Мемлекеттік бағдарламалары мен жобаларын басқару пәнін оқыту әдістемесі

Мемлекеттік бағдарлама және жобаның жасалуы және орындалуы еліміздің стратегиялық жоспарларының орындалуының кепілі болып табылады және еліміздің дамуындағы рөлі өте зор. Мемлекеттік бағдарламалар және жобаларды басқарудың негіздерін білу іргелі және жан-жақтылы білім алудың міндетті элементі болып табылады. Сондықтан мемлекеттік және жергілікті басқару саласында мамандарды дайындаудағы оқу пәндерінің құрылымында мемлекеттік бағдарламалар және жобаларды басқару пәні маңызды орынға ие болады.

Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды тиімді басқару жүйесін құру негізінде Қазақстан өскелең дамитын әлеуметтік бағытталған экономиканы құра алады.

Мемлекеттік бағдарламалар және жобаларды басқару- мемлекеттік бағдарламалар және жобаларды басқарудың тәжірибесі және экономикалық саясаттың негізгі қағидалары туралы пән болып табылады.

Курстың мақсаты- Қазақстан Республикасы шаруашылығының заманауи жағдайында мемлекеттік бағдарлама және жобаны басқарудың практикалық әдістері және методикалық негіздерін, теориясының мәнін ашу.

Бұл курста әртүрлі республикалық мемлекеттік бағдарлама және жобалардың үлкен көлемдегі практикалық және теориялық материалдарымен танысу жүзеге асырылады. Пәнге дайындау барысында оқулықтарға, оқу құралдарына және мемлекеттік бағдарлама және жоба бойынша қосымша материалдарға үлкен рөл беріледі. Сонымен қатар, семинар сабақтарында Қазақстандағы мемлекеттік бағдарлама және жобалардың тәжірибесіне көп көңіл бөлінеді. Семестр бойына СӨЖ- ді орындау, алынған теориялық білімді, елдің нақты ұйымдарында мемлекеттік бағдарлама және жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты шараларды талдауда және жасауда мүмкіндік береді.

Мемлекеттік бағдарламаның теориялық астарына келетін болсақ, мемлекеттік бағдарлама -ресурстар, орындаушылар, ғылыми- зерттеу, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық және басқа шаралар болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама экономиканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады. "Мемлекеттік бағдарлама" ұғымының мағыналық ауқымы кең. Ол мемлекеттік бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, түрлі шараларды қаржыландыру кезінде қолданылады.

Ол мазмұнына қарай – ғылыми-техникалық, инновациялық, әлеуметік, инвестициялық, экономикалық, қорғаныстық, аймақтық, т.б. түрлерге; әзірлену деңгейі мен мәнділігіне қарай – жалпы мемлекеттік (республикалық), аймақтық түрлерге; басқару мен қаржыландыру тәсілдеріне қарай – қатаң тұрпатты бағдарламаларға, атқарымдық бағдарламаларға, демеуқаржы бағдарламаларына бөлінеді.

Мемлекет жобалар мен бағдарламаларды жоспарлау және жүзеге асыруда негізділік пен нақтылықты арттыру, қаражат пен ресурстің шығындалуын, орындалу мерзімін бақылау жүзеге асырылады. Тәжірибе барысында мемлекеттік деңгейдегі мақсатқа жетуге бағытталған жобалық тәсілдерін қолдану түрі еліміздің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді экономикалық және әлеуметтік саясатының мәселелерін жүйелі шешуге арналған ұлттық нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру болып табылады. Ұлттық бағдарламалар мемлекеттің құрылымдық саясатын іске асырудың және оның әлеуметтік экономикалық дамуына белсенді әсерін тигізудің маңызды құралының бірі болып табылады. Ол атқарушы биліктің мемлекеттік органдарының құзыретіне кіретін жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған кең ауқымды, мемлекет үшін өте маңызды инвестициялық және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға жұмылдырылуы қажет.Ұлттық бағдарламалар мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімді құралы болып қызмет атқарады.

2 болим

Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор 2050 стр бағдарламасы қабылданды және Нұрлы Жол бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаларды қазір еліміздің маңызыды саласына айналып отырған ауылшаруашылық саласының алатын орыны ерекше.

Қазақстан үшін агроөнеркәсіптік кешен саласы – ең маңызды басымдық. Өйткені, жаһандану заманында азық-түліктік қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен қатар қойылса, келешекте ауыл шаруашылығы тығырыққа тірілетін елдің қауіпсіздігіне де қатер болатынын сарапшылар болжайды. Бұл жайында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев былтырғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты айтып, азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді жаһандық сын-қатерлер қатарына жатқызған болатын. Елбасының айтуынша, әлемдік халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіріп отыр.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені бағытындағы ұстанымы айқын. Елбасы тапсырмасына сәйкес, еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасы да қабылданды. Дегенмен, ауыл шаруашылығы саласында сапалы секіріс жасау үшін Қазақстанның ішкі жағдайынан бөлек, жаһандық ауқымдағы мәселелер де маңызды болмақ. Сондықтан да бір жағынан жаһандану үдерісінің белсенді қатысушысына айналған елімізге халықаралық сауда-саттықтарға қатысты агроөнеркәсіптік бағытты қолдай түсу аса маңызды. Оның үстіне, Президент айтпақшы, жаһандануды ұлттық мемлекеттерге төнген қатер деп емес, керісінше, қайсы бір бағыттар бойынша зор мүмкіндік тудыратын объективті үдеріс деп қарауға болады.

2013-2020 жылдарға арналған агро­өнеркәсіп кешенін дамытудың сала­аралық «Агробизнес-2020» бағдарла­масы негізгі мақсаты қар­­жы жағдайын сауықтыруға, агро­өнер­кәсіптік кешен үшін тауарлар, жұ­мыстар мен қызмет көрсетулерге қол­жетімділікті арттыруға, АӨК субъек­тілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамытуға, сонымен қатар, саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталады.

Бағдарламаның негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін төрт бағыт бойынша жұмыстар жүргізілмек. Оның біріншісі – қаржылық сауықтыру. Ол кредиттер мен жобаларды қайта құрылымдау, қай­та қаржыландыру, сондай-ақ, бар бо­рыш­тарын өтеу үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілерін қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, мемлекет кредиттік жүктемені жеңілде­теді және көптеген ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің қаржылық тұрақсыздығын болдырмайды.

Екіншісі – агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қызмет пен жұмыс­тарды, тауарлардың қолжетімділігін жо­ға­рылату бағыты. Бұл ретте агроөнеркә­сіптік кешен субъектілеріне кеңес қызметін, білімдік, қаржылық, жұмыс, тауарлардың экономикалық қолжетім­ділігін жоғарылату бойынша мемлекет­тік қолдау механизмдері арқылы мін­дет­тер қойылған. Мұнымен АӨК субъек­тілерінің жаңа мемлекеттік қолдау механизмдеріне, біріншіден, АӨК басымды инвестициялық жобалар үшін инвестициялық субсидиялар, екіншіден, қаржылық институттар алдында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілден­діру және сақтандыру қызметтерін субсидиялау, үшіншісі – берілген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жатады.

Сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және қамтама­сыз ететін салалардың өнімдерінің өндірісін субсидиялау бойынша жұмыс өз жалғасын таппақ.

Ал үшінші бағыт бойынша агро­өнер­кәсіптік кешен субъектілерін мемлекет­тік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту шеңберінде фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту, ветеринарлық қауіп­сіздік жүйесін дамыту міндеттерін шешу жоспарлануда.

Шаралар фитосанитарлық және вете­ринарлық зертханалар құру және жаб­дық­тауға, фито және ветеринарлық қауіп­сіздіктің диагностикасы мен мони­торингі, жануарларды бірегейлендіру, аурулардың таралу қаупін төмендету, сондай-ақ, жайылымдық мал шаруашы­лығы үшін жайылымдарды суландыруға бағытталмақ.

Төртінші бағыт шеңберінде агро­өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ауқымды шаралар легі күтіп тұр. Айталық, ауыл шаруашылығына агрохи­миялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру, АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту, ауыл­шаруашылық дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру, АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызмет­терді көрсету жүйесін дамыту, ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту, АӨК-тегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиім­ділігін арттыру, органикалық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен оның айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау жұмыстары осы төртінші бағыт бойынша жүзеге асырылмақ.

Бағдарлама ауылда бизнестің дамуына, салаға инвестицияның келуіне, бөлі­ніп жатқан қаржының тиімділігін жо­ғарылатуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Пәнді оқытуда қолданылатын бағдарламалар мен жобаларды басқарудағы жаңа әдістер.

1.Әкімшілік әдістері

2.Экономикалық

3.Әлеуметтік-психологиялық

Ең негізгі әдіске — әкімшілік әдіс жатады. Әкімшілік әдісіне күнделікті жұмыстарды ұйымдастырып, басқарып отыру әрекеттері жатады. Бұлар бұйрық, нұсқаулар арқылы іске асырылады. Тәртіп, жазалау—бәрі де әкімшілік әдістеріне сай келеді.

Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады. Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.

Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.

Экономикалық әдістің негізінде материалдық қызықтыру мен ынталандыру, ақшамен мадақтау және жазалау жатыр.

Әлеуметтік-экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің атқаратын роліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерде негізгі элемент-адам. Еңбек ұжымын басқаруда басшының жақсы маман екендігі әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады. Еңбек коллективінде әлеуметтік-психологиялық процестер мен құрылымдардың жүйесі қалыптасады, олар еңбек өнімділігін арттырудың, шаруашылық есеп принциптерін нығайтудың, ұжымның қоғамдық өмірін демократиялаудың орасан резерві бар.

Бұл әдістің негізі — адамдардың мұқтаждығын, қажеттілігін ескере отырып, басшылардың өздерінің қол астындағы қызметкерлеріне әртүрлі (әлеуметтік-психологиялық) ықпал жасауында.

Адамдардың мінез-құлқын, жан дүниесін, зерттеп келіп, олардың рухани көз-қарасын бақылап, ұжым жайлы ортасын жасап, тәртіпті нығайтып, қызметкерлердің жұмысқа деген шығармашылық ынтасын көтеретін шаралар жасау жолдары.

3 болим

Студенттің (магистранттың) оқытуда ынталылығын, ерекешелігін арттыруда келесі шаралар жүзеге асырылуы тиіс:

Әрбір аудиториялық сабаққа, графикке сәйкес, сіз алдын- ала дайындықпен келуіңіз қажет. Тапсырмаға дайындық, тақырып талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін дайын болуы қажет.

Пәннің кестесінде көрсетілгендей, семинар сабағының және СӨЖ тапсырмалары семестр бойына бөлініп көрсетіледі. Бұл студенттердің (магистрант) тапсырманы нақты, уақытылы орынадауына әкеледі.

Көптеген семинар тапсырмалары бірнеше сұрақтардан тұрады, яғни бұл сәйкес оқу құралдарын іздегенде қажет болуы мүмкін: қажетті материалдарды қолжетімді көздерден алуға болады: оқулық, оқу құралы, монаграфия, ресми құжат, журнал мақалалары, статистикалық мәліметтер және басқалары.

Семестр бойына, оқыған материалдарды, сәйкес тақырыптағы СӨЖ орындауда қолдануға болады. СӨЖ және тапсырманы орындауға байланысты нақты талаптар аудиториялық сабақта көрсетіледі. Студенттердің (магистранттардың) білімін арттыруда СӨЖ алатын орыны ерекше. Себебі, студент тек теориялық түрде оқып қана қоймай, СӨЖ тақырыбы бойынша еліміздің, әлемдік тәжірибені ізденіп қарастырады. СӨЖ әртүрлі тапсырмалар түрінде берілуі мүмкін, яғни, студенттер онда жоба құрастырады, эссе жазу, презентация қорғау сияқты студенттің ізденуін, тапқырлығын, сөйлеу мәдениетін арттыратын тапсырмаларды орындайды. Бұл студернт ( магистрант) білімін арттыруға алып келеді.

Студент ( магистрант) оқуда ынталылығын арттыру үшін, олардың тапсырманы орындауына сәйкес баллмен бағалаынып отырады. Бұл сәйкесінше, студент (магистрант)тың тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауына және жақсы орындауға ұмтылуына алып келеді.

Жалпы студент (магистрант)тарды оқытудың ерекешлігін арттыруда қосымша материалдарды қолдану, оны талдаудың жаңа әдістертерін үйренудің маңызы зор.

4 болим

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез келген білімді ұрпақ өз Отанын даму жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету әркімнің міндеті.

Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жанды бейнесі. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек. Қазіргі таңда Елбасымыз дәл осы бағытта көптеген жұмыстар атқаруда. Нұрлы болашақтың даңғыл жолында әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған.

Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттауымыз керек. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Яғни, еліміздің әлеуметтік- экономикалық жағдайын арттыруда, қазіргі біз дайындап жатқан саналы, білімді жастардың алар орыны ерекше. Экономика саласында білім алып жатырған студенттер, магистранттар елдің экономикалық саясатын дұрыс жүзеге асыруға, елді дағдарыс жағдайынан алып шығуға, бәсекеге қабілетті етуде, әлеуметтік –экономикалық жағдайды жақсартуға және елімізді дамытып, қауіпсіздігін арттыруда аянбай еңбек етері хақ. Қазіргі еліміз ұстанып отырған саясатты қолдауда, елімізде орын алып жатырған мәселелерді шешуде және елдің даму бағыттарын айқындауда осы болашақ мамандарымыздың орыны ерекше.

Басқарудың барлық деңгейлерінде, шаруашылық жүргізудің барлық буындарында ағымдағы жұмысты үнемі болашақпен салыстыра алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын мамандардың рөлі барған сайын арта түсуде.

Наши рекомендации