Дәріс. Мелиорацияның экономикалық тиімділігі
Мелиорация жұмыстарындағы экономикалық ерекшеліктер, оларды орындау жолдары, мелиоративтік жоспарлар жасау және оны жүзеге асыру жолдарымен таныстыру. Мелиорация жүйелеріндегі қорлардың түрлері, оларды пайдалану, қаражаттандыру және қаражатты қайтару жолдары. Мелиорация шаралары тиімділігін, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, таза пайдасын, мелиоративтік шығындар мен судың төлем ақысын анықтау.
Ауыл шаруашылығы мелиорациялары шараларын жүзеге асыру көп еңбекті және қаражатты талап етеді. Олардың тиімділігі құрылыс жұмыстары сапасына және сол мелиорацияланған жерлерде ауыл шаруашылығы өндірісін қандай деңгейде жүргізгенге байланысты. Мелиорация (суғару, дренаж т.б.) жүйелерін құруға байланысты құрылыс жұмыстары тек жоба бойынша, сапалы және үнемді түрде жүргізілулері тиіс. Жобалау жұмыстары барысында болашақ қүрылыстың арзан және үнемді болуы ескеріле отырып орындалады. Ол үшін жобаға қабылданады деген техникалық шешімдер кем дегенде үш вариантта әзірленіп, экономикалық түрғыдан ең ұтымдысы қабылданады. Жобаға бірнеше вариантта дайындалған техникалық шешімнің ең экономикалық ұтымдысын тандап алу үшін оларға қажетті күрделі қаржылардың салыстырмалы экономикалық тиімділігін, сол қаржылар және жылдық шығын мөлшерін бір жылға келтіре отырып анықтайды. Ол мына формула көмегімен орындалады:
Шк = Ша + Ен К, ;
мұндағы: Шк - бір жылға келтірілген шығындар, теңге; Ша -жүйені күтіп-баптауға байланысты шығындар, теңге; Ен - күрделі қаржының салыстырмалы экономикалық тиімділігінің нормативтік коэффициенті (0,12); К - техникалық шешімдердің белгілі бір вариантын жүзеге асыруға қажетті күрделі қаржы, теңге.
Жоғарыда келтірілген формула көмегімен таңдап алынатын техникалық шешімдер бойынша бір жылға келтірілген шығындар (Ш ) анықталады да, көрсеткіші ең төмен техникалық шешімді жобада қалдырып, келешекте іс жүзіне асырылады. Құрылысқа қажетті материалдар мен машиналар да тек тендер арқылы таңдалып алынады. Құрылыс жүргізетін мекеме немесе ұйымдар да арнайы тендер негізінде анықталады. Мелиорация шаралары кешенді түрде орындалғаны жөн. Яғни, құрылыс жүмыстарымен қатар, жаңа мелиорация жүйелерін тиімді пайдалануға дайындық шаралары жүргізілулері керек. Мелиорация шараларын тек осылай жүзеге асырған жағдайда ғана оған жұмсалған қаржы қайтымы жоғары болады. Сонымен қатар мелиорация жұмыстарын жүргізу барысында қоршаған ортаға зиян келтірілмеуі керек, яғни мелиорация жұмыстарының және мелиорацияланған жерлердің экологиялық тұрақтылығы жоғары болуы шарт.
Мелиорация жұмыстарын (құрылыс, қайта құру, күрделі жөндеу) жүргізуге жұмсалған қаржы күрделі қаржы деп аталады. Оның қайтымдылығы екі жылдан бірнеше ондаған жылға дейін созылады. Сондықтан мелиорация жүмыстарына ұзақ мерзімді несие бөлінуі керек. Оны қайтару мерзімі 5 жылдан 20 жылға дейін болады.
Нарық игеріліп, кейінгі жылдары нашарлаған (тозған) суғару және кәріз жүйелерін техникалық тұрғыда дамыта отырып, қайта құруға (реконструкция), сонымен қатар сортаңданған топырақтарды тұздан арылтып жақсартуға жұмсалғаны жөн. Осы бағыттағы шараларды суғару және кәріз жұмыстарын кешенді түрде қайта құру немесе суғармалы жерлерді жақсарту деп атайды.
Қазақстанда бұрын суғару және кәріз жүйелерін қайта құру (реконструкция) жұмыстары мемлекет тарапынан қаржыландырылатын. Нарық жағдайында жекешелендіруге байланысты суғару және дренаж жүйелері шаруашылықтарға тікелей қарайтын. Сол шаруашылықтар негізгі қорларына айналды. Сондықтан оларды қайта құруға қажетті қаражатты шаруашылықтардың өздері бөлулері тиіс. Осы мақсат үшін шаруашылықтар өздерінің су пайлаланушылар қауымдастықтарын (СПҚ) құрып, банктерден ұзақ мерзімдік несие алуларына болады.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Қазақстандағы аса тозған суғару және дренаж жүйелерін қайта құру және құнарлылығы нашарлаған суғармалы жерлерді жаксарту жүмыстарына, Халықаралык қайта құру және даму банкісінен 80 млн доллар займ (карыз) алып, өз тарапынан 20 млн доллар қосып, жақсарту жұмыстарын бастады. Шығынның 70 процентін қайта құрылған суғару және дренаж жүйелері пайдаланушылары (иегерлері) мемлекет бюджетіне 30 жылға дейінгі мерзімде қайтарулары тиіс.
Осы жұмыстарды ұйымдастыру қадағалап жүргізу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелді. Қайта құру жұмыстары өте күрделі және жауапты болатынын ескеріп, Ауыл шаруашылығы министрлігі өз жанынан суғару және дренаж жобаларын дайындайтын және жүзеге асыратын арнайы топ кұрды. Осы топ мемлекет және шаруашылықтар атынан жобалау жұмыстарын ұйымдастырады, қайта құруға байланысты құрылыс жұмыстарын жүргізетін құрылыс мекемелері мен және құрылыска қажетті материалдар, машиналар таңдап алу үшін арнайы тендер (конкурс) жүргізеді. Тендер алқасы кұрамына шаруашылық өкілдері де енгізіледі. Егер шаруашылық аралық жүйелерін қайта құру қажет болса, сол жүйені басқару үшін құрылған су пайдаланушылар қауымдастығы (СПК) төрағасы тендер алқасына мүше болады және шаруашылықтар атынан құжаттарға қол қояды.
Мелиорация шараларын экономикалық тұрғыдан бағалау
Мелиорация шараларының тиімділігі сол мелиорацияланған жерлердегі ауыл шаруашылығының нәтижелігімен анықталады. Оған түсімді дакыл өнімділігінің мөлшері, сапасы, өзіндік құны, су және баска қорларды пайдалану деңгейі жатады.
Мелиорация жүйелерінін негізгі қорларын пайдалану тиімділігін аныкгау үшін, сол корлар құнының әрбір (Тк ) немесе 1000 теңгесіне және сол мелиоративтік жүйелер аркылы егістікке жұмсалған суға ру суының әрбір текшеметріне (Т ) немесе 1000 текшеметрге келетін өнім мөлшері (күны) және таза табысты есептейді. Бұл есептеулерді жүргізу үшін мына формулаларды пайдаланамыз:
Тк = Ө/КК цент/тенге; Тс =Ө/W цент/м3 .
мұндағы: Ө -өнім мөлшері, мың центнер; КК - мелиоративтік негізгі өндірістік қорлар күны, мың теңге; W - егістікті суғаруға берілген (алынған) судың жалпы мөлшері, мың м3 .
Мелиорация жүйелеріндегі шаруашьшык өндірісінің экономикалық тиімділігі бір тонна немесе бір центнер өнімнін өзіндік құнын, бір гектер жерден алынған таза табысты, өндіріс рентабелділігін анықтау арқылы бағаланады. Суға төлем енгізілуіне байланысты әрбір 1000 м3 суға келетін таза табыс мөлшерін аныктайды.
Аталған көрсеткіштерді есептеу үшін өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс және толық аныктау қажет. Оларды үш топка бөлуге болады:
-ауыл шаруашылығы шығындары: агротехникалық шараларды орындауға жұмсалған каражат (тұқым, ауыл шаруашылығы өндірістік негізгі корлары аммортизациялары, жанар-жағар май, жалақы т.б.);
-мелиоративтік шығындар: суғару жұмыстарын жүргізуге байланысты (уакытша арыктар тартып суғару, суару қарыктарын тарту, қопсыту) және суға төленетін төлемдер, шаруашылыкка тікелей қарасты гидроқұрылыстар аммортизациялары мен күтіп-баптауға қажетті шығындар;
-жалпы шаруашылыктық шығындар; баскару және ұйымдастыруға кажетті шығындар.
Осы топтардағы шығындар қосылып, суғармалы жерлердегі өндірістік жалпы шығындарды кұрайды.
Жалпы бір гектарға кеткен шығынды есептеген соң, жиналған өніміміз белгілі болған жағдайда, өнімнің өзіндік құнын (Өк ) есептеуге болады:
Өк = Ш/Ө, теңге/ц;
Таза пайданы (Тп ):
Тп = ӨБҚ - Ш, теңге;
Тиімділік деңгейін (Тд ):
Тд -Т/Ш х 100, %;
мұндағы: Ш -бір гектардан болған барлық шығын, тенге/га; Ө-дақыл өнімділігі, центнер/га; ӨБҚ -өнімнің барлық құны, теңге/га.
Нарық экономикасына байланысты енгізілген суға төленетін төлем туралы толығырақ білген жөн. Бұл төлемнің (Тсу) құрамына судың табиғи ресурс ретіндегі құны (Тр), суды су көзінен танапқа дейін тасымалдауға кеткен шығындар (Тт) және жүйені қайта құруға жүмсалған қаражаттың жылдык, (Тқ ) қайтарылу мөлшері кіреді:
Тсу=Тр+Тт+Тк, теңге/га немесе теңге/м3
Судың табиғи қоры ретіндегі құнына байланысты төлем (Тр ) су үшін деп аталатын жалпы төлем түрінде су пайдаланушылар қауымдастығының (СПК) есеп-шотына түскеннен соң, одан әрі мемлекеттік су беруші мекеме (су комитетінің жергілікті мекемелері) есеп-шотына, яғни мемлекеттік бюджет пайдасына аударылады.
Су тасымалдауға кеткен шығындар негізінде белгілентен төлем (Тт) негізінен СПҚ-ның күтіп-баптау қызметі шығындарын өтеуге жұмсалады. Сонымен қатар бұл төлем құрамына мелиорация жүйелерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу аммортизациялары, электр энергиясын пайдаланғаны үшін болатын шығындар кіреді. Осы төлемді ұйымдастыру үшін СПК. арнайы тариф белгілейді. Ол екі түрлі болуы мүмкін: гектарлык тариф (Тга ) немесе текшеметрлік (Тм3). Олардың есептеу формуласы төмендегідей:
Тга =Эш/Ғ, тенге/га;
мұндағы: Эш - жүйені күтіп-баптауға байланысты пайдалану шығындары, мың теңге; Ғ -жүйе қамтитын жерлердің ауданы, мың га;
Қайта құру (реконструкция) жургізілген жүйелердегі шаруашылықтар жұмсалған қаржыны өтеу үшін суға төленетін төлем құрамына сол кайтарылатын қаржының жылдық үлесін (Тк ) енгізеді.
Жоғарыда аталған тарифтың гектарлық немесе текшеметрлік болатынын және олардың мөлшерін СПҚ-ның жалпы жиналысы талқылап бағалайды, тиісті шешімін шығарады.
Дебиеттер тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1 Атақұлов, Т. А. Ауыл шаруашылық мелиорациялары/ Т.А. Атақұлов, Т.С. Кененбаев. – Алматы.: 2000. - 200 бет.
2 Бекбергенов, Қ. Ауыл шаруашылық мелиорациясы/ Қ. Бекбергенов. – Алматы.: Қайнар, 1994. - 272 бет.
3 Қорғасбаев, Ж. Мелиорация жұмыстарын ұйымдастыру/ Ж. Қорғасбаев, Т. Атақұлов. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 144 бет.
4 Қорғасбаев, Ж. Шөл жайылымдарды суландыру және игеру/ Ж. Қорғасбаев, М. Қасенов. – Алматы: Қайнар, 1987. - 168 бет.
5 Әлжанова, Б.С. Ауыл шаруашылығы мелиорация пәнінен оқу-әдістемелік құрал/ - Орал.: БҚАТУ, 2003. - 108 бет.
6 Гумаров, Г.С. Механизация водоснабжения пастбищного животноводства/ Г.С. Гумаров. – Уральск.: Зап.Казахст. аграр. техн. ун-т им. Жангир хана, 2007. - 209 с.
7 Зайдельман, Ф. Р. Мелиорация почв./ Ф.Р .Зайдельман. – М.: Изд-во МГУ, 1996. - 384 с.
8 Ерхов, И. С. Мелиорация земель/ И.С. Ерхов, Н.И. Ильин, В.С. Мисенов. – М.: ВО Агропромиздат, 1991. - 319 с.
9 Шуравлин, А. В. Мелиорация/ А. В. Шуравлин. А. И. Кибеки. – М.: ИКФ «Экмос», 2006. - 944 с.
10 Колпаков, В. В. Сельскохозяйственные мелиорации/ В. В Колпаков, И.П. Сухарев. - М.. Колос, 1988. - 328с.
11 Коргасбаев, Ж.К. Орошение и сельскохозяйственное водоснабжение/ Ж.К. Коргасбаев, М.Г. Баженов. – Алматы. Рауан, 1992.
12 Зубайров, О.З. Суғару және оның жүйесін пайдалану/ О.З. Зубайров, А. Сагаев. - Кызылорда. 2001.
13 Сметанин, В. И. Рекультивация и обустроиство нарушенных земель/ В. И. Сметанин. – М.: Колос С, 2003. - 96 с.
Қосымша әдебиеттер:
1 Чичасов, В. Я. Техника полива сельскохозяйственных культур/ В.Я. Чичасов и др. - М.: Колос, 1970.
2 Волковский П.А. Практикум по сельскохозяйственной мелиорации/ П. А. Волковский. – М.: Колос, 1970.
3 Ерлепесов, М.Н. Орошаемое земледелие/ М.Н. Ерлепесов, О.Т. Турешев. - Алматы.