Дұшпандықпен және достықпен қосылу. 5 страница
Кредит компания қызметін қаржыландырудың көзі ретінде. Кредиттердің түрлері. Қаржылық несие құрамында банктік несиенің ролі өте зор. Бұл несиенің бағыттары көп түрлі және мақсаттары да түрліше болып келеді. Банктік несие дегеніміз банктің клиентке белгілі бір пайыз бойынша белгілі бір уақытқа белгілі мақсатқа қолдану үшін беретін қаржысы. Банктік несие қазіргі кезде төмендегідей түрлерде беріледі:1)Жеке шаруашылық әрекеттерді атқару үшін бланкілі несие (қамтамасыз етілмейтін). Әдетте, бұл несиені шаруашылық субъектісіне есептік- кассалық қызмет көрсететін коммерциялық банктер береді. Бұл несие қамтамасыз етілмейтін болғандықтан шын мәнінде дебиторлық қарыздың мөлшерімен және осы банктегі есеп айырысу және басқа да есепшоттарымен қамтамасыз етіледі. Несиенің бұл түрі әдетте, қысқа мерзімді уақытқа беріледі. 2) Контокоррентті несие (“овердрафт”). Бұл несиені бергенде банк клиентке контокоррентті есепшот ашып, ол арқылы енсие және есепайырысу операциялары бірдей жүргізіле береді. Контокоррентті есепшот несие келісім-шартында көрсетілген конокорентті лимиттің ең жоғары мөлшерінен аспайтын несие көзі ретінде қызмет атқарады. Контокорентті есепшоттың кері қалдығы бойынша клиент банкке бекітілген несие пайызын төлейді; бұл жағдайда келісімшарт арқылы банк клиентке осы есепшоттың оң қалдығы бойынша депозиттік пайыз төлейтіні көрсетілуі керек. Түскен қаржының сальдосы және клиенттік конокорентті есепшоты бойынша төлем ақысының сальдосы келісімшартта көрсетілген несие төлемақыларының есепайрысу уақытының аралықтарында жүргізіледі. 3)Қарыздың ай сайынғы амортизациясымен бірге есептелетін мерзімдік несие.Несиенің бұл түрі әдетте айналымдық активтердің ауыспалы бөлігінің шаруашылық субъектілерінің мерзімдік қажеттіліктеріне сәйкес өсу кезеңінде қалыптастыру үшін беріледі. Оның ерекшелігі бұл несиені ай сайын қайтарумен бірге (ай сайынғы пайызымен бірге), несиелік келісімшартта негізіг қарыз суммасы бойынша ай сайынғы амортизация да ескеріледі. Бұндай қарыздың амортизациясының графигі мөлшері бойынша қаржыға деген мерзімдік қажеттіліктің төмендеу шегімен сәйкес келеді. 4)Несиелік линияны ашу. Келісімшартта несиенің мерзімі, енсие беру шарттары мен қажет болып отырған банктік енсиенің шекті суммасы көрсетіледі. Несиенің бұл түрінің артықшылығы сонда, ол қарыздық қаржылар тек қана нақты қажеттіліктер бойынша жұмсалады. Әдетте несиелік линия бір жылға дейінгі мерзімге ашылады. Банктік енсиенің бұл түрінің ерекшелігі, ол сөзсіз контрактілі міндеттеме арқылы орындалмайды және клиенттің қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда банк оның күшін жоя алады. 5)Револьверлік несие (автоматты түрде қалпына келтірілетін). Бұл несиенің түрі белгілі бір уақытқа берілетін несиелерге жатады және бұл кезеңде несиелік қаржыны бірнеше кезеңдер бойынша “таңдауға” және сонымен қатар міндеттемелерді толық немесе бөліп қайтаруға рұқсат етіледі. Несиенің бұл түрінің артықшылығы несиелік линияны ашумен салыстырғанда пайыздық ставка деңгейі жоғары болса да банк аз мөлшерде шектеулер қояды. 6)Онкольдік несие. Несиенің бұл түрінің ерекшелігі, ол несие алушыға оны пайдалану мерзімін көрсетпей-ақ беріледі (қысқа мерзімді несие беру шегінде), және оны кредитордың ең бірінші талабы бойынша жабуға міндеттеледі. Бұл несиені қайтарғанда әдетте мерзімдік жеңілдіктер арқылы қарастырылады (көбінесе үш күнге дейін). 7)Ломбардтық несие. Бұндай несиені шаруашылық субъектісі жоғары ликвидті акцияларды кепілдікке қою арқылы ала алады (вексельдер, мемлекеттік қысқа мерзімді облигациялар, т.б.), олар несиелендіру кезінде банкке тапсырылады. Бұл жағдайда несиенің мөлшері кепілдікке берілген активтердіңқұнының белгілі бір бөлігін құрауы керек. Әдетте, несиенің бұл түрі қысқа мерзімге беріледі. 8)Ипотекалық несие. Бұндай несиені ұзақ мерзімді несиелерді негізгі қаржыны немесе заттай мүлікті кепілге қою арқылы беретін банктерден (“ипотекалық банктердерден”) алуға болады. Өнеркәсіп орны өзінің мүлкін кепілге қоя отырып, оны банктің пайдасы үшін толық көлемде қамсыздандыруы керек. Бұл жағдайда банкте кепілге қойылған мүлікті өнеркәсіптің пайдалана беруіне болады. 9)Ролловерлық несие. Бұл несиенің түрі пайыздық ставкасы үнемі ауысып отыратын ұзақ мерзімді несиелердің түрі. 10)Концорциумдық (концорциалдық) несие. Қызмет көрсетуші банк өзінің клиентін несиелендіруге басқа банктерді тарта алады (бұндай несиелендіру операцияларын жүзеге асыратын банктердің одағы “концорциум” деп аталады). Клиент банкпен несиелік келісім-шартқа отырғаннан кейін банк басқа банктердің қаржысын жинақтап, қарызды қайтару үшін пайыз мөлшерін тиісінше бөле отырып несие алушыға береді. Банктік несиелендірудің түрлерінің көптігі мен түрліше жағдайлары бұл процесті тиімді басқарудың қажеттілігін анықтайды.
ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ
Қазақстан Рекспубликасының сақтандыру нарығына қатысушылар. ақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Сақтандыру нарығына кәсiби қатысушылар – өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий;
Сақтандыру брокерi – сақтанушының тапсыруы бойынша сақтандырушымен сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қатынастарда сақтанушының атынан өкiлдiк ететiн немесе өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты қызмет көрсету жөнiндегi делдалдық қызметтi, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру агентi – сақтандыру агенттерiнiң тiзiлiмiне енген және тапсырыс шарты негiзiнде бiр немесе бiрнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Актуарий - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажеттi төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығының қажеттi деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң, сақтандыру сыйлықақысы ставкаларының экономикалық-математикалық есептеулерiн жүргiзуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүргiзiп жатқан және жүргiзудi жоспарлап отырған сақтандыру түрлерiнiң пайдалылығы мен табыстылығын бағалауды жүргiзетiн, уәкiлеттi органның лицензиясы бар жеке тұлға;
Сонымен қатар сақтандыру нарығының қатысушылары болып сатушылар, сатып алушылар және делдалдар, ассоциациялар есептеледi. Сатушылар категориясын сақтандыру компаниялары құрайды. Сатып алушылар ретiнде сақтандырушы-жеке және заңды тұлғалар шыға алады. Сатушы мен сатып алушы арасында делдал ретiнде сақтандыру агенттерi және сақтандыру брокерлерi шыға алады.
2. Сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты, Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiнесәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi. Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
2) сақтандыру брокерi;
3) сақтандыру агентi;
4) сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы;
5) актуарий; 6) тәуелсіз актуарий;
7) тәуелсіз бағалаушы;
8) андеррайтер;
9) аджастер;
10) сюрвейер;
11) сақтандыру омбудсманы;
12) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі;
13) актуарийлер бірлестігі;
14) сақтандырумен байланысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Қазақстан Респубикасының қор биржасы. Қор биржасының қызметін ұйымдастыру қағидалары Бүгінгі таңда біздің елде Қор биржасының еуроазиялық федерацияның мүшесі және Қор биржаларының халықаралық федерациясының корреспондент мүшесі болып табылатын жалғыз Қазақстан қор биржасы (KASE) бар. Биржалық сауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр. 1997 жылдың басында Қазақстанда 3 қор биржасы болған: Орталық Азия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Қазақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын таңдау тендерінде Қазақстан қор биржасы мен Қазақстан Банкаралық қор биржасы жеңіске жеткен болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін тоқтатты. 1998 жылдың жазында Қазақстан Қор биржасы листингтік емес бағалы қағаздармен мәмілені тікелей баға белгілеу әдісі арқылы жасау үшін арналған сауда жүйесін іске асырды. Бұл республикадағы биржадан тыс нарықтық баға белгілеудің ұйымдастырылуын құру мәселесін шешті. ҚР ның «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңына сай қор биржасы – акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы ҚР ның мемлекеттік органдарына тәуелді емес. Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа биржалар қызметтің түрлеріне сай келмейді. Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды. Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жұргізе алатына қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығыц бар, сонымен қатарфилиалдар мен өкілдіктерді де аша алады. Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен айналыса алады:1Бағалы қағаздармен мәміле жүргізуге арнайы құрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну; 2Бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру; 3Бағалы қағаздарға баға белгілеу; 4Өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес беруші қызметін көрсету; 5Жеке талдаулық зерттеулерді жүргізу; 6Құқықтық қатынастар субьектілері арасында клиринг жүргізу. Экономикалық тұрғыда қор биржасы мына функцияларды атқарады: 1Баға белгілеуші – биржа экономикалық тұрғыда негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік береді. 2Бағаны болжау және ақпараттық-талдаулық – биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың даму үрдісін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады. 3Тәуекелді сақтандыру (мерзімді биржа мәмілелеріне ғана тән). 4Бағаны тұрақтандырушы функция – биржада бағаның ауытқуы амплитьудасы ескеріле отырып, күн сайынғы баға тербелісі анықталынады. Мұның аясынан тыс әрекет ету мүмкін емес. 5Қор биржасы кез келген заңды тұлға ретінде өз клименттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субьектісінің шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялық құпияны ашып қойған жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.
Қазақстан Респубикасының Ұлттық банкі – несие жүйесіндегі басты буыны Несие жүйесі – жалпы банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы. Несие жүйесі – бұл несие қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі. Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа несиелік мекемелердің, несиелік операцияларды жүзеге асыруды ұйымдастырудың құқықтық формалары мен тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастырудың екі жүйесі бар: банктік және банктік емес институтар шеңберінде. Қазіргі кезде несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер жүйесін жіктеменің негізі етіп алсақ, онда ұазіргі кездегі несиелік жүйенің үш элементін бөліп көрсетуге болады. -Орталық банк; -Ком.банк; -Мамандандырылған несие мекемелері. Шаруашылық буындардың ұсынатын несие қаржы қызметтерінің функционалдық мамандануы, көлемі мен нысанына сәйкес неселік жүйенің ядросын банктік жүйе құрайда, ал несие институттарының қызметін үйлестіруші ортақ орган болып – орталық банк есептеледі. Орталық банк – бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық, ұлттық банк деп аталуына тәуелсізке әкелген елдің ақша несие институты. Орталық банк- бұл «БАНКТЕРДІҢ БАНКІ» ол заңды және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клиенттері – ком.банктер және басқа несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтің ұйымдары. Орталық банк тікелей ықпал ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін банктік мекемелерге ғана қатысты орындайды. Орталық банк несиелік жүйенің басқа буындарына негізінен тек жанама ықпал етеді, ол неселік және ақшалай операциялардың, нарықтың әралуан секторларының, қаржы несие қызметтерінің өзара байланысынан көрініс табады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының құралдары Ақша-несие саясаты– бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге және жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді. АНС-ның мақсаты - инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, ҚР Ұлттық банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. =Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған): -несиенің бағасын (Р - сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;-коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу. =Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған): -ашық нарықтағы операциялар; -міндетті резервтік талаптар; -несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар. Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар. 2007 жылғы ҚР Ұлттық банкі мынадай операциялар бойынша ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгіеді: -ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі; -РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі; -банктерден таратын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі. Ең төменгі резервтік талаптар. Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады. Резервтік талаптар ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады. Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.
Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктерді лицензиялау, тіркеу және құру тәртібі.2004 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР екінші деңгейдегі банктері қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі ҚР Агенттігінің (Қаржылық қадағалау агенттігі) лицензиясы негізінде қызмет етеді. ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізуге үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады: 1Банк ашуға рұқсат алу; 2Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту; 3Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы. Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады: -рұқсат алу үшін беретін өтініші; -құрылтайшылық шарт (түп нұсқа); -банктің жарғысы (түп нұсқа); -банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама; -құрылтайшылар туралы мәліметтер; -құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін); -құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;-егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет; -егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;-банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде – бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.; -жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);-жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс); -жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс); -жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы(есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру),еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;-тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі; -нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер. Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Қаржылық қадағалау агенттігі рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде ҚР Әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс: -ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау; -жарияланған жарғылық капиталды төлеу. Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Қаржылық қадағалау агенттігі қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер қызметінің заңнамалық негіздері Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру банк заңдығының заңдық нормаларының жиынтығы, ҚР Конституциясы, Азаматтық, Салықтық кодекстері, басқа да жекелеген заңдар мен ҚР Ұлттық банкінің нормативтік актілері арқылы жүзеге асады. Негізгі банк заңнамасына 1995жылғы 30 наурызда қабылданған, 2003жылғы 1 қыркүйекте өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР Заңы, 1995жылғы 31 тамызда қабылданған, 2003 жылғы 1 қыркүйекте өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» ҚР Заңы мен кредиттік, валюталық операциялар, вексельдік айналым, банктердің банкроттығы, карточкалық төлемдер және басқа да жекелеген банк операцияларын реттейтін арнайы заңдар жатады. Банк заңнамасы банктердің жұмыс істеуінің заңдық нормаларын, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген опреацияларын ауқымын, бакн ашу, лецензия алу, жабу, қызметті реттеу, жауапкершілік пен бақылау тәртібін, комерциялық банктердің Ұлттық банкпен және клиенттермен қарым-қатынастарын анықтайды. Банк қызметі сондай-ақ барлық банктер үшін орындалуға міндетті ҚР Ұлттық банкінің нұсқаулары, ережелері, өкімдері арқылы да реттеліп отырады. Заң барлық банктерге, барлық банк түрлеріне арналған әмбебеп заң болып табылады. Екінші деңгейдегі банктерге арналған заңның күші бір арнаға түсірілген. Бұл меншік түріне, заңдық мәртебесіне, қызмет сипатына, орындайтын операциялар тізіміне, т.б.қатысты түрлі банктердің болуын жоққа шығарады дегенді білдірмейді. Керісінше, заң оларға бірыңғай талаптар қойып, бірдей жағдайлар жасайды. Бұл заң банк қызметін либералдандыруға, артық төрешілікті, қызметкерлердің субъективизмін болдырмауға бағытталған. Онда түрлі шектеулер алынып, банктерді, филиалдарды, ЕКБ-лерді, өкілдіктерді, еншілес банктерді құруға, лицензия алуға қажет құжаттар тізімі қысқартылған.