Сабақтың тақырыбы: Үйірме жұмыстарын және элективті курсты ұйымдастыру

Жоспары: 1. Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндеттері және олардың педагогикалық ерекшеліктерін, қағидаларын, оқушылардың шығармашылық іс - әрекеттері бойынша сыныптан тыс жұмыстары ұйымдастырудың формаларын (топтық жұмыстар, үйірме) талқылау.

2. Үйірме жұмыстарын (конструкторлық, СҚӨ, технологиялық, техникалық т.б.) оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті бойынша ұйымдастыру және сабақты өткізу әдістемесі

Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі:Үйірме жұмыстарын және элективті курсты ұйымдастыруға талдау жасап үйрену.

Сабақты өту формасы:жеке жоба

Ысқаша теориялық мәліметтер

Оқушылардың шығармашылық іс - әрекеттері бойынша сыныптан тыс жұмыстары ұйымдастырудың формалары (топтық жұмыстар, үйірме, жалпылама форма). Сабақта пәнді оқу бағдарламасынан да көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады. Үйірмеге оқушылар ерікті түрде қатысады, оған қатарлас сынып оқушыларын да, әр жастағы оқушыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылық ететін пән мұғалімі. Үйірмеде оқушылар курстың қызықты тақырыптарын тереңдетіп оқып, атақты ғалым, жазушылардың, басқада қайраткерлердің өмірі және қызметімен, ғылым және техниканық жаңа жетістіктерімен танысып, ғалымдардың мерейтойларына, ғылыми жаңалықтарға арналған кештер өткізеді, техникалық модельдер жасап, биологиядан тәжірибе жұмыстарын жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер ұйымдастырады. Үйірме жұмысының негізінде ғылыми қоғамдар ұйымдастырылады, олар үйірмелердің жұмыстарын үйлестіріп, көпшілікке арналған іс-шаралар, байқаулар және олимпиадалар өткізеді. Кеңестер оқушыларға жеке тақырыптарды, бөлімдерді түсіну үшін беріледі. Кеңес кезінде оқушылар сұрақтар береді, өздері жауап беруге тырысады, мұғалімнің не шақырылған мамандардың берген түсініктерін тыңдайды. Ол сыныпқа, топқа, оқушыға беріледі.

Олимпиадалар және байқаулар:Олимпиадалар аудандық, облыстық, республикалық олимпиадалар алдында өткізіледі. Қазір алуан түрлі олимпиадалар мен байқаулар интернет желісінің көмегімен өткізіледі. Балалардың техникалық шығармашылығына арналған көрмелерде оқушылардың ең жақсы жұмыстары көрсетіледі.

Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді. Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады. Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес береді.

Білімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар:

Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.

Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.

Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:

1-тапсырма. Үйірме сабақтарын ұйымдастыру ерекшеліктері.

2-тапсырма. Өндірістік орындарында сабақтан тыс сабақтарды ұйымдастыру.

Й тапсырмаларының түрлері және тізімі

Бақылау сұрақтары:

1. Оқушылардың шығармашылық іс - әрекеттері бойынша сыныптан тыс жұмыстары қалай ұйымдастырылады?

2. Үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін неде?

3. Ғылыми қоғам, ғылыми кеңес дегеніміз не?

4. Олимпиадалар және байқаулар қалай ұйымдастырылады?

5. Конференциялардың қанадй түрлері бар.

СӨЖ-ге тапсырмалар

І. нұсқа (қарапайым)

1. Үйірме жұмыстарын ұйымдастырудың қажеттілігі.

II. нұсқа (орташа күрделелік)

1.Ұлттық бағыттағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру

III. нұсқа (күрделі)

1. Қандай үйірме жұмыстарын ұйымдастыру тиімді келеді.

Наши рекомендации