Жоспарлаудың әдіснамалық негіздері
Жоспарлау — экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі.
Жоспарлаудың негізгі мақсаты — экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірісітік бағдарлама кәсіпорынның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлар методологиясына жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері жатады.
Жоспарлау әдіснамасын дамытудың негізгі бағыттары:
· жоспарларда дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық негіздеуде ұлғайту
· қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану
· өндірісті техникалық-экономикалық негіздеу
· баланстық есептеулер жүргізу
· өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту
· материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығын азайту
· еңбек өнімділігін арттыру
· жоғары сапалы өнім шығаруды ұлғайту
· жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз – салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар бойынша жасалынады:
· нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
· материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал, отын, жылу, энергия, жабдықтардың үлестік нормалары);
· еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал-жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды (инструменты), қолдану нормативтері);
· өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);
· іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы өндіріс қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
· сандық;
· сапалық;
· көлемдік;
· үлестік.
Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі; сатудың көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі; әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге – өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнның азаюы, өндіріс тұрақтылығы, қор сыйымдылығы, өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Көлемдік көрсеткіштерге – өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге - бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады: мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер – өндірістің көлемін, материалды ресурстарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері – еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма-сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.