Тәуекелдің жіктелуі және негізгі түрлері

Дәріс №14.

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдер.

1.Тәуекел түсінігі мен түрлері және олардың жіктелуі.

2.Кәсіпкерлік тәуекелді туындататын факторлар. Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау әдістері. 3.Тәуекелдерді төмендету тәсілдері мен басқару әдістері

1. Қазіргі бәсекелістік ортаның күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді.

Тәуекел– жопарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Яғни, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды, мүлікті және басқа да ресурстарды жоғалту қаупінің туындауы.

Ал кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген іс шаралар іске аспаған, сондай-ақ, басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз. Тәуекел қосымша шығын шегу, жоспарланған табысты ала алмау қаупінен бастап банкротқа ұшырау мүмкіндігіне дейінгі аралықты қамтиды.

Тәуекелдің жіктелуі және негізгі түрлері

Жіктемелік белгісі Тәуекелдің түрлері
Тәуекелдің туындау сипатына байланысты Субъективті. Объективті.
Тәуекелдің пайда болу сферасына байланысты Ішкі. Сыртқы.
Тәуекелдің таралу дәрежесіне байланысты Жергілікті. Жаһандық. Аймақтық.Халыықаралқ.
Тәуекелді сақтандыру мүмкіндігі бойынша Сақтандырылатын. Сақтандырылмайтын.
Кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша Өндірістік. Коммерциялық. Қаржылық.
Тәуекел салдарларының сипаты бойынша Таза. Спекулятивті.
Тәуекел салдарларының масштабы бойынша Рұқсат етілген. Критикалық (сыни). Катастрофалық (апатты).
Уақыт мерзіміне байланысты Қысқа мерзімді. Ұзақ мерзімді (тұрақты).
Шаруашылық қызмет сипатына байланысты Іскерлік. Операциялық. Нарықтық.
Тәуекелдің пайда болу факторына байланысты Саяси. Экономикалық.

2. Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Кәсіпкерлік тәуекел деңгейіне әсер ететін сыртқы факторларды 2 топқа бөліп қарастыруға болады: тікелей әсер ететін факторлар және жанама әсер ететін факторлар.

Тікелей әсер ететін факторлар тәуекел деңгейі мен кәсіпкерлік қызмет нәтижелеріне тікелей ықпал етеді. Жанама әсер ететін факторлар кәсіпкерлік қызмет пен тәуекел деңгейіне тікелей ықпал ете алмайды, бірақ оның өзгерісіне әсер етеуі мүмкін.

Тәуекел факторы деп тәуекелдің себептерін айқындауға мүмкіндік беретін жағдайларды айтсақ, ал тәуекел деңгейі кәсіпкерлік әлеуеттің ұлғаюының жоспарланған шамадан мүмкін болатын ауытқуын сипаттайды.

Тәуекелдің саяси факторлары:

1) Елдегі қалыптасқан саяси жағдай.

2) Шаруашылық қызметті іске асырудың мүмкін еместігі.

3) Шетелдік мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынасқа тиым салу.

4) Заңнамалар мен нормативтік –құқықтық актілердің өзгеруі.

5) Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының күтпеген іс-әрекеттері.

6) Салық заңнамаларының жетілмеуі.

Тәуекелдің әлеуметтік-экономикалық факторлары:

1) Тәуекелдің инфляциялық факторлары.

2) Тәуекелдің дефляциялық факторлары.

3) Тәуекелдің валюталық факторлары.

4) Тәуекелдің қылмыстық факторлары.

Тәуекелдің ұйымдастырушылық факторлары:

1) Ұйымдастыру деңгейі.

2) Шешім қабылдау және оны іске асырудағы қателіктер.

3) Жалдамалы жұмыскерлер құрамы, олардың біліктілігі, материалдық ынталандыру дәрежесі.

4) Басқару құрылымы және басқару стилі.

5) Өндірісті ұйымдастырудағы күтпеген өзгерістер.

Кәсіпкерге қатысты тәуекел факторлары:

1) Кәсіпкердің өзі және оның құзіреттілігі.

2) Кәсіпкердің білімі мен біліктілігі.

3) Кәсіпкердік еңбек өтілі мен тәжірибесі.

4) Кәсіпкердің жеке қасиеттері.

Тәуекелдің аймақтық факторлары:

1) Әлеуметтік-демографиялық факторлар.

2) Аймақтардың даму жағдайы және олардың әртүрлілігі.

3) Төтенше жағдайлардың орын алуы.

Тәуекелдің салалық факторлары:

1) Салалық тәуекелдер.

2) Кәсіпкерлік субъектісінің саладағы жағдайымен байланысты тәуекелдер.

3) Экологиялық тәуекелдер.

Тәуекелдің қаржылық факторлары:

1) Кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық жағдайы.

2) Қаржылық проблемалар және қиындықтардың орын алуы.

Экономикалық қызметпен байланысты тәуекел факторлары:

1) Банкротқа ұшырау қаупі.

2) Қолданылатын техника мен технологиялар деңгейі.

3) Инновацияларды дайындау, еңгізу және пайдалану жағдайы.

Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қандай да бір шамада тәуекелдің болатыны анық. Алайда тәуекелді бағалау мен оны төмендету әдістерін анықтауға, тәуекелді басқару жүйесін әзірлеуге баса назар аударылуы тиіс.

Тәуекелді бағалау –туындаған тәуекелді жағдайдан немесе тәуекелді болдырмау бойынша шаралардың өз уақытында қабылданбауынан болатын белгілі бір зиянның мөлшерін немесе қоысмша табыс табу мүмкіншілігін болжауға мүмкіндік беретін аналитикалық іс-шараларп жиынтығы. Яғни айтқанда, тәуекелді бағалау тәуекел мөлшерін сандық және сапалық тәсілмен анықтауды білдіреді.

Сандық талдаутәуекелдің нақты мөлшерін сандық түрде көрсетуге, оларды талдау, сараптау және салыстыруға бағытталған. Тәуекелді сандық талдау кезінде әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Олар:

Статистикалық; сараптамалық, талдамалық әдістер.

Сапалық талдау тәуекелдің әлеуетті (потенциалды) облысын және факторларын анықтауға, оның мүмкін болатын түрлерін айқындуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік субъектісінде бар ақпараттардың толықтығына байланысты тәуекелді бағалау әдістерін келесі топтарға біріктірп, қарастыруға болады:

1 топ:айқындылық. Бұл әдісте: аналитикалық әдіс, абсолютті көрсеткіштер, салыстырмалы көрсеткіштер, орташа мән көрсеткіштері пайдаланылады. Абсолютті өлшем түріндегі көрсеткіштер тәуекелді оқиғалардың салдарынан келесі түрде сипатталады: -тікелей құндық немесе материалдық- заттай көріністе, баланс өтімділігі.

Тәуекелдің салыстырмалы мөлшерін анықтауға арналған база ретінде келесі жағдайлар қолданылады:

-негізгі және айналым қорларының құны.

-кәсіпкерлік қызметке жұмсалған шығындар жиынтығы.

-есепті табыс.

2 топ: ішінара айқынсыздық. Бұл әдісте: статистикалық әдіс, вариация, дисперсия, стандартты анықтау пайдаланылады. Вариация - нәтиженің бір нұсқасынан басқасына өту кезінде сандық көрсеткіштердің өзгеруі. Дисперсия – нақты мәннің оның орташа мәнінен ауытқу шамасы.

3 топ:толықтай айқынсыздық. Бұл әдіс жағдайында тәуекелді бағалаудың сараптамалық әдісі пайдаланылады. Сараптамалық (эксперттік) әдіс есептеулер немесе салыстырулар жасау үшін қажетті ақпараттар жоқ болған кезде тәуекел деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекел деңгейін сараптамалық бағалау – шешім емес, тек негізделген шешім қабылдауға көмектесетін пайдалы ақапарат қана болып табылады.

3. Тәуекелді басқару дегеніміз – тәуекел факторларын бейтараптандыру (нейтрализациялау) және талдау әдістерінің жиынтығы. Тәуекелді басқаруды кәсіпкердің қабылдаған шешімдерін іске асыру барысында болуы мүмкін теріс салдарларды азайту және қате шешім қабылдау қаупін төмендету мақсатын көздейтін іс-шараларды дайындау және іске асыру үрдісі ретінде қарастыруға болады.

Тәуекелді басқару үрдісін 6 сатығабөлуге болады:

1.мақсатты анықтау.

2.тәуекелді айқындау.

3.тәуекелді бағалау.

4.тәуекелді басқару әдістерін таңдау.

5.таңдалған әдістң қолдану.

6.нәтижелерді бағалау.

Соңғы кездері кәсіпкерлік қызметте «тәуекел-менеджмент» термині кеңінен қолданыла бастады. Тәуекел –менеджмент- кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайда болу мүмкін тәуекел мен қаржылық қатынастарды басқару жүйесі. Ол айқынсыздық жағдайында тәуекел дәрежесін төмендету және пайданы ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізуді қамтиды. Тәуекел –менеджменті кәсіпкерлік қызметте тәуекелді басқарудың ғылыми әдістерінің жиынтығы деп атауға болады.

Тәуекел –менеджментте қарастырылатын негізгі мәселелер бюджетті қалыптастыруға, ниесиелеуге, табыстылыққа, инвестицияға, бәсекелік күреске байланысты шешімдер қабылдау болып табылады. Тәуекел-менеджменті келесі жағдайларды қамтиды:

-тәуекелді идентификациялау, талдау және бағалау;

-тәуекелді жағдайлардың теріс салдарларын жою бойынша іс-шара әзірлеу;

-кәсіпкерлік қызметтің өміршеңдік механизмін жасау;

-кәсіпорынның табысты жұмыс жасауын қамтамасыз ету;

-сақтандыру жүйесін құру;

-нарық конъюнкуратысының өзгеру мүмкіндіктерін ескере отырып даму болашағын болжау.

Тәуекел-менеджмент басқару жүйесі ретінде келесі екі ішкі жүйеден тұрады:

1)басқарылатын ішкі жүйе –басқару объектісі;

2)басқаруш ішкі жүйе – басқару субъектісі.

Ішкі жүйелерге сәйкес тәуекел –менеджменттің келесі функциялары болады:

1) Басқару объектісінің функциялары:

-тәуекелге бару;

-тәуекелді капитал салымдарын ұйымдастыру;

-тәуекел мөлшерін төмендету бойынша жұмыстар жүргізу;

-тәуекелдерді сақтандыыру үрдісі;

-шаруашылық үрдістегі субъектілердің арасындағы байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастарды қалыптастыру.

2) басқару субъектілерінің функциялары:

- болжау;

-ұйымдастыру;

-реттеу;

-үйлестіру;

-ынталандыру;

-бақылау.

Тәуекелді басқару әдістері:

1.Тәуекелден бас тарту әдісі. Тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістердің бірі. Тәуекелден бас тарту әдісі деп сол немесе өзге де қолайсыз оқиғалардың әсерінен ішінара немесе толықтай құтылуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жиынтығын айтамыз. Оның келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

-сенімсіз әріптестерден бас тарту; тәуекелі жоғары жобалардан бас тарту; гранттарды іздеу, кәсіби біліктілік деңгейі мен құзіреттілігі төмен қызметкерлерді жұмыстан босату.

2.Тәуекелдерді оқшаулау әдісі. Бұл әдіс жиі қолданылмайды. Оның келесідей әдістерін қарастыруға болады:

- венчурлік кәсіпорындар құру; тәуекелді жобаларды орындау үшін арнайы құрылымдық бөлімше құру; тәуекелді жобаларды іске асыру үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасу.

3.Тәуекелдерді әртарапттандыру әдісі. Бұл әдіс тәуекелдерді әртүрлі бағытта бөлумен байланысты болып келеді. Оның келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

-жобаға қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлу;

-қызмет түрлерін әртараптандыру;

-жеткізу мен өткізуді әртараптандыру.

4.Тәуекелдердің орнын толтыру әдісі. Бұл әдіс қауіпті алдын-ала ескерту механизмін жасауға байланысты. Мұндай әдістерге келесілер жатқызылады:

-іс-әрекетті стратегиялық жоспарлау; сыртқы жағдайды болжау; әлеуметтік-экономикалық және нормативтік-құқықтық орталарға мониторинг жасау; резервтер жүйесін құру.

Әртараптандыру (диверсификация) инвестицияланатын қаражаттарды бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес бірнеше тәуекелді операциялар бойынша бөлуді білдіреді. Оның мақсаты: сәтсіздіктің алдын-алу немесе сақтандыру. Оның мысалы ретінде әртүрлі валютада салынған депозиттік салымдарды айтуға болады.

Лимиттеу тәуекелді операцияларда пайдаланлатын ресурстардың мөлшеріне шектеу қоюды білдіреді. Яғни, кәсіпкерлік қызметте тәуекелен болатын қауіпті зияндардан сақтайды.

Хеджирлеуді әртүрлі аспектіде қарастыруға болады. Тауарлар нарығындағы хеджирлеу депболашақтағы бағалар бойынша сатуға немесе сатып алуға тиісті тауарларға нарықтық бағалардың қолайсыз өзгерістеріне байланысты жоғалтулардан болатын тәуекелді төмендету. Сонымен қатар, оны валюта немесе пайыздық бағамның өзгеруі барысында туындайтын шығындарды болдырмай, тәуекелдерді жоюға септігін тигізетін құрал ретінде де қарастырылады.

Фьючерстік (жедел) мәміле – тауар және қор биржасындағы айтарлықтай кеңінен тараған операциялардың бірі, тауарды (қызметтерді), бағалы қағаздарды мәміле жасалғаннан кейін келісімшартта көрсетілген бағамен сатып алу немесе сату жөніндегі биржа мәмілесі.

Сақтандыру тәуекелді төмендетудің негізі әдістерінің бірі. Ол тәуекелге байланысты зиян шеккен жағдайда, жеке немес заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді.

Өзін-өзі сақтандыру деп тәуекелді операцилардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін кәсіпкерлер өздерінің меншікті резервтік қорларын құруын айтамыз. Ол келесі жағдайларда қажет:

-тәуекелді төмендету әдістерінің басқа түрлерімен салыстырғанда, оны пайдаланудан болатын экономикалық пайда күмәнсіз болса;

-тәуекелді басқарудың басқа әдістерінің шеңберінде тәуекелдерді жабу немесе төмендетуді қамтамасыз ету мүмкін емес болса.

Өзін-өзі сақтандыру кеселі нысандарда іске асырылады:

-резервтік қорды қалыптастыру;

-мақсатты резервтік қорлар құру;

-материалдық және қаржылық ресурстардың сақтандыру қорлары жүйесін қалыптастыру;

-есепті кезеңде алынған пайданың бөлінбеген бөлігі.

Ішкі кәсіпкерліі тәуекелдерді төмендету үшін бизнестегі әріптестерді және қызметкерлерді таңдауда мұқият болу қажет. Американдық кәсіпкерлер әріптестің төлем қабілеттілігін тексеру үшін 5 «С» моделін жиі қолданады:

1)әріптестің (қарыз алушының) жеке тұлғасы - оның репутациясы, жауапкершілік дәрежесі;

2)қаржылық мүмкіндіктері – активтерді сатудан түскен қаражаттар немесе ағымдағы түсімдер есебінен алынған қарызды жабу қабілеті;

3)мүлік – меншікті (акционерлік) капиталдың мөлшері мен құрылымы;

4)қамтамасыз ету – кепілге ұсынылған активтердің түрі мен құны;

5) жалпы жағдайлар – жалпы эономикалық жағдай және басқа да факторлар.

Сонымен қатар, тәуекелді басқару кезінде келесі қағидаларды есте сақтау қажет:

1)меншікті капитал мүмкіндік беретіннен артық көлемде тәуекелге баруға боламайды;

2)тәуекел салдарлары туралы ойлану қажет;

3)аз пайда үшін көп салыммен тәуекелге баруға боламайды;

4)әрқашан да бір ғана шешім бар деп ойлауға болмайды.

Наши рекомендации