Азақстан Республикасы жер қорының қазіргі кездегі жағдайы
2011 жылдың 1 қарашасында Қазақстан Республикасы жер балансына сәйкес республиканың әкімшілік-территориялық құрылымына 14 облыс, 2 республикалық мәні бар қала, 161 әкімшіліктік аудан, 231 қала және поселкелер, 6789 селолық елді мекен кіреді (кесте 4.1). Одан басқа республикада 2453 ауылдық (селолық) округтер ұйымдастырылған [12].
Облыстар бойынша 2011 жылдың 1 қарашасында жердің ауданы,
әкімшілік аудан мен елді мекендердің саны
Кесте 4.1
Облыстар | аудандары, мың. га | Саны | ||||
аудандар | қалалар және поселкелер | селолық елді мекендер | ауылдық (селолық) округтер | |||
Ақмола | 14 621,9 | |||||
Ақтөбе | 30 062,9 | |||||
Алматы | 22 391,1 | |||||
Атырау | 11 863,1 | |||||
Ш-Қазақстан | 28 322,6 | |||||
Жамбыл | 14 426,4 | |||||
Б-Қазақстан | 15 133,9 | |||||
Қарағанды | 42 798,2 | |||||
Қызылорда | 22 601,9 | |||||
Қостанай | 19 600,1 | |||||
Маңғыстау | 16 564,2 | |||||
Павлодар | 12 475,5 | |||||
С-Қазақстан | 9 799,3 | |||||
О-Қазақстан | 11 724,9 | |||||
г.Алматы | 33,2 | - | - | - | ||
г.Астана | 71,0 | - | - | - | ||
Барлығы (территория) | 272 490,2 | 6 789 | 2 453 |
Ескерту: Ауылдық (селолық) округтердің саны Қазақстан РеспубликасыАгенттігінің деректері 2011 ж. 1 шілдесіндегі статистикасы бойынша берілген
2011 жылы біраз облыстарда (Алматы, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай және т.б.) облыстық әкімшілік және атқару органдарының біріккен шешімдерімен, олардың «Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы жайында» Қазақстан Республикасы Заңы бекіткен компетенцияларына сәйкес, кейбір селолық елді мекендер жойылған және есептік деректерден шығарылған, ал кейбір поселкелер селолық елді мекендер категориясына ауыстырылған. Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы 4.1 суретте келтірілген:
Сурет 4.1 - Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы
Шартты белгілер:
1-16 - облыстар және республикалық мәні бар қалалар:
1. Ақмола | 7. Батыс-Қазақстан | 13. Солтүстік-Қазақстан |
2. Ақтөбе | 8. Қарағанды | 14. Оңтүстік-Қазақстан |
3. Алматы | 9. Қызылорда | 15. Алматы қ. |
4. Атырау | 10. Қостанай | 16. Астана қ. |
5. Шығыс-Қазақстан | 11. Маңғыстау | |
6. Жамбыл | 12. Павлодар |
Қазақстан республикасының 2011 жылғы жер жағдайы және оны пайдалану туралы жиынтық талдамалы есебі бойынша берілген.
Әкімшілік облыстар шекарасына кіретін территориялардың жерлерінің ауданы бір-бірінен өте айрықша. Ең ірі территориялар Қарағанды (42,8 млн. га), Ақтөбе (30,1 млн. га), Шығыс-Қазақстан (28,3 млн. га), Қызылорда (22,6 млн. га) және Алматы (22,4 млн. га) облыстарына келеді. Солтүстік-Қазақстан облысы ең кіші аумақты қамтиды (9,8 млн. га).
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. 28 тамызында № 167 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі территориялық даму стратегиясында еліміздің әкімшілік-территориялық құрылымының қазіргі кездегі кейбір жағдайларға сәйкес келмейтіндігі көрсетілген. Қалалық және елді мекен жүйелерінің шекаралары аймақтардың әкімшілік шекараларымен әрқашан сәйкес келе бермейді. Кейбір облыстық және аудандық маңызы бар қалалар тұрғындарының санымен өздерінің статустарына сәйкес келмейді. Құрамына селолық округтар енгізілген қалалардың шекаралары дұрысталмаған. Мысалы, облыстық жер баланстары бойынша қалалардың шекарасына ежелгі әкімшілік аудандардың селолық территориялары енгізілген: Қостанай облысындағы Арқалық қаласының шекарасына 20 селолық елді мекен және 595,6 мың га ауылшаруашылық жерлері енгізілген, Павлодар облысында – Ақсу және Екібастұз қалаларының шекараларына 13 селолық округтар 188,5 және 422,2 мың га. әрқайсысына сәйкестілі ауылшаруашылық жерлерімен кіреді. Сол сияқты жағдайлар Атырау, Оңтүстік-Қазақстан және басқа республиканың облыстарында кездеседі. Астана қаласына 6 селолық елді мекен кіреді. Осыған орай «Қазақстан Республикасының әкімшілік-территориялық құрылымы жайында» Заңның 8 бабына сәйкес қалалар мен поселкелердің құрамына енгізілген және олардың бір бөлігі болған елді мекендер жеке әкімшілік –территориялық бірлік статусын жоғалтады және есептік деректерден алынып тасталынады делінген.