Сапа көрсеткіштерінің сыныптамасы

Нім сапасын басқару және бақылау

Сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы және өнім сапасын квалиметриялық бағалау

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің классификациясы

Өнімнің жасалу, эксплутациялау не тұтыну жағдайларына қолдануды қарастыратын өнімнің бір немесе бірнеше көрсеткіштерінің сандық түрде белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыруын сапа көрсеткіштері дейміз. Олар өнімнің қабілеттілік деңгейін шарттайды [6].

Фосфорит агломератының сапасының бірлікті не комплексті көрсеткіштеріне сәйкесінше оны құратын бір немесе бірнеше қасиеттерінің жай (масса, сыйымдылық, фракциясы т.б.) және күрделі (қайта пайдалануға жарамдылық т.б.) сандық сипаттамаларды бөліп көрсетуге болады.

Өнімнің әртүрлі сапа көрсеткішінің өз номеклатурасымен сипатталады. ГОСТ 15467 бойынша көрсеткіштердің келесі топтарын қолданады (2.1-кесте).

Нім сапасын көрсеткіштерінің тобы

2.1-кесте

Көрсеткіштер тобы Сипатталатын қасиеттері Көрсеткіштер
Арналуы Фосфор агломератының қолдану аймағын шартталатын және негізгі функциялардың орындалуына арналған қызметтерін анықтайтын қасиеттері Сыныптамалы Функционалды Құрамы мен құрылысы (заттың концентрациясы, қоспа құрамы)
Қауіпсіздік Фосфор агломератын эксплуатациялауда, тасымалдауда, қызмет көрсетуде, сақтауда басқа объекттер мен адам қауіпсіздігін кепіл ететін қасиеттер Белгілі уақыт аралығында адамның қауіпсіз жұмысының ықтималдығы. Сақтау құралдарының жұмыс істеуіндегі әрекеттің жеделдігі.  
Эргономикалық Адамның эксплуатациясына ыңғайлануы Тазалықты (жарықтық, температура, ылғалдылық) Антропометриялық (адам денесінің өлшемдеріне конструкциясының сәйкестілігі). Психофизиологиялық (адамның күштік жылдамдық, көргіштік, естушілік т.б. мүмкіндіктеріне сәйкестігі).
Эстетикалық Көркем мәнерлік, пішіннің ұтымдылығы, композиция бүтіндігі, сәйкестілігі т.б. Жұмысшы орындарының, өндірістік объекттердің көркемдеу сапасы. Интерьердің, жұмысшы киімнің, еңбек құралдары мен заттарын көркемдеудің оның өнімділігіне әсері.
Технологиялық Өндірістегі, эксплуатациядағы ресурстардың шығындалуының төмендеуіне қыш конструкциясының ыңғайлығы. Еңбек сыйымдылығы Материал сыйымдылығы Энергия сыйымдылығы Технологиялық өзіндік құны
Тасымалдауға қолайлылық Тасымалдау операцияларынан жарамдылық Тасымалдауға дайындықтың орташа ұзақтығы Тасымалдауға дайындықтың еңбек сыйымдылығы Белгілі түрдегі заттың тасымалдауына өнім қондырғысының орташа ұзақтығы Тасымалдау көліктерінің қолдану көлемінің коэффициенті Жүк түсірудің орташа ұзақтығы
Стандарттау мен сәйкестендіру Стандартты, сәйкестендірілген, нақты элементтердің қанығуы. Қолдану коэффициенті қайталану коэффициенті бұйым топтарына арналған өзара сәйкестендіру коэффциенті.
Патенттік құқықтық Патентті қорғаныс пен өнім тазалығы Патентті қорғаныс пен өнім тазалығының көрсеткіштері.
Экологиялық Эксплуатацияда не тұтынуда қоршаған ортаға әсер ету деңгейі Қоршаған ортаға шығарылатын зиянды қоспалар мөлшері Зиянды бөлшектер қалдықтарының ықтималдығы
Экономикалық Жетілдіруге, дайындауға, эксплуатациялауға не тұтынуға шығындар, сондай-ақ оның өндірісінің, қолдануының экономикалық тиімділігі Сапаны арттыруға кететін қосымша шығындар қосымша шығындардың өтелімділігі.
Сыртқы әсерлерге тұрақтылық Ақаулар мен жоғалымдар қажеттілігін болдыртпайтын өңдеу, сақтау, тасымалдау деңгейі. Шаңнан қорғаныс Ылғалдылықтан қорғаныс Ауа өтімділігі Соққыға беріктігі Тербеліске беріктігі Сыртқы магнитті өрістің әсеріне тұрықтылық Сақтау мерзімділігі қоректендіргіш заттардың сақталынуы

Әлемдік практикада фосфорит агломератының бір бөлігінің басқа бөлігінің үстінен артықшылық деңгейін бағалау үшін саралауды (класс, сорт) қолданады. Саралау – бірдей функцияналды қолданысы бар өнімге иеленген дәреже не разряды. Алайда, оған сапа қатысындағы әртүрлі талаптар қолданылады.

Әртүрлі дәрежелер бойынша сапа көрсеткішінің сыныптамасы 2.2-кестеде көрсетілген.

Сапа көрсеткіштерінің сыныптамасы

2.2-кесте

Дәреже Көрсеткіштер
Сипатталатын қаситтер саны Бірліктік, комплексті, интегралды
Дәрежені қамту деңгейі Базалық, салыстырмалы
Сипатталатын қасиеттер Арнаулар, сенімділігі, ресуртарды тиімді пайдалану, қауіпсіздік, эргономикалық, технологиялық, тасымалдауға жарамдылық стандарттау мен сәйкестендіру, патентті-құқықтық, экологиялық, экономикалық, сыртқы әсерлерге тұрақтылық
Көрсету әдісі Табиғи, құндылықты, процентте
Анықтау сатысы Болжанатын, зерттеуші-жобаланатын, өндірістік, тауарлық айналымды, сәйкестендірудің не жоюдың
Анықтау әдісі Өлшегіш, тіркеулі, есептеулі, тәжірибелі
Көрсеткіштің абсолютті мәніндегі сапаға әсері Жағымды, жағымсыз
Шектеулер түрі Аз емес, көп емес, аз емес және көп емес
Сапа бағалаудың субъекттеріне қатынасы Дайындаушының, әзірленушінің, тұтынушының көрсеткіштері т.б.
Талдау объекттерін қамту деңгейі Объект бірлігі, біртекті объекттер жиынтығы, әртүрлі объекттер жиынтығы

Өнім сапасын бағалауға шешім қабылдайтын көрсеткіш анықтаушы деп аталады.

Жалпылау көрсеткіштері - фосфор агломератының негізгі қасиеттерінің және оның салмақталу коэффициенттерінің сандық бағалануын ескеретін орташа шама.

Фосфор агломератының сапасының оптималды мәні дайындауға және эксплуатациялауға кететін шығындар кезінде оның эксплуатациясынан ең қажетті эффектімен жетіледі.

Фосфор агломератының белгісі оның қасиеттерінің сапалық не сандық сипатамаларын, ал параметр тек сандық сипаттамаларын бейнелейді. Өнім сапасының жалпылау көрсеткіштері комплексті болып келеді. Ол қасиеттердің жиынтығын сипаттайды.

Фосфор агломератының сапасы көрсеткіштерінің мәндерін анықтау әдістері екі топқа бөлінеді:

Ақпаратты алу әдістері – бойынша өлшеулі, тіркеулі, есептеулі, органолептикалық; оның алыну көздері бойынша – дәстүрлі, тәжірибелі және әлеуметтік.

Өлшеулі әдісі таразы, микрометрлер, лактоденсиметрлер, аппараттар, қондырғылар сияқты техникалық құралдарының көмегімен алынған фосфорит агломераты туралы ақпараттарға негізделген.

Тіркеулі әдіс өлшеу аппараттарын қолданбастан, объекттің, құбылыстың, оқиғаның есептелуіне, тіркелуіне, ізделуіне негізделген [7].

Есептеулі әдіс теориялық тәуелділіктер арқылы не эмпирикалық жолмен алынған ақпараттың құрастырылған есептеулер болып табылады.

Органолептикалық әдіс адамның сезгіш мүшелерімен (көру, сезі, иіс сезу) қабылданатын өнімнің сыртқы түрі, иісі туралы ақпарат негізіндегі өнім сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Бұл әдістегі нәтижелердің дәлдігі мен нақтылығы жұмысты орындалатын адамдардың қабілеттілігіне, біліктілігіне, дағдылығына, соныменқатар адам ағзасының қабілеттілігін арттыратын арнайы техникалық құралдары қолдану мүмкіндігіне байланысты болады.

Дәстүрлі әдіс сапа көрсеткіштері лауазымды адамдармен, сенімділік қызметтерінің, есептеуіш орталықтарының, конструкторлық бөлімдердің, кәсіпорынның есептеуіш бөлімшелері, стендтері, полигондары, арнаулы тәжірибелі лабораториялары арқылы анықталады.

Сараптамалық әдіс сараптаушы-мамандардың топтарымен қабылданатын шешімдер негізінде сапа анықталады. Сараптамалық әдіс ақпаратты саралауды және салмақтық шешуде қолданылады. Саралау – заттардың, көрсеткіштердің, қасиеттердің, құбылыстардың, факторлардың белгілі принципі бойынша қатарға орналасу. Ранг 1 сараптаушылардың ең жоғары ұнамдылығында N ең төменгі ұнамдылығында иеленеді. Сараптаушылар ойларының сәйкестілігі W=R/Rmax конкордация коэффициентінің көмегімен анықталады:

W= Сапа көрсеткіштерінің сыныптамасы - student2.ru (2.1)

Ал байланған рангтар үшін формула бойынша:

W= Сапа көрсеткіштерінің сыныптамасы - student2.ru (2.2)

Мұндағы R – ранг балдары, m – сараптар саны, n – объекттер саны, n=1; N; T- j сарабы рангтарының бірдей сандары бойынша ауытқу.

Саралау n≤20 кезінде және одан да сенімді n<10 кезінде қолданылады.

Әлеуеттік әдіс сұраулар барысында, анкеталар таралуында, конференциялар, көрмелер, аукциондар ұйымдастыру жолымен алынатын өнімдердің мүмкін не нақты тұтынушылардың пікірлері туралы ақпаратты талдауға және оны жинауға негізделген.

Жоғарыда келтірілген әдістер бағалаудың және шаруашылық техникалық мүмкіндіктерінің нақты мақсаттары мен мүмкіндіктерінің шыққанда қолданылады.

Сапа көрсеткіштерінің сыныптамасы - student2.ru

Өнім сапасын квалиметриялық бақылау

Квалиметрия деп – сапаны бағалаудың сандық әдістемесіне шешімді тұрақтауға қолданылатын, өнім сапасын басқару мен стандартаудағы ғылыми аумақ. Квалиметрияның негізгі міндеті, өнімнің қажетті сапа көрсеткішінің номенклатурасын анықтау және оның оптималды мағынасын, онымен қоса сапаның сандық бағам әдістемесін талқылау, уақыт мерзіміндегі сапаның өзгерулік есеп әдістемесін жасау.

Өнім сапасын квалиметриялық бағалауда сапа көрсеткіші мен қасиет түсінігімен ерекшеленеді. Сапалық немесе сандық мінездемедегі әр қасиетті немесе өнім жағыдайын өнім белгісі деп атайды [8].

Өнім сапасы - бұл өнімнің тағайындалуына сәйкес белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға оның жарамдылығын негіздейтін өнім қасиетінің жиынтығы. Бұл анықтамадан байқайтынымыздай, өнім сапасының бастапқы сипаттамасы ретінде оның қасиеті қабылданған.

Өнім қасиеті — өнімді өндіру, тұтыну кезінде байқалатын өнімнің объективті ерекшелігі. Әрбір белгілі бір өнім түрі әртүрлі көптеген қасиеттерге ие, олардың жиынтығы оны басқа өнімнен ажыратуға мүмкіндік береді.

Өнім сапасымен байланысты барлық аспектілер өнім сапасы туралы ғылыммен зерттеледі. Сапаны сандық бағалау әдістерін біріктіретін, осы ғылымның негізгі салаларының бірі - квалиметрия (лат. quails/ сапасы қандай + гр. /metron/ өлшеу).

Өнім сапасының деңгейін бағалау үшін деференциялды, комплексті немесе аралас әдісті қолданады.

Диффрециалды әдіс – олардың қайсысы бойынша базалық үлгі деңгейіне жеткен және қайсысының мәні базалықтан көбірек ерекшеленетінін анықтау үшін, бірлік көрсеткіштерді қолдануға негізделген. Өнім сапасының қатынасты көрсеткіштерінің есебі (Qi) келесі формуламен есептеледі:

Сапа көрсеткіштерінің сыныптамасы - student2.ru (2.3)

мұндағы:

Рі – бағаналатын і – ші сапа көрсеткішінің мәні.

Ріb – і-ші базалық көрсеткіштің мәні.

i=1,…n- бағаланатын сапа көрсеткіштің мәні.

Сапа көрсеткіштері үшін нормативтік шектеулер бар болса қатысты көрсеткішті келесі формула бойынша есептейді:

Сапа көрсеткіштерінің сыныптамасы - student2.ru ( 2.4)

Мұндағы: Pin - i-ші көрсеткіштің нормативтік мәні.

Егер есептеу нәтижесінде бір қатысты көрсеткіштер жақсы, ал біреулері нашар болып шықса, комплексті немесе аралас бағалау әдісін қолданады. Әр көрсеткіштің мәні айтарлықтай болады.

Комплексті әдіс – бірлік көрсеткішерінің функциясын көрсететін, өнімнің жалпыланған сапа көрсеткішін қолдануға негізделген жалпыланған көрсеткіш өнімнің негізгі тағайындалуын көрсететін басты көрсеткішпен сипатталкы мүмкін.

Егер қажет ақпарат болса басты көрсеткішті анықтайды және бастапқы көосеткіштерден функционалды тәуелділікті орнатады.

Диференциялды әдіспен сапа көрсеткіштерін бағалау келесідегідей:

1. Фосфатты ангидриттің (Р2О5) массалық үлесі,%, кем емес

q1 = 24 / 21 = 1.15

2. Ерімеген қалдықтың массалық үлесі, %,

а) артық емес

q2,1 = 28 / 26 = 1.07

б) кем емес

q2,2 = 26 / 24 = 1.08

3. Темір оксидінің (Fe2O3) массалық үлесі, %, артық емес

q3 = 6 / 4.5 = 1.33

4. Темір оксидінің (Fe2O3) массалық үлесі, %, артық емес

q4 = 4 / 3,6 = 1.11

5. Ылғал бетінің массалық үлесі,%, артық емес

q5 = 3 / 2,5 = 1.2

6. Массалық үлестің бөлігі, 10мм, %, артық емес

q6 = 15 / 13 = 1.15

Фосфор агломератын диференциялды әдіспен сапа көрсеткіштерін бағалау мәліметтері 2.3-кестеде келтірілген.

Наши рекомендации