Стандарттау және оларға қойылатын талаптар бойынша нормативтік құжаттар.
Билет
1. Еңбек қорғау курсы бөлімдеріне қысқаша түсінік
Еңбек қорғау мен еңбек қауіпсіздігі туралы негізгі түсініктемелер толық көлемде келесі құқықтық және нормативтік құжаттарда көрсетіледі: «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік туралы заң», «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі» және т.б. «Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің» 1- тарауында еңбек қорғау түсінігіне келесідей анықтамалар беріледі: – бұл еңбек қызметі үрдісінде жұмысшылар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құрамына құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, техникалық – ұйымдастырушылық, санитарлы – эпидемиологиялық, емдеуші – профилактикалық, реабилитациялық және басқа шаралар мен құралдар кіреді.
Бұл анықтама еңбек қауіпсіздігі анықтамасымен үндес болып келеді – шаралар кешенімен қамтамасыздандырылған, еңбек қызметі үрдісінде жұмысшыларға өндірістік және зиянды факторлардың әсер етуіне жол бермейтін жұмысшылардың қорғалу жағдайы.
Ғылым ретінде тіршілік әрекеті қауіпсіздігі мен еңбек қорғанысын, еңбек жағдайларын және жұмысшылардың толықтай қауіпсіздігімен қатар олардың өмір сүру әрекетінің жоғарлату жағдайларын жасау шарттарын зерттейді.
Пәннің зерттеу міндеті болашақ мамандардың мемлекет стандарттарына сәйкес мамандықтары бойынша білу талаптарына байланысты болады.
2. Өндірістік жарақаттану, жарақаттануды талдау әдістері
Өндірістік жарақат – бұл әр түрлi сыртқы және қауiптi өндiрiстiк факторлардың адам ағзасына тигізетін әсердiң салдары. Көбіне, өндірістік жарақаттар құлау, басып кету кезіндегі механиканың әсердің нәтижесінде немесе механикалық жабдықпен жұмыс істеу кезінде болады.
Жарақаттану статистикалық, топтық, монографиялық, топо-графиялық жəне экономикалық əдістермен талданады. Тексеру актілері негізінде белгілі уақыттағы қайғылы жағдайлардың жиынтығына статистикалық талдау жасалынады. Жарақаттанудың статистикалық талдауына қайғылы жағдайлардың абсолютті сандық көрсеткіштері мен жұмысшылардың саны ескеріледі, жиілік коэффициенті жəне жарақаттанудың ауырлылығына қатысты көрсеткіштер анықталады. Жарақаттанудың топтық əдістерін білуде қайғылы жағдайлардың қайталануы ауырлық зақымдануларға тəуелді емес. Қайғылы жағдайлардың байқалуы топтық мақсатта, жағдайлардың біркелкілігімен, бір ахуалда, біртекті құрылғылармен, сонымен қатар зақымдану сипатының қайталануымен жіктеледі. Жарақаттануды топографиялық əдіспен тану, қайғылы жағдай болған жердегі себептер қаралады. Оның негізгі мақсаты – қайталау емес, топографиясы, яғни біртекті емес жағдайдағы оқиғаның өрбуі. немесе ерекше ауыр жағдайда монографиялық талдау жасалынады. Мұнда тек қайғылы жағдайлар туралы мəліметтер ғана өңделмейді, нысанды техникалық зерттеумен қатар, белгілі бір жағдайда жарақаттануға əкелетін потенциалды қауіптілікті айқындайды
3. Адам ағзасына жарықтың әсері. Жарықтандыру түрлері.
Жарықтандырудың өте жоғары санитарлы-гигиеналық маңызы бар. Жарықтандыру дәрежесі жоғарылаған сайын жұмыс өнімділігі (кейде 15%-ға дейін және одан жоғары) және жұмыстың сапасы да арта түседі сонымен қоса өндірістік жарақаттар мен авариялардың болуы азаяды.
Жарықтандыру табиғи, жасанды немесе аралас болып бөлінеді. Жасанды жарықтандыру өз кезегінде, жұмыс орнында пайдаланатын, авариялық, күзетуге арналған, сонымен қатар жалпы және жергілікті жарық болып бөлінеді.
Адам денсаулығы үшiн өте қолайлы табиғи жарықтандыру болып табылады. Ол табиғи жарық көздерінен пайда болады және тәулік уақытына, жыл мезгіліне, тұрғылықты жердің географиялық көлеміне, атмосфера жағдайына және тағы басқа да факторларға байланысты өзгеріп отырады.
Табиғи жарық адамның тіршілік әрекетіне қажетті қалыпты жарықты толығымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да біздің заманымызға дейінгі өмір сүрген адамдарға жасанды жарықтың да қажеттілігі көп болған, олар от жағу, факелды пайдалану және тағы басқа да жану құралдарын қажеттіліктеріне пайдаланған.
Жарықтың шығу типіне байланысты өндірістік жарықтың үш түрі болады:
1. табиғи – Жарық көзі күн болып есептеледі (тік және шағылысқан)
2. жасанды – жарықтың жасанды түрлері;
3. аралас – табиғи жарық жеткіліксіз болғанда, оған жасанды жарықты біріктіреді.
Билет
1. Еңбек қорғау бойынша ережелер мен нормалардың бөлінуі
Қ.Р төтенше жағдай бойынша мынандай Заңдар қабылданған:
– 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы».
Бұл заң Қ.Р-дағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен жоюдағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
– 1997 жылдың 27 наурызынан «Авариялық-құтқарушылық қызметтер және құтқарушылардың статусы туралы».
– Бұл заң табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды залалсыздандыру үшін құрылған апатты-құтқару қызметінің ұйымдастырылуы мен құрылуы барысындағы қоғамдық қатынастарды реттейді де құтқарушылардың дәрежесін бекітеді.
– 1997 жылдың 7 мамырынан бастап «Азаматтық қорғаныс туралы».
Негізгі нормативтік актілер:
– 2000 жылдың 23 маусымынан бастап А.Қ қалыптасуы туралы негізгі нұсқау және олардың материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі туралы келтірілген нормалар;
– 2000 жылдың 13 шілдесінен бастап Қ.Р-да А.Қ енгізу және ұйымдастыру;
– 2000 жылдың 23 тамызынан бастап эвакуациялық шараларды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
2007 жылдың 11 желтоқсанынан бастап инженерлік-техникалық шараларды А.Қ негізінде өткізу туралы нұсқаулық.
Еңбек қорғау саласында келесі нормативтік-техникалық құжаттар бар:
- ҚР ның Конституциясы;
- 2007 жылдың 15-ші мамырынан бері ҚР-ның еңбек кодексі;
2. Өндірістік микроклимат көрсеткіштері, оның қолайлы жұмыс аймағы үшін белгіленген нормаларыМикроклиматта температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады. Ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, бұның бары еңбек өнімділігін төмендетеді және оған кері әсерін тигізеді.
Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады. Сонымен қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі.
Жыл мезгілдері | Жұмы с кате гориясы | Тем пер ату ра, С0 | Салыстырмалы ылғалдылық,% | Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с |
Суық және көшпелі жыл мезгілі сыртқы ауаның температурасы +100С-дан төмен болған мезгіл | жеңі -І орта ауыр лық ІІа орта ауыр лық ІІб ауыр ІІІ | 20-23 18-20 17-19 16-18 | 60-40 60-40 60-40 60-40 | 0,2 0,2 0,3 0,3 |
Жыл уақыты Сыртқы ауаның t+100С және одан жоғары болған мезгіл | жеңіл -І орта ауыр лық ІІа орта ауыр лық ІІб ауыр ІІІ | 22-25 21-23 20-22 18-21 | 60-40 60-40 60-40 60-40 | 0,2 0,3 0,4 0,5 |
3. Радиоактивтік сәулелену, қорғаныс шаралары
Радиациялық сәулелену — иондаушы сәулелердің түрлі объектілерге әсері. Радиациялық сәулеленудің көздері: ядролық жарылыс, жарылыс кезінде немесе басқа жағдайларда пайда болатын және жергілікті жер (акватория) мен атмосфераны зақымдайтын радиоактивті заттар болыл келеді.
Радиациялық қорғаныс мақсаты – бұл зиянды стохастикалық емес эффектіні болдырмау жəне қабылдауға болады деп есептелінген стохастикалық эффекттің пайда болу ықтималдық деңгейлеріне дейін шек қоюы.
Қорғау кешенінің шаралары бойынша ашық көздермен жұмыс істеген кезде, сыртқы сəуледен ғана емес, ішкі сəулеленуден де адамдардың қорғанысы қамтамасыз етілуі керек, сонымен қатар радиоактивті лас заттармен ауаны жəне жұмыс аймағын, адамдардың терілері мен қызметкерлердің киімдерінің ластануын болдырмау, сонымен қатар ауаның-сыртқы орта объектілерінің, сулардың, өсімдіктер өсетін топырақты да қорғау керек.
Көрсетілген шаралар кешендерін міндетті түрде, мынаұйымдар үшін қарастырылу керек, мысалы, ядролық реакторлардағы жұмыс ұйымдары, əсіресе жөндеу жұмыстарын өткізуі кезіндегі потенциалды қауіпі бар радиохимия өндірісі, радиоактивті заттардың жұмыс орнына жəне сыртқы ортаға енуі.
Билет
1. Еңбек қауіпсіздігін стандарттар жүйесі (ЕҚСЖ)Стандарт туралы заң.Стандартау туралы Қазақстан Республикасының заңы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген және ол осы заңнан және басқа да нормативтiк құқықтық актілерден тұрады. Егер Қазақстан Республикасында бекiтiлген халықаралық келiсiмшартпен осы заңдарда болатын басқа ережелер орнатылса, онда келiсiм шарттың халықаралық ережелерi қолданылады.
Стандарттаудың мақсаты.Стандарттаудың негізгі мақсатына жатанындар:
1) өнімдерге, процестерге (жұмыстарға) және қызметтерге нормаларды, ережелер мен сипаттамаларды (бұдан әрi - талап) белгілеу;
2) процестер (жұмыс) мен өнімдердің қауіпсіздігін, адамдардың денсаулығын олардың дүниелерін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
Стандарттау бойынша мемлекеттiк басқару жұмыстары. Қазақстан Республикасындағы стандарт бойынша жұмыстарды басқаруды стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкiлетті мемлекеттiк құрылым жүзеге асырады.
Стандарттау, метрология және сертификация бойынша уәкiлетті мемлекеттiк құрылымның атқаратын жұмысы:
1) стандарттау төңiрегiдегiндегі мемлекеттiк саясатты қалыптастырып жүзеге асыру;
2) осы салаға байланысты заңды және жеке тұлға қызметкерлерінің мемлекеттiк құрылымдарының қызмет әрекеттерін үйлестіреді;
Стандарттау және оларға қойылатын талаптар бойынша нормативтік құжаттар.
Қазақстан Республикасының стандартының мемлекеттiк жүйесінде 0олданылатын стандарт бойынша нормативтiк құжаттарға жататындар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары – ҚР СТ;
2) Техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттiк жiктеуiштерi;
3) Мемлекет аралық стандарттар – МЕСТ, техникалық-экономикалық ақпараттардың жiктеуiштерi және стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсыныстар;
2. Өндірістік желдету. Табиғи желдетуді ұйымдастыру принциптері Желдету әдісі ауаны айдаушы, сорушы немесе ауаны айдаушы-сорушы әдістерімен жүргізіледі. Ауаны айдау арқылы желдету кезінде көмірдің өздігінен жануынан туындайтын өрттің пайда болу мүмкіндігі төмендейді. Сонымен бірге, ауаны сору арқылы ауаны тазартумен салыстырғанда айдау арқылы желдету кезінде желдетуші қондырғыларының желдету арналары қыс мезгілдерінде мұз баспайды және көмір шаңының қалдықтарымен толып қалмайды. Үстіңгі жақтағы орнатылған желдеткіш, үздіксіз жұмыс істеп тұруы қажет. Кенді және кенсіз кеніштерде желдеткіштің жұмыс режимі тау-кен техникалық инспекциясымен сәйкес кеніштің бас инженерімен бекітіледі.
Билет
1. Жұмыс берушінің еңбек қорғау талаптарын сақтаудағы міндеттері
ЕҢБЕК ҚОРҒАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
Еңбек қорғаудың негізгі міндеті — заң актілері жүйелерін және оларға сәйкес әлеуметтік - экономикалық, техникалық, тазалық сақтау және ұйымдастыру шараларын талдап, орындау болып табылады, мұның бәрі еңбек процесі кезінде денсаулық сақтау қауіпсіздігін және оқушының еңбек қабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Еңбек қорғауға еңбек заңдылықтары, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі мәселелер кіреді. Барлық оқушылар жұмыс істеудің қауіпсіз әдістерін үйреніп, игеруге және қауіпсіздік техникасы ережелерін жақсы білуге міндетті. Белгілі тапсырмамен жұмысқа кірісетін әрбір оқушы қауіпсіздік техникасы, бойынша алғашқы нұсқаулар алғаннан кейін ғана іске кірісу керек.
2.Еңбек қорғауда жеке қорғаныс құралдары, олардың сипаты Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары - медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар, ТЖ –да қолдануға арналған, зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудың алдын-алу мақсатында қолданылады.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына жататындар: радиациядан қорғағыш, залалсыздандырушы және бактерияға қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер(препараттар), УЗ-дан (ҚӘУЗ) қорғағыш медициналық рецептуралар және таңғыш заттар.
Табельдік жеке қорғаныстың медициналық құралдарына: АИ-2 жеке қобдиша; радиациялық – қауіпті аумақтарда тұратын тұрғындарға арналған әмбебап қобдишалар ИПП-8, ИПП-10; медициналық таңғыш пакет (ППМ) кіреді.
Тұрмыстық әмбебап қобдишаның ішіне кіретіндер:радиоқорғағыш құралдар; жалпытерапиялық заттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназепам); антисептикалық және таңғыш заттар (бриллиантты жасыл, калия перманганат, дерикат, левоненоль немесе мафенизин ацетат, мақта, бактериядан қорғағыш лейкопластырь, дәке).
3. Еңбек қаупсіздігінің психо-физиологиялық факторлары Психофизиологиялық - жұмысшылардың еңбек тәртiбiн бұзуы, жұмыс орнында мас болу, қасақана жаралану, жұмыстан шаршау және денсаулықтың нашарлауының салдарынан болатын жарақаттар
Билеті
1. Өндірістердегі техника қауіпсіздігін қадағалайтын ұйым
Өндірістегі сәтсіз жағдайларды тексеруге басшымен бірге – жұмыс беруші немесе оның өкілетті адамы, жұмыскерлер басшысы, еңбек қорғау бойынша маманы жұмылдырылады. Қатты уланған жағдайларда тексеру комиссиясының құрамына санитарлы- эпидемиология саласындағы мемлекеттік өкілдері қатысады.
Комиссия жұмысына жұмыс беруші мен зардап шегушінің арасындағы сәйкес келесімі бар сақтандыру ұйымдарының басшысылары қатысуға құқығы бар.
2. Өндірістік жарақаттанудың тізбектік, параллель, шеңберлік және концентрлік себептері
Тізбектік- бірінші себеп екінші себепті тудырып, екіншісі – үшіншісін т.с.с. жарақаттануға әкеп соғатын соңғы себепке дейін болатын форма;
Параллельды – екі немесе одан да көп параллель байланыстар арқылы, жарақаттануға әкеп соғатын орта себеп тудыратын форма;
Дөңгелек – бірінші себеп екінші себепті тудырып, екіншісі – үшіншісін т.с.с. өз кезеңінде бірінші себеп екіншісін, соңғы себепке дейін тереңдетіп, жазатайым оқиғаға алып келетін форма түрі.
Концентрленген – кез келген бір фактор бірнеше параллель дамитын себептердің шығу көзі болатын, жарақаттануға әкеп соғатын ортақ себепті тудыратын форма түрі.
Аталған себеп формалары әр түрлі комбинацияда күрделі желілік модельдердің құрама элементтері ретінде қызмет етуі мүмкін.
3. Электр тогымен зақымданудан қорғауЭлектр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай техникалық тəсілдерді жəне қорғау құралдарын қолданады: қорғаныстық жерлендіру, нөлдеу, қорғаныстық ажырату, потенциалды деңгейлестіру, аз кернеу, ток жүргізетін бөліктерді оқшаулау, торапты электрден ажырату, қорғаулық құрылғылар, блокировкалау, ескерулік сигналдары, қауіпсіздік белгілері, сақтық плакаттары, электрден қорғау құралдары.
6-билет
1. Өндірісте еңбек қорғау кабинетін ұйымдастыру талаптары
Қызметтің негізгі міндеттері:
1) өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау және қамтамасыз ету бойынша құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, оңалту, емдеу алдын-алу және өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың алдын-алу жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу және жүзеге асыру;
2) өндірістік телімдердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау бөлігінде нормативтік құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру;
3) ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің талаптарын орындауын ішкі бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
2. Тыныс алу жолдарының жеке қорғаныс құралдары., олардың белгіленуі және түрлерінің жұмыс істеу принциптері
Газтұмылдырықтар - тыныс алу органдарын сенімді қорғау құралы. Олар тыныс алу органдарын, адамдардың көзін, бетін ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған. Барлық газтұмылдырықтардың әрекеті сүзгіш және жекелегіш болып бөлінеді.
Сүзгіш газтұмылдырықтар - тыныс алу органдарын қорғау құралдарының негізі болып табылады. Оның қорғау әрекеті адам жұтқан ауаны әртүрлі зиянды қоспалардан алдын ала тазалауға (сүзуге) негізделген.
Жекелегіш газтұмылдырықтар (ИП-4, ИП-5, ИП-46, ИП-46М) деп тыныс алу органдарын, бет терісі мен көзді ауадағы зиянды қоспалардан қорғауға арналған арнайы қорғау құралдарын айтамыз. Оларды сүзгіш газтұмылдырықтар қорғай алмаған жағдайда, сондай-ақ ауада оттегі жеткіліксіз болған кездерде қолданады. Тыныс алуға қажетті ауа жекелегіш газтұмылдырықтардың регенераторлық патрондардағы оттегімен молаяды. Газтұмылдырық алдыңғы жағымен регенеративті патронның тыныс алу қапшығынан тұрады.....
3. Жасанды жарықтандыру көздері, олардың сипаты Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру қолданылады, қыздырмалық шам, жоғары және төмен қысымды газоразрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады. Көздің шаршаған дәрежесі заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады.Сондай процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.
Билет
1. Еңбекті қорғау бойынша заңды және нормативті актілерді бұзғандағы жауапкершіліктер
Еңбек қауіпсіздігін қоғамдық қадағалауды қоғамдық инспектор жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңын бұзған азаматтар ҚР заңдарында бекітілген жауапкершілікке тартылады және төмендегі жауапкершілікке тартылады:
- тәртіптік жауапкершілік
- азаматтық-құқықтық;
-әкімшілік;
-қылмыстық жауапкершілікке.
Жұмыс берушінің жауапкершілігінің міндетті сақтандыруы. Қазақстанда барлық жұмыс берушілер - заңды және жеке тұлғалар жұмысшының денсаулығына және өміріне зиян келу жауапкершілікті міндетті түрде сақтандыру керек.
Сақтандырудың бұл түрі өндірісте болған оқыс жағдайдың нәтижесінде өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгендегі жұмысшылардың мұдделерін қорғауға бағытталған және өліміне байланысты немесе кәсіптік жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуының деңгейін қалыптастырып, өзіне зиянның материалды көрсеткішін қосады. Сақтандыру сомасы барлық жұмысшылардың еңбек ақысының жылдық қорынан кем емес болып бекітіледі.
Сақтандыру төлемі шынайы зақымның көлемінде беріледі, жұмыс берушінің жауапкершілігінің міндетті сақтандыру сомасы беріледі.
Міндетті сақтандырудың реті мен шарттары ҚР - ның 2005 жылдың 7 ақпанынан № 30-ІІІ ЗРК "Жұмысшының қызметтік міндеттерін орындау барысында өміріне және денсаулығына зиян келтіргендегі жұмыс берушінің міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілігі " туралы Заңына сәйкес анықталады.
Материалдық жауапкершілік:
Жұмыс берушінің жұмысшы алдындағы материалдық жауапкершіліктері:
1)Жұмысшының жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айырылу кезіндегі зиян үшін;
2) жұмысшының мүлігіне келген зиян үшін;
3)жұмысшының өміріне және (немесе) денсаулығына келген зиян үшін.
Жұмысшының жұмыс беруші алдындағы материалдық жауапкершілігі:
1)жұмыс берушінің мүлігін зақымдау немесе жоғалтқандағы зиян үшін;
2) жұмысшының әрекетінің (әрекетсіздігі) нәтижесінде болған зиян үшін.
2. Иондаушы сәулелер түрлері және олардың ерекшеліктері. Иондаушы сəулелер, оның адам ағзасына əсері жəне гигиеналық нормалау.Иондаушы сəулелер деп тікелей немесе жанама иондаушы ортаны құрайтын түрлі сəулелерді атайды. Иондаушы сəулелер электромагнитті жəне корпускулярлық болып келеді.
Тірі ағзаға иондаушы сəулелердің биологиялық əсері ең алдымен сəулелердің жұту энергиясына тəуелді болады. Иондаушы сəулелердің əсерінен қорғану.Радиоактивті заттар мен басқа иондаушы сəулелердің көздеріне байланысты жұмыстың негізгі санитарлық ережелері өңделген.
Жабық иондаушы сəулелену көзі деп қоршаған ортаға радиоактивті заттардың түсуінен қорғайтын қондырғыны айтады. Ішкі сəулелендіру деп ішкі ағзада болатын радиоактивті заттардың
иондаушы сəуле шығарудың ағзаға əсерін айтады. Электромагнитті жəне корпускулярлы сəулелер (альфа-, бета-, гамма-,рентген, нейтронды жəне т.б.), тура жəне жанама заттармен əрекеттесу кезіндезақымдаушы атом мен молекула түзетін иондар иондаушы деп аталады. Радиоактивті ядроның ыдырауы негізінен альфа-, бета- жəне гамма сəулелерімен араласады.Альфа-сəуле гелий атомының ядросынан жəне сəйкес зарядтан тұратын бөлшек ағымынан тұрады. Əр түрлі ядроларға арналған альфа-бөлшектерінің
ядросы шамамен 4,5 - 8 МэВ құрайды.Бета-сəуле электрон мен позитрондар ағымынан тұрады. Ядроныңыдырауы кезінде бета-активті элементтердің бета-бөлшектері түрлі энергияға ие болады; бета-бөлшегінің спектрі үздіксіз. Бета-спектрінің орташа эенергиясы Eср шамамен 0,3 Е макс. Құрайды. Бета-бөлшектің максималды энергиясы əр түрлі радиоактивті изотоптарда бірнеше мегаэлектрон-вольтке өсуі мүмкін. Гамма-сəуле ядро ішінде энергетикалық өзгерулер нəтижесінде пайда болатын электромагнитті сəуледен тұрады. Əр түрлі изотоптардағы гамма-сəулесінің энергиясы шамамен 0,01-ден 10 МэВ дейін болады. Гамма-сəуленің вакуумда таралу жылдамығы 300 000м/с. Көптеген радиоактивті изотоптар бета-бөлшектерге жəне гамма кванттарға бірқалыпты түрде өтеді. Рентген сəулелері – кіші толқынды электромагнитті сəулелер – заттаэлектрондардың жылдам тоқтауында пайда болады.Нейтронды сəуле – нейтрондар ағыны. Бос нейтрондар тұрақсыз нейтральды бөлшектер болып табылады. Нейтрон электрлік зарядтан тұрмаса, ол ядролық реакция тудыратын атом ядроларымен еркін əрекеттеседі.Нейтрондарды энергиясы бойынша жіктеу келесі түрде қабылданған: салқын(0-0,005 эВ), жылулық (0,05-0,5 эВ), жылы (0,5-1000 эВ), резонансты (1-100кэВ), жылдам (0,1-50 МэВ), өте жылдам (50 МэВ). Радиоактивті сəулелерді олардың иондалуын жəне ену (түзілу) мүмкіндігі бойынша сипаттауға болады.Иондаушы сəуле мүмкіндігі меншікті иондаумен, оның ішінде көлем, салмақ бірлігінде бөлшек түзетін иондар санымен анықталады.
3-сұрақ. Көміртегі газымен уланғандағы алғашқы көмек
- газбен уланған жағдайда адамның иісті газбен демалуына жол бермеу қажет
- зардап шегушіні таза ауаға алып шығу керек
- егер зардап шегуші есін білсе, оны жатқызып, оның тыныштығы мен таза ауамен тыныстауын қамтамасыз ету қажет (газетпен желпу, желдеткіш немесе кондиционер қосу)
- егер зардап шегуші есінен танып қалса, жедел жәрдем келгенше немесе есін жиғанша жүрегіне жабық массаж және жасанды тыныстандыру әрекетін жасау қажет
- Естеріңізде болсын, зардап шегуші адамды иісті газ концентрациясы бар жерден алып шығу кезінде уланып қалмас үшін алдымен өзіңізді қауіпсіздендіріп алыңыз. Бұл үшін тез әрекет ету қажет және қол орамал немесе марля арқылы тыныс алған жөн. Иісті газбен улану белгілері:
-бұлшық ет әлсіздігі пайда болады
-бас айналады
-құлақта шу естіледі
-жүрек айниды
-лоқсу пайда болады
-кей жағдайларда ұйқы келеді, кейде керісінше қысқа мерзімдік қозғалыс, қозғалыстың бұзылуы пайда болады
-адам сандырақтайды
-галлюцинация пайда болады
-естен танады
-діріл, сіңір тартылу байқалады
-кома және тыныс алу орталығының жансыздануынан болған өлім. Жүрек тыныс алу тоқтағаннан кейін шамалы уақыт соғуы мүмкін.
Емтихан билеті № 8
1. ҚР еңбек қорғаудағы негізгі заң жүйелері. Қазақстан Республикасы еңбек заңдылықтары Конституцияға негізделіп, ҚР нормативті актілерінен, заңдарынан жəне еңбек кодексінен тұрады. Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 2 бабында еңбек барысындағы адамдардың қарым-қатынасы келесі түрде келтірілген: Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді жəне Еңбек Кодексінен, Қазақстан Республикасы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы басқа заңдарына еңбек қатынастарын, əлеуметтік əріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тиым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады. Еңбек қорғаудың нормативті актілеріне қатысты құжаттарда: Бекітілген еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарты (ЕҚЖС), мемлекеттік стандарт (МЕСТ) – Мемлекет аралық ТМД советі стандарты, метрология жəне сертификаттау; салалық стандарт (ССТ) – министрлікпен, мекемемен, басқа да орындаушы биліктің орталық органдарымен сəйкестендірілген
2. Коллективтік еңбек қорғау құралдары (мысал келтіру). Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.Ұжымдық қорғану құралдары құрылымдық және функцияналды өндіріс процесімен, өндіріс құралдарымен, ғимаратпен, қондырғылармен, өндіріс алаңымен тығыз байланысты. Бағытына қарай былай бөлінеді: Жұмыс орындары мен ғимараттарды жарықтандыруды нормалайтын құралдар, Ионданушы сәулелерден қорғану құралдары, Инфракүлгін сәулелерден қорған құралдары, Ультракүлгін және электромагниттік сәулелерден қорғау,Лазерлі сәулелерден, Шу мен ультрадыбыстан, Вибрациядан, Электротогымен зақымданудан сақтау құралдары, Жоғарға және төменгі температурадан сақтау құралдары, Химиялық факторлар әсерінен қорғау,Биологиялық. Ұжымдық қорғаныс құралдары шектеуіш, сақтандырғыш, тежегіш жабдықтар, автоматты түрде бақылау және дабыл қаққыш жабдықтар, қашықтықтан басқару қауіпсіздік белгілері болып табылады. Шектеуіш құралдар адамдардың қауіпті аймаққа өтіп кетуінен сақтау үшін қолданылады. Сақтандырғыш құралдар адамның қауіпті аймаққа түсіп кеткен кезіндегі және көліктің немесе құрылғылардың қалыпты жүрісінен ауытқуы кезінде автоматты түрде өшіру үшін қоданылады. Бақылау құралдары қан қысымын,ден қызуын, статистикалық және динамикалық жүктемеледі өлшеу және сипаттаушы құрал қызметін атқарады. Жеке қорғану құралдары құызметкерлерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әс ерінен қорғауға арналған құралдар. Арнаулы киімдер қызметкерлерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап.
3. Элетромагнит өрісі сипаттары және ағзаға әсері. Электромагниттік өрістің адам ағзасына əсері. Электрлік құрам сипатының негізгі көрсеткіші Е диэлектрлік өткізгіштік жəне магниттік өткізгіштік м болып табылады. Жоғарғы су құрамды тканьдар (қан, ми, тері, бүйрек) судың аз құрамды тканьдарына қарағанда өтімділігі үлкен болады. Электромагниттік өрістің биологиялық обьектімен əсер етуі бес диапазонға бөлінеді. Бірінші диапазонның ерекшелігіне (1 Гц-тен бірнеше мыңдаған Герц жиілікке дейін) күшті тізбек өрісінінің адам ағзасына тереңнен түсуі адам денесінде жақсы жүруіне жеткілікті. Адам денесінің ішінде өріс сыртқы өріс əсеріне қарағанда 106 есе кем. Екінші диапазон (жиілігі бірнеше мыңдаған Герцтен 30МГц дейін) тез таралу энергиясының өлшемімен сипатталады. Үшінші диапазон ерекшелігіне (өріс тербелісінің жиілігі 30МГц-тен 10ГГц- ке дейін) анықталған жиілікте сыртқы өріс энергиясының денеге максимумды
таралу орны. Адамда мұндай жағдайда жиілік эффектісі 70МГц жақын болады. Төртінші диапазонға (жиілігі 10-200ГГц) энергияның ткань ішіне тез
енуімен сипатталады. Осыған байланысты барлық энергия биоқұрылымның
жоғарғы қабатында таралады. Энергияның теріде жəне тері асты клеткаларында таралуының шекті өлшемі сəулелену обьектісінің формасы мен өлшеміне қатысты емес. Бесінші диапазондағы электромагнитті тербеліс (жиілігі 200-3000Гц) терінің ең жоғарғы қабатында таралады.__
9-билет
1. ҚР еңбек кодексінің еңбек қорғау бөлімі жөнінде түсінік «Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің» 1- тарауында еңбек қорғау түсінігіне келесідей анықтамалар беріледі: – бұл еңбек қызметі үрдісінде жұмысшылар өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құрамына құқықтық, әлеуметтік – экономикалық, техникалық – ұйымдастырушылық, санитарлы – эпидемиологиялық, емдеуші – профилактикалық, реабилитациялық және басқа шаралар мен құралдар кіреді.
Бұл анықтама еңбек қауіпсіздігі анықтамасымен үндес болып келеді – шаралар кешенімен қамтамасыздандырылған, еңбек қызметі үрдісінде жұмысшыларға өндірістік және зиянды факторлардың әсер етуіне жол бермейтін жұмысшылардың қорғалу жағдайы.
Бұл екі анықтамадан көретініміз еңбектің ең негізі екені, ол материалдық, рухтық және де басқа да адам өмірі мен қажеттілігін қанағаттандыратын құндылықтарды құруға бағытталған адамның қызметі. Еңбектің осы анықтамасына байланысты адамның қызмет ету сферасы көпжақты: білімдік, спорттық, мәдени, құрылыстық және т.б