Бәсекеге қабілеттілік пирамидасы.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - компанияны басқару проблемасының барлық спектрі бойынша оның бәсекелік артықшылық нәтижесі.
Кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірақтар факторларға байланысты:
-Кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
-өндірілетін өнімдердің түрлері;
-нарықтың сыйымдылығы;
-саланың бәсекеге қабілеттілігі;
-аймақтың және елдің бәсекеге қабілеттілігі.
Ішкі факторлар – өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша кәсіпорын мүмкіндігін анықтайтын объективті өлшемдер.
Сыртқы факторлар – кәсіпорынға бағалық және бағадан тыс сипаттамалары бойынша айтарлықтай тартымды өнімдер өндіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастар.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамсыз етудің 3 деңгейі.
1.оперативті ( жедел) деңгейі;
2.тактикалық деңгей;
3.стратегиялық деңгей.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау әдістері.
Портердің бес күш қағидалары.
1.алмастырушы өнімдердің пайда болу қаупін талдау;
2.нарықта жаңа ойыншылардың пайда болу қаупін талдау;
3.жеткізушілердің нарықтағы билігін талдау;
4.тұтынушылардың нарықтағы билігін талдау;
5.бәсекелік күрес деңгейін талдау.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау әдістері.
Талдаудың әдістері:
1.көлденең талдау немесе тенденцияларды талдау;
2.факторық талдау;
3.салыстырмалы талдау;
Бағалаудың әдістері:
1.салыстырмалы артықшылыұтар тұрғысынан бағалау;
2.тепе теңдік теориясы тұрғысынан бағалау;
3.бәсекенің тиімділігі теориясы тұрғысынан бағалау;
Айталауға арналған сұрақтар
1. Бәсеке дегеніміз не?
2. Бәсекені зерттеуші ғалымдар қандай аспектілерде оны сипаттайды?
3. Бәсекелестіктің негізгі қағидалары мен функциялары
4. Бәсекенің жіктелуі
5. Бәсекелік артықшылықтын пайда болу көздерінің сипатына байланысты негізгі 10 түрін атап сипаттаңдар
6. Бәсекеге қабілеттілік пирамидасын сипаттаңдар
7. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз не?
8. Кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігі қандай факторларға байланысты?
9. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау әдістері қандай?
Дәріс 8. Кәсіпкерліктегі маркетингтік қызмет.
Сұрақтар
1.Кәсіпкерліктегі маркетингтік түсінігі мен маңызы. Маркетингтің принциптері мен түрлері.
2.Кәсіпорындағы маркетингтің негізгі қағидалары және қызмет түрлері.
3.Кәсіпорындағы маркетинг функциялары: талдау, өндірістік, басқару және бақылау. Кәсіпорынның ортасы.
1. Маркетинг – iскерлiк, кәсiпкерлiк, тапқырлық, дарындылық, икемдiлiк, сезiмталдық және бiлiмдiлiк мектебi.
Маркетингағылшын тiлiндегimarket- рынок деген сөзден шыққан.
Маркетинг дегенiмiз – бұл өнiм өндiруге байланысты өндiрiстiк шешiмдердi рынок
талабына сай арнаулы зерттеу, болжау, басқару негiзiнде кәсiпорынның, өнiм өндiрушiлердiң, қызмет көрсетушiлердiң жұмысын ұйымдастыру жүйесi болып табылады.
Маркетингдегенiмiз айырбас арқылы мұқтаждық және тұтыныс қажеттерiн қанағаттандыруға бағытталған адамзат әрекеттерiнiң түрi.
Мұқтаждық - адамның өзiне керектi бiрдеңенiң жетiспейтiндiгiн сезiнуi.
Адамдардың мұқтаждығы көп түрлi және күрделi. Мұнда негiзгi физиологиялық - тамаққа, киiмге, жылынуға және қаупсiздiк мұқтаждықтары және әлеуметтiк-рухани – жақындасу, әсерлену, құштарлық, сондай-ақ жеке мұқтаждық - бiлiмге құштарлық, өзiн-өзi дәрiптеу жатады.
Тұтыныс (қажеттiлiктер) -жеке адамның мәдени дәрежесiне сәйкестелiнетiн мұқтаждықтың арнайы пiшiнi.
Мүдде – сатып алу мүмкiншiлiгiне байланысты орындалатын тұтыныс.
Тауар -назар аудару, иелену, пайдалану және тұтыну үшiн нарыққа шығарылған,
мұқтаждық пен тұтынысты қанағаттандыруға арналған барлық ұсыныстар.
Алмастыру - өзiне керектi затты басқа бiреуден алу үшін оның орнына басқа
затты ұсыну.
Келiсiм – екi жақтың құндылықтарымен коммерциялық алмасуы.
Нарық - тауарды қазiргi және болашақтағы сатып алушылар жиынтығы.
Маркетинг түрлері:
өнiмге бағдарланған маркетинг кәсiпорынның әрекетi жаңа тауарды әзiрлеуге немесе көне тауарды жетiлдiруге нысыналынған жағдайда қолданылады. Негiзгi мiндетi тұтынушыларды жаңа немесе жетiлдiрiлген тауарды сатып алуға ықыластандыру.
тұтынушыға бағдарланған маркетингкәсiпорынның әрекетi нарықтан туындайтын тұтыныстарды қанағаттандыруға ықыластандырылған жағдайда қолданылады. Негiзгi мiндетi - әлуеттi тұтыныстарды әзiрлеу.
демаркетинг –тауар қорлары мен шикiзаттың шектеулiгiне байланысты өндiрiстiк мүмкiндiктердiң жетiспеушiлiгiне сәйкес қанағаттандырыла алмайтын тауар және қызметтерге сұранымның азаюына бағытталған маркетинг түрі.
конверсиялық маркетинг– тауарға жағымсызды сұраным пайда болғанда қолданылады ( нарықтың саралымдары тауарды немесе қызметтi қабылдамаған жағдайда).
дамушы маркетингтауарға сұраным қалыптасып келе жатырған жағдайда қолданылады. Негiзгi мiндет - әлуеттi сұранымды нақты сұранымға айналдыру.
ремаркетингтауарға сұранымның төмендеу жағдайында қажеттi.
синхромаркетингсұраным өндiрiстiк мүмкiндiктерден асып түскен немесе өндiрiс көлемi нарықтың қажеттерiнен асып түскен жағдайда қолданылады.
жаппай маркетингжаппай өндiрiстi қамтамасыз етумен немесе бiр өнiмдi түрлi сатып алушыларға таратуымен және өткiзуiн ынталандыруымен байланысты.