Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы
Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру негіздері:
1) Заңдылық мемлекеттік-басқарушылық қызметтің заңға тәуелсіздігінен, сондай-ақ Конституция мен заңдардың жоғары тұратындығынан туындайды (Конст-я 3-4 бабы). Атқарушы билік органдары заңнама талаптарын қатал сақтауға, оларға тапсырылған қызмет аяларында оны қамтамасыз етуге міндетті.
2) мемлекеттік-басқарушылық қызмет объектілерінің ерекшеліктерін ескеру принципі. Мұның маңыздылығы мемлекеттік объектілермен қатар көптеген мемлекеттік емес құрылымдардың жеке меншік институттарының, әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің пайжа болуымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының одан әрі кеңейе түсуімен байланысты.
Осыған сәйкес басқарушылық ықпал етудің әр түрлі әдістерін таңдау, тікелей басқару құралдарын шектеу, мемлекеттік реттеу (үйлестіру) құралдарын кеңірек пайдалану, жалпымемлекеттік және аймақтық мүдделерді , орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру қажеттігі пайда болады.
3) Атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметінде алқалық пен дара басшылықты дұрыс үйлестіру мемлекеттік-басқарушылық қызметтің негізгі мәселелерін шешкен кезде ұжымдық пікірді ескеруді қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен атқарушы биліктің тиісті органдарының жанынан құралатын әр түрлі консультативтік, үйлестірушілік, ақылдасатын кеңестер, комиссиялар кеңінен өріс алуда. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда алқалар құрылады.
Сонымен бірге, дара басшылық атқарушы-өкім ету сипаты бар қызмет үшін қажет тиісті тәртіпті қамтамасыз етудің, сондай-ақ дара басшының басшылығымен жауапты басқару режимін орнатудың құралы болып табылады.
4) Тұтастай атқарушы билік органдарының және әрбір мемлекеттік қызметшінің оларға тапсырылған жұмыс бөлігі үшін жауапкершілік туындайды.
5) Атқарушы билік органдары жұмысының жариялық принципі өзінің жұмысының аса маңызды нәтижелерін бұқаралық ақпарт құралдары арқылы кеңінен жария етуді жалпы жұртқа хабарлап жеткізуді болжайды.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялардың ең ежелгілерінің бірі теологиялық теория. Теология дегеніміз құдайда, алланы танитын ғылым. Аталған теорияның негізін қалаушылардың қатарына ортағасырлық Тертулиан, А.Августин, Фома Аквинскийді жатқызуға болады.
Теолгиялық теория мемлекетті, мақсаты мен мәні жер бетінде «құдай патшалығындағы сияқты» тәртіп пен үйлесімділік, жүйелілік, татулық, бірлік орнату болып табылатын құдайлық кәсіп деп қарастырады. Құдай жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның ішінде мемлекеттің де жаратушысы.
Мемлекеттің пайда болуы жайындағы екінші бір теория ол патриархалдық теория деп аталады. Теория отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына, ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді. Негізін қалаушылар Аристотель, Конфуций, Фильмер.
Ғда мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін шарттар теориясы қалыптасты. Аталған теорияны жақтаушылардың пікірінше мемлекет халық пен оны басқарушылардың арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулыөта,бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды.
Маркстік теория бойынша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір біріне қарама қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды дейді.
Зорлық, күштеу теориясы бойынша мемлекет өзінің ішінді руларды, тайпаларды, халықты ьір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің, зорлаудың нәтижесінде мемлекет қалыптасады.
Мемлекет адамдардың қатынасқа, бір бірімен араласуға деген қажеттіліктері, бірлікке, татулыққа, тыныштыққа, ұмтылған, өзара жақындастыратын психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда болған деген пікір айтатын мемлекеттің пайда болуының психологиялық теориясы. Көрнекті өкілі орыс заңтанушысы Петражицкий.
Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.