білесіз бе?
Хатшы - секретарь
Багдарламашы - программист
Есепші - бухгалтер
Аудармашы - переводчик
Сәулетші - архитектор
Тілші - корреспондент
Ұшкыш - летчик
Тергеуші - следователь
Әртіс - артист
Кәсіпкер - предприниматель
3 - тапсырма Мамандық атауларын қолданып, Сіз кімсіз? сұрағына жауап беріңіз.
Үлгіі: Сіз кімсіз? Мен заңгермін.
Үлгі Сіз заңгерсіз бе? -Жоқ, мен заңгер емеспін, мен эконмиспін.
4-тапсырма. Берілген сұхбатты толықтыра отырып, сұхбаттан монолог құрастырыңыз.
Менің болашақ мамандығым
-Қазіргі кезде қандай мамандықтарға сұраныс көп?
-...................................................................................................................................
-Сіздің болашақ мамандығыңыз кім?
-....................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңыз қай салаға жатады?
-...................................................................................................................................
-Сіз осы мамандықты неге таңдадыңыз?
-....................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңыздың қандай ерекшелігі бар?
-....................................................................................................................................
-Сіз осы мамандықта неше жыл оқисыз?
-...................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызды жақсы меңгеру үшін, қай пәнді жақсы білу керек?
-..................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызбен мемелекеттік мекемеде және тағы қайда жұмыс істеуге болады?
-...................................................................................................................................
-Сіздің мамандығыңызға қандай тілдерді жетік білу керек?
-....................................................................................................................................
-Білікті, білімді маман болу үшін не істеу керек?
-....................................................................................................................................
-Сізге өз мамандығыңыз ұнай ма?, неге?
-...................................................................................................................................
Тапсырма. Берілген мәтінді аударып әңгімелеңіз.
Университет – білім ордасы.
Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқимын. Мен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетініңіргетасы 1939 жылы қаланды. Сол кезде университет «Мұғалімдер институты» деп аталған. Ең алғаш математика, физика, тарих, география факультеттері ашылған. Оқу ордасы университет мәртебесін 1993 жылы алған. Ахмет Байтұрсынов есімі 1996 жылы берілді.Университет мәртебесін алғаннан кейінгі бірінші ректор белгілі АкадемикЗұлқарнай Алдамжар болған.
Ахмет байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универстеті – Қазақстан Рспубликасының солтүстік өңірінің білім беретін жетекші, ғылыми, әдістемлік және мәдени орталығы.
Универстеттің 7 факультетінде сегіз мыңнан астам студенттер мен магистранттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқиды.
Оқу-тәрбие үрдісін жоғары білікті професорлық-оқытушылар құрамы жүзеге асырады. Универстеттің 35 кафедрасында екі жүзден астам ғылыми атақтары мен дәрежесі бар оқытушылар сабақ береді, оның жиырмасы – ғылым докторлары.
Біздің университет еліміздің академиялық еркіндігі бар ЖОО-ның тізіміне кіреді, білім берудің барлық деңгейі бойынша дайындық жүргізеді, пән таңдаудың кең ауқымы мен оқытудың қолайлы үлгісі бар. Сонымен қатар бәекеге қабілетті мамандарды ойдағыдай дайындау үшін жаңа мультимедиялық және нтернет-технологияларды пайдалану арқылы қазіргі білім беру технологиялары кеңінен қолданылады.
Ең жаңа талаптармен жабдықталған «Білім орталығы» ақпараттық-білі беру орталығы униврситетіміздің мақтанышы. Мұнда студент пен оқытушы үшін, қажеттің бәрі: оқу және ғылыи әдебиеттің, мерзімдік басылымның бай қоры, тамаша материалдық-ткхникалық база, осы заманғы компьютерлік және оргтехника, Интернет-зал, әдеби қонақжай бөлме, жұмыс істеу үшін жеке кабиналар бар.
Жыл сайын Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Ресей мен алыс шетелдердің қатысуымен шамамен 5 халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Әр жылда университет оқытушылары екі-үш докторлық және жиырмаға жуық кандидаттық диссертация қорғайды.
Университетте 7 факультет бар, 9000-ға жуық студент оқиды. Университетте сабақ кредиттік жүйемен, бекітілген сабақ кестесі бойынша 50 минуттан өткізіледі. Университетте 37 кафедра бар, 160-тан астам ғылыми атақтары мен дәрежелері бар оқытушылар, 40 ғылым докторлары мен профессорлар дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді. Университет 35-тен астам мамандық дайындайды. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – Қазақстанның солтүстігіндегі алдыңғы қатарлы, аймақтық университеттердің бірі.