Iii-тарау. орталыҚ жӘне оҢтҮстік-шыҒыс 1 страница
ЕУРОПА ЕЛДЕРІ (1918–1939 жж.)
Польша
Польша буржуазиялық мемлекетiнiң құрылуы. 2 – Речь Посполитая.1918 жылы қараша айындабiрiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталды. Соғысқа дейiн Польша жерi үш мемлекеттiң қол астында болып келдi. Батыс Польша жерi Пруссияның, Шығыс Польша Ресейдiң, Силезия мен Гомиция Австро-Венгрияның отары болды. ХVI ғасырдың соңындағы Речь Посполитаяның үшке бөлiнуi поляк халқын тәуелсiздiгiнен айырды. Бiрақ поляк халқы ұзақ жылдар бойына тәуелсiздiк үшiн күрес жүргiзiп келдi. Соғыста Германия мен Австро-Венгрия жеңiлiп, Польша халқы қайтадан мемлекетiн құруға мүмкiндiк алды. Бұл тарихи оқиға поляк халқына тәуелсiздiктi алуға жол ашты. Поляк халқының адал ұлдары Юзеф Пимудский, Роман Димовский, Игнацы Падеревский, Игнацы Дашинскийлер зор үлес қосып, тәуелсiздiктiң баянды болуына еңбек еттi.
1917 жылы 25 қазанда Ресейде қарулы көтерiлiс болып, Петроград қаласында жаңа кеңес үкiметi құрылды. Кеңестiк Ресей соғыстан шықты. 1918 жылы ақпанда кеңес үкiметi Польшадан бас тартатынын мәлiмдедi. 1918 жылы 29 тамыз күнi Польшаның тәуелсiздiгiн мойындаған декретке қол қойылды.
ХХ ғасырдың алғашқы жылдарындағы саяси-қоғамдық өзгерiстер Польшаның өз алдына қайтадан мемлекет болуына жол ашты. 1918 жылы қараша айының 11-і күнi Варшава қаласында Регенттiк Кеңес елдегi әскери билiктi Магдебург түрмесiнен шығып келген Юзеф Пилсудскийге бердi. Юзеф Пилсудский жаңа үкiмет құрды. Үкiмет басшысы болып социалист Енджеем Морачевский тағайындалды. Польша буржуазиялық демократиялық мемлекет болып жарияланды. Екiншi Речь Посполитая Республика болды. Бiрiншi Речь Посполитая 1569 жылғы Люблин униясынан кейiн құрылған. Бұл уния негiзiнде Польша королдiгi мен Ұлы Литва княздiгi қосылып – мемлекет бiртұтас Речь Посполитая деп аталған. Речь Посполитая – көп ұлтты мемлекет болды.
1919 жылы қаңтар айында Польша мемлекетiнiң парламенті (Заң шығарушы органы Сеймге) сайлау өттi. Сеймге сайлау жалпыға бiрдей, тең негiзде өттi. Сайлаудан кейiн Польша мемлекетi құрылуының бiрiншi кезеңi аяқталды. 1919 жылы ақпан айында бiрiншi рет Сейм шақырылды. Сеймде Юзеф Пимудский сөз сөйледi. Ол: «Бiр жарым ғасырға созылған күрес жеңiспен аяқталып, халық жаңа демократиялық Речь Посполитая мемлекетiнiң қайтадан өрлеуiне толық сене бастады. Бүгiн бiз үшiн Ұлы жеңiс мейрамы» – дедi.
Сеймде елдiң жаңа конституциясын жазу үшiн арнайы комисссия құрды. Комиссия екi жыл жұмыс iстеп, 1921 жылы наурыз айында жаңа конституция қабылдады. Бұл конституция 1721 жылғы 3 мамырдағы конституция негiзiнде жасалынып, Еуропадағы ең демократияшыл конституция болып қабылданды. Польша буржуазиялық мемлекетiнiң құрылуы аяқталды.
Польшаның антисоветтiк саясаты.1919 жылы ақпан айында Польша әскерлерi Кеңестiк Ресей жерiне кiрiп, Ковель, Брест, Вильнюс (Вильно), Минск, Житомир және Батыс Украина жерлерiн басып алды. 1920 жылы мамыр айында Киев қаласын алады. Большевиктер партиясы мен кеңес үкiметi Киев қаласын азат ету үшiн соғыс қимылдарын жүргiздi. Польша әскерлерiне қарсы Буденный басшылығындағы атты әскер қатысып Киев қаласын азат еттi. Польша әскерi кейiн шегiнуге мәжбүр болды. Кеңес әскерлерiнiң соғыс қимылдарына генерал Михаил Тухачевский басшылық жасады. Соғыстың барысында Буч озенiнен өтiп, Белосток қаласын азат етiп Варшава қаласына жеттi. 12–18 тамызда Варшава үшiн соғыстар жүрдi. Қаланы қорғау генерал Тадеуш Розвадовскийге тапсырылды. 16 тамызда Польша әскерлерi қарсы шабуылға шығып Радзимин, Непоренто және Осково қалаларын Қызыл әскерлерден азат еттi. Маршал Пимудский соғыс қимылдарына өзi басшылық жасады. Қызыл Армия кейiн шегiнуге мәжбүр болды.
1920 жылы қазан айында Польша – Кеңес келiсiмi болып, соғыс қимылдары тоқталды. Соғыс аяқталғаннан кейiн 1921 жылы 18 наурызда Рига қаласында Польша – Кеңес келiсiмiне қол қойылды. Келiсiм бойынша Польша – Кеңес шекарасы белгiленiп, Польшаға Батыс Украина мен Батыс Белоруссия территориясы Речь Посполитаяға берiлдi.
Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезеңiндегi Польша. Польша мемлекетiнiң жеркөлемi 388 мың км2, 1921 жылғы халық санағы бойынша 27 млн адам, оның 65% поляктар болды. 20 жылда Польша халқының саны 35 млн адамға жеттi. 1922– 1924 жылдарда елде экономикалық қайта құру реформалары жүргiзiлдi. Реформа айтарлықтай нәтиже бермедi, елде экономикалық дағдарыс кең етек алды. Шет елге мемлекеттiк қарыз мөлшерi 2 млрд златых болды. Көмiр өндiру – 68%, болат қорыту 37,5% кемiдi. Шет ел капиталы өндiрiстiң негiзгi салаларына ие бола бастады.
1926 жылы Польшаның экономикалық дамуына қолайлы жағдай әсер етті. Елде егiс көлемi өсiп, жазда егiннен мол өнiм түстi. Сыртқы саудада бидай (астық) көптеп шығарылды. 1926 жылғы мамыр айындағы Англиядағы көмiршiлердiң жалпы ереуiлi нәтижесiнде ағылшын көмiрiнiң орнына Польша көмiрiне сұраныс өстi.
1924 жылы тамыз айында үкiмет ақша реформасын жүргiздi. Осы кезге дейiнгi немiс маркасының орнына польша злотасы енгiзiлдi. Ұлттық ақша беделi өсiп, шетелге тәуелдiлiк азая бастады. 1925 жылы Польша сеймi аграрлық реформаны аяқтады. Реформа бойынша Батыс Польшада 180 гектардан артық жер бөлiнуi қажет болды, ал шығыста 300 гектардан артық жер бөлiске түстi. Себебi, Шығыс Польшаның жерi егiс егуге қолайлы болатын. Өндiрiс пен жеке өнеркәсiп иелерiне 700 гектар жер берiлдi. Бұл бөлiс екi жылда аяқталуы керек, екi жылдан кейiн жерi бөлiске түскен жер иесi мемлекеттен арнайы банк арқылы несие алатын болды. 1921 жылғы мәлiмет бойынша, халықтың 60% шаруалар болды. Реформа бойынша, iрi помещиктерден алынған жер үлесi шаруаларға берiлдi, олар шаруашылықтарын жүргiзу үшiн банктен ақшалай несие алды. Кепiлдiлiкке жерлерiн қойды. Реформа толық жүргiзiлмедi. Шаруалардың жерiне салық мөлшерi көп салынды. Халықтың көп бөлiгi қайыршылықта күн көрiп жатты.
1926 жылғы мамыр айындағы төңкерiс.1922 жылы сейм сайлауында Пилсудскийдi қолдаған саяси партиялар жеңiлiс тауып, Пилсудский елдегi саяси жұмыстан кетедi. Парламент елдi басқару iсiнде белсендiлiк танытады. Бiрақ халық үкiмет пен парламенттi сынап қарсы шығады. Саяси партиялар конституцияға өзгерiстер енгiзудi талап етеді. Атқарушы билiктi күшейтуге, жеке билiктi Пилсудскийге берудi талап етедi. Армия арасындағы беделiн пайдаланып Пилсудский төңкерiс арқылы ел билiгiн қолына алуға дайындық жасап жатқанда, 1926 жылы мамыр айында үкiмет дағдарысы басталады. Президент Войцеховский үкiметтi ауыстырады. Пилсудский мамыр айының 12-і күнi елде төңкерiс жасайды. Үш күннен кейiн армияның қолдауымен Пилсудский елдегi билiктi өз қолына алады. Парламент таратылмайды, Польшаның жаңа президентi болып Игнацы Мосицицкий сайланады. Конституция мен парламент сақталғанымен, Пилсудский мемлекеттiң басшысы болды.
Жаңа үкiмет басшысы болып Бартель тағайындалады. Үкiмет елдi дағдарыстан шығару үшiн санация бағдарламасын жариялайды. Санация – аурудың алдын алу деген сөз. Мектеп балаларының тiс ауруын болдырмас үшiн дәрiгерлер мектепте санации жүргiзедi. Экономиканы көтеру үшiн санация арқылы бiршама реформалар жүргiзiлдi. Маршал Пилсудский конституцияға өзгерiстер енгiзудi, президенттiң жарлығы заң күшi ретiнде пайдалануды талап еттi. Бартель үкiметi елде өнеркәсiптiң жаңа салаларын дамытуға, Гдын қаласындағы кеме жасау портын жаңадан салуға көп қаржы бөлдi. Ұлттық ақша беделi өсiп, аграрлық реформа жалғасты. Елдiң экономикасы дами бастады. Әсiресе, көмiр өнеркәсiбi көп өнiм шығарды.
1928 жылы 4 наурыз күнi сейм сайлауы өттi. Сайлауда Пилсудский жағы жеңiске жеттi. Бiрақ парламенттi тарата алмады. Елде санация диктатурасына қарсы оппозиция әлi де болса күштi болды. Бiрақ 1929 жылы Польшада экономикалық дағдарыс басталды. Экономикаға шет ел капиталы көп келе бастады. Халық наразылығы күшейдi. Олар санация диктатурасын қолдаған саяси күштер конституцияны өзгертiп, жеке билiктi күшейтудi талап ете бастады.
Экономикалық дағдарыс жылдарында. Дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс Польша экономикасының барлық саласын қамтыды. 1929 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 15,2% азайды, ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару 4,7 млрд злотаға, 1,5 млрд злотаға кемiдi. Елде 500 мың жұмыссыз болды. Санация үкiметiне қарсы ереуiлдiң қозғалыс күшейiп, оған 1934 жылы 400 мың жұмысшы қатысты. Украина мен Батыс Белоруссия шаруашылығының жағдайы өте ауыр болды. Волын және Краков воеводтарында шаруалар көтерiлiсi кең етек алды. Польшада 1934 жылы Березе-Картуда концентрациялық лагерь (концлагерь) пайда болды.
Экономикалық дағдарыс санация диктатурасы кезiнде саясибилiк саласын да дағдарысқа әкелдi. 1934 жылы билеушi топтар конституцияны өзгертудi талап еттi. Пилсудский парламент арқылы жаңа конституцияны бекiттi. 1935 жылы сәуiр айының 23-і күнi президент Мосьцицкий жаңа конститу-цияға қол қойды. Сәуiр конституциясы бойынша, елдегi басшылық Пилсудскийдiң қолына көштi. Ол «құдай мен тарих» алдында ғана жауапты болды. Президент 7 жылға сайланады. Президент үкiметтi тағайындауға және алып тастауға, парла-менттi таратуға, елде төтенше жағдайды жариялауға құқылы, сонымен бiрге жоғарғы әскери қолбасшы болды. Сенат депутаттарының президент тағайындай алады. Конституция азаматтардың
құқын тежедi. Халықтан мемлекеттi жоғары санады. Польшада жеке адам диктатурасы орнап, демократия шектелдi.
Конституция қабылданғаннан кейiн бiрнеше жетiден кейiн маршал Пилсудский қайтыс болды. Маршал Краков қаласында Ваел костелiнде (шiркеуiнде) Речь Посполитая корольдерiнiң қасында жерлендi.
Осыдан кейiн Польшада жаңа конституция бойынша сейм (парламент) сайлауы болды. Сайлауда санация диктатурасын қолдаған саяси партиялар жеңiске жеттi.
Польша мемлекетiнiң басшысы болып генерал Эдварда– Смигло тағайындалды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңында Польша мемлекетiнiң сыртқы саясаты Германия мен КСРО арасында тепетеңдiктi сақтауды қолдады. Польшаның сыртқы iстер министрі, полковник Юзеф Бек болды. 1932 жылы КСРО мен бiр-бiрiне соғыспау туралы келiсiмге қол қойылды. 1934 жылы осындай келiсiм Германиямен де жасасылды. 1939 жылы Гитлер Польшадан Данциг қаласын және «польша коридорын» Германияға берудi талап еттi. «Польша коридорымен» Польша жерiнен Шығыс Пруссияға бару үшiн темiр жол мен автомобиль жолдарын салу үшiн жер бөлудi ұсынды. Польша үкiметi Германия ұсынысын қабылдамады. Сөйтiп, 1934 жылғы келiсiм бұзылды. 1939 жылы тамыздың 23-і күні Молотов–Риббентрон пактiсiне қол қойып, Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Финляндия, Латвия және Бессарабия КСРО-ға берiлетiн болды да, Литва Германияғпа өтетiн болды. Соғыс басталмай тұрып-ақ Гитлер мен Сталин Польшаны осылай бөлiстi.
1939 жылы қыркүйектiң 1-і күнi Германия Польшаға соғыс ашты. Польша халқы ерлiкпен өз отанын қорғап, соғыс қимылдарын жүргiзiп жатты. Варшава қаласын екi жетi бойына қорғап, күштiң тең болмауына байланысты Германия Польшаны жаулап алды.
1939 жылы қыркүйектiң 17 күнi КСРО Батыс Украина мен Батыс Белоруссия жерiне басып кiрдi. Молотов – Риббентрон пактiсiнiң жасырын ықпал жасау келiсiмiне сүйенiп, КСРО Польшаға соғыс ашты. Германия мен КСРО қыркүйек айында Польшаны толық жаулап алды.
Чехословакия
Буржуазиялық Республиканың құрылуы.1918 жылы қазан айының 28-і күнi Австро-Венгрия өзiнiң АҚШ үкiметiне жiберген нотасында соғыстан шығатынын және бiтiмге қол қоюға дайын екенiн жазды. Австро-Венгрия империясы құлады. Бұл қуанышты хабар жеткеннен кейiн эмиграцияда жүрген Чехословак ұлттық комитеті елдегi өкiмет билiгін өз қолдарына алатынын жариялады. 1918 жылы қазан айының 30-ы күнi Турчанский Мартин қаласында Словак ұлттық комитетi арнайы декларация қабылдап, өздерiн чех халқының бiр бөлiгi ретiнде санап, бiр мемлекетке қосылатынын бiлдiрдi.
1918 жылы қараша айының 16-ы күнi Чехословак ұлттық комитеті уақытша конституция жариялайды. Жоғарғы заң шығарушы Ұлттық жиналыс (парламентi) болып қабылданады. Ұлттық жиналыстың бiрiншi отырысында елдiң тұңғыш президентi болып Т.Г.Масарик (1886–1918 жж.) сайланады. Чехословак үкiметiн ұлттық-демократиялық партия жетекшiсi К.Краларис басқарады. Чехословак сыртқы iстер министрi
Э.Бенеш тағайындалады. Э.Бэнеш (1884–1949 жж.). 1918–1935 жылдарда сыртқы iстер министрi. 1935–1948 жылдарда Чехословак Республикасының президент қызметiн атқарады.
Чехословак Республикасының шекарасы Версаль, Сен-
Жермен және Трианон келiсiмдерi арқылы шешiлдi. Чехословакия мен Польша арасындағы Тешин облысы Антанта елдерiнiң қолдауымен 1919 жылы ақпан айында екi ел келiсiмi арқылы бейбiт жолмен шешiледi. Тешин облысы екiге бөлiнедi. Бұл бұрыннан екi ел арасында талас туғызып келген мәселе болатын. Ользе өзенiнiң оңтүстiк-батысында Тешин Силезиясындағы жер болатын. Осымен Чехословак буржуазиялық Республикасының құрылуы аяқталды.
1918–1920 жылдарында Чехословак үкiметi елде экономикалық-әлеуметтiк шаралар жүргiздi. 1920 жылы аграрлық реформа қабылдады. Мемлекет iрi жер иелерiнен 150 га жерден артық жердi сатып алып, оны шаруаларға бердi. Шаруалардың жердi сатып алуы үшiн аграрлық банктерден несие алуларына рұқсат етiлдi. Аграрлық реформа ұзақ уақытқа созылды. Елде революциялық қозғалыстар кең етек алды. Оған себеп бiрiншiден, Ресейдегi қазан төңкерiсi, екiншiден, 1919 жылғы Венгриядағы революция болды. 1919 жылы маусым айының 16ы күнi Словакияның Пресиове қаласында революция жеңiп Словак кеңес Республикасы құрылды. Кеңестiк өкiмет үш апта ғана өмiр сүрдi.
1920 жылы ақпан айында Ұлттық жиналыс жаңа конституция қабылдады. Конституция буржуазиялық демократиялық кеңшiлiк жариялады. Азаматтардың құқықтарын және жеке меншiктi қорғады. Жоғарғы заң шығарушы органы екi палатасын Ұлттық жиналыс бекiттi. Президент парламент арқылы жетi жылға сайланды. Жергiлiктi басқару мекемелерi айтарлықтай өзгерiске ұшыраған жоқ. 1920 жылы сәуiр айында Чехословакияда тұңғыш парламент сайлауы өткiзiлдi. Сайлауда социал-демократ партиясы мен социалистер жеңiске жеттi. Қызыл-жасыл коалициялық үкiмет құрылды. Масарик президент болып қалды. Үкiмет басшысы болып Тусар тағайындалды. Еңбекшi үкiметi аталған Тусар үкiметi халықтың әлеуметтiк және тұрмыс жағдайын жақсарта алмады. Елде жұмыссыздық өстi. Қымбатшылық, азық-түлiктiң жетiспеуi революциялық қозғалысқа әкелдi. 1920 жылы желтоқсан айында жұмысшы қозғалысы кең етек алды. Тусар үкiметтен кетiп, оның орнына Я.Черный тағайындалды. 1921 жылы мамыр айында солшыл социал-демократтар Прага қаласында өздерiнiң съездерiн өткiзiп Чехословак Коммунисттiк партиясының құрылғандығын жариялады.
1918–1921 жылдарда Чехословак үкiметiның сыртқы саясаты антисоветтiк бағытта болды. Сыртқы саясатта Антанта мемлекеттерiне арқа сүйедi. Оның iшiнде Франция үкiметiнiң сыртқы саясатын қолдау арқылы жүргiздi. Францияның тiкелей айтуымен антисоветтiк саясатты қолдап Орталық Еуропада Кiшi Антанта әскери одағы құрылды. Кiшi Антанта Югославия корольдiгiнiң қатысуымен құрылды. 1920 жылы 14–15 тамызда Чехословак – Югославия, Чехословак – Румыния келiсiмдерiне қол қойылды. Кiшi Антанта одағының мiндетi бiрiншiден, советтiк Ресейге қарсы тұру, екiншiден, Австро-Венгрия империясының қайтадан құрылуына жол бермеу болды. 1921 жылы қыркүйек-қазан айларында Карл Габсбург екi рет монархияны қалпына келтiру үшiн төңкерiс ұйымдастырды. 1921 жылы қазан айында төңкерiсшiлдер жеңiлiс тауып, Карл тақтан түстi. Габсбург монархиясын қайта құруға тыйым салынды.
Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiндегi Чехословакия.Чехословакия капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiнде 1924–1929 жылдарда экономикалық дамуда айтарлықтай жеңiске жеттi. 1926 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 1913 жылмен салыстырғанда 20% артты. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару 1913 жылғы деңгейге жеттi. 1927 жылы өнеркәсiп өнімі 108%, ал 1927 жылы 113% өстi. Чехия мен Моровия аудандарында ауыр өнеркәсiп қаржы олигархиясының қолдауымен тез дамыды. Өнеркәсiп-қаржы иесi Живностен банкiн өз қолына алды. Словак ауданы аграрлы болып қала бердi. Өнеркәсiптiң 20% шет капиталының қолында болды. 1930 жылы 494 iрi өнеркәсiп орындарында жұмысшылардың 21,7% жұмыс iстедi. ХХ ғасырдың 20-жылдарында ұлттық буржуазия жеңiл өнеркәсiпте айтарлықтай табысқа жеттi. Змине қаласындағы аяқ киiм фабрикасы елдегi аяқ киiм өнiмдерiн шығарудың 90% өз қолына алды. 1924–1930 жылдарда Бати концернi 3 млннан 22,5 млн пар аяқ киiм шығарды. Чехословакия экспортқа аяқ киiм шығарудан дүние жүзiнде бiрiншi орынға шықты. Чехословак шет елге капитал шығарып отырды. Австрия, Венгрия, Югославия, Румыния және Польша ұзақ мерзiмге несиеге Чехословакия тауарларын алды.
Аграрлық реформа Чехословакияда 1929 жылы аяқталды. 1927 жылы 4881 iрi жер иесiнiң үлесiнде 1 млн 166 мың га жер болса, 1 млн 67 мың шаруалардың үлесiнде 2 млн 30 мың га жер болды. Әрбір ірi жер иесiнде 238 га жер болса, әр шаруада 2 га жер болды. Техникалық дақылдардың егiс көлемi артты. Қант қызылшасының көлемi 2 есеге жуық өстi.
Жұмысшы табының әлеуметтiк жағдайы ауыр болды. Елде қымбатшылық кең етек алды. Жұмысшы ереуiлдерi жиi-жиi болып жатты. 1924 жылы мамыр айында Жилин қаласында тоқымашылар ереуiлге шықты. Қыркүйек айында Прага қаласындағы демонстрацияға 10 мың адам қатысты. Қымбатшылыққа қарсы ереуiл 19 қыркүйекте Братиславада, 30 қыркүйекте Остров қаласында өттi.
1924 жылы қазан айында парламент әлеуметтiк қауiпсiздендiру туралы заң қабылдады. 1925 жылы жұмыссыздарға төленетiн көмек туралы заң шықты. Кәсiподақ ұйымы жұмыссыздарға үш айға дейiн көмек төлейтiн болды. Мемлекет кәсiподақ ұйымына қайтарым төлем төлейтiн болды.
1922–1926 жылдарда Швеглы үкiметi еңбекшi халықтың мүддесiне сай жұмыс атқара алмады. Елде үкiметтiк дағдарыс қалыптасты. 1925 жылы парламент сайлауы өттi. Сайлауда бiрлiк үкiмет партиялары жеңiске жеттi. Социал-демократ, Аграрлық ұлттық-демократиялық партиялары 146 мандатқа ие болса, оппозициялық партиялар 141 мандат алды. Чехословак коммунистiк партиясы екiншi орын алып 40 мандат жеңiп алды. Социал-демократ партиясы 19 мандатқа ие болды. Жаңа үкiметтi Швеглы басқарды. 1926 жылы мамыр айында үкiметтiң құрамынан социал-демократтар шықты. Ұкiметтi Ян Черны ауыстырды. 1927 жылы әскерлер сайлау құқынан айрылады.
Елде әкiмшiлiк басқару реформасы жүргiзiлдi.
1930 жылы Чехословакияда дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс басталды. 1930 жылы өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 30% қысқарды. Өнеркәсiп орындарының 15% жабылды. Елде 1,3 млн адам жұмыссыз қалды. 1929 жылы парламент сайлауында Аграрлық партия жеңiске жеттi. Ұкiметтiң құрамына социалдемократ партиясы кiрдi. Жаңа үкiмет дағдарыстан шығудың жолын еңбекшi халыққа салынатын салық мөлшерiн көбейту арқылы жүргiздi. Дағдарыс әлеуметтiк қайшылықты тереңдеттi. Жұмыссыздар өздерiнiң жағдайын жақсарту жолында шерулер ұйымдастырды. 1930 жылы наурыз айының 6-ы күнi 100 мың адам қатысқан шерулер болды. 1932 жылғы ақпан айында осындай шерулерге 400 мың адам қатысты. Жұмыссыздардың шерулерiн Чехословак коммунистiк партиясы басқарды. 1932 жылы наурыз айында жұмысшылардың саяси ереуiлi жалпы халықтық сипатқа ие болды.
Солтүстiк Чех ауданындағы Мостец көмiршiлерiнiң ереуiлi кең етек алды. Бұдан басқа 400-дей саяси ереуiлдер өткiзiлдi. Экономикалық дағдарыс жылдарында күйзелiске ұшыраған Закарпат Украин шаруаларының қозғалысы да өрши түсті. Экономикалық дағдарыс Чехословакияда 1937 жылға дейiн созылды. Еңбекшi халықтың тұрмыс жағдайы нашарлай бердi. Елде саяси дағдарыс күшейе түстi. 1939 жылы Германияда фашистiк диктатураның орнауы, елде фашистiк партиялар құрылып, Судет облысында Генлейн бастаған «немiс судет» партиясы құрылды. Чехословакияның тәуелсiздiгiне тiкелей қауiп төндi.
1935 жылы желтоқсан айында президенттiк сайлау өттi. Масарик президенттiк билiктен бас тартуына байланысты, сайлауда көпшiлiк дауыс алған ұлттық-социалистiк партия ұсынған Э.Бенеш жеңiске жеттi. 1935–1938 жылдарда Германия мен Италия елдерiнiң агрессиялық саясаты Чехословакияның сыртқы саясатта жаңа бағыт ұстауына әкелдi. Франция мен КСРО елдерiнiң коллективтiк қауiпсiздiк саясатын қолдау арқылы антисоветтiк саясаттан бас тартуға мәжбүр болды. 1935 жылғы мамырдың 2-і күнгi Кеңес – Француз келiсiмiн қолдап, 1935 жылы мамырдың 16-ы күнi Мәскеу қаласында бiр-бiрiне шабуыл жасаспау және өзара көмек көрсету туралы Совет – Чехословак келiсiмiне қол қойылды. Бұл саясат Чехословакияның тәуелсiздiгiне уақытша болса да кепiлдiк бере алды.
Мюнхен келiсiмi.1938 жылы 12 наурызда фашистiк
Германия Версальбiтiмiн бұзып Австрияны аншлюс саясаты негiзiнде Германияға қосты. Чехословак тәуелсiздiгiне тiкелей қауiп төндi. 1938 жылы 23–24 сәуiрде Карлово-Вары қаласында Судет немiстер партиясының съезi болып, өздерiнiң талаптарын қойды. Бiрiншiден, Судет облысына автономиялық құқық беру, екiншiден немiс ұлтшылдарына еркiн үгiт-насихат жүргiзуге рұқсат ету, КСРО – Чехословак келiсiмiнен бас тарту сияқты саяси талаптар қойды. Генлейннiң съезде сөйлеген сөзi Германия радиосы арқылы толық берiлдi. Мамыр айында Судет облысында арандатушылық, үгiт-насихат жұмысы күшейдi. 1938 жылы мамырдың 22-і күнi Судет облысында өткен жергiлiктi басқару органдарын сайлаудан бас тартқан Судет немiстерiнiң бүлiгi болды. Судет немiстерiн қолдаған Германия Чехословакияға қарсы соғыс ашу үшiн «Грюн» жоспарын жасады. Мамырдың 21-і күнi Чехословакия үкiметi елде мобилизация жариялады. Чехословак халқы отанын қорғауға дайындалды. Мамыр дағдарысы қыркүйек айына дейiн созылды.
Франция мен Англия үкiметтерi Гитлердiң Чехословакияны басып алу саясатын қолдап, Судет облысын Германияға беруге көндiру үшiн 1938 жылы 19 қыркүйекте Чехословакияға ультиматум табыс еттi. Чехословак президентi Э.Бэнеш екi күннiң iшiнде жауап беру керек болды, егер жауап болмаса Германия соғыс ашады деп қорқытты. Чехословак үкiметi ультиматумнан бас тартты. Гитлер: «Егер Судет облысы 1 қазан айына дейiн берiлмесе, мен вермахт солдаты ретiнде Чехословакияға соғыс ашамын» – деп радио арқылы сөз сөйледi. Чехословакияда мобилизация жалғасып, 1,5 млн адам әскер қатарына шақырылды. Гаджи үкiмет оставкаға кетуге мәжбүр болды. Қыркүйек дағдарысы 26 күнге дейiн жалғасты. АҚШ президентi Ф.Рузвельт «Чехословак мәселесiн» бейбiт жолмен шешуге болатынын айтты. Соғыс болса Еуропада саяси құрылымның өзгеруi мүмкiн, сондықтан бұл мәселенi бейбіт түрде шешу үшiн АҚШ президенті халықаралық конференция шақыру керек деген ұсыныс жасады.