Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница

4.
Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.

5.
Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.

6.
Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.


Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

1.
Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.

2.
Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.

3.
Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.

4.
Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.

5.
Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.

6.
Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.

Нарықтық тәуекелдердің келесі лимиттері қарастырылады :

• Мемлекеттер бойынша лимиттер

• Административті бірліктерге лимиттер

• Контрагенттерге лимиттер

• Эмитенттерге лимиттер

• Портфельдерге құрылымдық лимиттер

• Андеррайтингтік операцияларға лимиттер

• Кепіл операцияларына лимиттер

• әрбір валюта бойынша ашық валюталық позиция деңгейі

• Қымбат металдар үшін ашық позиция деңгейі

Негізгі (ағымдағы) қызметтің табыстары мен шығындары. Негізгі қызметтен алынатын кіріс тауарлық материалдық запасты сатудан,қызмет көрсетуден,сондай ақ негізгі қызметке байланысты сыйақы,дивиденд,гонорар мен рента түрінде алынуы мүмкін. Даяр өнім – негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Даяр өнімнің өндірісі аяқталуы,жинап толықтырылуы,сонымен бірге ол стандартқа немесе техникалық шартқа сәйкес келуі тиіс. Бухгалтерлік есепте даяр өнімді бағалаудың бірнеше түрі қолданылады.кіріс бухгалтерлік есептің №5 «Кіріс» стандартына сәйкес саналады. Субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінен алынғанкіріс оның жиынтық кірісін құрайды. Негізгі қызметтен алынатын кірістің есебін жүргізу «Негізгі қызметтен алынған кіріс» деп аталатын 7-шағын бөлімнің шоттарында ұйымдастырылады. Осы топқа кірістің мына түрлері кіреді: 1.Өнім сатудан,орындалған жұмыс пен тарапқа көрсетілген қызметті сатудан алынған кіріс. 2.Сатып алынған тауарды сатудан алынған кіріс. 3.Құрылыс монтаж, жобалау, іздестіру, геологиялық барлау, ғылыми іздестіру және т.б жұмысты сатудан алынған кіріс. 4.Жүкті және жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтен алынған кіріс. 5.Мүлікті жалға беруден алынған кіріс. 6.Байланыс кәсіпорынның қызметінен алынған кіріс. 7.Сақтандыру компаниясының қызметінен алынған кіріс. 8.Негізгі қызметтен алынған өзге кіріс. Өнім өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын - бұл шығын негізгі және айналым капиталын,сондай ақ еңбек ресурсын тиісті мақсатта пайдаланумен байланысты. Ол өнімді,жұмысты,қызметті сатудан түсетін түсіммен өтеледі. Шығыс бухгалтерлік есепте түсім,операциялық немесе өзге кіріс алу ниетіне және шығысты жұмсау нысанына қарамастан сол есепті кезеңде жұмсалады деп танылады. Ұйымның шығысы деп – активтің істен шығу нәтижесінде экономикалық пайданың кемуі және қатысушылардың шешімі бойынша салымның кемуін қоспағанда,осы ұйымның капиталының кемуіне әкеп соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы танылады. Бухгалтерлік есепте мыналар шығыс ретінде танылмайды: 1.Айналымнан тыс активті сатып алумен байланысты шығыс. 2.Басқа ұйымның жарғылық капиталына салынатын салым. 3.Акционерлік қоғамның акциясын және өзге де бағалы қағаздарды қайта сату мақсатында емес сатып алу. 4.Комиссия шарттары,агенттік және комитенттің,принципалдың және т.б пайдасына өзге осындай шарт бойынша жұмсалатын шығыс. 5.Материалдық өндірістік запасты және өзге де құндылықты жұмысты,қызметті алдын ала төлеу. 6.Ұйым алған кредитті,қарызды өтеу. Негізгі қызмет бойынша негізгі құрал жабдықтың,материалдық емес активтің және амортизациялық аударым түрінде жүзеге асырылатын өзге деамортизацияланатын активтің құнын өтеу де шығыс болып саналады. Негізгі қызмет бойынша жұмсалатын шығыс бухгалтерлік есепте ақшаға шағылған,ақшалай немесе өзге нысандағы төлем мөлшеріне немесе кредиторлық берешектің мөлшеріне тең сомада қабылданады. Негізгі қызмет бойынша шығыс мынадан қалыптасады: 1.Шикізат,материал,тауар мен өзге де материалдық өндірістік запас сатып алумен байланысты жұмсалатын шығыстан; 2.Өнім өндірісі,жұмыс орындау,қызмет көрсету және оларды сату мақсатында материалдық өндірістік запасты қайта өңдеу процесінде пайда болатын шығыстан; 3.Тауар сату процесінде пайда болатын шығыстан; 4.Коммерциялық шығыстан басқарушылық шығыстан; 5.Басқарушылық шығыстан. Негізгі қызмет бойынша шығысты қалыптастырғанда оны шығын мен шығыстың мына элементтері бойынша топтау қажет: Материалдық шығын; Еңбекақыға жұмсалатын шығын; Әлеуметтік қажетке жұмсалатын шығын; Амортизация; Өзге шығын. Бухгалтерлік есепте басқару мақсатында шығын баптары бойынша есеп ұйымдастырылады. Ұйым шығын баптарының тізбесін дербес белгілейді.

Негізгі капиталды пайдаланудың экономикалық тиімділігі. .Мемлекеттің ұлттық байлығының маңызды және қажетті бөлігі бола отырып, өндірістің техникалық деңгейін, материалдық базасын сипаттайтын негізгі капитал. Негізгі капитал материалдық-заттық құрамы бойынша ҚР Салықтық Кодексіне сәйкес бекітілген активтерді ұсынады. Бекітілген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ескерілетін негізгі құралдар және материалдық емес активтер. Бух. Учет ОС 6 стандартына әдістімелік кепілдемелердің сәйкес негізгі капитал бір жылдан артық қызмет еткен және бағасы 50 МРП болатын, материалдық және материалдық активтерге кіретін негізгі құралдармен сипатталады. А) материалдық активтер. 1.Негізгі құралдар немесе негізгі фондтар (ғимарат, құрылыс, жұмыстық және күштік машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші приборлар мен құрылғылар, есептегіш техника, транспорттық құралдар, инструмент, өндірістік және шаруашылық инвентарь, көп жылдық өндіргіштер).2.Аяқталмаған капиталдық салымдар. 3.Монтажға арналған құрылғылар. 4.Ұзақ мерзімді қаражаттық салымдар. 5.Сыртқы айналым активтерінің басқа түрлері.Б) материалдық емес активтер - кәсіпорынның балансынан бөлінген заттық формасы жоқ, оларға төмендегілер жатады:1.Іскерлік және ұйымдастырушылық шығындар (заңгердің біліміне байланысты жұмсалатын шығындар). 2.Интеллектуалды меншіктің нысандары (интеллектуалды іскерліктің нәтижелеріне ерекше құқық). 3.Пайдалы моделге, өнеркәсіптік үлгіге, өнертапқыштық патентіне ие боушының ерекше құқығы. 4.ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларына, мәліметтердің базасына ерекше авторлық құқық. 5.Тауарлық белгіге және қызмет ету белгісіне иесінің ерекше құқығы, тауардың шығару орны және атауы.«Гудвилл» - жалпы мүліктік кешені ретінде кәсіпорынның нарықтық бағасымен, оның мүмкіншілігіне байланысты түзілген баланстық бағасы арасындағы айырымы. Тауарлық нарықта басым бағыттағы аса тиімді басқару жүйесін қолдану арқылы кірістің (орташа салалардың деңгейімен салыстырғанда) аса жоғары деңгейін алу, жаңа технологияларды қолдану және т.б. Кәсіпорынның басқада мүліктік бағалылықтарының ұқсас түрлері:Өнімді өндірудің процесінде алатын ролі бойынша активті және пассивті негізгі фондтар болып бөлінеді. Активті негізгі фондтар тауарларды өндіру, жұмыс жасау немесе қызмет ету процестерінде тікелей қатысады. Бұл машиналар, құрылғылар, беріліс құралдары, естегіш техникасы, бақылаушы-өлшеуіш және реттейтін приборлар, транспорттық құралдар. Пассивті негізгі фондтар өндірісте тікелей қатыспайды, бірақ өндіріске қажетті жағдайларды жасайды, оларға ғимараттар, құрылыстар т.б. жатады. Негізгі құралдар төменгідей ақшалық бағалауға ие:1.бастапқы бағасы - бухгалтерлік есепке қабылдануы бойынша. 2.қалпына келтірілетін бағасы - моральдық тозуды және қайта бағалауды ескере отырып, қайта өңдеу периодында өтетінін көрсетеді. 3.қалдық бағасы - тозуды алып тастағандағы негізгі фондтардың бастапқы немесе қалпына келтірілетін бағасын көрсетеді.Қосымша бағасына салықты және басқа да орнын толтыратын салықты ескермей, шаруашылық етуші субъектісінің құрылысқа, жасауға, алуға кетірген шығындардың қосындысы негізгі құралдардың бастапқы бағасы болып табылады. Негізгі құралдардың біртипті нысандары әртүрлі уақытта және әр түрлі бағаға алынуы мүмкін болғандықтан, қайта бағалау арасындағы балансында негізгі құралдардың аралас бағасы ескеріледі. Салыстырмалы бағалауға ауысу үшін негізгі құралдарды қайта бағалау жүргізіледі. Негізгі құралдардың толық қалпына келтірілетін бағасы, яғни бағалауға ұқсас жаңа негізгі құралдарды алудың толық бағасы орнықтырылады. Бар тозған негізгі құралдарды сол сияқты құралдарға ауыстыру үшін, бірақ жаңа олардың бастапқы тозбаған күйіне толық келтіру үшін құрылыстық және жөндеу жұмыстары, қолданып отырылған материалдар, тауарлардың үстеме бағалары, транспорттық тарифтер және т.б. сол қайта бағалау уақытысында бағаланып отырылған кезде кәсіпорын қанша қанша шығын жұмсайтынын толық қалпына келтірілетін баға көрсетеді. Бұл негізгі құралдардың барлық түрлеріне байланысты.

Несие жүйесі түсінігі. Несие жүйесінің негізгі құрылымдық элементтері Несие жүйесі – бұл несие қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады.

Өркениетті мем-ң тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие-есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие-қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап, несиетің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.

Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай.

Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелерінің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды. Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады.

Несие жүйесі ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, аұша құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы өндіріс тиімділігінің өсуәне ықпал етеді. Несие жүйесінің рөлі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік қаражаттардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік ссудаларының үлесі, жалпы төлем айналым және т.б. Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылым бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызмет сипатына жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі несиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады: орталық банк, коммерциялық банк, мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және т.б.). Орталық банк – бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына қарамай кез келген елдің басты эмиссиялық, ақша–несие институты. Коммерциялық банк – ссудалық капитал нарығының әртүрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Мамандандырылған қаржы –несие мекемелері нарықтық экономикадығы несиелік жүйенің маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады.

Несиенің формалары мен атқаратын қызметтері. Коммерциялық және банктік несиенің ерекшеліктері Несиенің экономикадағы ролі мен орны, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады: -Қайта бөлу; -Айналыс шығындарын үнемедеу;-Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру; -Капиталдың шоғырлануын жеделдету; -Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету. Несиенің нысандары оның құрылымы мен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді. Несие нысаны – бұл несие қатынастарының сырттай нақты көрініс табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынысының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек. Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақшалай түріндегі несиені банктік деп атайды. Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады. Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білідреді. Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенеің бұл формасының басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу. Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме – вексель қолданылады. Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай: -Қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады; -Коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі; -Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты; -Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады; -Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады. Банктік несие –бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді. Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұраныс бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу. Негізінен несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.Несие экономикалық категория ретінде белгілі формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектіге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнғаҚатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерседе, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұның білдіреді. Несиенің екі негізгі формасы бар; Коммерциялық және Банктік. Коммерциялық несие-жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауарлары немесе көрсетілген қызыметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасы обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада; Қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты тауарларды өткізуді жылдамдату. Банктік несие-бұл банктердің арнайы несие қаржылық мекемелердің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Бос ақшалай капиталдар кез келген өңдіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады. Тоқыма фабрикасының иесі өзінің бос ақшалай капиталын банкке орналастыра алады, ал банк бұл капиталды машина құрылыс кәсіпорнына қарызға береді. Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызымет етеді, ал банктік несие несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинқтарын капиталға айналдыра отырып,капиталдың қорлануына қызымет етеді.

Облигацияларды бағалау. Қандай да бір қаржылық активтің құны – бұл осы актив тудыратын ақша ағымдардың келтірілген мәніне тең.

Облигациялар бойынша ақша қаражаттардың ағыны оның келісім шарттың касиетіне байланысты. Купондық облигацияларда ақша ағымдары пайыз төлемдерден және оны жабу мерзімі келгенде номиналын төлеуден құрылады. Өзгермелі купонды облигацияларда ағын өзгеріп отыруы мүмкін. Нөлдік купонды облигацияларда пайыз төлеу болмайды және тек қана номинал қалады.

Тұрақты купоны бар жай облигациялар үшін төлемдер графигі :

0 K d % 1 2 3 N

Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru

Обл INT INT INT INT

Бағасы М

Kd – табыстың нарықтық ссставкасы

N – облигацияларды жабуға дейінгі кезең саны

INT – жылдық пайыздар сомасы, доллармен =купон табыстылық * номинал

M – облигацияның номиналдық құны.

Облигациялардың құны=

Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru

Мысалы, 15 жылдық облигациялар

Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru

М=1 мың. долл.

Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru

Жарты жылдық купон болса, Бюджеттік кірістер. Қазақстан Республикасы мемлекеттік 4 страница - student2.ru

Наши рекомендации