Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның әртараптандырылуы

Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесін қалыптастыр-ғанда маңызды проблема тауарларды өндіру, бөлу және олардың айналысы сфераларында, шаруашылық шешімдерді қабылдауда монополизмді жою, шаруашылықтың натуралдануына, респуб-лика өңірлерінің тұйықтанушылығына және өзін-өзі оқшаулану-ына жол бермеу болып табылады. Қазақстанда бұл проблеманы шешу меншіктік катынастарды өзгерту, еркін кәсіпкерлік пен бә-секені дамыту, монополияға карсы саясатты жүргізу, ұлттық ша-руашылықта өндірісті кішірейту және әртараптандыру есебінен қосарлас өндірістік құрылымдарды қалыптастыру бағытында жүргізілді.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіружолымен мем-лекеттік меншікті басқа нысандарға жаңғырту бұл нысандардың әралуандығын қамтамасыз етуі тиіс, мұның негізінде материал-дық өндіріс пен қызметтер сфераларында нақты шаруашылық- тарды қалыптастыру үшін объективті алғышарттар жасалады,ол кәсіпкерлік пен бәсекені ынталандырады, жұмыскерлерді еңбек-тің жоғары түпкілікті нәтижелеріне уәждеме жасайды.

Мемлекет иелігінен алу − бұл мемлекеттік меншік мәртебесін өзгерту, шаруашылықты басқару функциялары мен тиісті өкі-леттіктерді мемлекеттен шаруашылық жүргізуші сүбъектілердің деңгейіне беру, сатылас шаруашылықтық байланыстарды ден-гейлестікпен ауыстыру; мемлекет иелігінен алу меншік иесінің ауысымынсыз болуы мүмкін.

Жекешелендіру – мемлекеттік немесе муниципалдық меншік-ті (жер учаскелерін, өнеркәсіп орындарын, банктерді, көлік және байланыс құралдарын, ғимараттарды, акцияларды, мәдени құн-дылықтарды және т.c.c. жеке меншікке ақыға немесе өтеусіз беру. Жекешелендіру мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландыру немесе оларды жеке адамдарға сату арқылы жүргізілуі мүмкін.

Қазақстандаэкономиканы мемлекет иелігінен алудың және меншікті жеке-шелендірудің негізгі нысандары мыналар болды:

мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға, басқа шаруашылық қоғам-ға немесе серіктестікке өзгерту (қайта құру);

мемлекеттік кәсіпорынды немесе мемлекеттік акцияларды азаматтардың, сондай-ақ мүлкі мемлекеттік меншік болып табылмайтын заңи тұлғалардың конкурс бойынша немесе аукционда өтеуін төлеп алу;

холдингтер мен акционерлік компанияларды әртараптандырғанда акционер-лік қоғамдар акцияларыңың, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің ұқсату және қызмет көрсету кәсіпорындар акцияларының меншік иесінің шешімі бойынша өтеуін сатып алу.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру коммерциялық есептін режімін баянды етеді және каржылық сауықтырудың ма-ңызды факторы болып табылады. Олар өндірістің барлық резерв-терін пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпкерлікті дамыту үшін кепілдемелер жасайды. Жекешелендірудің шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлкінің кұны шығарылатын өнімге немесе қызметтерге нақтылы қалыптасатын бағаларды, сұранымды, оның бәсекеге кабілеттілігін, өндіріс рентабелділігін, кәсіпорынның даму перспективаларын, әлемдік бағалардың деңгейін есепке ала отырып қалдық құны негізінде анықталады.

Мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден алынған қаражаттар мемлекеттік меншік бо-лып табылады. Түскен қаражаттар бірінші кезекте егер бағалау кезінде жекешелендірілетін кәсіпорын құны берешек мөлшеріне азайтылмаған болса, оның борыштарын жабуға бағытталады. Жекешелендіруден алынған қаражаттарды пайдаланудың тәрті-бі мен бағытын Қазақстан Республикасының Парламенті анық-тайды. Бұл ретте қаражаттарды жұмсау мемлекеттік борышты өтеу, экономиканы тұрақтандыру, әлеуметтік саясатты жүзеге асыру, қосарлас өндірістік құрылымдарды, жаңа рыноктық құры-лымдарды құру қажеттігімен үйлестіріледі.

Қайта құрылымдау дәрменсіз кәсіпорындарды болуы мүмкін санациялау (қаржылық сауықтыру), жекешелендіру немесе жою жоспарларын әзірлей отырып жекелеген перспективалы бәсеке-ге қабілетті шаруашылық объектілерге өндірісті технологиялық жағынан негізделген саралаудың іс-шараларын қамтиды. Қайта құрылымдаудың алдында объектінің қаржылық жағдайының, со-ның ішінде банктерге, бюджетке, шектесушілерге кредиттік берешек деңгейінің мониториингі (зерделеу) болады.

Стратегиялық маңызы бар, мемлекеттік тапсырысты орын-дайтын, маңызды әлеуметтік функцияларды алып жүретін объектілерге қатысты қаржылық экономикалық сауықтыру (санациялау) шаралары қолданылады. Іс-шараларкәсіпорын әкім-шілігінің, оның уәкілетті органының, тиісті мемлекеттік құры-лымдардың, қаржы-кредит мекемелерінің кәсіпорынды қайта құру және жаңғырту, кәзіргі менеджементті жөнге салу, өндірісті мүмкін болатын қайта кескіндеу, өткізім рыногын қалпына кел-тіру немесе жаңасын іздестіру, баланстың активтері мен пассив-терін ретке келтіру, залалсыз жұмысты қамтамасыз ету, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша ұйымдық-техникалық, өндірістік, қаржылық-экономикалық іс-қимылдарының жүйесін қарастырады. Санацияланатын кәсіпорындарды қаржылық қол-дау қайтарымды негізде жүзеге асырылады.

Бірыңғай мүліктік кешендер ретінде одан ары жұмыс істеуі мақсатқа сәйкес еместігі анықталған дәрменсіз мемлекеттік кә-сіпорындарға қатысты қайта құрылымдау мына әдістердің бірі-мен жүргізіледі:

1) бірнеше перспективалы рентабелді объектілерді құрумен кәсіпорынды саралау;

2) заңнамамен белгіленген тәртіппен жұмыс істеп тұрған заңи тұлғаға қосу;

3) заңнамамен белгіленген тәртіппен артық мүлікті алу және оны сату немесе кейін өтеуін сатып алу құқығымен жалға беру;

4) кәсіпорынды жою және оның мүлкін иелену ( сату, жалға беру,басқа кәсіпорынға балансқа беру).

Сонымен бірге санациялау қайта құрылымдық соттан тыс рә-сім ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге – дәрменсіз борышқорларға олардың кредиторлармен уағдаластыққа жеткен жағдайларда қолданылады (екінші рәсім заңнамаға сәйкес, бо-рышқордың дүниесін сырттай басқаруды белгілеу).

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін емес деп таныл-ған шаруашылық жүргізуші субъектілер сот тәртібімен банкрот деп жарияланады. Олар «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған арнаулы белгіленген рәсімдерге сәйкес жойылуға жатады.

Рыноктық экономикада заңи тұлғаларды қайта өзгертудің қосылу, жұтылу, бөліну, бөлініп шығу сияқты нысандары қолданылады.

Қосылымдар мен жұтылымдар – қаржылық операциялардың тобын белгі-леуге арналған ұғым, бұл операциялардың мақсаты – компанияларды, банктерді және т.с.с. бәсекелік артықшылықтарды алу және ұзақ кезеңде бұл объектінің құнын барынша көбейту мақсатымен біріктіру.

Қосылымдар мен жұтылымдар кезінде рынокта монополиялану дәрежесі күшейетіндіктен қосылым және жұтылым операциялары мемлекеттік реттеудің предметі болып табылады, ірі мәмілелерді монополияға қарсы органдар бақы-лайды.

Қосылымдар мен жұтылымдар жаһандануға күшейіп отырған үрдістермен, халықаралық бәсекенің өсуімен, өндіріс технологиялары мен басқаруды үнемі жаңартуға негізделген дамудың инновациялық тұрпатына дамыған экономика-лардың ауысуымен байланысты болып отыр.

Меншікті әртараптандырудың өзгеше нысаны концессия – келісімшарт бойынша мемлекеттік меншіктің объектілерін, сондай-ақ концессионердің қа-ражаттары есебінен жаңа объектілерді жасауға (салуға) құқықтарды жақсарту және тиімді пайдалану мақсаттарында уақытша иеленуге және пайдалануға беру болып табылады. Концессияға минералдық ресурстардың, табиғат ресу-рстарының кеніштері , темір жолдар, автомобиль жолдары , коммуникацияның әр түрлі құралдары, басқа ірі инфрақұрылымдық және шаруашылық объекті-лері беріледі.

Қазақстанда өндірістің прогрессивті ұйымдық-технологиялық және экономикалық нысаны – кластерлер дамып келеді .Кластер өндірістің бүкіл циклін – қызметтің сан алуан түрлерінің бірнеше кәсіпорындарында технологиялық өзгертіп жасау бойынша жүзеге асырылатын бастапқы шикізаттан дайын өнім шығаруға дейінгі циклді біріктіреді . Бұл ретте көлік шығындарын үнемдеу үшін жекелеген өндірушілердің аумақтық жақындығының артықшылығы болады. Кластер қатысушыларының арасында шаруашылықтық қатынастар келісімшарттық негізде ұзақ уақытты байланыстармен анықталады, ал қаржылық аспектіде олар дербес бірліктер болып қала береді.

Наши рекомендации