Е-ң мақсаты мен нысаналы бағыты. ҚЕ аудиті
Каржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы каржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер -активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.
Табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты элементтер болып табылады.
Концептуадды негіз ақша қозғалысы туралы есеп беру мен меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп берулер әдетте табыстар мен шығыстар және бухгалтерлік баланс элементтерінде болған өзгерістер туралы есеп берулердің жекелеген элементтерін көрсетеді.
Аудитор өз пікірін білдіретін қаржылық есеп беруді кәсіпорын басшылығы, оның құрамдас элементтерін шын ұсыну негізінде құрайды. Бұл кезде, басшылық, қаржылық есеп беру белгілі бір категорияларға сай келеді деп дәлелдейді:
• болуы (әрекет ету);
• құкықтар мен міндеттемелер;
• құбылыс;
• толықтық;
• бағалау;
• өлшеу (дәлдік);
• ұсыну және алу.
Осы категориялардың сипаттамасы мен мәнін ашу 3 "Аудиторлық дәлелдеулер" тарауында берілген. Бұл жерде кәсіпорын әкімшілігінің дәлелдері бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптеріне тікелей байланысты екенін атап өткіміз келеді. Бұл тұжырымдар әкімішлік шаруашылық операцияларды тіркеу және қаржылық есеп беруді ұсыну үшін пайдаланатын категориялардьщ бөлігі.
Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады. Сондықтан аудитордың басты міңдеті - басшылықтың каржылық есеп беру жөніңдегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.
Аудит мақсатының мәні - аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бір болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайға байланысты әртүрлі болады.
Қаржылық есеп берудің әр элементі үшін аудит мақсатын белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор қандай дәлелдер жинау керектігін анықтайды. Ол үшін оған аудитке белгілі бір жолдарды тандау қажет.
Аудиторлық тексеруді жүргізудің жалпы жолдарын дайындау кезінде қаржылық есеп беру әділдігін анықтау үшін пайдалануға болады:
• сәйкестігін тексеру;
• ішкі бақылау, тест жүргізу (бақылау кездерін);
• мән бойынша бақылау;
• талдамалық реттемелер.
Сәйкестігін тексеру ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған.
Сәйкестігін тексеру мақсаты -- елдегі нормативтік-құқықтық актілерге сай құрылған қаржылық есеп беруді дәлелдеу кезінде дәлелдердің өңтайлы санын жинау үшін клиенттің ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізу. Клиенттің ішкі бақылау жүйесімен танысудың реттемелері:
• клиент қызметкерлеріне сұрақ қою;
• құжттар мен жазбаларды тексеру;
• лауазымды нұсқаулар, ішкі аудит туралы ереже және т.б.
• осы клиентпен жұмыс істеген алдыңғы аудиторлық тәжірибесі.
Ішкі бақылауға тест жүргізу (бақылау кездерін) ішкі бақылау жүйесін түсінгеннен кейін аудитор кателіктер мен нормадан ауытқуды және оны болдырмауға болатын не болмайтындығын бағалайды. Мұндай бақылау қателіктер мен нормалардан ауытқуы туындауы мүмкін, бірақ анықталмайды деген ықтималдылықты төмендететін нақты бақылау көздерін анықтауды қамтиды. Бұл процедураны бақылау тәуекелдігін бағалау деп атайды.
Мән бойынша тексеру
Мән бойынша шаруашылық операцияларын тексеру мақсаты шаруашылық операцияларының қажетті түрде мақұлданғанын, тіркелімдерде дұрыс ескеріліп, жинақталғанын және Бас кітапқа нөмірленгенін анықтауға болады. Егер аудитор шаруашылық операциялардың шотта дұрыс тіркеліп, көрсетілгеніне сенімді болса, онда ол Бас кітаптағы қорытындылар дұрыстығына сенімді болады.
Мән бойынша тест жүргізу кезінде баланс үшін де, табыстар мен шығыстар туралы есеп беру үшін де Бас кітаптың соңғы сальдосына басты назар аударылады. Осы тексерулер көлемі бақылау кездеріне тест жүргізу, мән бойынша операцияларды жүргізу кезінде алынған нәтижелерге байланысты болады.
Мәні бойынша операцияларды тексеру талдамалық реттемелерге қарағанда қиын және қымбат.
Мәні бойынша тестілер әдетте бүкіл жоспарлау процессінің ең күрделі бөлігі болады. Бүл елеулі дәрежедегі кәсіби пікірді қажет ететін субъективті процесс.
Егер аудитор қаржылық есеп берудің жеткілікті түрде әділ ұсынылғанына сенімді болса және оның сенімділігі ішкі бақылау жүйесін түсінуге, бақылау тәуекелдігін бағалауға, бақылау кездері тестілеріне негізделсе баланстың жекелеген баптары мен қаржылық есептеменің басқа нысандарын тексеруді едәуір құрастыруға болады. Сонымен бірге қаржылық есеп берумен жұмысты жеңілдету және аудиторлық комаңда мүшелері арасында аудиттің нақты учаскелерін рационалды бөлу үшін он сигменттерге немесе элементтерге бөледі.
Басшылық және керек болғанда басшылыққа уәкілетті адамдар даярлаған қаржылық есептілік даярлауы төмендегілерді талап етеді:
• Лайықты заңнама немесе реттеуші актілер мәнмәтінінде қолданылатын қаржылық есептілік жүйесі айықындалуы.
• Бұл жүйесімен негізінде қаржылық есептілікті қолдану.
• Бұл жүйесі лайықты сипаттамасы қаржылық есептілікке қосылуы тиіс.
Қаржылық есептілік дайындалғанда басшылық жағдайларға жарамды болып табылатын бухгалтерлік баға жасалуы бойынша пікірін жасай отырып, сонымен қатар бухгалтерлік саясаттарды таңдауы және қолдануы тиіс. Бұл пікірлер қолданылатын қаржылық есептілік мәнмәтінде жасалады.
Қаржылық есептілік төмендегі мақсаттарға жетуге арналған қаржылық есептілік жүйесімен сәйкес дайындалуы тиіс:
• Жалпы сипаттағы ақпарат («жалпы сипаттағы қаржылық есептілік») қолданушылардың үлкен санын талап етеді; немесе
• Қаржылық есептілік арнайы қолданушыларды талап етеді («арнайы мақсатты қаржылық есептілік»).