Мәтін бойынша тапсырма

1.Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

2.Интернет туралы өзің не білесің?

3. Интернет сөзін қатыстырып, бірнеше сөйлем құра.

Грамматикалық тақырып: Түсіндірме сөздік.

Түсіндірме сөздік тілдегі сөздердің лексикалық-грамматикалық сипаттамасын, олардың айтылуы мен жазылуын, экспрессивті-эмоционалды бояуын көрсетеді.

І тапсырма. Берілген сөздердің мағыналарын анықтап, түсіндірме сөздіктің үлгісімен жазыңдар.

Қант, қыркүйек, етікші, көлеңке, қырқу, күту, перзент, ағайын, иманды, жомарт, ақпан, қолдаушы.

ІІ тапсырма. “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін” пайдалана отырып, бес омоним сөз, бес көп мағыналы сөз теріп жазыңдар.

ІІІ тапсырма. “Интернет және біз” тақырыбына шағын әңгіме жаздырып, оқытып жаңа сабақты бекітемін.

Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру:

Сабақтың қорытындысы: 1. Интернет желісі дегеніміз не?

2. Түсіндірме сөздіктер туралы не түсіндіңдер?

3. Тапсырмалар түсінікті ме?

Рефлексия: 1. Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

2. Нені білгілерің келеді?

Бағалау:Сабақта белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, мадақтаймын.

Үй тапсырмасы: «Интернет желісі» мәтінін мазмұндау, сөздік жаттау.

Оқытушының АЖӘ және қолы: С.Сәрсенбаева

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Орталықазия техника-экономикалық колледжі» білім мекемесі

Сабақтың технологиялық картасы

Пән : Кәсіби қазақ тілі

Мерзімі Топ

Сабақтың № 21

18-ақпан сейсенбі

Тақырыбы: Электронды пошта байланысы. Аударма сөздіктер.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:Электронды пошта байланысы пайдалы жағын, шығуын, оған қосылудың жолдарын айтып түсіндіру. Аударма сздіктер туралы жалпы түсінік беру.

Дамытушылық:ауызекі тілде еркін сөйлеуге дағдыландыру. Терең ойлау қабілетін, сөздік қорларын, сөйлемде дұрыс пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Электронды пошта байланысын дұрыс пайдалануға, әр тапсырманы ұқыпты және таза орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

а) оқу-көрнекілік құралдар: оқулық, презентация.

б) үлестірмелі материалдар: үлестірмелі қағаздар.

в) ТОҚ : компьютер, кинопроектор.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, информатика

Қолданатын әдебиет:

Негізгі: Кәсіби қазақ тілі. Ұ.С.Байсақалова, қазақ тілі Ш.Бектұров, Ш.Бектұрова, Шәудірова

Қосымша : Қазақ тілі Ф.Оразбаева, Қазақ тілі С.Жиенбаев, Қазақ тілі Ж.Адамбаева, К.Сариева, Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Г.Байжанова

Өз бетінше жұмыс: Болашақ мамандығы туралы баяндама немесе шығарма жазу.

Сабақтың өту барысы :

Ұйымдасытру кезеңі : Амандасу.

Гимды орындау.

Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру: Өткен тақырып бойынша оқушылардың білік-дағдысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

Жаңа сабақ : Электронды пошта байланысы.

Қазіргі кездегі байланыс түрінің ең жедел түрі-электрондық пошта.

Электрондық пошта (Electronic mail, немесе қысқартылған түрде E- mail)- бұл компьютерлік желі арқылы хабарлама жөнелту және қабылдау тәсілі.

Кәдімгі поштаның жұмыс істеу реті бәрімізге белгілі: конверттегі дайын хатты пошта жәшігіне салғаннан кейін ол жөнелтушінің пошта бөліміне жеткізіледі. Сол жерден қажетті адресаттың пошта бөліміне транспорт арқылы жеткізіліп, адресаттың жеке пошталық жәшігіне салынады. Электрондық пошта да осыған ұқсас жұмыс істейді. Бұл кезде хат орнына электрондық хабарлама, пошта бөлімі –пошталық сервер, ал транспорт – компьютерлік желі болады.

Пошталық сервермен байланыстырылған әрбір абоненттің электрондық адресі, пошталық жәшігі болады. Бұл жәшік абоненттің құпия сөзімен (парольмен ) қорғалған.

Электронды пошта арқылы өздеріңіздің жедел –хаттарыңызды, хабарламаларыңызды және тағы басқаларды жолдауларыңызға болады.

Тапсырма.

1. Электронды пошта туралы білетіндерін сұрау.

2. Термин сөздерді көшіріп жазып, сол сөздермен сөйлем құраңдар.

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Аударма сөздіктер

Аударма сөздік бір тілдің сөздерін екінші тілге аударып береді. Қазақ тіліне қатысты сөздіктер: қазақша-орысша, ағылшынша-қазақша, парсыша-қазақша тағы көптеген сөздік түрлері көп.

Тапсырма:“Полиглот” сайысы, кім көп тіл біледі, мен сіздерге қазір жұмбақ жасырамын, жауабын үш тілде айтасыздар.

1.Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (шаңғы-лыжы-

2. Түнде бармын, күндіз жоқпын (жұлдыз-звезды

3. Жеп көріп ем өзін мен

Жас шығарды көзімнен (пияз-лук-

4.Қыста келген, көктемде еріген (қар-снег-

5. Ұстасаң қолға ілінбес

Қарасаң, көзге түспес (ауа-воздух-

6. Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (ағаш-дерево-

Наши рекомендации