Геосаяси үрдістер және ғаламдық қауіпсіздік идеясы: мәселелері мен қайшылықтарын ашып көрсетіңіз
Жиырмасыншы ғасыр өркениет тарихына, адамзат өміріндегі аса мол өзгерістер кезеңі ретінде сақталып қалды. Ол алдымен ғылыми – техникалық және технологиялық өзгерістердің тез болуымен байланысты болды.
Әлемдік ақпараттық кеңістіктің өзгеруі, заманауи өркениеттің дамуының аса ірі факторы болды және қоғамдық дамудың негізгі бағыттарын анықтайды. Олардың ең маңыздыларына келесілер жатады:
•Ғылыми, ғылыми – техникалық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және дамудың тағы да басқа бағыттарының үдетілуі, ақпараттық алмасулардың жылдамдығы мен мөлшерінің жоғарылауына байланысты:
•ХХІ жүзжылдығындағы жаңа ғылыми және философиялық парадигманы өңдеу мен тарату үшін база жасау;
•Әлемдік интегралды үрдісті дамыту;
•Әртүрлі аймақтарға біркелкі даму шарттарын жасау;
•Аса ірі, аймақтық және халықтық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру әдістерін және формаларын өңдеу мен енгізу шарттарын жасау;
•Саяси, экономикалық, өндірістік және әскери басқармасындағы және халықаралық қарым - қатынас аймағындағы үрдіс.
Әскери аймаққа әсер ету тұрғысынан, төрт фундаментті үрдістерді бөліп қарастыруға болады.
Бірінші үрдіс – дамыған демократиялық елдерде азаматтық қоғамның, осы елдердің сыртқы және ішкі саясатын анықтайтын негізгі әлеуметтік - саяси күш ретінде, қалыптасуы. Азаматтық қоғамдағы ең маңызды бағалыққа - адамның өмірі, оның құқығы және қауіпсіздігі жатады.
Екінші үрдіс - дамудың табиғи үрдісі ретіндегі, экономикалық интегралдану және жаһандану. Бүгінді жаһанданған экономика бар, онда елдер, әлемдік еңбекті бөлісу және экономикалық алмасу жүйелерімен, үздіксіз байланысқан.
Үшінші үрдіс - дамыған елдердегі өндірістік, ақпараттық, әлеуметтік және әскери инфоқұрылымдардың осалдылығының күрделіленуі және жоғарылауы. Атомды электр станциясы, химиялық өнеркәсіп, жоғары қысымды платина нәтижелерінен болатын бұзылыстар, аймақтық және жаһандық апаттарға, адамдық және материалды зор шығындарға әкеліп соғуы мүмкін.
Төртінші үрдіс - әскери істегі ақпараттық - техникалық прогресс, қарулану мен әскери техниканы жетілдірілуі және дамуының жылдамдауы. Жаңа ұрпақтың қарулануының негізгі ерекшеліктеріне - дәлділік, алыстығы және іс - әрекеттің қуаттылығының және барлау мүмкіншіліктерінің, жиналу жүйесінің және ақпаратты өңдеудің күрт жоғарылауы және жылдам шешімді қабылдауа арналған уақыттың азайғандығы түбегейлі жоғарылауы жатады.
49. Антикалық дәуірде табиғат пен саясаттың өзара байланыстылығы туралы түсініктер ( (Геродот, Аристотель, Страбон)
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық-құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс.
Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түсініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды.
Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа — табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
50. Ұлы географиялық ашулар дәуірі және географиялық детерминизм тұжырымдамасына оралу және оның дамуы (Ж.Боден, Ш.Монтескье, Т.Бокль т.б.)
Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері:
ü Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.
ü 1641 — 43 ж. А.Тасман Австралияны айнала жүзіп, оның полюстік аймақты түгел қамтитын қиялдағы “Белгісіз оңтүстік жерден” бөлек екенін анықтады, Жаңа Зеландияны және бірнеше топаралдарды ашты. Ұ. г. а. нәтижесінде адамдардың Жер туралы түсінігі түбегейлі өзгерді. Картаға “Ескі Дүниеге ” қосымша жаңа дүние бөліктері — Америка мен Австралия, Жер шарындағы ең үлкен — Тынық мұхит, көптеген аралдар, теңіздер мен бұғаздар енді. Жердің шар тәрізді екендігі түпкілікті дәлелденді. Жер бетінде ежелгі ғалымдар ойлағандай құрлық емес, судың басым екендігі анықталып, біртұтас дүниежүзілік мұхит ұғымы қалыптасты. Ұлы географиялық ашылулар түрлі ғылым салаларын дамытуға негіз салумен бірге әлем елдерінің әлеум.-экон. дамуына ықпал жасады. Жаңа ашылған жерлердегі елдерді жаулап алу әлемдік отарлау үрдісіне бастама берді.
Геоографиялық детерминизм географиялық ортаның адамзат тағдырына ықпалын анықтайтын ілім болып табылады. Теорияның өкілдері климат, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемі және басқа да табиғи факторлар қоғамдық тәртіпті, шаруашылық дамудың деңгейін, тіпті адамдардың физикалық және психологиялық сипаттарын, олардың қабілеттері мен темпераментін анықтайды деген пікірлерді ұстанады. Географиялық детерминизмді әлеуметтанудағы географиялық бағыт деп те атайды. Бірақ ол астрология сияқты жалған ғылым болып есептелді.
Бұл терминді тек тарихшылар мен саясаткерлер ғана қолданды, географтар мұндай шовинистік пікірлер білдірмеген еді. Жан Боденнің 1566 ж. жарық көрген «Тарихты жеңілдетіп зерттеудің әдісі» кітабында адамның мінез-құлқы сол адам тұратын табиғат жағдайларына тәуелді екендігі айтылған. Бұл теория антикалық дәуірде де айтылған болатын. Сол себепті Боден Платон сөздерін жиі атап өтеді. Өз еңбегінде халық ерекшеліктерін климаттық және өзге географиялық жағдайлармен түсіндіріп қана қоймай, осы факторлардың мемлекеттің әлеум-саяси құрылымына әсер етендігі туралы қорытындыға келеді. Оның теориясы қауіпті философиялық тұжырымдар туғызуы мүмкін. М, географиялық детерминизм негізінде 19-20 ғ-да шовинистік теориялар пайда болды. Бірінші кезекке табиғи жағдайлар ықпалын қоя отырып, ол климаттың ықпалына көңіл бөледі. Жерді 3 белдеуге бөледі: эквоториалды, полярлы, қоңыржай. Олардың әрқайсысын адам қызметінің белгілі еңбегіне алғышарт ретінде қарастырды. «Тарихты дұрыс зерттесек, ұлы қолбасшылардың солт-тен, ал өнер, философия мен математиканың оңт-тен шығатынын байқаймыз».
Жан Боденнің көзқарастары шарль Монтескьеге де әсер еттті. Плехановтың ойынша, өз ізашарларымен салыстырғанда ол ешқандай жаңалық әкелмеді. Ол географиялық детерминизмді өз заманының жаратылыстау ғылымы деңгейіне көтермелегісі келді, Галилео, Ньютандардай заңдарды бекітуге талпынды. Оның детерминизмі ағартушы монархтардың жұмысшы қоғамдық гипотезасына айналды. Ол ағылшындардың өзін-өзі өлтіруге маниясын климатпен түсіндіреді. Ол «Азияның әлсіздігінің және Еуропаның қуаттылығының және Еуропа еркіндігі мен Азия құлдығының ұлы себебін» тапты.
Ағылшын тарихшысы Генри Томас Бокль өз еңбегінде климат рөлі жайлы Монтескье идеясы мен Мальтустың демографиялық тұжырымдамасын біріктірді. Ол қоңыржай белдеу тұрғындарына қарағанда азырақ азық-тұлікті қажет ететін тропикалық белдеудің тұрғындары олармен өз байлықтарын бөлісуі керек деген қорытындыға келді. Бокль бойынша, үнді халқы «климаттың физикалық заңдарымен кедейшілікке кесілген».
Оғамның өмір сүруі үшін қажетті, табиғи алғышарттар – табиғи шарттар (географиялық орта) және адамдар, тұрғын халық.
Әуелден-ақ қоғамға қатысты көзқарастарда бұл табиғи алғышарттарға тарихта айқындаушы рөл бағасын берген тұжырымдамалар ұсынылды. Антика дәуірінде-ақ кейінірек әлеуметтануда географиялық бағыт (оны сонымен қатар географиялық детерминизм деп те атайды) деген атау алған негізгі ілімдердің негізі қаланды. Осылай, Гиппократ (б.з.д. 460-377жж) адамдардың мінезі климат ерекшеліктерімен анықталады деп тұжырымдады.
Әлеуметтануда географиялық детерминизм, әсіресе, XVI ғ басында кең таралым алады. Ұлы географиялық ашулар дәуірі, капитализм дамуы, экономиканың дамуы үшін табиғи қорларды қолданудың қажеттілігі – бұның барлығы географиялық ортаға деген қызығушылықты тудырды.
Жаңа замандағы географиялық детерминизмнің ірі өкілдерінің бірі Ш. Монтескье болды. Өзінің «Заңдар духы» кітабында географиялық факторлар: климат, топырақ, жер беті құрылысы және т.б. – адамдардың мінезі мен икемдеріне(склонность) әсер ететінін айтады, ал оларға халықтың қоғамдық құрылысы, өмір салты, заңдар байланысты. Ауасы ыссы елдердің адамдары кәрілер секілді жасық, ал ауасы суық елдердің халқы жастар секілді шымыр болып келеді. Климаты ыссы жерде адамдар еріншектікке және нәзіктілікке беріледі. Құнарлы жер нәзіктілікті және өмірін қауіпке тігуден бас тартуды тудырады және күш-қуатты әлсіретеді. Халықты жұмысқа салу үшін жаза қорқынышы қажет, сол себептен деспотия солтүстікке қарағанда оңтүстікке анағұрлым тән. Құнарсыз жер, керісінше, еркіндікке жағдай туғызады, себебі ол жерде тұратын адамдар өздеріне қажет нәрсені өздері табуына тура келеді, құнарсыз топырақ олардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Құнарсыз топырақтың шарты адамдарды шымыр, батыл, жаужүрек, өз еркіндігін қорғауға бейім келетіндей етіп жасайды. Ыстық климат тұрғындарының жасықтығы үнемі оларды құлдыққа әкеліп соқтырды, ал салқын климаттың батыл тұрғындары әрқашан өз бостандықтарын қорғай алды.
Жан Боден (1530-1576) – көрнекті француз ойшылы, Орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылыс кеңістіктігінің бастапқылығы (первичность) идеясын біртіндеп жариялады. «Шын мәнінде, Азия, Греция, Ассирия, Италия, Франция және Жоғарғы Германия – бұл полюс пен экватор арасында, 40-тан 50-ге дейінгі градустық аралықта орналасқан барлық елдер ұлы империялардың гүлденуі байқалған аймақтар болғандығын тарих дәлелдейді». Географиялық фактор, Боден бойынша, ұлттық мінезді де айқындады. «Солтүстік адамдары қатыгездікке икемді...Ал оңтүстіктерге тоқталсақ, олар іші тар немесе үнемшіл және сараң, сонымен біре скифтықтар ысырапшыл және ұрлыққа бейім болып келеді».
Ағылшын тарихшысы, «Англиядағы жаһандану тарихы» еңбегінің авторы Генри Томас Бокаль (1821-1862), ол да сондай-ақ шынайы табиғи факторлардың – климат, топырақ (жер), ландшафт және тағам түрінің жеке халықтарға әсер етуі арқылы олардың дамуының айырмашылықтарын көрсетті. «Міне, осы себепті, бүкіләлемдік тарихты біртұтас ретінде қабылдау арқылы, біз Еуропада басым бағыт табиғаттың адамға бағынуын, ал Еуропадан тыс жерлерде адамдардың табиғатқа бағынуын көре аламыз». Бокль ыстық климаттың әсері көпшілік тұрғынды құлдыққа итермелейтінін және «физикалық заңдылықтармен» анықталатынын дәлелдеуге еңбек етті.