Дәріс 7. Еңбекті қорғау департаментінің қызметі
Еңбекті қорғау қызметінің мынадай құқықтары бар:
Кәсіпорынның бөлімшелерінен еңбекті қорғау алады,еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормларды, техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулардың бұзылуына жол берген адамдардан жазбаша түсінік талап ете алады.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан белгілі бір жұмысты атқаруға жіберуге болмайтын немесе еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды,қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауларды қалай болса солай бұзуға жол беретін адамдарды жұмыстан босатуды талап ете алады.Бұл талаптар сөзсіз орындалуға жатады .
Егер жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе апатқа апарып соғатын болса,кейбір учаскелердегі машиналарды,жабдықтарды пайдалануға және өндірістік жұмысты одан әрі жүргізуге тыйым салады және бұл жөнінде кәсіпорынның басшысына немесе иесіне хабарлайды.
Кәсіпорынның басшылығымен келісе отырып,басқа бөлімшелердің тиісті мамандарын еңбекті қорғаудың ахуалын тексеруге қатыстыра алады.
Кәсіпорын басшылығына жекелеген қызметкерлерді еңбектің қолайлы да қауіпсіз жағдайларын жасау жөніндегі белсенді жұмыстары үшін ынталандырады.
1993 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысымен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау департаменті құрылды.
Оның міндеттері мен құқықтары Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы » Заңының баптарымен белгіленіп бекітілген. Еңбекті қорғаудың мемлекеттік басқармасының механизмі шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейінде қызмет етіп, қажетті ұйымдық-құқықтық негіздерді қамтамасыз етеді. Атап айтқанда бұл саладағы әлеуметтік саясатты қамтамасыз етеді, еңбек ету және оны қорғау жөніндегі қажетті ғылыми негізделген заңдылықты қалыптастырады, кәсіпорындар мен кәсіпкер құрылымдардың экономикалық мүдделігінің механизмін жасайды, бұл саладағы белгіленген нормалар мен қойылатын талаптардың орындалуына бақылау жасауды ұйымдастырады, түрлі жеңілдіктер мен төлемдердің дұрыс берілуін қадағалайды, қажет болған жағдайда түрлі санкциялар мен айып салуды іске асырады, қызметкерлердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуын қамтамасыз етеді.
Еңбек қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілік заң бойынша кәсіпорынның басшысына ресми түрде жүктеледі. Кәсіпорынды тіркеуден өткізу кезінде жұмыс беруші жаң еңбекті қорғау жөніндегі емтихан тапсырудың міндетті жүйесін енгізу қажет. Мұнда еңбекті қорғауды қадағалау мен бақылау жөніндегі тиісті органдар жүзеге асыруға міндетті. Осындай емтиханның өткеннен кейін ғана әрбір жаңадан құрылған кәсіпорынның өз қызметін бастап, жұмыс істеуіне рұқсат(лицензия) беріледі. Әрбір кәсіпорында еңбекті қорғау жөніндегі арнаулы қызмет ұйымдастырылуы тиіс.
Еңбек қорғауға байланысты нормаларды негізінен төрт топқа бөлуге болады:
1. Өндірістік объектілерді жобалар сатысында еңбек қауыпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нормалар.
2. Өндіріс үдерісі кезінде қауыпсыздыкты сақтауға бағытталған нормалар.
3. Емдеу-профилактикалық, тамақтандыру және жеке қорғану құралдарын пайдалану нормалары.
4. Еңбек заңдылықтарын сақталуына бақылау жасау мен заңдылықты бұзушылардың жауапкершілігінің нормалары.
Осы нормалдық орындалуына еңбек ұжымдары үнемі басшылық жасап отырады.
Ал еңбектің басқа стандартты МемСТ 1.26-77 және арнайы әдістемелік нұсқауларға сай құрылған ( стандарттар мен техникалық жағдайлардың жобаларын кәсіподақ ұйымдарымен келістіру тәртібі РД50-ІІІ-86).
Бұл құжаттарға сәйкес барлық стандарттар мен техникалық талаптардың «Қауіпсіздік талаптары» деген бөлім болуы тиіс.
Кіші кәсіпорындарда, акционерлік қоғамдарда, жауапкершілігі шектеулі серіктестерде, басқа да ауыл-шаруашылығы мекемелерінде еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесін енгізуді әкімшілік белгілі бір жауапты адамға тапсырады. Ол осы жұмыс бойынша жоспар құрып, мекеме басшысына бекіттіреді. Сондай-ақ, стандартты енгізу мерзімі және қолдануға үйрету мәселелері енеді. Стандартты енгізу жұмыстарына мекеме басшысы мен бас инженер жалпы басшылық жасап отыр.
Қазақстан Республиксының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары
Жұмыс уақыты. Жұмыс уақытының бірқалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жеке еңбек шарттарында талаптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуі мүмкін.
Қысқартылған жұмыс уақытының ұзақтығы мынадай мөлшерде белгіленеді:
1.16 жастан 18 жасқа дейінгі жұмысшылар мен қызметшілер үшін аптасына 36 сағат, 14 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін аптасына 24 сағат;
2. Ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайы зиянды жұмыстарда істейтін жұмысшыламен қызметшілер үшін аптасына 36 сағаттан аспайды.
Түнгі уақытта жұмыс істеген кезде жұмыстың белгіленген ұзақтығы бір сағатқа қысқартылады.
Түнгі уақытта жұмыс істеуге мыналарға жол берілмейді:
- жүкті әйелдерге , егер олардың келісімі болмаса;
- 18 жасқа толмағандарға және түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдарға.
Мүгедек түнгі жұмысқа, тек олардың өздерінің келісімі бойынша, егер оларға ондай жұмыс істеуге дәрігерлік қорытынды бойынша тыйым салынбаған жағдайда тартылады.
Кешкі сағат 10-нан таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептелінеді.
Жүкті әйелдердің сегіз жасқа, дейінгі баласы бар немесе семьясының ауру мүшесін күтіп-бағып жүрген әйелдердің өтініші бойынша медициналық қорытындыға сәйкес әкімшілік оған толық емес жұмыс күнін белгілеуге міндетті. Мұндай ретте еңбекақы жұмыс істеген уақытына қарай пропорциялы түрде немесе жұмыстың өніміне қарай төленеді.
Уақытынан артық жұмыс істеуге: жүкті әйелдерге он сегізге жасы жетпеген жұмысшыларға, оқу күндері өндірістен қол үзбей білім беретін оқу орындарында оқып жүргендерге, заңға сәйкес басқа да санаттағы қызметкерлерге жол берілмейді.
Уақытынан артық жұмысқа мынадай ерекше реттерде ғна жол беріледі.
1. Отан қорғау үшін қажетті жұмыстарды жасаған кезде, сондай-ақ қоғамдық немесе табиғи апатты, өндірістік апатты болдырмау үшін және олардың зардаптарын дереу жою мақсатындағы жұмыстарды жүргізген кезде;
2. Сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жарық беру, канализация, транспорт, байланыс жөніндегі қоғамдық қажетті жұмыстар жүргізген кезде олардың дұрыс қызмет істеуін бұзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою;
3. Басталған жұмыс, бірақөндірістегі кездейсоқ кідіріс салдарынан бітпей қалған жұмысты бітіру қажет болғанда, егер оның өзінде басталған жұмысты тоқтату мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктің бүлінуіне яки жойылуына әкеп соқтыратын болса;
4. Механизмдер мен ғимараттарды жөндеу және қалпына келтіру жөніндегі уақытша жұмыстарды жүргізген реттерде, мұндай олардың жұмысының тоқтатылуына әкеп соқтыратын болса;
5. Егер жұмысты үзіліспен істеуге жол берілмейтін болып, конвейер ауыстыруға келетін қызметкер келмеген кезде жұмысты жүргізе беру үшін; мұндай реттерде әкімшілік ауысатын адамды басқа қызметкермен ауыстыруға дереу шара қолдануға міндетті.
Қауырт дала жұмыстары кезінде кәсіпорын басшыларына егіншілердің жұмыс уақытын кәсіподақ ұйымымен келесе отырып 10 сағатқа дейін ұзартуына болады. Олардың артық істеген уақытының орнына кейін жұмыстың саябыр кезінде демалыс берілуі тиіс.
Демалыс уақыты. Жұмысшылар мен қызметшілерге демалу және тамақтану үшін ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын үзіліс беріледі. Күн сайынғы демалыстың ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауы тиіс. Мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеуге жоғарыда көрсетілген ерекше жағдайлардан басқа кездерде тыйым салынады. Ал демалыс күні істеген жұмысы келісім бойынша басқа демалыс күнін беру арқылы өтеледі.
Еңбекшілердің жалпы демалыс күндері мен мейрам күндері демалуына шек қойылмайды.
Мерзімінен тыс жұмысқа және түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағатына ақы бір жарым есе мөлшерден ал мереке немесе демалыс күндеріндегі жұмыстарға ақы екі еседен төмен болмайтын мөлшерде төленеді.
Барлық еңбекшілерге жыл сайынғы демалыс жұмыс орны мен орташа табысы сақталып беріледі. Жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы 24 күннен кем болмайды.
Ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек дамалысы ауыр дене жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге беріледі.
Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.
Бірінші жылдың демалысы сол кәсіпорында толық бір жыл жұмыс істегеннен кейін, ал келесі жылдары өзінің қалаған уақытында беріледі.
Отбасы жағдайларына және басқа дәлелді себеп-сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
Дәріс 8. Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы. Ғылыми техникалық жетістіктердің өндіріс санитариясымен байланысы. Микроклиматтың негізгі параметрлерінің сипаттамасы және оны реттеу жолдары.
1. Өндіріс санитариясы дегеніміз ұйымдастырылған гигеналық және санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі ретінде еңбекшілерге әсер ететін өндіріс факторларын жоюға бағытталған шаралардың жиынтығы.
Өндіріс санитартясы негізінен мына шараларды қамтиды: технологиялық процестердегі қауіпті-зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық-техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасымен т.б.ж. қамтиды.
Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайларының организмге әсерін зерттеп, оның әсерін мөлшерлеумен айналысатын ғылым. Гигиенист ғалымдардың міндеттері еңбек жағдайларының қауіпті және зиянды әсерлерінің адам денсаулығына зиянсыз (қауіпсіз) және кәсіби ауруларға ұшыратпайтын мөлшерін анықтап, қауіпті және зиянды факторларды жоюға бағытталған шараларды белгілеу
Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен үшке бөлінеді:
1. Гиподинамия- дене қозғалысының жетіспеуі.
2. Тамақтың жетіспеуі /санитарлық мөлшерде/.
3. Әртүрлі хабарлардың көптігі немесе жетіспеуі /шындықтың жетіспеуі / т.б.
Ғылыми техникалық прогрестің /жетістіктің/ әсері мына үш қайшылықтарға соқтырады:
1. Макро және микро өзгерістердің желе болуы- адам организмінің өзгеруіне /аз/ бейімделмейді, өйткені адам организмінің өзгеруі өте баяу.
2. Адам өмір сүретін ортаның өзгеру жылдамдығы оның дене өсімінен алда болады.
3. Табиғаттың шексіз өсу, өзгеру жылдамдығы адамның сол өзгерісіне үйренуінен, қалыптасуынан тез өтеді.
Осы өзгерістер адамға қатты әсерін тигізеді. Мысалы: аллергия ауруының көбеюі, жүйке жүйесі аурулары мен қанның бұзылуы т.б.
Осы қиындықтардан шығу жолдары:
1. Қоршаған ортаны өзгертуді ғылыми жолға қою немесе оның табиғи қалпын сақтау.
2. Табиғаттағы өзгерістерге адамның машықтануын женілдіру /денені шынықтыру, білім жетілдіру/.
3. Өзгертілген ортаны адам өзінің игілігіне парасатты түрде асыра білуі керек.
Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
1. Қолайлы (комфортный)
2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)
Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.
Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.
Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.
Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:
- жылы арнайы киімдерді пайдалану;
- жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.
Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:
- орталықтандырылған
- немесе жеке орнын жылыту
Жылытатын ортасына байланысты:
Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.
Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.
Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:
Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:
- жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын
- жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.
Ауа алмастыру әдісіне байланысты:
а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);
б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;
в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;
Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:
Табиғи:
- желдің қысымы арқылы;
- сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;
Жасанды:
- желдеткіш қондырғыларды пайдалану;