Діни экстремизмге қарсы әрекет ету саласындағы мемлекеттік саясаттың қҧқықтық аспектілері мен ерекшеліктері
Әлем қаупі болып табылатын экстремизмге қарсы күрес трансұлттық сипат алып, халықаралық террористік ұйымдардың пайда болуына байланысты, әсіресе 2001 ж. 11 қыркүйектегі АҚШ оқиғасынан кейін, аталмыш қауіппен бірлесе отырып күресу мәселесі айқындалды. Қазақстан географиялық орналасуы жағынан Батыс пен Шығыстың, Азия мен Еуропаның тоғысқан тұсы болып табылатындықтан сәйкесінше, халықаралық антитеррористік шараларға белсенді қатысып, осы бағыттағы
12 Конвенцияның 7-не қосылды [91]. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздікті сақтау мен экстремизм, терроризм мәселелеріне қатысты тәуелсіздік алған жылдары қабылданған Заңдары ӛзгертілді. Бүгінгі таңдағы экстремизм әлеуетінің ӛсуіне байланысты 2017 жылға дейінгі Бағдарлама қабылданды.
Қазақстанның лаңкестік мәселесіне қатысты позициясына келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ―Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында‖ былай деген: халықаралық лаңкестікпен кұрес ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі алғышартты бағыты болып табылады, сондай-ақ, лаңкестікпен ешқандай мемлекет жалғыз, жеке күресе алмайды, ӛйткені, қазіргі кездегі лаңкестіктің шегі жоқ, демек, әлемнің барлық мемлекеттері күш – қуаттарын біріктіру қажет, ӛйткені лаңкестіктің қауіп – қатері саяси – экономикалық дамуына тәуелсіз әлемнің әр елінде бар [92].
Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастыққа конфессияаралық, ұлтаралық қайшылықтарға әкелетін діни экстремизм құбылысы қауіп тӛндіруде.
Сарапшылардың пікірінше, ХХ ғ. 60 жылдары әлемдегі діни бағыттағы фундаменталисттік ағымдардың саны үш есеге ӛскен [93].
Терроризм және трансұлттық сипат алып отырған діни-саяси экстремизммен күрес жаһандық деңгейдегі халықаралық мәселеге айналып түрлі мемлекеттердің аталмыш құбылыстрға қарсы қимылдарын үйлестіруді талап етеді.
Мұндай қызметке ұлттық және діни алауыздықтардың алдын алу қызметтерінің заңдық нормативтік-құқықтық базаларын жетілдіру, экстремизм түрлерінің алдын алуға арналған тиімді құқықтық механизмдерді дайындау, антитеррорлық, жедел іздестіру, саяси, экономикалық және ӛзге де шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру жатады. Терроризммен халықаралық күрес саласындағы мемлекет арасындағы ынтымақтастық құқықтық (конвенциялық) және ұйымдастырушылық (институционалдық) механизмді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңдағы діни-саяси экстремизмнің ерекше белгісі оның мемлекеттік құрылымды ӛзгерту, билікті жаулап алу, мемлекет аумағының тұтастығын жою секілді мақсаттарына қол жеткізуде күш кӛрсету әдістерін қолдану болып табылады. Сондай-ақ, алдыңғы тарауларда айтылғандай діни экстремизм «таза» түрінде сирек кездеседі және діни-құқықтық нормалар мен догмаларды қолданатын терроризммен қатар жүреді. Сол себепті, діни экстремизмнің салдары тұтас елдердің рухани, моральдық қалпына келуімен бірге экономикалық-әлеуметтік дағдарыстарды еңсеру мәселелерін тереңдете түседі.
Кӛрсетілген қауіптер аясында Қазақстан Республикасы аумағында діни экстремизммен күресу маңызды, міндетті және қажетті мәселенің бірі. Себебі қазақ жерінде 130-дан астам ұлт пен диаспора ӛкілдері тұрады. Сонымен қатар, 18 конфессияның 3088-нан астам тіркелген діни бірлестіктері ӛз қызметтерін жүргізуде. Бұл ұлтаралық және дінаралық татулықты сақтау – мемлекеттің ең басты міндеті. Қоғам болғандықтан, әр түрлі қылмыстар болуы мүмкін. Тағы да мемлекеттің ӛте қажетті міндеттерінің бірі – мемлекет аумағында тұрып жатқан мелекеттің, қоғамның және барлық азаматтардың қауіпсіздігін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесі ретінде терроризм, сепаратизм, жалпы экстремизм түрлерімен, оның ішінде діни экстремизммен Халықаралық заңдарға сәйкес, Халықаралық ұйымдар шеңберінде күресу жұмыстары жүргізіліп келеді. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы мұндай ұйымдардың негізгі бағыттары келесідей:
– Діни экстремизм мен терроризмге қарсы келісілген әрі нәтижелі қызмет атқару үшін халықаралық құқықтық базаны дайындау;
– Халықаралық антитеррористтік орталықтарды құру және экстремизмге қарсы күресті қарулы күштерді қолдану;
– Қарулы қақтығыстардың ошағы болып табылатын мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды оңалту, т.б.
Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес принципі, терроризмге қарсы күрестегі мемлекеттердің ӛзара ықпалдастығының маңыздылығы келесідей халықаралық-құқықтық құжаттарда анықталған: Терроризммен халықаралық күрестің құқықтық механизмі туралы айтатын болсақ, ол әмбебап сипаттағы халықаралық конвенцияларды; аймақтық халықаралық келісімдерді; екі жақты халықаралық қылмыспен күрес саласындағы шарттарды; Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарларын, басқа да халықаралық ұйымдардың шешімдерін және мемлекеттердің ұлттық заңдарын қабылдау, оларды орындау арқылы жүзеге асырылады. Атап айтсақ, 1937 ж. Терроризмнің алдын алу мен оны жазалау туралы Конвенция алғаш рет қабылданған болатын. Одан кейін, 1977 ж. Терроризмнің алдын алу туралы Еуропалық Конвенция; 1987 ж. Оңтүстік Азия мемлекеттері аймағында терроризмнің алдын алу туралы Конвенция; 1994 ж. Халықаралық терроризмді жою шаралары туралы халықаралық Конвенция; 1997 ж. Жарылғыш терроризммен күрес туралы халықаралық Конвенция; 1999 ж. ТМД мемлекеттерінің терроризммен күресінің ынтымақтастығы туралы Шарт; 2001 ж. Терроризм, сепаратизм және экстремизммен күрес туралы Шанхай Конвенциясы; 2001 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кенесінің № 1373 қарары және т.б. қабылданған болатын. 1996 ж. терроризммен халықаралық құқықтық күрес мәселелерін әлемнің жетекші мемлекеттері мен үкімет басшылары кең талқылаған болатын. Осы кезден бастап, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы халықаралық, аймақтық және ұлттық терроризм туралы оннан астам қарарлар (резолюция) қабылдағанына қарамастан, алайда осы құбылыстың қандай да бір ортақ және тиімді пайдалануға болатын анықтамасын қабылдай алған жоқ [94].
Халықаралық терроризммен күрес саласында Казақстан Республикасы ТМД, ШЫҰ елдерімен, басқа ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта. Қазақстан Президентінің бастауымен Достастықтың Лаңкестікке қарсы орталығы құрылды, қазіргі уақытта ол белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, лаңкестік актілерімен күрестегі ынтымақтастық «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» қатысушы-мемлекеттерінің арасындағы келісімдердің шеңберінде де жүргізілуде. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ӛзбекстан Президенттерімен лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен және тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тӛнетін басқа да қатерлермен күрес бойынша бірлескен іс- қимылдары туралы Келісім-шартқа қол қойылды. Қазақстанмен лаңкестікке және халықаралық қылмыстарға қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар мемлекеттермен қостарапты келісімдер жасалды, солардың ішінде Венгрия, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Литва, Молдова, Ресей, Германия, Пәкістан, Түркия, Ӛзбекстан және Украинамен.
Лаңкестікпен күрес мәселесін шешу барлық деңгейдегі мемлекетаралық ӛзара әрекеттестікті талап ететінін есепке ала отырып, республикамызбен осы салада бірқатар халықаралық және мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге қол қойылды. Лаңкестікпен күрес саласында республикамыз ТМД елдерімен, сондай-ақ, ШЫҰ шеңберінде Қытаймен тығыз қарым-қатынас жасауда. Лаңкестікпен күрес ісіне қолда бар келісімдердің негізінде түркі тілді мемлекеттермен жасалып жатқан ынтымақтастықтар ӛзінің ауқымды үлесін қосуда.
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерінің жаңа редакцияларын іс-әрекетке енгізу егемен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер тӛндіретін қылмыстар ретіндегі лаңкестік пен экстремизмнің (ҚР ҚК 167-, 233-ші баптары және басқалары) алдын алу мен жолын кесудің әсерлі механизмдерін жасау барысында бастау алар нүктеге айналды. Осы бағыттағы келесі қадам Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен күрестің, жеке меншік түрлеріне қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметтері тәртібінің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары, міндеттері мен кепілдіктерінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілеп берген 1999 жылдың 13 шілдесіндегі «Лаңкестікпен күрес туралы» ҚР Заңы болды.
2000 жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік органдардың қызметтерін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестірушілік ролін нақты белгілей отырып еліміздегі лаңкестікке қарсы біркелкі саясатты біртіндеп жүзеге асыруды қарастыратын «Лаңкестік пен экстремизм белгілерінің алдын алу және жолын кесу жолындағы шаралар туралы» Жарлығы шықты. Соның негізінде Қылмыстық және Қылмыстық- процессуальдық Кодекстерге, Қазақстан Республикасының «Лаңкестікпен күрес туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңына ӛзгерістер енгізілді, бұл ӛзгерістер лаңкестік әрекеттердің алдын алуда, анықтауда және жолын кесуде тиімді іс-қимыл жасауға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Халықаралық заңдарға сай, Лаңкестікке, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы (Шанхай, 2001ж. 15 маусым) негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы 2002 ж. 18 сәуірдегі № 316 – ІІ Заңы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Ӛзбекстан Республикасы арасындағы Шарт (Ташкент қ., 2000 ж. 21 сәуір) негізінде қабылданған Қазакстан Республикасы 2000 ж. 09 қараша № 97 – ІІ Заңы, Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Келісім (Пекин қ., 2002ж. 23 желтоқсан) негізінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 2 маусымдағы № 1098 Жарлығы және де басқа Халықаралық заңдар сәйкес нормативтік актілері мен Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексі мен басқа нормативтік құқықтық актілер негізінде діни экстремизмнің құбылыстарына қарсы алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес діни саладағы экстремизмге тойтарыс беріп, ымырасыз күресу әрбір Қазақстан азаматының міндеті. Атап айтсақ, Заңға сәйкес, діни экстремизммен қарсы күресу мемлекеттік органдардың қызметіне жатады. Яғни, адам құқықтары мен азаматтардың бостандықтарын, Ата Заң негіздерін қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыру кӛпконфессиялы еліміздің тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігін экстремизм қатерінен қорғап, экстремизмнің алдын алу, анықтау, жолын кесу және оның салдарын жою, сондай-ақ экстремизмнің жүзеге асуына жол ашатын себептер мен алғышарттарды анықтап, жойып отыру мемлекеттік органдардың басты міндеті. Бір сӛзбен айтқанда, заңнамалық деңгейде экстремизмнің тамырын терең жаюға мүмкіндік бермейтін алғашқы кезеңінен бастап оны залалсыздандырып отыруға басымдық беріледі.
Діни экстремизм қирату әлеуетімен ғана қауіпті емес, ол сондай-ақ, тұлғаның психологиялық және дүниетанымдық құлдырауын жүзеге асыратын идеологиясы ерекше қауіпті. Жоғарыда кӛрсетілгендей Қазақстан діни экстремизм, радикализм, терроризм мәселелерін шешу бойынша әлем қауымдастығы бола отырып, ұлттық қауіпсіздікті – егемендік, конституциялық құрылымды сақтау, аумақтық тұтастық, тұрақты экономикалық даму, ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтауға ерекше мән береді. Бұл бағытта мемлекетіміз ұлттық және діни қайшылықтардың алдын алу бағытында кешенді қызметтерді жүзеге асырады: діни және этносаралық шиеленістердің алдын алу бойынша заңнамалық нормативтік- құқықтық базаны жетілдіру, эктремизм, терроризм түрлерінің таралуына жол бермеудің – жедел іздестіру, саяси, экономикалық және ӛзге де антитеррористік сақтандыру шараларының тиімді құқықтық механизмдері дайындау, экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған халықаралық келісімдер мен шараларға қатысуда.
Діни сенім еркіндігі берілген тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында діни экстремизм, радикализм мен терроризмнің алдын алуы мен күрес туралы заңдар қабылданды олар: «Ұлттық қауіпсіздік туралы» (26 маусым 1998 ж.),
«Терроризммен күрес туралы» (13 шілде 1999 ж.), «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» (23 шілде 1999 ж.), «» (23 июля 1999 г.), Қазақстан Республикасы Президентінің «Лаңкестік пен экстремизм белгілерінің алдын алу және жолын кесу жолындағы шаралар туралы» Жарлығы(1 шілде 2000 ж.).
Уақыттың ӛтуіне сәйкес, қоғамдағы діни ахуалдың ӛзгеруі мен қазіргі таңдағы діни экстремизм мен терроризмнің қатерлерін ескере отырып, кейбір заңнамалық актілерге ӛзгерістер енгізілді, кейбіреулері күшін жойды. Мысалға, Қазақстан Республикасының 26 маусым 1998 жылғы «Ұлттық
қауіпсіздік туралы» Заңы, 15 қаңтар 1992 жылдың «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңы ӛз кұштеріне жойып, олардың орындарына жаңа нұсқадағы заңнамалық актілер: «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі» және «Діни қызмет және діни бірлестіктер» қабылданды.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікке қатер тӛндіретін терроризмге қарсы қызметтердің тиімді механизмдерін реттейтін бірақатар нормативтік-құқық актілерге тоқталып ӛтуге болады:
– Қазақстан Респбуликасының 2012 жылдың 6 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы ұлттық қауіпсіздік саласындағы құқықтық қатынастарды реттейді және адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мазмұны мен қағидаттарын, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн, мақсаттары мен бағыттарын айқындайды. Мұнда ұлттық қауiпсiздiк объектiлерi ретінде – адам, оның ӛмірі, құқықтары мен бостандықтары; қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары; мемлекет, оның конституциялық құрылысы кӛрсетіледі [95].
– Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілде қабылданған Заңы терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Мұнда терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) ӛзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы ретінде анықталады [96].
– Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылдың 23 шілдесінде қабылданған Заңы экстремизм немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, сондай-ақ қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға тыйым салады және экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық ӛшпенділікті ӛршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату БАҚ-тың таратылыуын тоқтатуға негіз болады [97].
– экстремизмге қарсы қызметтерді қылмыстық-құқықтық қамтамасыз етудің маңызды нормативтік-құқықтық актілерінің бірі 2005 жылдың 18 ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Экстремистік әрекетке қарсы іс-қимыл туралы» Заңын кӛрсетуге болады. Заң адамның және адамзаттың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылыс негіздерін қорғау, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында экстремистік әрекетке қарсы іс- қимылдың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
– Қазақстан Республикасының «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс- қимылы туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Заңы заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздерін, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс- қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерінің, уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының құқықтық қатынастарын айқындайды. Терроризмді (террористік қызметті) қаржыландыруды- террористік қызметті жүзеге асыру үшін террористерге және (немесе) террористік ұйымдарға ақша және (немесе) ӛзге мүлік беру немесе жинау не қаржы қызметін кӛрсету ретінде анықтайды [98].
Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылдың қазанында қабылданған Заң Қазақстанның дін саласындағы саясатының діни сенім еркіндігі қағидатынан бас тарту емес, мемлекет, діни бірлестіктер мен қоғам арасындағы сапалаы қатынасты құруға, сақтауға, дамытуға бағытталған жаңа кезеңнің басталғандығын білдіреді. Заңдағы маңызды нәрсе барлық діндердің теңдігі, азаматтардың дін таңдау мен ұстану еркіндіктерінің сақталуы, мемлекеттің діннен бӛлектенуі және азаматтардың діни сеніміне қарамастан барлық теңдіктерінің сақталу қағидаты болып табылады
Жоғарыда берілген діни экстремизм мен терроризмді қауіптері айқындалатын және оған қарсы қызметтерді белгілейтін Заңдар Қазақстан қабылдаған Конвенциялар мен шаралардың қағидаттары мен ережеліне, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конститууиясына негізделеді.
ҚР Конституциясы Қазақстанды «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның ӛмірі, құқықтары мен бостандықтары» екендігін кӛрсете отырып, «мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың конституциялық құрылысын күштеп ӛзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік- топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне» тыйым салады. Сонымен қатар, Конституцияның 20 бабы: «Республиканың конституциялық құрылысын күштеп ӛзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді» деп кӛрсетеді [99].
Конституция анықталған адамның еркіндіктері мен құқықтары және оларды кез келген діни озбырлық, экстремизм мен терроризм секілді кӛріністерден қорғау Қазақстан Республикасының экстремизм мен
терроризмге қарсы бағыттағы заңдары мен нормативтік-құқықтық құжаттарында сақталатын басты ұстаным екендігі анықталды.
Алайда, 2011 жылы елдің Батыс, Оңтүстік, Орталық ӛңірлерінде орын алған лаңкестік оқиғалар дін саласын реттейтін, дін мен қоғам, дін мен мемлекеттік қатынастарды жүйелендіріп, діни ортадағы экстремизмнің алдын алу қызметтерін құқықтық қамтамасыз ететін Заңның қажеттілігі туындады. 2011 ж. 1 қыркүйегінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев парламентті дін саласында, діни бірлестіктердің қызметтерін бақылауға алатын заң жобасын дайындауға тапсырма бергеннен кейін, бір айға жуық уақыт ішінде Парламенттің тӛменгі палатасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасын бірауыздан қабылдады [100]. Ал қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сенаты пленарлық отырыста жаңа заң жобасын ресми түрде қабылдады [101].
Аталмыш заңға сәйкес, құзырлы органдардың уәкілеттіліктері нақтыланған (4 б.), миссионерлікке қатысты мәселелр реттелген (4-1 бб.), діни бірлестіктерді құру мен тіркеу тәртібі анықталған (4-4 бб.), олардың қызмет кӛрсету тәртібі реттелген. Сонымен қатар, діни негіздегі партияларға, мақсаттары мен әрекеттері мемлекетте бір діннің үстемдік етуіне, дінаралық алауыздық пен қайшылықтарды туындатуға бағытталған діни бірлестіктерді құруға тыйым салынады. Мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және азаматтардың денсаулықтары мен ӛмірлерін қорғауға қатысты қызметтердің аумақтарында және діни мекемлерді алмағанда білім беру орындарында діни рәсімдер мен жоралғылар ӛткізуге тыйым салынады. Заңға сәйкес, діни бірлестіктерді тіркеуде оның құрамындағы дін ұстанушылардың арнайы мӛлшері белгіленген. Мысалы, жергілікті діни бірлестіктердің құрамында 50 ден кем емес дін ұстанушылары, аймақтық бірлестіктер – 500 ден кем емес, ал а республикалық деңгейдегі діни бірлестіктер – дін ұстанушылары ел аумағында таралып, елдің әр ӛңірлерінде тиісті филиалдары мен ӛкілдіктері болуы тиіс. Діни бірлестіктер заң күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде қайта тіркеуден ӛтулері тиіс. Бұл үдеріс Қазақстан аумағында сәтті жүзеге асып, дін саласының заңды түрде реттеуге және мемлекет пен діни бірлестіктердің құқықтық шеңберді ӛзара әрекеттесуіне жағдай жасады.
Миссионерлердің қызмет ету шарттары айқындалған. Мұнда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар лайықты мәртебеге ие болуылары үшін бірқатар құжаттар, соның ішінде, діни бірлестіктің шетелде тіркелгендігі туралы куәлікті ұсыну секілді талаптары заңды. Бұдан ӛзге, Қазақстанда тіркелген діни бірлестік тарапынан шақыруға ие болулары тиіс.
Заңды әзірлеуде тек Ресей ғана емес, сондай ақ, Қазақстан секілді зайырлы саналатын Беларусия, Литва, Дания, Испания және ӛзге де кӛптеген мемлекеттердің тәжірибелері қарастырылды. Шетел заңнамаларын талдау кӛшіріп алу мақсатында емес, жаңа, біздің мемлекетіміз бен мемлекеттік
дінаралық қатынастың механизмдерінің ерекшеліктеріне лайықты болатын әмбебап заң жасау мақсатында болды.
Заңның маңызды ерекшеліктерінің бірі исламның ханафилік бағытының тарихи рӛлін мойындау болып табылады. Аталмыш дінді ерекшелеу оның Қазақстан тарихына таралып, ұлттық дәстүрлер мен құныдылықтарға тез сіңісіп ұлттық мінез бен дүниетанымды қалыптастыруға үлес қосқандығын бағалау негізінде жүзеге асты.
Аталмыш заңды қабылдау Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен исдамдық фундаментализмге қарсы күрестің алғашқы қадамдардың бірі болды.
Заң қабылданысымен бір жарым жыл уақыт ішінде елімізде мемлекеттік конфессияаралық қатынасты реттейтін жаңа құқықтық база қалыптасып үлгерді.
2011 жылдың қазанында ҚР «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы кейбір заңнамалық актілеріне ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданып, оған сәйкес, кейбір заңнамалық актілерге ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар:
«Экстремизмге қарсы күрес туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Қазақстан Республикасыдағы балалардың құқықтары туралы»,
«Әскери міндет пен әскери қызмет туралы», «Лицензиялау туралы»
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексі, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.
Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 29 қарашасындағы
«Қазақстан Республикасының ұйымдасқан қылмыс, террористік және экстремистік әрекеттерге қарсы күрес туралы кейбір заңанамылқ актілерге ӛзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес, кейбір заңнамалық актілерге ӛзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
2012 жылы діни қызмет пен діни бірлестіктердің қызметтерінің құқықтық аспектілерін реттейтін бірақатар заңға бағынысты нормативтік- құқықтық актілер қабылданды. Жекелей алғанда, Үкіметтің миссионерлік қызмет, дінтанулық сараптама, культтік ғимараттарды құру мен оларды ӛткізу тәртібі, шетелдік діни бірлестіктердің қызметтерін келістіруге қатысты, шетелдік діни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктердің жетекшілерін тағайындау, ғибадат үйлерінің (намазхана) қызмет кӛрсетуі секілді мәселелерге қатысты жарлықтары.