Тқару жұмыстарын ұйымдастыру, әдіс-тәсілдері, жүргізу технологиясы.
Бөлімше командирі барлау нәтижелері бойынша қалыптасқан ахуалды бағалап, құтқару жұмыстарының (ҚЖ) өндіріс нысаны туралы алынған мәліметтер жиынтығы негізінде оларды ұйымдастыруға шешім қабылданады.
Жер сілкінісі, жарылыс, дауыл, қарақұйын жағдайында көрсетілген мәліметтерге келесі жатады:
– ендіру бағытындағы және ҚЖ өткізу орындағы жалпы ахуал;
–ММSК-86 шкаласы бойынша жұмыс нысанының бұзылу деңгейі; функционалдық бағыты бойынша ғимарат және құрылғының түрі , олардың қабаттылығы; үйіндінің сипаты, көлемі және құрылымы, оларға бару жолдарының қалпы; ауыр техника үшін жұмыс өткізу орындарына жер өтуі; үйінділерге бару және техниканың жайылу орындарын тазалауларды жабдықтау бойынша инженерлік жұмыс көлемі;
– зардап шеккендердің болжамды саны, олардың зақымдану сипаты;
– құтқару жұмыстарының болжамды түрлері және олардың көлемі;
– коммуналдық-энергетикалық желілердің қалпы, бүлінудің оларға, құтқару жұмыстарын жүргізуге әсер етуі;
– РЗ, УЗ және БЗ, өрттің, түтінденудің және газдалудың бар болуы, жұмыс аймақтарында жарықтандыру деңгейі;
– Ауа температурасы, тұнбаның, желдің болуы, қоршаған ортаның басқа сипаттары.
Опырылумен, көшкінмен, лай көшкінімен, селдермен шақырылған төтенше жағдайларда жұмыс обьектілерінде ахуал жөнінде мәліметтерге келесі жатады:
– көшкіннің, опырылудың, лай көшкінінің, сел ағымының, олардың негізгі өлшемдері (қозғалыс жылдамдығы, өлшемдері, түсу ұзақтығы);
– метеожағдайлар (ауа температурасы, тұнба, жел және қоршаған ортаның басқа деректері);
– нысанның бұзылу деңгейі, салудың бар болуы және сипаты, коммуналдық-энергетикалық желілердің өтуі және олардың қалпы, жолдардан алыстығы;
– табиғи зілзаланың қайта пайда болу мүмкіндігі туралы деректер;
– нысандағы және оған жақын жерде орналасқан жердің ерекшеліктері, оған бару жолдарын және техниканың жайылу орындарын тазартудың жабдығы бойынша инженерлік жұмыстардың болжамды көлемдері;
– зардап шеккендердің болжамды саны, олардың зардап шегу сипаты;
– құтқару жұмыстарының болжамды түрлері және олардың көлемі;
– құтқару жұмыстарын жүргізу үшін коммуналдық-энергетикалық желілерді пайдалану мүмкіндіктері;
- РЗ, УЗ және БЗ жұқтыру,өрттің, түтінденудің және газданудың бар болуы;
– жұмыс аймақтарында жарықтандыру деңгейі.
Құтқару жұмыстарының өндіріс нысанының аумағы жұмысты басқару ыңғайлығы, құтқару бөлімшелері арасында нақты өзара қатынасты қамтамасыз ету үшін әдеттегідей секторларға, секторларды – жеке жұмыс орындарына бөледі.
Ахуал жөнінде мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша бөлімше командирі келесі ұйымдастырушылық-технологиялық міндеттерді шешеді:
– тартылатын күш-құралдардың мүмкіндігін айқындайды;
– түрлі нысандардағы бөлімшелердің қажеттілігін айқындайды;
–құтқару бөлімшелерін жұмыс орындары бойынша таратады.
Құтқарушылар бөлімшелерінің мүмкіндіктерін қолданылатын техникалық құралдардың өнімі, орындалатын технологиялық операциялардың (үдерістердің) және болашақ жұмыстардың көлемі негізінде айқындайды.
Құтқару бөлімшелерінде қажеттілікті жұмыс көлемінен, бөлімше мүмкіндіктерінен, сондай-ақ берілген құтқару жұмыстарын орындау ұзақтығына шектеулерден шыға отырып есептейді.
Жұмыс орындары (секторлар) бойынша бөлімшелерді бөлу осы бөлімшелерде қажеттілікті бағалау нәтижелері бойынша таратылады.
Құтқару жұмыстарын орындауды ұйымдастыруда бөлімше командирі оларды жүргізудің ұйымдастыру-технологиялық сызбасын таңдайды.
Әдеттегідей, құтқару жұмыстарын ұйымдастырудың паралельді, бірізді және аралас сызбалары пайдаланылады.
Сызбаның ұйымдастыру-технологиялық түрі қолданылатын технологиялар мен жұмыс көлемінен тәуелді топтарға бөлу бойынша қабылданған жұмыс орындарын (секторларды) бірізділікпен өңдеуден шыға отырып таңдалады, осы жерде құтқару жұмыстарын болжамды орындау ұзақтығы шекті ұзақтығынан аспау керек. Керісінше жағдайда бөлімше командирі жұмысты ұйымдастыру сызбасын өзгертуі керек, қажет болған жағдайда басқа технологияларды, құтқару бөлімшелерінің басқа түрлерін пайдалануы керек.
Келтірілген ұйымдастыру-технологиялық міндеттер жер сілкінісі, дауыл, жарылыс, қарақұйын салдарын жоюда әртүрлі көлемде шешілу керек. Алайда көрсетілген табиғи зілзала ерекшеліктерімен шартталған құтқару жұмыстарын ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері бар.
Жер сілкінісі салдарын жою барысында құтқару жұмыстарын орындау барысында күш-құралдарды бөлу мүмкінше қирау аймағында толығымен жүзеге асырылу керек. Құтқару бөлімшелерінің жетіспеушілігі кезінде бірінші кезекте жұмыс орындарында қысқа мерзімде орындалатын жұмыстарды орындау керек және осы жағдайда зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу кепілі қамтамасыз етіледі. Осыған ұқсас жұмыс дауыл және құйын салдарын жоюда ұйымдастырылады.
Дауылдармен шақырылатын қираулар, әдеттегідей үлкен аумақтарды, көп қалаларды және поселкелерді қамтиды, осы жерде түрлі аймақтардың қирау көлемі әртүрлі болады. Осының салдарынан бірінші кезекте құтқарушылардың болуы қажет мекенді жерлерге бағытталады. Басқа орындарда, сондай-ақ күш-құралдар жетіспейтін жағдайда барлық мекенді жерлер үшін, құтқару жұмыстары бірінші деңгейде үкіметтің жергілікті органдарымен ұйымдастырылады және кәсіби құтқару бөлімшелері келгенше мүмкіндігінше жергілікті халықты тартумен өз күшімен жүргізіледі. Негізгі құтқару күштерінің келуі мезгіл уақытқа қиындатылған немесе мүмкін болмаған жағдайда дауылдың ұзақ уақыт әрекет етуі кезінде жұмыс осылайша ұйымдастырылады.
Дауыл салдарын жоюда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бірінші кезекте зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге, қажет болған жағдайда медициналық мекемелерге жеткізуге бағытталу керек.
Қарақұйын салдарын жоюда құтқару жұмыстарының өндірісін ұйымдастыру ерекшелігі олардың қоршаған ортаға әсер етуімен байланысты. Қарақұйын өткеннен кейін бұзылу аймағының айтарлықтай ұзақтығы болады, бірақ сол уақытта кеңдігі бойынша шектелген, осы жерде қиралған нысандар бір-бірінен айтарлықтай қашықтықта болуы мүмкін. Осыған байланысты, қысқа мерзімде осы нысандардың барлауы өткізіліп, оларға құтқару бөлімшелерін жеткізу қажет, осы жерде құтқарушыларды нысаннан нысанға мобильді жылжыту үшін жеткізу құралдарымен жабдықтауға ерекше көңіл бөліну керек. Жарылыс салдарын жоюда ТЖ аймағы әдеттегідей шамалы аумақпен шектеледі. Алайда құрбандардың саны көп болуы мүмкін.
Жарылыстар өрттермен қоса болуы мүмкін. Салдарынан нақты жұмыс орындарында жұмыстардың алдында өртті сөндіру керек, қажет болған жағдайда өртті сөндіру, зардап шеккендерді іздеу және бұғаттан шығару бір уақытта жасалуы керек, құтқару жұмыстары осы жерде жоғары жылдамдықпен өткізілу керек. Құтқару жұмыстарын өндірудің динамикалығы жұмыс орындарындағы құтқарушыларды уақытында ауыстырып отырумен қамтамасыз етілуі жөн.
Опырылудың, көшкіннің және селдердің негізгі зақымдау факторы тау жыныстарының жылжымалы массалардың соққылары, сондай-ақ осы массалармен бос кеңістікті үйіп, толтыруы болып табылады. Нәтижесінде халықты зақымдау қауіптілігі туындайды.
Құтқару жұмыстары толық көлемде қар көшкіні, сел, қирау толығымен түскеннен кейін және ахуалдың тұрақтануынан кейін, олардың қайтадан пайда болу қауіптілігінің жоқ болуы кезінде өткізіледі.
Одан басқа қысқа мерзімге құтқару бөлімшелеріне халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету міндеті жүктелуі мүмкін.
Жарылыс нәтижесінде түрлі нысандар әртүрлі бұзушылықтарға тап болса, ал бұзылған аудан айтарлықтай болса, осы жағдайда жұмыс бірінші кезекте көмек зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу кепілді болған нысандарда өткізілу керек.
Күш-құралдар жеткілікті болған жағдайда құтқару жұмыстары ТЖ барлық аймағында орындалуы тиіс, ал өрт болған жағдайда–оларды сөндіргеннен кейін мүмкін болған жерде орындалады.
Өрт болған жағдайда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Адамдарды құтқару кезінде келесі ережелерді басшылыққа алу керек:
– зардап шеккендерді үй-жайдың немесе шығару жолдарының түтіндеу (газдану) деңгейіне қарамастан өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен шығару;
– шығару жолдары ретінде бірінші кезекте ішкі және марш сатыларын қолдану;
– адамдардың сыртқы саты бойынша түсулері құтқару арқанымен қауіпсіздендірумен орындау;
– адамдардың биіктіктен құтқару арқаны арқылы түсіруді құтқарудың басқа түрлерін қолдану мүмкін емес, ерекше жағдайларда ғана жүзеге асыру;
Куәгерлердің мәліметтері бойынша түтінде адамдар бар болса, барлық бұрыштарды мұқият қарап шығу, терезе жанында, дәлізде, үстел астында, шкафтарда, тазалық бөлмесінде, кереуеттерде және кереует астында, пеш артында, шошалада, қоймада және т.б. жерлерде зардап шеккендер бар ма жоқ па тексеріп, адамдарды тапқан жағдайда оларды шығару үшін іс-шаралар қолдану керек.
Құтқару кезектілігі адамдар санымен емес, олардың өміріне қауіптілік деңгейімен анықталады. Бірінші кезекте адамдарды ең қауіпті орындардан құтқарады. Бірдей қауіп төнген кезде ең алдымен балаларды, ауыр ауруларды және кәрі адамдарды құтқарады. Адамдар абыржушылық қалпында болса, құтқару жұмыстарын басқаруды жедел түрде өз қолына алу керек.
Түтінмен ұсталған адамдарды құтқару үшін түтінделген үй-жайға ГТҚҚ буындарын бағыттау кезінде өзімен бірге қосымша газтұтқышты алып, қажет болған жағдайда зардап шегушіні газтұтқышқа қосып, түтінге толған үй-жайдан шығару ұсынылады. Қосымша газтұтқыш болмаған кезде құтқарылатын адамның басын суланған тығыз матамен жауып, қауіпті аймақтан өту кезінде құтқарылатын адамды көрпемен, жабындымен, жамылғымен жабу қажет.
Өрт сөндіруші құлап қалуы мүмкін орындарда (сатыларда, тұғырда, саты бойынша түсетін жерде, түрлі құдықтарда, жертөледе және т.б.) жұмыс жасау кезінде жұмыс істеушілердің қауіпсіздендіруді қолдану керек. Қауіпсіздендіру үшін бірінші өрт сөндіруші арқанмен байланып, оны карабинге бекітеді, арқанның екінші жағы қауіпсіздік бекетіндегі бекетшіде болады, қалған газ түтіннен қорғаушылар арқанды карабиннен өткізіп, кезекпен төмен түседі. Арқанды үнемі әлсіз тартылған және адамның құлауы (сырғып кетуі) жағдайында ұстап қалуға дайын болу қалпында ұстау (карабин арқылы) керек.
Химиялық жұқтыру аймағында
ҚӘУЗ тастандысын залалсыздандыру бойынша жұмыстарды өткізуге шешімді басшы авария ауданын және химиялық барлау деректерін және жұқтыру бақылауын алдын ала барлауды өткізу негізінде қабылдайды. Алдын ала барлау барысында келесі айқындалады:
– ХҚЗ төгілудің сандық сипаты және жайылу көлемі;
– коммуникацияларда аварияны жою қажеттілігі (технологиялық желілерде), ХҚЗ бұзылған сыйымдылыққа айдау тәртібі;
– заттың жайылуын шектейтін қоршаулы білік құрылғыларының, құдықтардың, бағыттаушы арықтардың орналасу орындары;
– авария ауданында ХҚЗ тастандыны, жерді, құрылғыны және өндірістік ғимараттарды залалсыздандыру тәртібі және әдістері;
– қажет етілетін жеке құрам, техника, бейтараптау заттар мен ерітінділер саны;
– күш-құралдардың шоғырлау орны;
– бейтараптау заттарды дайындау және машиналарды зарядтау алаңын орналастыру;
– жұмыс орнына жаяу және көлікпен келу жолдары;
–метеорологиялық жағдайлар және басқару, тамақтану, қорғалу құралдарын беру пунктерінің орналасуы және с.с..
ХҚЗ тастандыны, жерді, құрылғыны және өндірістік ғимараттарды залалсыздандыру бойынша жұмысты өндіру үшін авария ауданы шартты түрде таза, яғни жұқтырылмаған жер учаскесіне және өзіне авария ошағын және жұқтыру аймағын ендіретін ластанған болып бөлінеді.
Алдын ала барлаудан кейін құрылым (бөлімше) командирі шешім қабылдайды, бағынудағылар алдына міндеттер қояды және аварияны жоюға қатысатын бөлімшелермен өзара қатынасты ұйымдастырады.
ҚӘУЗ тастандысын залалсыздандыру бойынша жұмысты өткізуге міндеттерді құрылым (бөлімше) командирлері авария ауданына келіп, жұмыс жетекшісіне өз құрылымының (бөлімшесінің) мүмкіндігі туралы баяндамадан кейін алады. Жұмыс басшысы командирлерді авария ауданындағы жағдаймен таныстырады, міндеттерді қойып келесіге көрсетеді:
– авариялық-техникалық құралымдарға (бөлімшелерге)– күшейту құралдары, жұмыс учаскелері (нысандар); коммуникацияларда аварияларды жою орындары (технологиялық бағыттарда); ХҚЗ бұғаздарды, жұқтырылған жабдықтарды, сыйымдылықтарды залалсыздандыру орындары және т.б.; қозғалыс бағыты, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты; міндеттерді орындауда кіммен және қандай сұрақтар бойынша әрекет ету; қауіпсіздік шаралары;
– өрт құралымдарына (бөлімшелеріне) – шекаралар, су қалқандарын қою учаскелері; қоршаған ортаның ластануын алдын алу бойынша іс-шаралар; өрт құралдарын бөліп қою және орындалатын жұмыстарының кезектілігі; суды алу орны және жұмыс учаскелеріне келу жолдары; жұмыстың басталу және аяқталу уақыты; міндеттерді орындауда кіммен және қандай сұрақтар бойынша әрекет ету; қауіпсіздік шаралары;
– механизациялау құралымдарына (бөлімшелеріне) – қоршау белестері құрылғыларының учаскелері (орындары) немесе су ағыны құлауының, бағыттаушы жыра көлемі,
– ХҚЗ ағымын шектеуші; ХҚЗ сусымалы материалдармен жабу орындары; қозғалыс бағыттары; жұмыстың басталу және аяқталу уақыты; жұқтырылған топырақты және басқа материалдарды жинау және шығару тәртібі; міндеттерді орындауда кіммен және қандай сұрақтар бойынша әрекет ету; қауіпсіздік шаралары;
– арнайы қорғаныс құралымдары (бөлімшелері)–ХҚЗ төгілу орындарын, жерді, жабдықтарды, өндірістік ғимараттарды және шығарылған топырақты залалсыздандыру; ХҚЗ бейтараптау кезекшілігі, тәртібі және тәсілдері; залалсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі; бейтараптау заттарын дайындау және машиналарды зарядтау алаңшалары; жылжу бағыттары; жұмыстың басталу және аяқталу уақыты; міндеттерді орындауда кіммен және қандай сұрақтар бойынша әрекет ету; залалсыздандырылған жер учаскелерін және нысандарды беру тәртібі; жұмыс басшысымен байланысты қолдау тәртібі; қауіпсіздік шаралары.
ХҚЗ шығарылымын сұйықтық тәсілімен залалсыздандыру кезінде техникалық құралдар бейтарап заттарды дайындау және машиналарды зарядтау алаңшасына шығарады, оларды жарақтандырады, есептердің жеке құрамы қорғалу құралдарын киіп, одан кейін күш-құралдар авария болған жерге шығады.
Тегенге немесе жер қашылауына лақтырылған ХҚЗ тасып кетуін залалсыздандыру кезінде машиналар жұқтыру ошағынан желсіз жағына орнатылады. Өрт сөндіргіш сорапты пайдаланып, есептер заттың сұйық фазасын су сорғалауымен немесе бейтарап затпен араластыруын жасайды.
Таралу жолында су қалқанын ҚӘУЗ булы газды бұлтты құру жолымен химиялық жұқтыруды оқшаулау өрт машиналарының көмегімен жүзеге асырылады.
ҚӘУЗ тастандысын сұйықсыз тәсілмен залалсыздандыру кезінде инженерлік техника және механизмдер авария ауданына шығады, машиналар есебі регламенттік дайындық жұмыстарын өткізеді, қорғаныс құралдарын киіп, міндеттерді орындауға кіріседі.
Жұқтырылған сусымалы материал және ҚӘУЗ сіңіру тереңдігіне топырақтың үстіңгі қабаты қажет болған жағдайда әрі қарай залалсыздандыру алаңшасына шығару үшін арнайы сыйымдылыққа жиналады.
Жұқтырылған топырақтың залалсыздандыру орны мен шығару жолы жергілікті үкімет органдарымен және жол полициясымен келісіледі.
Шығарылған топырақты және басқа материалдарды залалсыздандыру бейтараптау ерітінділерімен өңдеу немесе күйдіру жолымен жүзеге асырылады. Шығарындыны залалсыздандыру бойынша жұмыс үздіксіз, толық аяқталғанша жүргізіледі.
Химиялық қауіпті нысанда өндіріс үдерісін қайта қалпына келтіру аумақты залалсыздандыру, қалдық жұқтыруды бақылап және залалсыздандырылған нысандар мен учаскелерді беру бойынша жұмысты толық көлемде өткізіп, өндіріс өкілі тексергеннен кейін рұқсат етіледі.
Радиоактивті ластану аймақтарында.
Құтқару жұмыстары зардап шеккен адамдарды тауып, құтқарумен және көмек көрсетумен байланысты, осы жерде оны радиоактивті ластану жағдайында өткізудің басты ерекшелігі радиациялық қауіпсіздік іс-шараларының бірқатарын сақтау қажеттілігі болып табылады.
Төтенше жағдайдың әр түрінің радиациялық қауіпті нысанда авария болған жағдайда өзінің ерекше белгілері, шарттары және зақымдау факторы болады, олар негізінен зақымдау ошағының сипатын және оларға авариядан кейінгі сипаттарды және көлемін ескере отырып, құтқару жұмыстарын жүргізу технологиясын және ұйымдастыруын айқындайды.
Іздестіру-құтқару жұмыстары өзіне негізгі операциялардың келесі технологияларын ендіреді:
ластану аймағын барлау және зардап шеккендерді іздестіру; ластану аймақтарын (учаскелерін) және сәулелену деректерін оқшаулау; құтқару жұмыстары (зардап шеккендерді бұғаттан шығару, оларға жедел медициналық көмек көрсету және ластану аймағынан оларды шығару);
шұғыл авариялық-құтқару жұмыстары (ең алдымен коммуналдық-энергетикалық желілерде, сумен қамсыздандыру жүйесінде және басқа жүйелерде және халықтың тіршілік ету нысандарында).
Көрсетілген операциялардың әрқайсысы құтқару бөлімшелерінің күш-құралдарымен белгілі тәртіпте орындалады, осы жерде ерекше көңіл ең рационалды технологияларды таңдауға және уақыт шығыстары аз және бар болған күш-құралдарды оңтайлы пайдаланып, радиациялық қауіпті нысанда нақты авариялық жағдайдың шарттарына қатысты құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға бөлінеді.
Жеке операцияларды орындау нормативтері, жеке учаскелерде және нысандарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің технологиялық регламенттері авария сипатымен жәнекөлемімен айқындалады.
Радиоактивті заттармен ластанған бөлмелерде (аймақтарда, аумақтарда) жұмыстарды жүргізу жүмысшылардың сыртқы және ішкі сәулеге түсу және таза аумақтар мен тұрғын үйлерге радиоактивті ластануға әкеліп соғатын жағдайды болғызбауға бағытталған радиациялық қауіпсіздіктің шаралар жиынтығын жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жиынтығы радиациялық қауіпсіздік бойынша еңгізеді:
— радиациялық факторларды қатаң мөлшерлеу;
— радиоактивті ластану жағдайларда жұмысқа барлық жұмылдырылған адамдарды медициналық куәландырудан өткізу және осы мәселенің негізінде оларды жұмысқа рұқсат беру мүмкіндігі туралы шешу;
— радиациялық қауіпсіздік сұрақтары бойынша нұсқаулық;
— радиациялық жағдайды және оның өзгерістерін жүйелі түрде бақылау, осы негізде нақты учаскілерде жұмыстардың ұзақтығының шектілігін анықтау;
— жеке өлшегіш бақылау және ластанған жерде барлық жұмысшылардың сәулеге шағылуын есепке алу;
— ластануды таратпау;
— барлық жұмыскерлердің жеке қауіпсіздігін ұйымдастыру;
— жұмыстарды өткізу учаскілерінен ластануды таратуды болғызбайтын санитарлы-өткізу тәртіпті ұйымдастыру;
— санитарлы өңдеу және жұмыскерлермен пайдаланылатын арнайы киім, арнайы аяқ-киім және жеке қорғаныс құралдарын жүйелі түрде зарарсыздандыру.
Радиациялы апат болған жағдайда аумақтың және сол жерде орналасқан нысандардың (бірінші кезекте апатты нысанның өзі) радиоактивті ластануы болуы мүмкін.
Ғимараттардың сыртқы қабаттары және жақын орналасқан аумақтың ластануы мүмкін, бірақ радиоактивті заттардың ғимараттардың ішіне желдетпе жұмысы арқылы еңуі мүмкін (егер ол уақытында сөндірілмесе), адамдардың, көліктің қозғалысы арқылы, және де ашық тұрған терезелер, есіктер және т.б. ауа ағындары арқылы.
Өткізілетін жұмыстардың сипаты мен қолданылатын шаралар тізімі аумақтар мен өңдірістік нысандардың деңгейінен тәуелді радиоактивті ластанудың маңызды әр түрлі.
Қалыптасқан терминология радиациялық апат жағдайында апат жұмыстарын 2 кезеңге бөлуді болжамдайды: бірінші кезектегі құтқару жұмыстары мен апаттардың салдарын жою (оның ішінде нысанда және оның аумағында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары).
Апаттың масштабынан тәуелді радиациялы қауіпті нысанда бірінші кезектегі құтқару жұмыстар жолында туындайтын негізгі мәселелер жалпы түрде болып келеді:
— апатты ядролы-техникалық қоңдырғыға бақылау орнату (реактор);
— жағдайды бағалау және апат пен оның салдарының ауырлығын төмендету бойынша шешімдерді қабылдау;
— құтқару жұмыстарын жүргізу;
— өрттерді сөндіру;
— радиоактивті заттардың шығындарын басу және радиоактивті бұлттың тарауын болдырмау;
— жұмыстарды өткізу орындарына адамдар мен көліктің жақындауы жолдарын зарарсыздандыру;
— радиациялық қорғаныс бойынша шаралар.
Апаттың салдарын жою ласатнған аумақтың шектеріне радиоактивті заттардың таралуын болдырмау бойынша негізгі мақсатты көздейді және келесіні қосады:
радиоактивті ластанудың көздерін таратпау және жою;
ластанған аумақты зарарсыздандыру (қалпына келтіру);
жұмыстарды жүргізу кезінде пайда болатын радиоактивті қалдықтарды жинау және көму (орналастыру) және нысан мен оның аумағында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, көлемі және апаттың ауырлығымен, тікелей тағайындау бойынша бойынша әрі қарай пайдалану жоспарларымен (радиоактивті заттардың ыдырауына қажетті уақыт кезеніне нысандарды консервациялауы мүмкін) анықталады.
Жұмыстардың нақты тізімі мен оны жоспарлау тәртібі аумақтың радиоактивті ластану деңгейімен, нақты ластануымен және қайта қалпына келтірілетін нысанның техникалық жағдайымен анықталады.
Апаттың салдарын жою және ластануларды таратпау бойынша жұмыстарды жоспарлаудың негізгі қағидалары келесі болып табылады:
— құрам және ластанудың радионуклидтерінің орналасу негізгі түрлерін бағалау;
— аумақ және нысандардың негізгі бірыңғай үстіңгі қабаттарының қасиеттерін есепке алу;
— әр-түрлі қабаттарда радиоактивті ластанудың белгілеуінің шамаланған қасиетін (мықтылығын) бағалау;
— радиациялық жағдайдың қалыптасуына әсер етуіне байланысты әр-түрлі нысандарда (аумақтарда) ластануларды таратпау және жою бойынша жұмыстарды жүргізу басымдылықтарын (кезектігін) анықтау;
— қарамақта бар күштер мен техникалық құралдардың мүмкіндігін есепке алумен бірге нысандардың радиоактивті ластануын таратпау және жоюдың ең тиімді және нақты іске асатын әдісін таңдау.