Кесте. Қошқар ұрығын тоңазытуға арналған синтетикалық ортаның құрамы

Реактивтер Орта
Мөл-шері % Мөл-шері %
Сахароза, г Натрий тұзы ЭДТА, г Фосфор қышқылды калий, г Динамитті глицерин, мл Тауық жұмыртқасының сары уызы, мл Альфа-токоферолацетат, 10% «Е» витаминінің майлы ерітіндісі Левомицитин, мың өлшем бірлігі Полимиксин, мың өлшем бірлігі Ортаның жалпы көлемі, мл Компоненттер саны, судан басқасы 5 0,04 0,05 10 10 - - 0,08 0,1 3,1 1,6 - - - - 0,04 0,05 1,0 13-25 13-25 63 8 79,3 0,08 0,1 3,1 1,6 - - 100  

Синтетикалық қосындының компоненттері аналитикалық таразыда өлшенеді. Таразының дәлдігі алдын ала тексеріледі және реактивтер өлшенетін табақшасы спиртті тампонмен сүртіледі.

Қосындыны әзірлеу үшін аузы тар шыны құтыға қажетті мөлшерде дистильденген немесе бидистильденген су құйылады. Су алдын ала қайнатылып болған соң температурасы 40-45° градусқа дейін салқындатылады. 100 миллилитр суға 250-ден 500 мыңға дейін өлшемдік бірлікте левомицитин және сондай мөлшерде полимиксин қосып араластырады. Толық еріп болғаннан кейін оның антибиотиктерден 50 миллилитрі бөлек алынады. Сахаро­заны өлшеп алған соң ЭДТА натрий тұзы мен фосфор қышқылды калиді салып, барлық компо­ненттер толық араласқанша шайқау керек. Қосындыға тауықтың жаңа туған жұмыртқасының сары уызы қосылады, алдын ала оған токоферол ерітіндісі араластырылады. Жұмыртқаны пайдаланар алдында мұқият жуып, сыртқы қабығын тампонмен сүртіп, жарады да, белогын бөлек стаканға құйып, сарысын абайлап сүзгі қағазының стерилизацияланған бетіне бөліп алады. Бұған стерильденген, диаметрі 9 см фильтрді пайдаланған тиімді. Жұмыртқаның сарысын глицеринмен бірге қосындыға араластырады, міне осыдан соң синтетикалық қосынды да сұйылтуға әзір болады. Мұндай қосындыны әдетте шәуетті алғанға дейін әзірлеп, арнаулы су ваннасында немесе температурасы 35-40 градустық термостатта сақтау керек. Мұндай қосынды әзірленгеннен кейін 1-2 сағат аралығында пайдаланылады.

Ұрықты сұйылту дәрежесі ерітіндінің құрамына және алынған ұрықтың активтілігіне байланысты болады. 0,2 миллилитр мөлшердегі 80 миллион қозғалыстағы ұрық алу үшін, ұрықты 1:1 қатынасынан 1:4 қатынасына дейінгі аралықта сұйылту керек.

Қосындының сұйылту кезеңіндегі температура­сы кемінде 30—35 градус болуы тиіс. Ұрықты тікелей ұрық қабылдағышта сұйылтып, екі жақтаулы ұрық қабылдағышты қолданған кезде алдын ала ортаға 1:1 немесе 1:0,5 қатынасындай, сонан кейін эякуляттың көлеміне қарай қосылған ортаның көлемін есептей отырып және мензурканың немесе сыйымдылықтың мөлшеріне ка­рай қосады.

Сұйылтар алдында қосындының жарамдылығын міндетті түрде «аралас тамшы» әдісімен тексереді. Сұйытылған ұрықтың қозғалысы да тексеріледі. Бұл ретте оның осы қасиеттері сұйытылмай тұрғандағы қозғалысынан кем болмауы керек.

Ұрықты өлшеп, сақтауға қояр кезінде міндетті түрде оны пунктте қой ұрықтандырар алдында қосымша сұйылтпай-ақ пайдалана берудің мүмкіндігін қарастыру керек.

Сұйытылған ұрық үшін стерильденген бокс не­месе бөлме әзірлеу керек. Онда бактерицидті лампалардың жеткілікті болуын қадағалаған жөн.

Сыйымдылығы 0,2 миллилитрлік полипропиленді соломинкада кішкентай сабан талшықтарда тоңазыту кезінде оны Тишенконың кішкентай шы­ны сауытының көмегімен және вакуум насосында толтырады. Тищенконың шыны сауыты төменгі жағынан тығыз тығындалады. Сауыттың ішкі тасасының диаметрі тұтастай вертикальді болады. Әрбір жарты бөлігінде шығаруға және енгізуге арналған тесігі бар. Жұмыс істер алдында оның біреуін тарс жауып тастау керек. Шыны сауыттың тығыз тығыны тұрған жеріне суытылған ұрық құйылады. Кішкентай сабан талшықтардың қажетті мөлшері шыны сауыттың ашық жағынан салынады да, сауытты жауып, 1-2 минутта ауасын шығарып жібереді. Кішкентай сабан талшықтарды шәуетке салып қояды. Кішкентай сабан талшықтардың бос жағынан арнайы мастикамен жауып және әрбір торға 50-ден орналастырып тоңазыту үшін тоңазытқышқа қояды.

Гранулда тоңазыту кезінде шәует ұрық қабылдағышта және флаконда салқындатылады. Гранулда тоңазытылғанда олардың көлемі көбінесе 0,15- 0,3 мл болады.

Баяу салқындату процесі кезінде ұрық тоңазытар алдында екі этаптан өтеді: алғаш 18-20°С бөлме температурасында салқындатылады, екіншісінде 2-4°С температурада сақталады. Алғашқы салқындату 15-20 минуттай, екіншісінде 1-1,5 сағат мөлшерінде болуы керек. Екінші салқындатуда кез келген маркалы, тұрмыста қолданылатын электр тоңазытқышын пайдалануға болады.

Кішкентай сабан талшықтарда тоңазытуды төрт түрлі тәсілмен жүргізеді: пластинасын сұйық азотта салқындату (ыстық табы басылғанша), мыс пластинканы 5-6 сантиметр сұйық азоттың үстіне көтеріп және минус 70-80°С температураға дейін салқындатады;

50 кішкентай сабан талшықтардан мыс пластинканың рамкасына 5-6 минутта орналастыру;

Кішкентай сабан талшықтарды біржола тоңазыту үшін сұйық батыру.

Гранулға тоңазыту бес әдіспен жүргізіледі; фторпластикалы пластинаны сұйық азотқа ба­тыру;

Пластинканы сұйық азоттың үстіне салқындатады;

Пластинканың ойығына шприцпен немесе пипеткамен ұрықты тамызу;

Пластиналарды ұрығымен сұйық азотқа біржола тоңазыту үшін батыру;

Гранулды арнаулы қапшықтарға немесе флакондарға салу және жинастыру.

Тоңазытылған ұрық арнаулы стационарлық сауытта сақталады. Сақтау процесі кезінде міндетті түрде бірқалыпты температураның болуы шарт, ұрық азоттың әсерінен сауыт пен қойма буланып кетпей 1/3 көлеміндей ғана болуы керек, сондай-ақ механикалық қозғалыстан сақтаған жөн. Әуелі температураның қысқа мерзімді ғана көтерілуі 60-80 процент ұрықтың сапасын төмендетуге әсер етеді.

Тоңазытылған ұрықты ерітуге де жауапкершілікпен қараудың маңызы өте зор. Еріту режимі де тоңазыту процесі секілді «жедел» жүргізіледі. Ол үшін рекристализация процесін шапшаңдату керек. Мұның өзі ұрықтың сапасына едәуір дәрежеде әсер етеді.

Кішкентай сабан талшықтарда тоңазытылған ұрықты еріту 38—40 градус температурадағы су ваннасында жүргізіледі.

Гранулдар бір қабырғалы ұрық қабылдағышта, шыны құтыда арнаулы еріткішке әзірленеді.

Ұрық пункттерге арнаулы Дюар сауыттарымен тасымалданады. Пунктте суытылған ұрық арнаулы Дюар сауыттарында сұйық азотта сақталады. Сауыттағы ампул, соломинкадағы қажетті ұрық тез арада су ваннасына салып ерітіледі, ал гранул ұрықтарды ұрық қабылдағышта не флакондар көмегімен су ваннасында ерітеді. Стерилизацияланғаң пипетканың немесе әйнек таяқшаның көмегімен ерітілген ұрықтың бірер тамшысын алып, оның қозғалысын тексереді. Қойды ұрықтандыру үшін 0,2 мл мөлшерінде активтілігі 80—100 млн ұрық қолданылады. Қойларды ұрықтандырғанда белгілі бір әдісті қолданып, арнайы ұсыныс нұсқауларды басшылыққа алған жөн. Ерітілген ұрық бір сағат ішінде пайдаланылуы керек.

Саулықтардың қысыр қалуын болдырмау үшін терең тоңазытылған ұрықпен қой шағылыстыруды белгіленген мерзімінен 12-18 күн ерте бастау ұсынылады. Ұрықтандыру науқаны басталғаннан кейін, 10 күннен соң саулықтарды қайта іріктеу керек. Күйттеуші қошқар осы кезде пайдаланылады.

Шағылыстыру науқанына жақсы дайындықпен әкелінген қошқардың ұрығы қоюлығы және белсенділігі жағынан 8 балл, сперматозоидтардың мөлшері 1 миллилитрде 2 миллиард, резистенттілігі 30—35 мың, шәуеттің мөлшері 1-1,4 мл дәрежесінде болуы керек.

Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми зерттеу институтының болжамына сүйенсек тегі әр түрлі қошқарлардың тұқымдық сапасы бірдей болмайды. Сондықтан да жыныстық қабілеттілігі төмен қошқарларды өз алдына топтастырып, олардыазықтандыруды жақсарту керек. Мұндай енжар, мәуез қошқарларды еліктіріп, шабыттандыру үшін олардың арасына саулықтармен бірге кейде забыты күшті күйттеуші қошқарды қосып жіберудің тигізер пайдасы бар. Осындай бойкүйез қошқарлар басқа малдың әсерінен еліктеп, шабыттана бастайды. Міне, осыдан соң күйттеуші қошқарды шығарып жіберіп, оларды бір-екі рет саулыққа артылтып үйрету керек.

Ұрықтың бөлінуін күшейтіп, оның сапасын жақсарту үшін қошқарларды ертеңгілікте, бесінде, сондай-ақ қас қарая таза ауада бой жаздырып, өріске шығарудың да пайдасы мол. Сондықтан да олардың санап кем дегенде 5-6 сағат жайылымға шығарып отырған жөн.

Наши рекомендации