Мемлекеттік қызметті тоқтатудың қосымша негіздері

Мемлекеттік қызметті әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің тоқтатуы үшін Қазақстан Республикасының “Мемлекетік қызмет туралы” Заңында қосымша негіздер қаралған. Заңның 27-бабының 1-тармағында қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шығуы туралы өтініш бере алатындығы айтылған. Бұл жерде мемлекетік қызметкердің қызметін өз еркімен тоқтатуын жазбаша өтінішінде өзінің еркі туралы анық көрсетілген. Жалпы ереже бойынша қызметкер өзінің жеке еңбек келісім-шартын бұзуын мемлекеттік органның басшысын жазбаша түрде 1 ай бұрын ескертуі тиіс (Еңбек туралы заңның 28-бабы). Осыған сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкер ескерту аяқталғаннан кейін жұмысты тоқтатуына құқылы, ал мекеменің басшысы оған барлық есебін беруге тиісті. Мемлекеттік қызметкер жұмыстан өз еркімен шығуы туралы өтінішін демалысы кезінде және ауырған мезгілінде де беруіне құқылы. Бұл жерде демалыс уақыты мен ауырған мезгілі ескерту мерзіміне кіреді.

Заңмен қарастырылғандай, мемлекеттік қызмет туралы заңның 27-бабының 2-тармағында мемлекеттік қызметті келісімнің мерзімінің аяқталуына не келісімді бұзуына байланысты жолдары қаралады. Бұл орайда мемлекеттік қызмет келісімінің біту мерзімімен не келісімді жаңа мерзімге созу жалғастырылмауына байланысты қызметі тоқтатылады. Тәжірибе бойынша келісімнің уақыт мерзімі біткенше екі жа оны жалғастыруы не тоқтатуы туралы мәселелерді қарайды. Егер келісімге өзгертулер енгізу, не басқа да қосымшалар енгізуі туралы екі жақтың келісім-шарты бойынша келісім қайтадан жасалады. Қайта келісім-шарт жасалуы туралы екі жақтың қолдары қойылып, әкімшілік мемлекеттік қызметкердің еңбек кітапшасына жазылады.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 27-бабының 3-тармағы әкімшілік мемлекеттік қызметкердің өзінің табысы мен мүлкі жайлы жалған мәлімет беруіне байланысты мемлекеттік қызметті тоқтатуы туралы қарастырған. Бұл орайда әкімшілік қызметкер мемлекеттік қызметке түсуі туралы заңға қарсы шыққандығы туралы айтқанда “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (13-бап,2-тармағы) әр азаматтың мемлекеттік қызметке орналасу үшін салық қызмет органдарына өзінің табыстары мен мүлкі туралы (жеке меншігі), салық салынатын жеке меншіктер туралы мәліметтерді беруі қажет. Ал әкімшілік мемлекеттік қызметкерінің бұл тәртіпті қатаң бұзуы мемлекетке өзінің зиянын келтіреді, сондықтан бұндай құқыққа қарсы әрекет оның мемлекеттік қызметте істеуіне мүмкіншілік бермейді.

Мемлекеттік қызметті тоқтатудың келесі негізі әкімшілік мемлекеттік қызметкердің “Мемлекеттік қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының (27-бабы, 4-тармағы) байланысты өз індеттері мен шектеулерін орындамауы болып келеді. Бұл орайда мемлекеттік қызмет туралы заң әкімшілік мемлекеттік қызметкердің өз қызметін өзінің жеке басына пайдалануына жол бермеуді өзіне мақсат етіп қояды.

Мемлекеттік қызмет турал Заңның 27-бабы 5-тармағында мүлікті сенімді басқармасына әкімшілік мемлекеттік қызметкері өз жкек басына пайдаланған мүлікті тапсырмауы оның мемлекеттік қызметін тоқтатуы туралы қаралады. Мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметке орналасқаннан кейін 1 ай мерзім ішінде сенімді басқармаға өз жеке меншігіндегі коммерциялық ұйымдары мен басқа мүліктерін өткізуге тиісті.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 27-бабы 6-армағында мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының азаматтығы жойылған жағдайда тоқтатылады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы ешқандай да жағдайларға байланысты азаматтығын жоғалта аламайды, азаматтығын өзгертуі және Қазақстаннан басқа жерге қуылуы мүмкін емес. Сонымен бірге азаматтықты жоғалту мемлекеттік қызметті тоқтатудың бірден-бір негізі болып табылады.

Заңға сәйкес азаматтығын азамат басқа мемлекеттің мемлекеттік қызметіне, әскери қызметіне, қорғау қызметіне, полициясына, заң қызметіне орналасқан мезгілде жоғалтады, тек Қазақстан Республикасының мемлекетаралық келісімшартпен қарастырылған жағдайлардан және егер Қазақстан Республикасының азаматтығы алдын-ала берілген жалған құжаттар мен мәліметтер арқылы алынғаннан басқа жағдайларда басқа мезгілде. Азаматтық Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтықтан шығу туралы Жарлығы шыққан күні тоқтатылады. Қазақстан Республикасының мемлекетаралық келісім-шартында қаралғандай, азаматтықтан шығу туралы тіркеу тәртібі қаралады.

“Мемлекеттік қызмет туралы” Заңның 27-бабы 7-тармағында коррупциялық құқық бұзушылық жасаған жағдайда мемлекеттік қызметті тоқтатуы туралы қарастырады.

Қазақстан – 2030 даму стратегиясында көп көңіл бөлінетін қазіргі мезгілде олардың қызметіне қарамай жемқорлықпен аяусыз күресу керек. Басқарушы корпус әр уақытта жаңаланып тазарып отыруы керек. Бұл орайда жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізу стратегиялық бағыт алып, басқарушы аппаратты әр уақыта жаңалап отыру айтылады. Сондықтан мемлекеттік қызметті жемқорлық жасап, құқық бұзғандығы үшін тоқтатуы бірден-бір негізі болып келеді.

Мемлекетік қызмет туралы Заңның 27-бабы 8-тармағында әкімшілік мемлекеттік қызметті конкурсқа қатыспай алған жағдайда мемлекеттік қызметті тоқтату қарастырылған. Заңмен белгіленгендей, әр әкімшілік мемлекеттік қызметтің бос орнына орналасу тәртібі мен міндеттері анықталған. Бұл конкурстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік қызметке орналасуына тең құқылы екенін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 27-бабы 9-тармағы мемлекеттік қызметкердің аттестациялау кезінде көрсеткен нашар қорытындысы бойынша қызметті тоқтатуын қарастырады. Алдында айтылғандай аттестациялау – ол қызметкерлердің кәсіби дайындығын белгілі –бір деңгейде әр мезгілде өткізілетін іс-шара және олардың құқықтық мәдениеті мен азаматтармен жұмыс жасауын тексеру болып табылады. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді аттестациялаудың ең негізгі критериі – ол өзінің міндеттерін толық орындамауы болып табылады. Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 27-бабы 10-тармағы мемлекеттік қызметті тоқтату, еңбек заңында анықталғандай басқа да жағдайларға байланысты. Бұндайда көбіне тоқтатудың жалпы негіздері және жеке еңбек келісім шартын бұзу, ол жұмыс беруші жағынан не жұмыс істеуші жағынан да болуы мүмкін. Мемлекеттік қызметті тоқтатудың бірден-бір дербес түрі болып екі жақтың да еркіне байланысты емес негізіне байланысты болады. Мұндай негізге мыналар жатады: мемлекеттік қызметкердің әскери қызметке шақырылуы, қызметкердің одан әрі өз қызметін жалғастыруына мүмкіндігі жоқ екекндігіне, айыпты деп сотталып, соттың үкімінің өз күшіне енгеніне байланысты; мемлекеттік қызметшінің қайтыс болуы; сонымен бірге қызметкерді қайтыс болды, не хабар-ошарсыз кетті деп соттың тануы; қызметкерді қабілетсіз немесе қабілеттігі шектелген деп есептеп, оның ары қарай қызметін жалғастыра алмауы туралы соттың тануы негіз бола алады.

Наши рекомендации